Материалдар / ХХ ғасырдың соңы мен ххІ ғасырдың басындағы қазақ антропонимдерінің бағыттарына статистикалық талдау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ХХ ғасырдың соңы мен ххІ ғасырдың басындағы қазақ антропонимдерінің бағыттарына статистикалық талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
#Қазақ есімдері.Қазақ есімдерінің төркіні. -жалпы антропонимикаға қатысты ғылыми еңбектерді жинастырып, шолу жасау; -жаңа есімдердің пайда болуына талдау жасау; -статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып, сандық үлестерін анықтап шығару; -қазақ есімдерінің қойылу себебін, қазақ халқының ат қоюдағы ұлттық таным-түсінігін анықтау; -адамдарға қойылатын есімдердің мағынасы мен мәнін қазақ халқының өмір тіршілігімен байланыстыра түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2023
308
1 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қазақ антропонимдерінің бағыттарына статистикалық талдау

Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Қазақ антропонимдеріне назар аударуымыздың бір себебі, жаңа дәуірдің келуімен жаңаша есімдер пайда болып, қазіргі қазақтардың балаға ат қоюда таңдауы молайды. Қазақ есімдері (антропонимдер) тілдегі сөздік құрамның бір бөлігі болып саналады. Ол өз арнасын жалпы халық тілі арнасынан алады да, тіліміздің ішкі заңына сәйкес дамиды. Сөйтіп, ол тілдегі сөздердің немесе лексиканың барлық салаларының қатысуымен жасалады. Антропонимде ежелден бергі әдет-ғұрып, ырым мен дәстүрлер, әр кездегі қоғамдық құрылыстың көріністері, көрші елдермен жасаған мәдени қарым-қатынастың және тарихи байланыстардың сыры сақталған. Халқымыздың ғасырлар бойы басынан кешірген өмір жолы, табиғат пен аң-құсқа сыйыну, ай мен күнге табыну, хайуандарды аса жоғары ерекше күш санап қастерлеу – бәрі кісі аттарының қойылуына әсер етпей қоймайды. Ономастиканың негізгі бөлімдері:

-Топонимика (жер, су, қала атауларын зерттейтін ғылым);

-Антропонимика (адам аттарын зерттейтін ғылым);

-Этнонимика (ру, ел, халық аттарын зерттейтін ғылым);

-Астронимика (жұлдыз, аспан әлемін зерттейтін ғылым);

-Зоонимика (хайуандар аттарын зерттейтін ғылым).

Ономостикаға тән бұл терминдердің әрқайсысы ішінара жеке-жеке тармақшаларға бөлінеді. Мәселен, антропонимика ғылымдарының бөлімдері: тегі мен аттары. Антропонимика (грек «antropos» - «адам» және «onyma» - «есім, ат») – ономастиканың антропонимдерді, яғни адам есімдерін, фамилияларын, лақап және бүркеншік аттарын зерттейтін саласы. Адам есімдерінің жалпы жиынтығын антропонимия деп атайды. Ал оларды зерттейтін ғылым саласы – антропонимика. Осы антропонимика аясында қолданылатын «антропоним», «антропонимия» терминдері тіліміздегі кісі аттары, төл есімдер туралы материалдар деген ұғымды білдіреді.

Зерттелу нысаны. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қазақ антропонимдерінің бағыттарына байланысты оқулықтар мен оқу құралдары және ғылыми-әдістемелік еңбектер негіз болды.

Зерттеу пәні. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қазақ антропонимдерінің бағыттарына статистикалық талдау, тарихи тұрғыдан салыстыру, айырмашылықтарын айқындау.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің мақсаты – қазақ антропонимикасында пайда болған бағыттарын жаңаша дерек көздерін пайдалана отырып, құрылымы мен жасалу жолдарын зерттеу. Бұл мақсатқа жету үшін мына міндеттер қойылады:

-жалпы антропонимикаға қатысты ғылыми еңбектерді жинастырып,

шолу жасау;

-жаңа есімдердің пайда болуына талдау жасау;

-статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып, сандық үлестерін

анықтап шығару;

-қазақ есімдерінің қойылу себебін, қазақ халқының ат қоюдағы ұлттық

таным-түсінігін анықтау;

-адамдарға қойылатын есімдердің мағынасы мен мәнін қазақ халқының

өмір тіршілігімен байланыстыра түсіндіру.


Антропонимдердің тарихи-мәдени тұрғыдан қарастырылуы

Қазақ антропонимдерінің шығу тарихы


Ғалымдар ХХ ғасырдан бері адам мен оның атының арасындағы байланысты зерттеп келеді. Ол ғылымды антропонимика деп атаған.

Антропонимика (грек. anthropos «кісі», onyma ат, адам) – адамдардың өзіне меншікті есімдерін, аты-жөнін, жалған, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттарын зерттейтін ономастиканың тармағы. Антропонимика сонымен бірге әдеби шығармалардағы антропонимдер мен ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлердің аттарын да зерттейді. Адамзат қоғамында есімі, аты жоқ адам кездесуі мүмкін емес. Бірақ кейбір елдерде фамилиясыз, фамилия иемденбейтін адамдар ұшырасуы мүмкін (кейбір мәліметтерге қарағанда, исландықтарда фамилия болмайды екен) [1,87].

Қазақ есімдері де санаулы жыл ішінде тосыннан пайда бола қоймаған. Оның өзіне тән тарихы, шығу, пайда болу жолы бар. Қазіргі есімдердің ішінде сол ерте замандарда шығып, көненің қарт шежіресі, жұрнағы ретінде өмір сүріп келе жатқандары да, орта ғасырға тән және жаңа дәуірде жасалғандары да көп деп саналады.

Кісі аттарын – «әлеуметтік таңба» деп білген белгілі орыс ономист-ғалымы В.А.Никонов антропонимдерді әлеуметтік тұрғыдан талдаған. В.А.Никонов кісі аттары әрқашан әлеуметтік, қоғамдық құбылысқа ие – деген тезисін жалғастыра келіп:

-әлеуметтік бояуы өзгеріске түссе де кісі атты әрқашан әлеуметтік мәнге

ие;

-кісі аттары қоғамдағы өзгерістерге мән бермеуі де мүмкін, мән берсе де

кенжелеп барып мән береді;

-есімдердің әлеуметтік шаттылығы өте күрделі, ол тікелей бола

қоймайды – деп тұжырымдайды [2,45].

Қазақстан ономастикасы саласында зерттеліп отырған кісі есімдері мен географиялық атаулар негізінен этнолингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық бағыттарда қарастырылып келеді. Қазақ антропонимдері мен топонимдерінің тілдік табиғаты мен этномәдени мазмұны ұлтымыздың рухани және материалды мәдениетімен тығыз байланысты, сол себепті аталмыш ономастикалық бірліктер этнолинвистикалық және лингвомәдениеттанымдық парадигмалар контексінде зерделенеді [3,18].

Әр халықтың өмір сүрген дәуіріне тән антропонимикасы, есімдер тізбесі болады, яғни адамдардың есімі халық тарихының құрамдас бөлігі болып табылады. Себебі адам есімі арқылы белгілі бір кезеңдегі халықтың тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, танымын, сондай-ақ басқа елдермен болған қарым-қатынастарын аңғаруға болады.

Қазақ есімдері де санаулы жыл ішінде тосынан пайда бола қоймаған. Оның өзіне тән тарихы, шығу, пайда болу жолы бар. Сонымен антропонимдердің басқа жалқы есімдермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар, себебі адам есімдері ғасырдан ғасырға сақталып, қайта жаңғырып, қайталанып қойылып отырады. Әсіресе, меморатив есімдер: хан, бай, патша есімдер. Мысалы: Абылай, Шыңғыс, Темірлан, Томирис, т.б. Қазақтың төл есімдері – Қарлығаш, Болат, Арман, Әсем, Айнұр, Бақыт, Шолпан, Серік, Қайрат, Ермек, Жанар т.б.

Есім беруде сәбидің ата-анасы ғана емес, туған-туыс, дос-жарандармен қатар азаматтық хал актілері мекемесінің қызметкерлері де мүдделі. Дүниеге келген сәбилерге қуана отырып, ат қойып, жаңа өмір иесіне болашақта мынадай бол деу арқылы, өз армандарының да орындалуын тілек ете білген. Сонымен қатар қарабайыр сөзбен емес өрнектеп, жүректен терең орын алардай есім таңдаған. Есім таңдауда халық түрлі сенімге сүйенген. Оның ішінде көктен сұраған сәбиіне нұр бақыт пен ақ пейілділіктің белгісі деп баласының болашақ өмірінің ашық болуын мақсат еткен.

Ұлттық ономастикалық жүйенің, оның ішінде антропонимдердің өзіндік ерекшелігі белгілі бір ұлттық тілге емес, қандай мәдени ортада да қалыптасқанына байланысты екенін қазақ антропонимдерінің лингвомәдени, этномәдени, әлеуметтанымдық сабақтастықта зерттелуі көрсетіліп отыр. Тіліміздегі антропонимдердің тарихын, шығу, пайда болу кезеңдері бір заманға тән телімей, бірнеше дәуірге бөліп қарастырылды. Қазақ антропонимиясының даму тарихынан төрт дәуірдің көрінісі байқалады. Кез келген халықтың болмысын, оның жер бетіндегі өмір тіршілігін дәйектейтін деректердің бірі – топонимдік жүйенің өзегінде мәдени-танымдық коннотацияға сәйкес антропонимдер құралатындығы зерттеу барысында тілдік деректер арқылы анықталып отыр.

Антропонимдер этнотаңбалы, этномазмұнды лингвомәдени жүйе ретінде қарастырылды.

Қазақтың кең даласы – мәдениет пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығының негізі. Бұл көзқарас қазақтардың балаға ат қоюында өзіндік ерекшеліктерінің бар болмысымен көрінеді. Қазақ халқы бұл рәсімде ұлт болмысының барлық этномәдени, әлеуметтік сипатын басшылыққа алып отыратындығын жинақталған бай тілдік деректер көрсетіп отыр.

Қазақ антропонимдері қазақ халқының дүниетанымдық болмысымен, ырымдарымен, тыйымдарымен, дінімен, ділімен тығыз байланысты. Кісі есімдері ырымдар мен тыйымдарға байланысыты қойылатындығы, танымдық сипаты ғылыми негізде сараланды.

Ұл бала мен қыз балаға ат қоюдың сандық, символдық, танымдық өзгешелігі бар. Кісі есімдерінің гендерлік сипаты нақты тілдік деректермен талданып, ғылыми түрде көрсетілді. Есімдердің гендерлік жүйесін саралауда халықтың дүниетанымдық, ментальдық ерекшелігімен бірге, қоғамдағы өзгерістер мен мәдени, әлеуметтік өзерістер ескеріледі.

Қазақ мәдениетінде сәбилерге әр заманға сәйкес көрнекті тұлғалардың атын қою дағдыны (Абай, Шоқан, Абылай, Марлен, Талғат, Бауыржан т.б.) біріншіден, антропонимия даму үстіндегі ашық коммуникативтік тілдік бірлік екенін көрсетсе, екіншіден, антропонимдердің әлеуметтенуімен байланысты екенін көрсетеді.

Этноантропонимика құрамының өзекті бір бөлігін көне салт-дәстүр мен түрлі мифтік танымға негізделген (мысалы Тоқтасын, Ұлболсын, Жаңылсын, Тәңірберген т.б.) атаулар құрайтындығы тілдік деректер арқылы дәлелденді.

Зерттеу нысанына сәйкес көркем мәтін деректері талданып, жинақталып, олардың құрамындағы антропонимдердің қолданысы мен қызметіне лингвомәдени сипаттама берілді.

Қазақ тіліндегі антропонимдер – көне дәуірлерден этникалық ақпарат жеткізетін тарихи, мәдени және рухани әлеуметтік құбылыс.

Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдар қазақ тіліндегі антропонимиялық кеңістіктің жалпы сипаты мен ұлттық-мазмұндық құрылымын, номинациялық қағидалары мен атау жасаудағы уәж табиғатының дәстүрлі модельдерін, мәдени-әлеуметтік таңба ретіндегі коннотациялық сипатын тануға мүмкіндік берді.

Халықтың тарихына, мәдениетіне деген қызығушылық артқан сайын, қазақ ономастикасы мен әсіресе, оның ішінде антропонимика саласын жан-жақты зерттеудің маңыздылығы артып отыр. Антропонимиканың өзіндік зерттелу тарихы, ғылым ретінде шығу, қалыптасу, даму стратегиялары бар. Қазақ есімдерін ең алғашқы зерттеушілердің бірі – ономаст-ғалым Телғожа Жанұзақов.

Зерттеуші ғалым Т.Жанұзақтың пайымдауынша, қазақ есімдерінің басым тобы халқымыздың өткен заманнан бастап күні бүгінге дейінгі мәдени-тарихи өмір бейнесін анық көрсетеді. Есімдердің жасалуы, пайда болуы тарихымызда маңызды орын алатын мәселелердің бірі және тарихи-әлеуметтік жағдайлар болып табылады. Халық тарихындағы бұл елеулі оқиғалар түрлі қоғамдық құрылыстағы әр түрлі діни ағымға байланысты болса, кейде көрші елдермен жасаған алуан түрлі мәдени қарым-қатынаспен, достықпен байланысу арқылы ұштасып жатады. Әдетте, бұл тарихи-мәдени байланыстардың тіліміздегі есімдер құрамының арта түсуіне, антропонимдердің әлеуметтік мәнінің жетілуіне зор ықпал жасағаны аян.

Қазақ есімдерінің баюы, құрамының молая түсуінің енді бір кезеңі – шығыс халықтарының мәдениетімен де тығыз байланысты. Ең алдымен діни есімдер, дін иелерінің, әулие-әнбиелердің, сопы-қажылардың есімдері болса, екіншісі – құраннан қойылған діни мағыналы есім сөздер болды. Ал, үшінші топтағы есімдер – қарапайым тұрмыстық сөздер, халық арасында жиі қолданылатын күнделікті сөздерден жасалған есімдер болды. Мінеки, осындай ұзақ тарихи процесс барысында қазақ антропонимдері қалыптасты, сонымен қатар әлі де жалғасын табуда. Жаңа есімдердің тарихын, олардың қолданыс аясын байқап, оның көнелері мен жаңаларын салыстыра зерттеу осы ретте антропонимдердің жаңаша қолданылуын статистикалық тұрғыдан қарастыру өте құнды болмақ.

Кез келген халықтың антропонимдері сол халықтың дүниетанымы туралы білімді жинақтай отырып, семантикасында ер не әйелге тән ұлттық, мәдени, әлеуметтік құбылыстарды бейнелейді. Осы тұрғыдан алып қарар болсақ, көне түркі антропонимдері негізінде қалыптасқан антропонимдік қоры, есім беру салтындағы орын алған ұлттық ерекшеліктерді анықтау жұмысымыздың өзектілігін айқындайды [4,5].

Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Мәселен, төрт түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге байланысты есімдер. Халықтың әдет-ғұрып, тарихи дәстүрлері мен кісі аттарының арасында тозбас желі бар. Кісі аттарына байланысты жиналған мыңдаған мысалдарды және есімдердің морфемын талдап қарағанымызда, құрылысы, лексиклық материалы, фонетикалық ерекшеліктері жағынан олардың әр кез, әр дәурге тән екенін бірден байқаймыз. Шындығында бұлай болудың өзіндік сыры бар. Өйткені әрбір кісі аты өзінің шыққан заманы мен дәуіріне, оның тілдік заңына тікелей байланысты. Соған орай олардың шығу себебін дәлелдейтін алуан түрлі тарихи жайлар мен сан қилы оқиғалар бары аян. Антропонимдердің тарихын, шығу, пайда болу кезеңдерін талдағанда, бір заманға тән телімей, бірнеше дәуірге бөліп қарауымыз керек. Қазақ антропонимиясының даму тарихынан төрт дәуірдің көрінісі байқалады.


Бірінші дәуір – көне түркі заманын, яғни V-VІІІ ғасырлардағы антропонимдерді қамтиды. Бұл дәуірде үй хайуандары мен жабайы аңдардың, табиғат атаулары мен өсімдіктердің және қымбат металдардың атаулары кісі аты ретінде қойылып отырған. Мысалы: Айкүн, Айжарық, Айтолық, Айтолды, Күнай, Күнсұлу, Күнтуар, Бөрі, Барысбек, Арыстан, Бұқа, Түлкібай, Қоянбай, Алтын, Күміс, Қаршыға, Сұңқар т.б. Ол кезде ай мен күнге табыну, табиғатты, аңды, құстарды ерекше күш санау, кейбір хайуандарды (мәселен, бөрі, ит, бұқа) шыққан тегіміз, біздің ата-бабамыз деп, тотем ету жайлары басым болғаны мәлім.

Екінші дәуір. Орта ғасырларға тән антрополексемалық типтерді қамтиды. Екінші дәуірде шыққан антропонимдердің өмірінде елеулі өзгешеліктер барын айтпақпыз. Егер бірінші ғасырдан ерте, орта ғасырға дейін (І-VІІІ ғ.) көне түркі дәуірін, үйсін, қаңлы мемлекеттерінің мәдениетін және шаруашылық, экономикалық жайларын (әлбетте жазба ескерткіштер мен тарихи деректер арқылы бізге жеткен тіл тарихын, ондағы эпостық антропонимдерді) баяндаған болсақ, енді Х-ХVІІ ғасырлардағы қазақтың тайпалық одақ болып тұрғандағы, одан кейін халық болып қалыпасу кездеріндегі әдебиеті мен мәдениетін, фольклор мен тіл тарихын, дін мен білімнің дамуын тиек ете отырып, антропонимдердің шығу, даму кезеңдерін сөз етеміз.

Орта ғасырда шыққан антропонимдердің басым көпшілігі ислам дінінің ықпалымен болды. Ислам діні алғаш, Оңтүстік Қазақстанға, кейінірек Х ғасырда Жетісуға, одан кейін Орталық Қазақстанға енгенін тарихтан білеміз. Исламды дамытуға Қараханидтер көп күш жұмсаған. Дін және діни кітаптар арқылы көптеген араб сөздері мен кісі аттары еніп жатты.

Қазақ антропонимдерінің шығуына, даму кезеңіне моңғол үстемдігінің (ХІІІ-ХV ғ.) аз да болса әсері тиді. Моңғол тілінен енген сөздердің тарихын тек моңғол шабуылына байланысты кірген демей, моңғол халқымен тым ерте қоян-қолтық араласу кезінде болғанын да ескеруіміз керек. Өйткені соңғы жылдары жасаған зерттеулердің өзі-ақ моңғол-қазақ халқына ортақ лексиканың ерте дәуірге тән екенін дәлелдеп отыр [7,58].

Моңғол үстемдігі кезінде енген кісі аттары сан жағынан онша көп емес. Тек моңғол хандары мен әскер басыларының аттары және әскери атақ, мансапқа байланысты санаулы сөздер. Мысалы, Шағатай, Батый, Сыпатай (Субэдей), Ноян, Ноянбай, Нөкербек, Түмен, Түменбай, Сайын т.б.


ХV–ХVІІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті бұрынғы дәуірлерге қарағанда ерекше дамып, өрлей түсті. Бұл кезде материалдық мәдениет, сәулет өнері, ауыз әдебиеті саласында елеулі өзгешеліктер болды. Бұның барлығы халық тілінің дамуына, сөздік қорының толысып баюына игі әсер жасады. Осымен байланысты халық есімдерінің де құрамы өсіп, өзгеріп отырды. Көшпелі халықтың тұрмысы мен өмір тіршілігіне қажет заттардың бастылары – киіз үй жабдықтары мен тағам, мал шаруашылығы еді. Міне, осы киіз жабдықтары мен төрт түлік мал атаулары адамдардың есімдері ретінде қойылып отырды. Осыдан келіп киіз үй жабдықтарына орай: Киізбай, Жапсарбай, Іргебай, Қазанқап; дәм, тағам аттарына байланысты: Сүттібай, Айранбай, Талқанбай, Тоқаш, Ақбай тәрізді кісі аттарының қойылғаны байқалады.

Зергерлік істер мен шеберлік өнерге байланысты сөздерден де кісі аттары қойылып отырған. Мысалы, Моншақ, Маржанкүл, Ақық, Түйме, Шолпыбай, Әшекей, Сырғабай т.б.

ХV–ХVІІІ ғасырларда қазақ халқының ауыз әдебиеті кеңінен дамыған еді. Ауыз әдебиетінің түрлі жанрларында төрт түлік мал көбірек айтылып отырады. Сөйтіп, төрт түлік мал атауына байланысты ат қою дәстүрі кеңінен етек алды. Бұрынғы дәуірлерде төрт түліктен жылқы, қой, сиыр, ешкі атаулары ғана кісіге есім ретінде қойлған болса, енді олардың түрлері мен жас мөлшеріне байланысты есімдер көбейеді. Мысалы, Құнантай, Дөнентай, Қаратай, Сарытай, Құлыншақ, Құлынбек, Бота, Тайлақ, Атанқұл, Тоқтыбай, Қозыбай, Қозыбағар, Бұзаубай, Танабек, Баспақ т.б. Бұл кезде ауыз әдебиетінің ертегілер мен батырлары туралы, әлеуметтік-салттық поэмалары халық арасына кеңінен тарайды. Әрбір ата-ана балаларын халық қамын жеген, елін, жерін сүйген батырлардай болсын деген мақсатпен ер балаларына: Қобыланды, Қамбар, Алпамыс, Қожақ, қыз балаларына: Құртқа, Қарлыға, Назым деген аттарды қойған. Сонымен қатар, махаббат, сүйіспеншілік жырларындағы есімдер де қойылып отырған. Мысалы, Жібек, Төлеген, Сансызбай, Қарлығаш, Баян, Қозы, Мақбал, Сұлушаш, Зылиха, Жүсіп, Ләйлі т.б.


Үшінші дәуір – тарихта жаңа заман саналатын ХVІІ–ХІХ ғасырларда дамыған көп салалы антропонимдерді қамтиды. Бұл дәуірдегі көп салалы антропонимдік композиттің тарихындағы көбірек назар аударатын мәселелер – патроним (әке аты) мен фамилияның шығуы және дамуы.

Ерте дәуірлерде ресми түрде бір ғана есіммен аталу дәстүрі болса, ендігі жерде патроним иемдену, яғни әке атымен аталып, олар шын атпен қатар айтылатын болған. Потронимдердің көрсеткіштері болып, ілік септіктің –ның, -нің формасы және ұлы, қызы тәрізді сөздер қолданылған. Бұл құбылыс ХVІІ–ХVІІІ ғасырлардағы халықтың сөйлеу тілі мен ауыз әдебиетінде кеңінен орын алғаны байқалады. Мысалы, Базарбай ұлы Төлеген, Сырлыбайдың қызы Жібек, Көктімнің қызы Құртқа, Сейілдің ұлы Қараман, Қаржан ұлы Қосдәулет, Өмір ұлы Сыбан, Қарасай ұлы Көбен, Алшағыр ұлы Теген, Керей ұлы Келімбет, Қоянақ ұлы Қарт Қожақ т.б. (бұлар фольклорда бар есімдер).

ХVІІІ ғаысрдың орта кезінен бастап ресми документтердегі патронимдердің жұрнағы ретінде арабтың бин сөзі қолданылған. Мысалы: Тіленші батыр бин Бөкенбай, Сырым бин Дат, Алла Жар бин Ертай, (1794). Алайда, мұндай патронимдік форма тұрақтанбай, оның орнына қайтадан көне тұлғалы ұғлы сөзі басады. Сейтқали Нұрғали ұғлы, Сұлтан Мырза ұғлы, Бердіқожа Қадырбай ұғлы, Сатай Бұлан ұғлы т.б.

Фамилиялардың шығу, пайда болу тарихы саяси қоғам өмірімен тығыз байланысты. Ол ең алдымен қазақ хандарының Ресеймен экономикалық және саяси байланыстар жасау кезінен бастап пайда бола бастайды. Сол кездегі патша үкіметінің іс қағаздарында әке атымен жазылмай, -ов, -ев жұрнақтары арқылы фамилия ретінде жазылу белгіленді. Ең алғаш рет, мұндай фамилиялар 1716 жылы Тобольскі қаласына барған қазақ хандарының елшілер орыс құжаттарында Бекболат Екешов және Байдәулет Нұриев болып, 1726 жылы Әбілқайыр елшісі Қойбағар Петербургке барған соң Қойбағар Көбеков болып, одан кейінгілер Сейтқұл Құндағұлов, Құтлымбет Көштаев болып жазылғанын көреміз


Төртінші дәуір. Қазан төңкерісінен кейінгі Кеңес заманында туып, дамыған антропонимдік типтерді қамтиды.

Қазіргі қазақ тіліндегі есімдер негізінен екінші дәуірден бері қолданылып, төртінші дәуірде қалыптасып, толасып көбейген антропонимдер. Оның құрамына ислам дініне дейінгі көне түркі есімдер де, ислам діні әсерімен араб-иран тілдерінен енгендер де, аз да болса Моңғол, Батыс Европа тілдерінен енген есімдер де бар.

Кеңес өкіметі орнаған Қазақстанда ірі мәдени өзгерістердің болғаны аян. Жаңа тұрмыс, бақытты заманға лайқ мәдениет, әдебиет өрістеді. Халықтың сөйлеу тіліне көптеген жаңа мағыналы сөздер енді. Бұл кезде дүниеге келеген сәбилерге жаңа заманның жаршысы ретінде жаңа ат қою іске асты.

Жер жүзі жұмысшы қозғалысының көсемдері мен қайраткерлерінің есімін жас балаға ат қою 30-жылдары кеңінен дамыған еді. Бұл кезде Мэлс, Эмиль, Маркс, Клара, Марлен, Тельман, Марат, Суньят, Диас, Хозэ, Долорес деген есімдер қойлды. Ким, Социал, Закон, Кима, Совет, Генерал, Маршл, Армия, Большевик, Октябрина сияқты есімдер де сол кездерде шыққан.

Мәдениет пен әдебиет, ғылым мен экономика, шаруашылық дамуына байланысты жаңа атулар туады. Осымен байланысты 30-40 жылдар арасында туған балаларға: Ғылым, Ғалымбек, Мәдениет, Облыс, Өндіріс, Сайлау, Колхозбек, Совхозбек есімдер қойылды. Отан соғысы жылдарныда және жеңіс жылдарынан кейін Майдан, Майданбек, Нұрлан, Бейбіт, Қайсар, Солдатбек, Жеңіс, Жеңісбек, Бейбітгүл, Гулмира, Мира, Гүлжеңіс, Талап т.б. есімдер пайда болды.

Жаңа ат қоюда бұрынғы аттардың таңдаулы, ең сұлу, айшықтыларын талғау принципі басым болды. 50 жылдардан бастап балаларға өте әдемі, айтылуға ықшам, мағынасы айқын, көбіне, жалаң түбірлі есімдер қойылып келеді. Ондай есімдер: Алма, Сәуле, Ажар, Айбарша, Айгүл, Айдай, Айзада, Айша, Ақлима, Алтын, Бағила, Бану, Баян, Бәкия, Гүлшара, Ғазиза, Ғайша, Дана, Данила, Дидар, Зағипа, Зайра, Мағрипа, Майра, Майса, Маржан, Нағима, Нәзипа, Нұрша, Тана, Абай, Абзал, Адай, Азамат, Айбол, Айдар, Айдос, Әнуар, Бейсен, Бекен, Ғани, Ғали, Ғазиз т.б.

30-жылдардан бастап көркем әдебиет кейіпкерлерінің есімдерін балаға қою әдетке айналды. Мысалы: Ботакөз, Асқар, Амантай, Сәуле, Мекер, Нұрлан т.б.

Халық арасына ең көп тараған азамат соғысының ардагер батырлары: Аманкелді, Бекболат және көрнекті революционер Әліби есімдері болды. Кеңес дәуірінде даңқы шыққан еліміздің атақты ғалымдары мен жазушыларының, Қазақстан бұлбұлы атанған әртістеріміздің есімдері де баларға қойылып отырды. Мысалы: Қаныш, Мұқтар, Сәбит, Күләш, Шара, Роза, Рашид т.б.

Кеңес өкіметі кезіндегі есімдердің баю, даму деректері төмендегідей:

1.Әйел есімдерінің көбі орыс тіліндегі әйел аттары мәнерімен жасалды. Мысалы: Гүлнара, Сұлтанша, Алтынша, Нұрша, Айгуля, Аймана, Айнаша, Бакиша, Гауһария, Гүлжана, Гайния, Жамилия т.б.

2. Туысқан республика азаматтырының есімін қою арқылы жасалды. Мысалы: Динара, Дилара, Замира, Зарема, Карима, Карина, Герта, Ирма, Лаура, Линда, Эльза.

3. Орыс тілінен енген есімдер Қазақ халқы орыс халқымен ежелден мәдени қарым-қатынас, байланыс жасап келді. Бұл жағдай әсіресе Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуынан кейін ерекше дамыған еді. Қазан төңкерісінен бұрынғы орыс тілінен көптеген кісі аттарының енуі елеулі тарихи себептерге байланысты. Ол, біріншіден, орыс мәдениеті мен өнерінің, тілінің дамуының игі әсері болса, екіншіден, екі халықтың тікелей қоян-қолтық араласуынан. Сонымен бірге көптеген отбасылар арасындағы ортақ, аралас некенің себебі де үлкен әсер етті.

Қазақ отбасыларында мейлі ол малшы, егінші, колхозозшы болсын, мейлі оқыған интеллигент қызметкер болсын баласына өздерінің орыс достарының, яки олардың балаларының атын қойып отырған. Сонымен бізге, Алексей, Максим, Виктор, Клим, Ждан, Ефим, Илья, Алеша деген ер аттары: Анна, Валентина, Галина, Лиза, Зина, Зоя, Ирина, Ира, Наташа, Раиса, Рая, Светл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!