Химия әлемінде

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Химия әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
білімділік: жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:«Химия».
Мақсаты:
а) білімділік: жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
ә) дамытушылық: сұрақ тапсырмаларын, жұмбақ шешу, есептер шығару арқылы ой-өрісін кеңінен дамыту.
б) тәрбиелік: білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс жарыс түрінде
Сабақтың әдісі: әңгіме, пікір айту,
Сабақтың пән аралық байланысы: биология, география, математика
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта , химиялық элементтердің периодтық жүйесі,зертханалық ыдыстар,қызықты тәжірибиеге арналған реактивтер


Химия әлемінде

Мұғалім:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Пайдасын көре тұра тексермедім

Ер жеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп Абай атамыз айтқандай уақытында химия сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда химия ғылымымен әрі қарай сырласып, кейбіреулермен мұңдасып қалу үшін өткізілгелі отырған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға бүгінгі «Химия әлемінде» атты сайысқа қатысушыларымызды шақырамыз.

1-топ_______________________

2-топ_______________________

3-топ_______________________

Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер!

Сайысымызды әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер

1____________________________

2_____________________________

3_____________________________

4_____________________________

Сайыс кезеңдері: 1.Таныстыру

2.Кім көп біледі? (жұмбақтар шешу , жұмбақтың жауабын ағылшын тіліне аударып сол сөздер бойынша элементтердің таңбаларын жазу)

3.Көргенімді есте сақтаймын...(Зертханалық ыдыстарды атай білу)

4. Құпия сөздің құлпын аш! (ребус шешу)

5. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар...(есеп шығару)

6.Ғажайып әлем химия! (қызықты тәжірибие)


Бірінші кезең: «Сәлемдесу» әр топ өздерінің атымен, ұранымен, қарсыластары мен әділқазылар алқасына сәлем жолдайды.

Екінші кезең: Химия ғылымдардың бұл төресі,

Оза алмайды жарыста тар өресі.

Біліміңді көрсетер кезің келді

Басталмақшы кезеңіміз келесі-деп сайысымыздың "Кім көп біледі?" кезеңін бастайық. Бұл кезеңде жұмбақтар шешу, жұмбақтың жауабын ағылшын тіліне аударып сол сөздер бойынша элементтердің таңбаларын жазу. Мысалы: Тәтті көрсе бас салар, Айнымайды баладан. Ж: Аю-Bear-Be Ar


1.Қос жиек,

Ортасы

Ақ сүйек.   (Ерiн lips Li P S)

2.Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгiлдi.

Бусанып жон-алап,

Терледi, керiлдi.  (Жаңбыр Rain Ra In)

3.Суда қалқиды,

Жылыда балқиды. (Мұз ice I Ce)


4.Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне.
(Ай moon Mo O N)

5.Көк жиекті шай табақта,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделер.
(Күн sun S U N)

6.Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады. (Қар snow Sn O W)

7.Алқапта бар биiк тау,

Алды тiк жар қиық тау.

Қос үңгiрi желдетiп,

Ауа жұтар селдетiп.    (Мұрын nose No нобелий Se селен)

8. Сылқ-сылқ күледі,

Аяғы жоқ жүреді (су Water W At Er)

9.Қуып едім мойнын бұрмады,

Ұстайын деп едім қолға тұрмады. (Жел Wind W I Nd)

10.Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем.(Жер Land La Nd)


Үшінші кезең: Химия – ел ырысы, ғасыр үні,

Ғылымға қазіргі зор басын иді.

Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған

Ашылды табиғаттың жасырыны

Жайна да гүлден жер, қия,

Көңілге шабыт-нұр құя

Молшылық көзі-химия

Апат та өзі - химия,

Тылсым ғылым бұл - химия!- деп жырлағандай сайысымыздың 3-кезеңіне келіп жеттік. Көргенімді есте сақтаймын...кезеңі бойынша алдарыңызға химиядан тәжірибиелер жасауда қоданылатын ыдыстар беріледі. Әрбір ыдыс нөмерленген, ыдыстарды осы нөмер бойынша 30 секунд ішінде есте сақтай білу керек.Ыдыстардың тізімін 1 мин қағазға жазып.

Сайысымыздың төртінші кезеңі Құпия сөздің құлпын аш! Бұл кезеңде әр топ өздері дайындап келген ребустарын өзге топтарға жасырады. 3мин уақытта әр топ өздеріне берілген ребусты шешіп,жауабын айту қажет.

Бесінші кезең: Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып,
Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр,
Есеп шешер кезегінде ойланып.
Ендеше әр топтың алдына есептер беріледі, есептің шартын, шығару жолын плакатқа жазып түсіндіреді. Уақыт 5 мин.

1.     a)Массасы 31 г натрий оксиді сумен әрекеттескенде қанша грамм натрий гидроксиді түзіледі

b)Fe + S→                                            Mg + O2 →         

K+H2O SO2+H2O

        


 2.     a)Массасы 4г кальций сутекпен әректтескенде неше грамм гидрид бөлінетінін есептеңдер.

b)H2 + Cl2 →                                                                Cu O + H2SO4

Zn+H2O K2O+H2O



 3.    a) Су натриймен әрекеттескенде 4 г сутек бөлінді. Реакцияға түскен судың массасын табыңдар.

b)CaCO3 →                                                                 Fe + Cl2 →  

Ca+H2O→ H2+N2


Алтыншы кезең:Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер
Жастықтың оты қайдасың.
Жүректі түртіп қозғамай,
Ғылымның біліп пайдасын.
Дүниенің көркін болжамай,- деп ақын Абай атамыз жырлағандай ендігі кезіңде химияның құпия сырларын алған білімімізге сүйеніп болжап көрейік. Қызықты тәжірибе түсіндіру.

«Барлық гүлдер гүлденсінші»

Қазір сіздердің көз алдарыңызда мына гүлдер шығады, күн көзіндей сендердің жүректеріңді жылытады.

  1. Орындаушы. Фенолфталеин сіңірілген қағаздан жасалған гүлдер тұрады, cілті ерітіндісі толтырылған пульверизатордан гүлге шашады, көз алдымызда барлық гүлдер таңқурай түсіне ауысады.

Фенолфталеин индикаторы қатысында ас содасы таңқурай түске боялады.

«Сиқырлы жазу»

  1. Орындаушы:Ақ қағаздың бетіне H2SO4 – ң ерітіндісімен жазу жазыңыз. Қағаз кепкен кезде жазу ғайып болады. Содан соң 15 -18 см ара қашықтықта спирт шамның жалынына ұста. Біраз уақыт өткеннен кейін қағаз бетінде қара түсті жазу пайда болады.

Түсіндіруші: қағаздың H2SO4 – да көмірге айналу нәтижесінде түзіледі.

3. Жанартау

Орындаушы: Аммоний дихроматын (NH4)2Cr2O7 карлен табақшаға салып, сіріңкемен жағады. Сонда аммоний дихроматының айырылу реакциясы булканға ұқсас жанады.

2030 – дың барысымыз

Болашаққа бастайды әр ісіміз.

Егемен елімізді көркейтетін,

Білім шыңына шығу – парызымыз, - дей отырып, бүгінгі сайысымызда мәресіне жетті. Сайысымызда жеңіске жеткен топты білу үшін әділқазы

алқасына сөз берейік. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.06.2018
949
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі