Химия пәнінен «Қызықты химия» атты
сайыс сабағы
Сайыстың
тақырыбы: «Қызықты химия»
Күні: 27.11.2018ж
Уақыты: 09:15
Қатысатын топтар: 8-11
сыныптар
Сайыстың
мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың химияға қызығушылығын,
ынта-зейінін арттыру , алған білімдерін
тереңдету.
2.Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін
дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды жолдастыққа, алғырлыққа,
белсенділікке және жек
тұлға ретінде
қалыптастыру.
Барысы:
1. Сайысқа
қатысушылармен таныстыру.
2. Сайыстың
бөлімдерімен таныстыру.
3. Сайыстың
уақытылы басталуын қадағалау.
1-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер
әз-жандар,
Білім іздеп инемен құдық
қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз
сіздерді,
Химиялық сайысымыз
басталар
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және
оқушылар, сіздерді «Қызықты
химия» сайысын тамашалауға
шақырамыз
1-жүргізуші: Ал, енді бүгінгі сайысымыздың өтілу
барысымен таныстырайық.
Сайыс 6-кезеңнен
тұрады.
1-кезең.Топпен таныстыру (топтың
сәлемдесуі)
2-кезең. «Таңғажайып әріптер»(берілген
әріптен химиялық терминдер құрастыру)
3-кезең. «Тіл сындырайық» (мақал-мәтелдер
жасырылады, жауабын үш тілде айту керек)
4-кезең. «Химиялық тәжірибелер?»
(оқушылардың жасаған тәжірибесіне талдау
жасау)
5-кезең. «Химиялық бәйге» (пән бойынша
сұрақтарға жауап беру)
6-кезең . «Сен білесің бе?» (жасырылған
сөзді табу керек)
2-жүргізуші:
Ғажайып нәрсе
химия
Тұңғиық сыры
әр алуан
Жоғалып бір
зат зым-зия
Жаңарып бірі
жаралған
Өмірдің бірақ
керегін,
Осылар тауып
берер ме?
Табар ма ешкім
дерегін
Телмірмей, сірә тереңге-дей отырып,
химия сырын түсінуге ұмтылып жүрген жас сайыскерлерімізді ортаға
шақырамыз
1-топ
_________________________
2-топ
_________________________
1-жүргізуші:
Шеберлікті ,
білімді
Сараптап сіздер
көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға
беріңіздер!
Әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат
етіңіздер
2-жүргізуші: «Сәлем сөздің
анасы»
Дейтін қазақ данасы.
Сәлемдесіп, танысып,
Кеш бастайық
жарысып
Енді сайысымыздың 1-кезеңі топтардың
өздерін таныстыруынан бастайық.
Сөз кезегін ___________________ тобына
берейік.
Рахмет, келесі________________
тобы өздерін таныстырып өтсін.
Әділқазы алқасынан осы таныстырудың бағасын
сұрайық.
1-жүргізуші:
«Таңғажайып
әріптер» деп аталады сайыскерлерге берілетін тапсырма:
берілген әріптен химиялық терминдер
құрастыру
Шарты: әрбір терминді айтқан кезде
сол сөздің соңғы әріпіне келетін сөздерді айту. Мысалы:
глюкоза - алкан- неон деген сияқты.
Әділ қазылар алқасы осы кезеңнін бағасын
берсеңіздер.
2-жүргізуші: Сайысымыздың
3-кезеңі
«Тіл-сындырайық» деп аталады бұл кезеңде сайыскерлер
берілген мақал-мәтелдің ішіндегі керекті сөзді дұрыс
тауып, орысша,қазақша айту керек.
1-топқа:
1........ қызған кезде соқ.
(темір-железо)
2.Тағасының ...... мақтанба, атыңның
жүрісіне мақтан. (күміс-серебро)
3.Сыйлап берген ....... тәтті
(су-вода)
4. Аз сөз –..........
(алтын-золото)
Көп
сөз-......... (күміс-серебро)
5.Батыр майданда шынығады.............
қайнауда шынығады . (болат-сталь)
1-жүргізуші:
2-топқа:
1.Жылтырағанның бәрі..............
емес. (алтын-золото)
2.Пәлен жерде алтын бар, барсаң
............. жоқ. (мыс -медь)
3. Елдің көркін қыз келтірер, астың дәмін
....... келтірер. ( тұз – соль)
4. Ескі мата бөз болмас, ескі ........ біз
болмас. (темір – железо)
5. Қойдың сүті – ................(қорғасын –
свинец)
Әділқазы алқасы осы сайысымыздың бағасын
берсеңіздер
2-жүргізуші:
Ал келіңдер,
келіңдер,
Біріңе-бірің
еріңдер.
Біліміңді
тексеріп,
Саудаласып
көріңдер.
Келесі кезең «Химиялық тәжірибелер» деп
аталады мұнда оқушылар тәжірибе жасайды,оған әр топ талдау
жасайды.
Бірінші топқа арналған тәжірибе ойлануға
1минут уақыт беріледі.
орындайтын
оқушы_______________
Екінші топқа берілген тәжірибе ойлануға 1
минут.
орындайтын
оқушы ________________
1-жүргізуші:
Ал,қазір сендерге
қоятын,
Бар менің бірнеше
сұрағым.
Жауаптарыңды
әдемі,
Зейін қойып
тыңдайын.
Келесі
кезең
«Химиялық
бәйге»
( бұл кезеңде топ басшысы 1 минуттың ішінде
қойылған сұраққа жылдам әрі нақты жауап берулері керек
)
1-топ
______________тобына
1. Әк суының химиялық
атауы (кальций
гидроксиді)
2.Дәнекерлеуде қолданылатын және карбидтен
алынатын газ
(ацетилен)
3. Құмның химиялық атауы немесе формуласы
.( кремний оксиді SiO2 )
4.Ас қорытуға қажетті асқазанда кездесетін
қышқыл (тұз қышқылы)
5. Атомның негізгі бөлшектері (электрон,
нейтрон, протон)
6. Күрделі зат қанша элементтен құралған
болуы керек (екі немесе одан да көп)
7. Ең жеңіл газ (сутегі
)
8. Алма кесегінің қараюы қандай металдың
тотыққандығын көрсетеді (темір )
9. Жейдені ағарту үшін сұйықтық құрамында
болатын бейметалл (хлор)
10. Напалеонның өліміне себепкер болған
қандай элемент (мыщьяк)
11. Өсімдіктерге қолданылатын тыңайтқыштың
жалпы атауы (селитра)
12. Металдар арасында таралуы бойынша 1
орда тұрған металл (алюминий)
13. Медицинада, сүйек сынғанда таңуға
пайдаланатын химиялық қоспа (гипс)
14. Тұрмыста қолданылатын газ
(пропан)
2-жүргізуші:
2-топ________________тобының топ
басшысына қойылатын сұрақтар
-
Адам ағзасында қай элементтің жетіспеуі тіс
кариесін тудырады (фтор)
-
Өмір мен ойдың элементі
(Фосфор)
-
Көлемнің өлшем бірлігі
(литр)
-
Ауаның 78 пайызын құрайтын газ
(азот)
-
Д. И. Менделеевтің туған жері? (Тобольск,
Ресей империясы)
-
Өнеркәсіптің негізгі металлы
(темір)
-
Азотты ашқан ағылшын ғалымы
(Резерфорд)
-
Қай элементтің таңбасы айдаһар белгісіне
ұқсайды? (S күкірт)
-
Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік
металл (калий немесе натрий)
-
Калий перманганатыныың тұрмыстық атауы
(марганцовка)
-
Домбыраның ішегін аңыз бойынша үзген металл
(қорғасын – Pb)
-
Көкөніс пісуін тездететін
органикалық зат (этилен )
-
Теріс және оң зарядталған атомдар
(иондар)
-
Аммиактың судағы ерітіндісі? (мүсәтір
спирті)
Әділқазы
алқасы осы сайыстың бағасын берсеңіздер.
2-жүргізуші:
Қызық думан ,өміріміз
ғаламат!
Қас-қаққанша жаңа қала, жаңа
бақ.
Қыруар істің қайсысында болса
да,
Құдіретті химия жүр
аралап.
Сайысымыздың келесі кезеңі
« Сен
білесің бе?» (бұл кезеңде көрсетілген суреттерден
жасырылған сөзді табу керек)
1-жүргізуші :
Күшейтеміз химияның
сапасын!
Берер бізге болашақ ақ
батасын.
Ғылымдардың негізгі бір
саласы-
Химиямыз мәңгі бақи жасасын !- дей
отырып, сайысымызды қорытындылауға сөз кезегін әділқазы алқасына
береміз.
Әділ қазылар шешімімен жеңімпаздар
марапатталады.
2-жүргізуші :
2050-дың
барысымыз,
Болашаққа бастайды әр
ісіміз.
Егемен елімізді
көркейтетін,
Білім шыңына шығу парызымыз,- дей
отырып,бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Қош, сау
болыңыздар!