Материалдар / Химия және денсаулық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химия және денсаулық

Материал туралы қысқаша түсінік
10 класта өткізілді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1116
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Химия және денсаулық

Мақсаты:

Білімділік: Химия пәні бойынша жан-жақты терең білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, оқушылардың танымдық білімдерін тереңдету. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу. Тәрбиелілік: Еңбексүйгіштікке, ой еңбегіне, шапшаңдыққа, табиғатты қорғап, қоршаған ортаны қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру (оқушыларды түгелдеп, топқа бөлу)

  2. Ойлы болсаң, озып көр!

  3. Жүйрік болсаң, шауып көр!

  4. Қара сандық

  5. Тәні саудың – жаны сау!

  6. Тіршілік нәрі – Химия!

  7. Қорытынды


І. Құрметті оқушылар, бүгінгі «Химия және Денсаулық» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Сіздер химия пәнінен алған білімдеріңізді күнделікті өмірде қолдана білулеріңіз қажет. Химия сіздің денсаулығыңызды емдеуі немесе ауруға шалдықтыру мүмкін.

ІІ. Ойлы болсаң, озып көр! Әр топ берілген тапсырмаларға қолдарында берілген бағдаршамды көтеру арқылы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

1. Дене қызуын төмендететін кең таралған дәрі? (Аспирин)

2.Жүйкені жайландыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент? (Бром)

3.Медицинада рак ауруларын емдеу мақсатында сәулелік ванналарда қолданылатын инертті газ? (Радон)

4.Пластикалық хирургияда сынған сүйектерді бекітуге және адам бас сүйегіндегі саңылауларды жабуға қолданылатын элементтер? (Титан, тантал)

5.Органикалық синтезде, ацетилен өндірісінде, дәрі-дәрмектік препараттарын, өнімдер алуда, электротехникада, тіс салуда, алтын, күміс, платинамен қорытпалары бар аспаптар жасауда, газ сіңіруде қолданылатын элемент? (Палладий)

6.Радиохимиялық зерттеулерде, медицинада қалқанша без ауруларын емдеуге қолданылатын элемент? (Астат)

7. Ақыл-ой элементі? (Фосфор)

8.Асқазан ішек жолының қабынуы (гастрит), ұйқы безінің қабынуы (панкреатит) ауруларын емдеуге қолданылатын қышқыл? (НСІ)

9. “Органоген” деп аталатын бес элементті атаңыз? (С, H, N, P, S)

10.Терінің қышыма ауруына қарсы жасалатын майдың құрамының басым бөлігін құрайтын химиялық элемент? (Күкірт)

11. 5 ℅ спирттік ерітіндісі қан тоқтатуға қолданылатын элемент? (Йод)

12.Ауатамыр демікпесімен ауырған адамдарға тыныс алуға пайдаланылатын элемент? (Гелий)

13. «Бақшаңкөз» ауруын тудыратын элемент? (Йод)

14. Нейрохирургияда қан тоқтатын қысқыштар, хирургиялық құралдар, тігу жіптерін әзірлеуде пайдаланылатын элемент? (Цирконий)

15. Қан тамырларының тарылуын төмендетуге, зәр және өт айдағыш зат ретінде қолданылатын тұз? (Магний сульфаты )

16. Адам ағзасында қандай элементтің жетіспеуінен иіс және дәм сезу қызметтері бұзылады? (Мырыш)

17. Белокты денелерде 17 ℅, ал адам организмінде 3 ℅ болатын элемент? (Азот)

18. Рентген сәулелерін жақсы жұтатын қасиетке ие болғандықтан, ақ пигмент ретінде медицинада қолданылатын элемент? (Барий)

19.Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі қай элементтің азаюынан болады? (Күміс)

20.Адам миындағы судың мөлшері? ( 81 пайыз)

ІІІ. Жүйрік болсаң, шауып көр! Әр топ берілген тапсырмаларға қолдарында берілген бағдаршамды көтеру арқылы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

1.Адам ағзасында 4 г темір болады. Оның 65 пайызы қайда болады? (қанның құрамында)

2.Бұл затты қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі? (белсенділінген көмір)

3.Тері ауруларында байланыстырғыш, кептіргіш және инфекциядан қорғайтын зат ретінде пайдаланылатын қосылыс? (мырыш тотығы)

4.Бұл элементке кейбір омыртқасыздар, былқылдақденелілер мен буынаяқтылар бай болады. XIX ғасырдың өзінде ұлулардың қанын зерттегенде, ғалымдар оның осы элементке байланысты екенін дәлелдеді. Ол қай элемент деп ойлайсыздар? (мыс)

5 Органикалық химияда катализатор ретінде, ал медицинада қатерлі ісіктерді емдеуге қолданылатын элемент? (кобальт)

6. Медицинада рентгендік кабинеттерде, электршам даярлауда, реклама түтіктерін жасауда қолданылатын элемент? (криптон)

ІV. «Қара сандық». Берілген тапсырмаға жауап берген топ 5 ұпаймен бағаланады. Ескерту: шапшаң болып, бірінші және дұрыс жауап беру.

Мына қара жәшікте жатқан затты тұнғыш рет 19 жасар Шарль Сорма ашқан. Бірақ,патенттік бағасы жоғары болғандықтан, ол өз ашылуына патент ала алмаған. Ал, 1832 жылы неміс мұғалімі Комерер бұл затты алатын әдіс ашып, патент алған. Бірақ, бұл заттың бір кемшілігі болған. Ол қандай кемшілік? Жауабы: өте улы және қауіпті.

V. Тәні саудың - жаны сау! Екі топқа да суреттер көрсетіледі. Сол суреттерге қарап, тапсырмаларды орындайды. Қай топ жылдамдық танытып, бағдаршамды көтерсе, сол жауап береді.

Суреттер тізімі:

  1. Сәбіз (Марганец, темір, кальций, калий, магний, йод, фосфор)

  2. Апельсин (Темір)

  3. Пияз немесе жуа (Йод)

  4. Жаңғақ (Магний)

  5. Картоп (Мыс, калий)

  6. Асқабақ дәні (Мырыш)

  7. Ет (Селен)

VI. «Тіршілік нәрі – Химия». Екі топқа парақшалар таратылады. Бірінші топ химияның денсаулыққа пайдасын, ал екінші топ зиянын айтуы қажет. Әр топқа 10 ұпай.

Сабақ соңында әр топтың ұпай сандарын есептеп, жеңімпазды анықтаймыз!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!