Материалдар / Химия кабинетіндегі ҚТЕ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химия кабинетіндегі ҚТЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
химия кабинетіндегі ҚТЕ тіркеу журналында, оқушыларды ереже нұсқаулықтарымен таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2018
1240
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















Тақырыбы:

Химия лабораториясының техника қауіпсіздік

ережелері





























Химия лабораториясының техника қауіпсіздік

Ережелері


1. Зертханада жұмыс істеудің жалпы ережелері

  1. Бұл ережелер Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының химия лабораториясына таралады. Қауіпсіздік ережелерінің орындалуын институт әкімшілігі, жұмыс барысын кафедра меңгерушісі, оқытушы, лаборант қадағалауы тиіс.

2. Әр зертханалық жұмыстың алдында оған тиісті теориялық материалды алдын-ала оқып, жұмыстың мазмұнымен терең танысу керек.

3. Тәжірибелерді бастар алдында жұмыстың сипаттамасымен толық танысып, оның орындалу ерекшеліктерін білу қажет.

4. Реактивтер тәжірибеге қажетті көлемде ғана алынады.

5. Жалпыға ортақ аспаптарды жеке жұмыс орындарына алып бармау керек: әр құралды қолданған соң орнына қайтару керек.

6. Артылған реактивтерді қайта ыдысқа құймау керек, оларды зертханашыға өткізу керек.

7. Зиянды заттармен барлық жұмыстар тартпа шкафтарда орындалады. Концентрлі қышқылдар мен сілтілер де тартпа шкафта құйылып алынуы тиіс.

8. Концентрлі қышқылдар мен сілтілерді және хром қоспасын раковинаға құюға болмайды, олар арнайы шыны немесе қыш ыдыстарға құйылады.

9. Ыстық құралдар мен ыдыстар столдың бетіне емес арнайы төсенішке қойылады.

10. Зертханада тәртіп сақтау керек.

11. Химия лабораториясын аудитория ретінде қолдануға болмайды.

12. Студенттерге препараттық бөлмеге және химия лабораториясына лаборантсыз кіруге болмайды.

13. Студенттерге лаборанттың қызметіне кірісуге болмайды.

14. Реактивтердің, ерітінділердің дәмін татуға және ішуге, химия лабораториясында тамақтануға болмайды.

15. Әр лабораторияда өртсөндіргіштер (огнетушители), құмы бар жәшік, асбесті жамылғы, резиналы қолғаптар болуға тиіс.














2. Химия зертханасындағы сақтық шаралары

Химиялық зертханада жұмыс орындау барысында ерекше зейінді, тиянақты, тәртіпті болу керек.

  1. Қауіпті заттармен жұмысты оқытушының рұқсатымен жүргізеді.

  2. Химиялық реакцияға қажет ерітінділерді және заттарды практикумдағы нұсқауда көрсетілген мөлшерде алу керек.

  3. Тартпа шкафта жұмыс істегенде оның терезесін 1/4-1/5 бойына дейін көтеріп, жұмыс біткенде жауып қояды.

  4. Тәжірибені кір ыдыста жасауға болмады.

  5. Зиянды ұшқыш заттар бөлінетін реакцияларды тартпа шкафта жүргізу керек.

  6. Химиялық ыдыстан су ішуге болмайды.

  7. Ыстық сынауықтар үшін арнайы ұстағыш қолдану қажет.

  8. Егер жарылғыш сұйықтықтар немесе заттар жанған болса, жанарға спирт шамы тез өшіріліп, электр қондырғылары суырып тасталуы тиіс, жарылғыш заттар басқа жерге әкетіліп, содан кейін өрт сөндірілу тәсілдері қолданылады: а) жанған сұйықтықты асбест, жай көрпемен жабу немесе құм себу; ә) жанған фосфорды сулы құммен немесе сумен өшіру.

  9. Қопарылғыш заттардың қалдықтарын раковинаға немесе қоқым салатын ыдысқа тастауға болмайды.Оларды арнайы ыдысқа жинап, этикеткасын жазып қояды.

  10. Бөлінген газды сақтықпен, ауаны желпіп иіскеу керек.

  11. Реактивтерді құйғанды шашырандысы бетке, киімге тимес үшін ыдысты алысырақ ұстау керек.

  12. Сынауықты қыздырғанда аузын зерттеуші өзіне немесе қасындағыларға қаратпауы тиіс.

  13. Егер теріге концентрлі қышқыл немесе сілті тамса, тамған жерді судың көп мөлшерімен тез жуу қажет, сонан соң егер қышқыл күйдірсе – соданың 5%-дық ерітіндісімен немесе аммиактың сұйылтылған ерітіндісімен, егер сілті күйдірсе – сірке қышқылының сұйылтылған ерітіндісімен өңдеу керек.

  14. Күйген жерді 2%-дық калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуып немесе сол жерді калий перманганатының құрғақ ұнтығымен ысқылау керек, күйген жері қоңыр тартқанша ысқылап немесе күйікті жазатын сұйықтықты жағып байлау қою керек.









3. Дәрiгерге дейiнгi алғашқы көмек.

Химия зертханасындағы сәтсiздiк жағдайлардың қандай түрi болмасын алғашқы көмектi керек етедi. Ондай жағдайларда өте сабырлық пен ұқыптылық қажет. Ондай кезде химия кабинетiнiң зертханашысы мен оқытушының алғашқы көмек көрсетуi керек. Зертханадағы дәрi қорабында қажеттi затттардың бәрi болуы тиiс. Көмектiң түрлерi: есiнен танғанда студнтті таза ауаға шығарып немесе есiк, терезенi ашып, бөлменi желдету керек. Кеуде түмелерiн ағытып, мойнын босату қажет. Аяғын сәл жоғары көтерiп, бетiне салқын су шашады. Содан кейiн мүсәтiр спиртiн иiскеткен жөн.

Жарақаттанғанда ол жердi 3%-тiк сутегi пероксидiмен жуып, йодтың тұнбасымен залалсыздандырып, таза дәкемен таңып қояды. Мұрыннан қан кеткенде аурудық жаға түймелерiн ағытып, мұрынға суық шүберек басады да, аяғын жылы ұстап, жылытқыш (грелка) қояды.

Термиялық (оттан, будан, ыстық затты ұстап алудан, электр пештерiнен, т.б.) күю кезiнде жарақаттанған жерге 2-3% калий перманганатының ерiтiндiсiне малынған дәкенi басады. Одан соң 2% ас содасының ерiтiндiсiмен залалсыздандырады немесе стрептоцид сеуiп, таңып қояды. Егер күйiктiң дәрежесi үлкендеу болса, ол жердi залалсыздандырылған дәкемен жауып, дәрiгердiң келгенiн күту керек.

Қышқылға (азот, күкiрт, тұз, фосфор қышқылына) күйген жағдайда қышқыл тиген жердi суық судың ағынында жуып, 5% ас содасының ерiтiндiсiмен залалсыздандырады. Содан кейiн магний оксидi мен глицериннен жаңа дайындалған суспензиямен майлайды немесе күкiрт қышқылының магний тұзы ерiтiндiсiмен жуып, залалсыздандырылған дәкемен таңып қояды.

Сiлтiге күйген жағдайда сiлтi тиген жердi суық сумен жуып, 1-2% сiрке суымен немесе лимон қышқылының ерiтiндiсiмен бейтараптайды (нейтралдайды).

Фосфорға күйген жағдайда жанған фосфорды сөндiрiп, күйген жердi 1-2% күкiрт қышқылының мыс тұзы немесе калий перманганатының ерiтiндiсiмен сүртедi. Сөйтiп, 5% ас содасының ерiтiндiсiне батырылған таза дәкемен тңыпқояды.

Фенолға күйген жағдайда жарақаттанған жердi концентрациялы натрий тиосульфатының (гипосульфатының) ерiтiндiсiмен жуады.

Бромға күйген жағдайда күйген жердi концентрациялы натрий тиосульфатының ерiтiндiсiмен жуып тазалайды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!