Әулиекөл ауданы білім
бөлімінің №1
Қазанбасы
ЖББМ
Аудандақ
семинар
Тақырыбы:
«Тарих сабағында ұлттық
құндылықтарды дәріптеу әдістерін қолдану»
Мақсаты: Ұлттық рух, ұлттық болмыс,
ұлттық мәдениеттің ұлттық бірегей көрсеткіші, күші екенін
білдіру;
Берілген ақпарат негізінде
оқушылардың өз бойындағы барды оятып, жаңа ұғымдар беріп, ұлттық
руханиятты сақтауға баулу;
Оқушының ішкі сезім дүниесін
дамыта отырып, ақыл-ой жүйесін
жетілдіру.
Өту
уақыты: 20.03.2024
ж
Қатысушылар: 7
сынып
Жауапты: тарих пәнінің мұғалімі
Рахметов С.О.
2023 – 2024 оқу
жылы
Бөлім тақырыбы
: Қазақстан Ресей империясының
құрамында
Сабақ
тақырыбы: XIX ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ қоғамы
Зерттеу
сұрағы: “Зар заман” өкілдерінің
қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен
қалыптасты?
Оқу
мақсаты: 7.1.2.2 қазақ зиялыларының
қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру
Бұл
сабақта: Ислам дініне қатысты Ресей
империясының саясаты жайлы және «Зар заман» өкілдерінің
қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен
қалыптасқанын білетін боламыз.
Ұйымдастыру
кезеңі:
№1. Үй тапсырмасы: «Шашу
әдісі» (7 минут)
-
Жарменкелік сауда мал
өсірушілер мен отырықшы диқандардың арасында қандай сипат
алды?(Делдалдық сипат алды.
Сауданың бұл түрі мал сатушы қазақтарға өте тиімді болды. Олар
жәрменкеде мал мен мал өнімдерін көптеп айырбастай
алды.)
-
Пароходпен тасылатын негізгі
тауарларды ата? (таскөмір, астық, тұз,
көкөніс және мал)
-
Қазақстандағы ірі
жәрменкелерді ата? (Қоянды, Қарқара,
Жаркент)
-
Қай жылы Омбыдан Семейге
алғашқы пароход сапарға шықты? (1862
жылы)
-
Ресей көпестері қандай сауда
өнімдерін сатты? (білтелі шамдар, сабын,
ыдыс аяқтар, ұн, шай, қант)
-
Орта Азия саудагерлері қандай
өнімдер сатты? (әртүрлі шапан, кілем,
жібек, мақта мата кездемелер)
-
1871 жылы Қазақстанның қай
қаласында тұңғыш қоғамдық банк ашылды?
(Повладарда)
-
Жарменкелерде ірі ірі спорттық
ойындарынан қай түрлері жиі өткізіліп тұрды?
(Ат жарыс және ұлттық ойын
түрлері)
-
Ірі ірі жәрменкелерде қазақтың
бүкіл әлемге танылған балуаны кім? (Қажымұқан
Мұңайтпасов)
-
Осындай жәрменкелерде сол
кездің сал серілері мен ақындары да болып жүрген. Олар
кімдер? (Ақан сері, Балуан Шолақ,
Жаяу Мұса, Майра Шамсудинова, Әміре Қашаубаев, Әсет
Найманбайұлы)
Жаңа сабақты ашу: (5 минут)
Мұғалім сөзі: Патша үкметі христиан дінін
тықпалаумен қатар, ислам дінін әлсірету саясатында ұстанды. Себебі
олар ислам діні христиан дінін кеңінен тарату жолындағы басты
кедергі деп санады
Патша үкметінің ислам
дініне қатысты саясаты
-
Қазақтарға Шығыс елдерімен
Туркияға оқуға тиым салды
-
Дінге қатысты мәселелер Ішкі
істер министрінің қарауына берілді
-
Бір болыста бір молда ғана
ұстануға рұқсат етілді
-
Молдалар Ресей империясына шын
берілген қазақ болуы тиіс делінді
-
Мешіт салу үшін
гинерал-губернаторының рұқсатын алу қажет
болды
-
Жергілікті тұрғындардың
сауатын ашып, оқытуы үшін уезд бастығының рұқсаты керек
болды
Осыдан
бастап Дәстүрлі қазақ қоғамында
құндылықтары өзгерді
Патша үкметінің отаршылдық
езгінің күшеюі, халықтың қатты күйзелуі түсында өмір сүрген ұлт
қайраткерлері зар заман ақындары ретінде
танылды
Зар заман ақындарының
өлең-жырларында Ресей империясының отаршылдық озбырлығы мен сұрқия
саясаты жан-жақты суреттелді
XIX ғасырдың 40-60
жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдері қатарына
- Даулет Бабатайұлы, Шортанбай
Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы шықты. Бұлар зар заман дәуірінің ақындары
аталды. Олардың поэзиясының негізі сарыны өткен заманды, қазақ
халқының бұрынғы дерлік істері мен аңызға айналған өмірін аңсау,
жаңа заманның зардаптарын сынау болды
№2. Жаңа тақырыпты ашу. «Сал
серілер» әдісі ( 8 минут) (Мәтінмен жұмыс. Оқушылар
берілген мәтінді екі минут аралығында қарап шығады және сол
мәтіндік тапсырма орындайды)
І
топ. XIX ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ қоғамы
XIX
ғасырдың 60 – 90-жылдары патша үкіметінің әкімшілік
реформалары барысында қазақ ру-тайпалары болыс, уезд және облыстық
әкімшілік құрылымға бөлінді. 1897 жылы Ресей империясында
алғаш рет жалпы халық санағы өткізілді. Санақ нәтижесі бойынша
өлкедегі 3,4 миллион қазақ тұрғыны халық
санының 80%-ын құраған. Халықтың негізгі бөлігі ауылда өмір
сүрді. 80%-ға жуығы малшаруашылығымен, ал 18%-ы кешенді
бақташылық және егіншілік кәсібімен шұғылданған. ХІХ ғасырдың
екінші жартысынан көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығы
ақырындап құлдырай бастаған еді. Қазақтар үшін ең ауыр кезең жұт
жылдары болды. Жұттан аман-есен қалу үшін қазақтар шекара шетіндегі
казактар мен орыс шаруаларына жақын келуге тырысты. Жұттан кейін
күйзеліп, қайыршыланған қазақ шаруалары ендігі жерде егіншілікпен
айналысуға мәжбүр болды.
Егіншілікпен қатар, ірі көлдер
мен өзендерде, сондай-ақ Арал және Каспий теңіздерінде балық аулау
едәуір дамыды. Бұл кәсіппен кедей қазақтар
айналысты.
Көшпелі және жартылай көшпелі
өмір салтының күйзеліске ұшырауы салдарынан өлкеде халықтың екі
тобы қалыптасты. Олар байлар және жалдамалы жұмысшылар еді.
Әдеттегідей, ауыл старшындары, ірі рубасылар мен болыстар сияқты
ауқаттылар байыған үстіне байи түсті. Олардың едәуір бөлігі
кәсіпкерлікпен, мал және мал өнімдерін сатумен айналысты. Қазақ
даласында олар бай саудагерлер деп аталды. Мал сойып, ет өндіруді
кәсіп еткен кейбіреулерінің өз зауыттары, май айыратын кәсіпорны
болды. Сондай-ақ сары май сатумен де айналысты. Ұлттық
сауда-өнеркәсіп буржуазия өкілдерінің арасында қайырымдылық
шараларын жүзеге асырғандар да
болды.
ІІ
топ. XIX ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ қоғамы
Дәстүрлі қазақ қоғамы
құндылықтарының өзгеруі, отаршылдық езгінің күшеюі, халықтың қатты
күйзелуі тұсында өмір сүрген ұлт қайраткерлері зар заман ақындары
ретінде танылды. Зар заман ақындарының өлең-жырларында Ресей
империясының отаршылдық озбырлығы мен сұрқия саясаты жан-жақты
суреттелді.
Ұлттық-отаршылдық езгінің
күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша үкіметінің
қоныстандыру саясаты қазақ халқының қоғамдық-саяси ойын дамытып,
ұлттың сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы
белсенді әрекеттері күшейе түсті. Қазақ зиялылары қазақ халқының
империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу үшін
күресті. Олар қазақтың ұлттық мемлекеттілігін қалпына келтірудің
әдіс-амалдарын қарастырды. Өз халқының отаршылдық езгіден азаттық
алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. Қазақ зиялылары Ш.
Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы, М.С. Бабажанов, Қ.
Халиди, М. Шорманов, Ш. Құдайбердіұлы, М.Ж. Көпейұлы, Ш.
Қосшығұлұлы т.б. отаршылдыққа, рулық-патриархалдық арттақалушылыққа
батыл түрде қарсы шықты. Танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен
терезесі тең даму жолына бастай білді. Олар қазақ халқын білім
алуға шақырды. Білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың
ұлт ретінде сақталуына көмектеседі
деп есептеді.
№3. «Қонақасы» әдәсі: (7
мину) (Табаққа тартылған мүшелер
астындағы тапсырмаларды орындайды)
-
Патша үкіметі қазақтың
әлеуметтік құрылымының өзгеріске ұшырауына жеткізген
уақыт: (ХІХ ғасырдың
20-жылдары)
-
Патша үкіметі сұлтандар билігі
әлсіретіп, билер сотын тарата бастаған
уақыт:
(ХІХ ғасырдың
20-90-жылдары)
-
Сұлтандардың артықшылықтарын
шектеп, қарапайым қазақтардың құқықтарымен теңестірген
реформа: (1867-1868 жылдардағы
әкімшілік реформалар)
-
Патша үкіметі ислам дінін
әлсірету саясатын ұстану себебі:
(исламды христиан дiнiн
кеңiнен тарату жолындағы басты кедергi деп
санады)
-
Қазақтың дінге байланысты
мәселелері Iшкi iстер министрiнiң қарауына берiлген
уақыт: (1867-1868
жылдар)
-
Зар заман ақындарының
өлең-жырларында суреттелген оқиға:
(Ресей
империясының отаршылдық озбырлығы мен
сұрқия саясаты)
-
Ресейдiң Қазақстанды жаулап
алуы мен отарлауы кезiндегi қазақ халқының ауыр жағдайын шынайы
суреттейтін шығарма: («Үш
қиян»)
-
Үш қиян» шығармасының авторы:
(Мұрат
Мөңкеұлы)
-
Отаршылдыққа,
рулық-патриархалдық артта қалушылыққа батыл түрде қарсы шыққан
зиялылар: (Ш. Уәлиханов, Ы.
Алтынсарин, А. Құнанбайұлы, М. С. Бабажанов, Қ. Халиди, М.
Шорманов, Ш. Құдайбердіұлы, М.Ж. Көпейұлы, Ш.
Қосшығұлұлы)
-
Зар заман өкілдері
кімдер? (Дулат Бабатайұлы,
Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан,
т.б.)
-
Зар заман деген қай уақытты
бейнелейді? (Зар Заман – Қазақ
әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау
саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің
жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған
тарихи уақытты сипаттайды)
№4 «Арқан тартыс» әдісі
сұрақтары: (7 минут)
-
Қазақтар үшін ең ауыр
кезең.....жылдары болды? (Қазақтар үшін ең ауыр
кезең ЖҰТ болды. Жұттан аман есен қалу үшін қазақтар шекара
шетіндегі казактар мен орыс шаруаларына жақын келуге
тырысты.)
-
ХІХ ғасырдың 40 – 60
жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдері кімдер
болды? (Дулат Бабатайұлы,
Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы. Иә, бұлар «зар заманның»
ақындары ретінде танылды. Олардыңпоэзиясының негізгі сарыны өткен
заманды, қазақ халқының бұрыңғы ерлік істері мен аңызға айналған
өмірін аңсау,жаңа заманның зардаптарын сынау
болды.)
-
Қай теңіздерде балық аулау
кәсібі дамыды? (Арал және
Каспий)
-
Ресей империясында алғаш рет
жалпы халық санағы қай жылы өткізілді?
(1897
жылы)
-
Қазақ қоғамында қай кезеңде
көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы құлдырай бастады?
(ХІХ ғ ІІ
жартысында.)
-
Елдің орталық, солтүстік және
солтүстік шығыс аймақтарында егіншілікпен жаппай айналысуға қашан
бет бұра бастады? (ХІХ ғ
аяғында)
-
ХІХ ғ ІІжартысында қазақ
қоғамында халық қандай екі топқа бөлінді?
(Байлар және жалдамалы
жұмысшылар)
-
ХІХ ғ ІІжартысында қазақ
қоғамында халық байлар және жалдамалы жұмысшылар деп екі топқа
бөлінді. Сұрақ байлар тобына тән белгілерді
атаңдар? (Мал сойып, ет өндіруді
кәсіп етті. Кейбіреулерінің өз зауыттары
болды.)
-
ХІХ ғ ІІжартысында қазақ
қоғамында халық байлар және жалдамалы жұмысшылар деп екі топқа
бөлінді. Сұрақ жалдамалы жұмысшылар тобына тән белгілерді атаңдар?
(Түрлі кәсіпорындарда жұмыс
істеді. Тау кен кәсіп орындарында жұмыс
істеді.)
-
Молдаларды жұмысына
тағайындап, босататын кімдерге тиесілі болды?
(Әскери
губернатор)
№5. «Асық ойыны әдісі»
сұрақтары; (7 минут)
-
Патша үкіметінің әкімшілік
реформалары барысында қазақ ру тайпалары қандай әкімшілік құрылымға
бөлінді? ( Болыс, уезд және облыстық
)
-
Елдің қай аймақттары жаппай
егіншілікпен айналысуға бет бұрды? (Орталық, солтүстік және
солтүстік шығыс)
-
Патша үкіметінің ислам дініне
қатысты саясатының салдарын ата? (Қазақтарға шығыс елдерінде
оқуға тиым салды. Әр болысқа бір молда ғана ұстауға рұқсат етілді.
Мешіт салу үшін генерал губернатордың рұқсаты қажет
болды.)
-
ХІХ ғасырдың соңына қарай
Қазақстанның солтүстік, орталық, солтүстік-шығыс аймақтарында шөп
шабуды кәсіп еткен шаруашылық мөлшері:
(90%-ға
жуық)
-
Қазақтардың көшпелі қоғамының
кедейленіп қайыршыланған, отырықшы өмір салтын қабылдаған
бөлігі: (жатақтар)
-
Кедейлерге, мешіттер мен
мектептер мұқтажына деп ақша таратқан:
(Павлодар уезіндегі
Қараөткел болысының болысы А.
Қазанғапов)
-
Павлодар қаласында мешіт
салдырған кәсіпкер: (Б.
Шоқабасов)
-
Дулат Бабатайұлы өлеңіне нені
арқау етті? (Дулат поэзиясы – өз
заманындағы қоғамдық өмір шындығын, көкейкесті мәселелерін барынша
шынайы жырлаған реалистік поэзия. Дулат өз шығармалары арқылы
импровазиторлық поэзияны реалистік жазба поэзиямен жалғастырушы
алтын көпір болып табылады.)
-
Шортанбай өлеңлерінде нені
бейнеледі? (Бағзы заманнан бері қарай
өмір сүрген ақын, жыраулар қазақ жеріндегі замана көшінің
бағыт-бағдарын елден бұрын бағамдап, өмір ағымының беталысын,
тіршілігінің тынысын тамыршыдай дөп басып танып отырған. Іштен,
тыстан келетін қауіп-қатерлерді алын-ала сезіп
білген.)
-
Мұрат Мөңкеұлы қай өлеңдерінде
өз заманын сынады? (Ақын қазақ халқының
бес-алты ғасырлық тарихын асқан шеберлікпен суреттеп, баяндайды.
Оның жырларындағы тарихи оқиғалар мен тұлғалар, жер, су, қоныс,
жайылым, өріс, құдық аттары – әлі күнге дейін игерусіз жатқан асыл
мұра. Мұрат шығармаларында 150-ге жуық жер, су, қала аттары,
300-дің үстінде адам есімдері кездеседі. Сол замандағы ащы шындықты
бейнелеген кеңістігі де әр алуан. Бірқатар туындылары Ресей
империясының отарлау саясатына қарсы
бағытталды.)
Рефлекция: (2
минут) Оқушылар өздерінің бүгінгі
сабақтан алған әсерлерін алдарындағы асық суреті бар қиынды
қағаздың астына жазып қоржынға салады
Қорытынды:
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың ғасырлар
бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік
қағидаттары.Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі,
салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Сол
құндылықтардың арқасында біз өзіміздің халықтық қалпымызды сақтап,
әлемге танылып отырмыз.
Үйге
тапсырма:
• Мұрат Мөңкеұлы (1843–1906) –
қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, айтыскер ақын, жырау. • Шортанбай
Қанайұлы (1819–1881) – ақын. ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ халқының
тарихындағы ірі тұлғалардың бірі. • Мәтінмен жұмыс: INSERT кестесі
арқылы «Зар заман» ағымы өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастарына
тұжырымдама жасаңдар.