400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХХІ ҒАСЫР – ЖАҢАРУ ҒАСЫРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал педагогтарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХХІ ҒАСЫР – ЖАҢАРУ ҒАСЫРЫ

ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, гуманитарлық технологиялар, психологиялық өзгерістер сияқты көрінісімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар мамандарды дайындау – мемлекеттің бүгінгі ең басты стратегиясы. Мамандарды дайындауда білім сапасын басқару туралы мәселелер ғылыми әдебиеттерде жарияланып,оның маңыздылығы ғаламдану жағдайында әр қырынан зерттеліп жатқандығы мәлім. Білімнің негізгі мақсаты тек қана білім алу, үйрену және дағдылану ғана емес, осыларға негізделген жеке және әлеуметтік құзыреттілікті, алған мәліметтерін болашаққа кәсіби қызметтерінде тиімді пайдалана білу, талдай білу және өз алдына дербес білім ала білуі, әлемнің үнемі өзгеру жағдайына байланысты ұтымды және тиімді өмір сүріп, ұнатқан мамандығы бойынша қызмет жасауы болып табылады. ХХІ ғасыр-білім, жаңару ғасыры екендігі баршамызға белгілі. Менің ойымша, жаңа ғасыр мұғалімі заманауи үлгіде, терең және жан-жақты ғылыми білімді болуы өз мамандығының шебері, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, қоғамның белсенді қайраткері болуға тиісті. Ол өз пәнінің теориялық, практикалық қағидалары мен оқыту әдістерін мүлтіксіз білуі керек. Жаңа ғасыр мұғалімі болуының тағы бір шарты – өзінің білімін басқаға беру іскірлігі, пәннің ең мәнді, маңызды материялдарын басқағаа игерте білуі, қазіргі жаңа технологияларды қолдана отырып, бағдарламалық материалдарды түсіндіре алуы қажет. Оқушының алған білімін өмірде, практикада қолдана білуге нұсқау жасай білуі білімді даму мен тәрбие көзіне айналдыруды қамтамассыз етуі қажет. Шәкірттеріне білімді игерту үшін оқыту әдісін жетік білуі шарт. Қазіргі заман мектебінің мұғаліміне артылар жүк жеңіл емес. Жалпы мұғалімнің жұмысы ол білім берген оқушылардың білім денгейімен бағалануы керек. Тағы айта кетерім көп біліп, білгенін оқушыға жеткізе алмаған мұғалімнен, өз білгенінің барлығы шәкіртінен сіңіре мұғалімді үлгі санауға болады. Мұғалім педагогикалық процесте әрі субъект,әрі объект болады. Субъект ретінде ол арналы педагогикалық білім алады, жас ұрпақты дайындау үшін қоғам алдында өзінің жауапкершілігін сезінеді. Ал объект ретінде үздіксіз білімінің,өзін өзі тәрбиелеудің, балалармен қарымқатынастың нәтижесінде тәрбиелік ықпалға душар болады. Білімін жетілдіруге ұмтылады. Мұғалім еңбегі үздіксіз ізденісті, өз білімі мен тәжірибесін жетілдіріп отыруды талап етеді. Мектеп жұмысын өмірдің талабына сай жүргізу, оқу-тәрбие саласындағы зертеушілік, тәжірибе алмасу жақтарына мән беру, мұғалімдерінің ізденісіне шек қоймау, қайта оған жағдай жасап отыру педагогиканың іскерлік негіздерін меңгеруіне ықпал етеді. Ұстаздың өз бетінше білімін жетілдіру,осы саладағы үздіксіз ізденісі, озат тәжірибені қолдануы, оны өзгелерге насихаттауы, жаңашылдық танытуының бір жолы болып табылады. Мұғалім қоғамдағы өз орнын нақты білуі тиісті. Оқушының бүкіл болашағы оқытушының қолында. Ол өсіп азамат болғанда, жақсы әсер, үлгілі тәрбие берген оқытушысына мыңда бір алғыс айтады. Ол қоғам мен өскелең қоғам аралығындағы сарапшы. Мұғалім – болашаққа ұмтылған адам. Ол жас ұрпақтың білімін ғана емес, ұлттық мұратын қалыптастырады, оларды рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелейді. Оның қызметі адамды қалыптастыруға, оның алдағы 38 жағдайын өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға бағытталған. Болашаққа жарамды ұрпақ тәрбиелеу үшін, оларды тамаша жетілген азамат етіп тәрбиелеу қажет – тек сонда ғана тәрбиеленуші өз ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады. Қорыта айтқанда, жаңа ғасыр мұғалімі жаңа тұрпаттағы, жаңа формация мұғалімі бола білуі керек. Жаңа формация мұғалімінің жұмыс стилі бұрынғыдан өзгеше. Ол бақылаудың орнына ынталандырады, мәжбүрлеудің орнына кеңес береді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.11.2020
495
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі