Материалдар / ХЭПЖ құрылымы сабағына рефлексивті отчет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ХЭПЖ құрылымы сабағына рефлексивті отчет

Материал туралы қысқаша түсінік
рефлексивті отчет ұстаздарға өткізіліп отырылған сабақ бойынша мақсатқа жету жолдарын, сәтсіз жақтардың себептерін саралауға тиімді, осындай отчеттен кейінгі келесі сабаққа деген жоспарды жоспарлағанда өткен сабақта жіберілген қателіктер айқын көрініп тұрады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2018
523
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мектеп жанындағы интернатымен № 8 орта мектебі» КММ

химия-биология пәндерінің мұғалімі Айтпаева Гаухар Мырзагуловнаның аудандық семинарда өткізген сабағым туралы рефлексивті есебім

«Сабақ беру—үйреншікті, жай ғана шеберлік емес,

ол -үнемі жаңаны табатын өнер » 
М.Жұмабаев 

Деңгейлік оқыту бағдарламасы бойынша меңгергенімді, оқып-үйренгенімді тәжірибе барысында жүзеге асыру мақсатында ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсының деңгейлік бағдарламасын меңгерген мұғалімдердің аудандық семинарына қатыстым. Семинар тақырыбы: «Сын тұрғысынан ойлауға арналған тапсырмалар арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын көтерудің жолдары». Семинар мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолдану және педагогикалық тәжірибені тарату.

Атаулы семинарда мен, химия пәнінен 2017-2018 жылы енгізілген жаңартылған білім жүйесіне көшкен 7 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткіздім. Ұзақ мерзімді жоспардың 7.3 В Химиялық элементтердің периодтық кестесі бөлімі бойынша «ХЭПЖ құрылымы» тақырыбын алдым. Сабақтың оқу мақсаты: 7.2.1.2 Периодтық жүйенің құрылымын білу және сипаттау. топтар мен периодтар. Оқу мақсатына негіздеп құрған сабақ мақсатым: Барлық оқушылар білуі керек:

  • Периодтық жүйенің заманауи құрылымын білу, топтар мен периодтарды ажырата алу

Көптеген оқушылар білуі керек:

  • периодтық жүйедегі негізгі және қосымша топшаларды, кіші және үлкен периодтарды талқылау

Кейбір оқушылар білуі керек:

  • периодтық жүйедегі кез келген элементті орны бойынша анықтай алу.

Сынып оқушыларының көңіл-күйлерін, өздеріне деген сенімдерін арттыру, ынтымақтастық орта ұйымдастыру мақсатында, өз сабағымды мотивациялық кезеңмен бастадым. Қанатты сөз: «Жан дүниесі білімге құштар оқушы – көрікті, әсем ағаштай!». Балалар, тақтада ілініп тұрған мына бір ағашқа қараңыздаршы. Әдемі ме? Әрине жоқ. Себебі, жапырақтары жоқ, безендірілмеген, тіршілік нышаны білінбейтін ағаш иә. Ендеше осы ағашты алдарыңызда жатқан түрлі-түсті қағаздардың (жапырақтардың, гүлдердің т.б.) ішінен өздеріңізге ұнаған түсті алып, ағашты безендіре қойыңыздаршы. (оқушылар жапырақтарды, гүлдерді, ағаш діңін жабыстырды). Бұл психологиялық ахуал өте нәтижелі шықты себебі, ағашты түрлі-түсті қағаздармен безендірте отырып, оқушыларды таңдаған түстері бойынша алты топқа бөлдім. Оқушылардың, ынтымақтастық ортада жұмыс жасауға дайын екендіктері байқалып тұрды.

Үй тапсырмасы топтар мүшелерінен сұралды. Мен оқушыларға 4 тапсырманы оқулықтан берсем, 2 тапсырманы шығармашылық қабілетті дамыту мақсатында бердім. Оқушылар, үй тапсырмасын өз деңгейінде орындап келді.

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында, ТРИЗ технологиясы бойынша шағын құрылған әңгіме оқылды. Бұл әдіс-тәсілде сәтті өтті деуге болады себебі, оқушылардың бірнешеуі әңгімені тыңдап болғаннан кейін, әңгімедегі мемлекет ХЭПЖ екенін ал, мемлекет президенті – Д.И.Менделеев екенін дәл айтты. Дегенмен тарих пәнімен шатыстырған бірнеше оқушылар да болды.

Оқушылар тақырыпты өздері ашқаннан соң сабаққа мақсат құруларын сұрадым, оқушылар жылдамдатып 6 топ бойынша 6 түрлі мақсат шығарды (кейбір топтар мақсатты нақты тақырыппен байланысты құрса, кейбір топтар жалпы мақсат алды. Мысалы: химия пәні б-а білімімізді әрі қарай тереңдету, алған білімдерімізді күнделікті өмірде дұрыс пайдалана білу). Әр топ өз мақсаттарын ауа шарына бекітті. Сосын белсенді тақтаға өз мақсатымды шығардым. Оқушылар өздерінің мақсаттары мен мен қойған мақсат арасындағы ұқсастықтарды көрді. Бұл тәсіл оқушының кез-келген басталғалы тұрған іске нақты мақсат құра білуге жетелейді және мақсат қадамдары арқылы нәтижеге қол жеткізуге болатындығын түсінуге дағды қалыптастыру болды. (ауа шарының гелийі шығып кетуіне байланысты, оқушылар жазған мақсаттарын көтере алмады, осы кезде 1-1.5 мин уақытымды жоғалттым, алдағы уақытта есте болады.)

Сабағымды тақырыпқа сай бейнероликпен жалғастырдым. Бейнероликтен кейін менің шағын түсіндірме сөзіммен оқушылар топтық жұмысқа яғни, постер құруға кірісті. Постер қорғалып, қорғау барысында айтылған қате мәліметтер мен термин сөздері түзетілді. Оқушылар топтық жұмысты бағдаршам кері байланысы арқылы бағалады.

Келесі әдіс-тәсіл миға шабуыл «АБС» тәсілі жаңа тақырып бойынша академиялық тілді дамыту мақсатында терминологиямен жұмыс жүргізу (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде): период – период – period, топ – группа – group, периодтық кесте – периодическая таблица – periodic table т.б.

Бұл әдістің тиімділігі – пән бойынша дұрыс академиялық тілді қолдану. Оқушылар ағылшын тілінен қиналды, кейбір оқушылар орыс тілі мен ағылшын тілінен жауап бере алмады. Бағдаршам кері байланыс арқылы бағаланды. Нәтижели шықты деп ойлаймын.

Келесі тапсырма қалыптастырушы бағалау тапсырмалары І, ІІ, ІІІ деңгейде орындалу керек болған. Бірақ, оқушылардың жылдамдығының өте төмендігі мен әлде қонақтар отырған соң еркін сезінбедіме өте баяу орындады. Көпшілігі І деңгей тапсырмаларын жартылай, кейбіреуі І дейгейді толығымен дұрыс, кейбіреуі ІІ дейгейдің 2-3 тапсырмаларын ғана оырндап үлгерді және дескриптор бойынша жұптарының жұмыстарын балдық шкаламен бағалаңыздар дегенімде жарты сынып яғни, үздік оқушылар ғана жалпы баллды көрсеткен. Басым көпшілігі жалпы баллды жазбаған екен. Жартылай сәтті өтті. Бағалау: әр деңгей тапсырмаларының дескрипторларымен бағалануы керек болған.

«Ойлаудың алты қалпағы» стратегиясы бойынша сабақты қорытындылауға сәл үлгермей қалдық. Оқушылар, бастарына тақияларын киіп кері байланыс айта алды сонымен қатар, ауа шарларын қолдарына ұстап мақсаттарына жеткендіктерін атап айта алды. Жалпы сабақ жақсы өтті деп ойлаймын. Өз қорытындыларында оқушылар мақсаттарына жеткендігін айтқандай менде мақсатыма жеттім






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!