Тақырыбы: «ХХ ғасырдың
Гомері»
Мақсаты: Оқушыларға Жамбыл
Жабаевтың өмірімен шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылады.
Оқушылар Жамбыл Жабаевтың 1 өлеңін жатқа айтады. Байқауға 7-10
сынып оқушылары қатысады. Өз білімдерін сынайды. Викториналық
сұрақтар арқылы Жамбылдың қайталанбас туындыларының сырын ашу,
поэзия әлемін таныту.
Көрнекілігі: Жамбыл Жабаевтың
портреті, кітаптары, буклет, слаид
Жүргізуші:
Армысыздар, ұстаздар мен
оқушылар, жанкүйерлер мен көрермендер, бүгінгі «ХХ ғасыр Гомері»
атты викториналық сайысымызға қош
келдіңіздер.
Бұл жүз жылдарда бір-ақ
көрінетін құбылыс.... Гомер деуімізге осы Жамбыл атамыз ғана сыятын
болуы керек, -деп Мұхтар Әуезов айтқан.
Жамбыл Жабаев 1846 жылы
дүниеге келген. Әдебиет майталманы, суырып салма ақын, көркемсөз
шебері болған. Жамбылдың шығармалары жас ұрпақты тәрбиелеуде,
маңызды орын алады. Шығармалары сан алуан тақырыпта жазылған.
Жамбылдың поэзиясын оқып, шабыттанбау мүмкін емес. Жамбылдың өлеңін
оқып, тамсанасын. Ол қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын
жоқтаған. Жамбылдың ақындық өмірі 19-ғасырдың 70-жылдарында
басталады.
19 ғасыр- қазақ әдебиетінде де
ақындар айтысының әбден кемеліне келіп, шырқау биікке көтерілген
тұсы.
Жүргізуші:
Қазақтың мақтанышы деп
бастадым,
Жамбылдың шығармасына
арнадым,
Бүгінгі викториналық
сайысымызды,
Сәттілік тілеп
бастадым.
Бұл сайыста оқушылар Жамбыл
Жабаевтың 1 өлеңін жатқа айтады, Ж.Жабаевтың өмірімен
шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап береді. Ең көп ұпай
жинаған оқушы жеңімпаз атанады.
Викториналық
сұрақтар:
-
Жамбыл Жабаев қай жерде
дүниеге келген?
Жамбыл облысының Шу өзені
бойындағы Жамбыл тауының етегінде.
2.Жамбыл Жабаев қай айда
туған? Ақпан
3.Жамбылдың әкесінің есімі
кім? Жапа
4.Жамбыл Жабаев неше жасында
«ХХ ғасырдың Гомері» атанған? Тоқсаннан асқан
шағында
5. «Менің пірім-Сүйінбай»
-деп, Жамбыл қай өлеңінде айтқан? «Жанас ақынға айтқан»
өлеңінде
6.Жамбылдың эпикалық жырау
ретінде халыққа танытқан шығармасы? «Өтеген
батыр»
7.Өзенге деген ат
болмас,
Ат жалдарлық су ақпай, деген
жолдар қай дастаннан алынған? «Сұраншы батыр»
дастаны
8.»Сөзім-жалын,
домбырам-найза» деп айтқан кім? Ж.Жабаев
9.Жамбыл Жабаев қай жылы
туған? 1846 жылы
10.Ж.Жабаев қай жылы, қай айда
қайтыс болған? 22 маусым, 1945 жыл
11.Жамбыл Жабаев кім болған?
Ақын, жырау, жыршы
12.Ж.Жабаевтың шыққан тегі?
Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей
руы
13.Ж.Жабаев кімнен бата алған?
Сүйінбайдан
14.Ж.Жабаев кімдермен айтысқа
түскен? Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай,
Құланаян, Құлманбет
15.1936-1945 жылдар аралығында
шығарған жырлары қанша тармақтан асады? 13 мың тармақтан
асады
16. Қай жылы Қазақстан
жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті? 1946
жылы ақпанда
17.Қай жылы бүкіл еліміз
Жамбылдың шығармашылық қызметінің 75 жылдығын атап өтті? 1937
жылы
18. Қай жылы Жамбылға
мемлекеттік сыйлық берілді? 1941 жылы
19.1943 жылы майданда қаза
тапқан Жамбылдың ұлы? Алғадай
20.1916 жылы Ж.Жабаев қандай
қозғалысқа қатысқан? Ұлт-азаттық қозғалыс
Осымен викториналық сұрағымыз
аяқталды,
Талай жас өз ойын
жинақтады,
Бүгінгі «ХХ ғасыр Гомері» атты
сайысымыз,
Көзді-ашып жұмғанша
аяқталды.
Құрметті оқушылар, ұстаздар
сайысымыз осымен аяқталды, қош сау
болыңыздар!!!!