Материалдар / ХХІ ғасыр көшбасшысы 10-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ХХІ ғасыр көшбасшысы 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
284
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


А. Байтұрсынов атындағы №139 мектеп – гимназиясы










«ХХІ ғасыр көшбасшысы»







Сынып: 10 «Б»

Жетекшісі: Жумагалиева Г.Ж













Алматы қаласы 2021 жыл





Интеллектуалды сайыс

10 «Б» сынып

Күні: 21.01.2021

Сайыс тақырыбы:

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

Мақсаты:

1. Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін,

шығармашылық ізденісін байқау. Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету.

2. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.

Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.

3. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Әдісі:

баяндау, ой қозғау, сұрақ – жауап, Kahoot

Түрі:

Интеллектуалды сайыс сабақ

Көрнекілігі:

Тірек сызбалар, полиглот ойыны,балдық жүйе

Сабақтың барысы:

Бірнеше пәннен сұрақтар қойылады, ойындар ойнатылады


Ұйымдастыру кезеңі:

Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Әр кезеңдегі шешілген тапсырмаларға белгілі бір баллдар беріледі, сол балл бойынша сайысымыздың жеңімпазы анықталады.



Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келдіңіздер! Бұл білім сайысының мақсаты оныншы сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

І – кезең

«Бәйге»

  1. Бұл кезеңде әр ойыншыға жеке алдын ала дайындалған үш сұрақ қойылады

  2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай иеленеді

  3. Ойлануға уақыт беріледі



Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз, - деп келе біз келесі кезең – бәйгені бастайық.








  1. Фотосинтез үрдісі нәтижесінде өсімдіктер бөлетін газ (оттек)

  2. Теріс және оң зарядталған атомдар (иондар)

  3. Ұйқы безінен бөлінетін гормон (инсулин)

  4. Ең жеңіл металл (литий)

  5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)

  6. Адамның дене жасушаларының хромосома саны (46)

  7. Қанттың химиялық аталуы (сахароза)

  8. Қан беруші адам (донор)

  9. Оң зарядталған ион (катион)

  10. Тұқым қуалайтын өзгергіштік (мутация)

  11. Жүректің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым саласы (кардиология)

  12. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)

  13. Адам ағзасында қандай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды (фтор)

  14. Әр елдің туын зерттейтін  ғылымды қалай атайды. (геральдика)

  15. Суда еритін негіздер қалай аталады (сілтілер)




ІІ кезең: «Жорға»


  1. Қатысушыларға бірнеше пәннен 10, 20, 30, 40 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы пәнді және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші кезеңде жинаған ұпайларына сәйкес ең көп жинаған ойыншыға беріледі.

  2. Сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына балдар қосылып отырады. Ойыншы сұраққа жауап бере алмаса басқа ойыншыларға да жауап беру мүмкіндігі беріледі.




Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір сайыс болсын

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын, - деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.

Бірінші кезеңде жиналған ұпай екінші кезеңде сақталады!



















ІІІ кезең: «Тіл өнер»

Жұмбақтардың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек. Химия пәнінен қойылған сұрақтардың жауабы қазақ, орыс, латын тілінде берілуі қажет. Ойыншы жауап бере алмаса,басқа оқушыға жауап беру құқығы беріледі.


Келді кезек жұмбақты шешуге

Жауаптарын беруге үш тілдерде

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз

Жақсы баға шәкірт саған несібе


  1. Халқымыз жеңіл ауру санайтын қатерлі дерт. (тұмай – грипп – Flu)

  2. Таяқ еттен өтеді, сөз ....... өтеді (сүйек –кость – bone)

  3. Жазда тұрып жоғары, Күзде жерге қонады (жапырақ – листья – leaves немесе leaf)

  4. Негізі сутек пен гелиден тұратын қызған алып шар.(күн – солнце - sun)

  5. Өзі ауыр металға жатады, емшілер қорықтық құюға қолданады (қорғасын – свинец -lead)

  6. Сұйық металл (сынап – ртуть -mercury)

  7. Ел іші ...... бесік (алтын – золото - gold)

  8. Батыр майданда шыңдалады, ........... қайнауда шыңдалады (темір- железо – iron)




ІV кезең «Тұлғаны таны»

  1. Жүсіпбек Аймауытов

қазақтың көрнекті жазушысы, э драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.1917-1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнап, Губревком құрылған мезгілде көптеген қазақ жастарымен бірге мүше болды.

  1. Федор Достоевский

орыс жазушысы, Санкт-Петербург Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1877). Ол 1821 жылы он бірінші қарашада Мәскеу қаласында туған.

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы

ақынжазушыфилософтарихшыкомпозитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды.


Қорытынды:

1. Kahoot ойынын ойнату.

2. Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтау.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!