400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХИМИЯ ПӘНІН БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кожамбекова Акмарал Сапаралиевна

Шымкент қаласы

№37 Фуркат атындағы жалпы орта мектептің

химия пәні мұғалімі



ХИМИЯ ПӘНІН БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР





“Сын тұрғысынан ойлау” модулі ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысынан ойлау –бақылаудың,тәжірибенің ойлау мен талқылаудың ғнәтижесінде алынған

ақпаратты ойлауға,талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сын тұрғысынан ойлайтын қушылар беленді болады ,саналы түрде стратегиялар қолданады ,жаңа идея ұсынады. Құрдастармен диалог жүргізу барысында сыни тұрғыдан ойлап,зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі

Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол, баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі.

Жұпта, топта бір-бірінің пікірін тыңдап ,ой бөлісуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол

пікірлерді салыстыру.

Осы жобаның әдістерін қолдана өткен алғашқы сабақтарымда байқағаным оқушылар өз ойларын ашық айтып,жұпта, топта жұмыс жасағанда өте белсенділік танытты. 8-сыныпта Оттектің химиялық қасиеттері тақырыбында өткізген сабақта оқушыларды топқа бөлу арқылы жүргіздім. Оқушылардың қарым қатынас жасауын ұйымдастыру.

Қызығушылығын ояту сатысында Ой қозғау стратегиясын қолдандым.Оқушылар өз бетінше ойлануға, ақпараттарды еске түсіруге ,өз ойларын жазуға ,еркін өз ойларын айтуға дағдыланды , пәнге деген қызығушылығы артты.

Оқушылардың тақырып бойынша білетін ақпараттарын бір- бірімен бөлісуіне,

тыңдауына, белсенді сөйлеуіне орта құру. Сабақты оттек туралы не білеміз деген сұраққа 2-минут өз ойларын жазды.













Shape1















Shape2



Оқушылар жазған ойларын жариялайды. Бұл кезде оқушылар еркін сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға дағдыланады. Оқушылар түгел қамтылады.Жаңа тақырыпты өту барысында ЖИГСО 2 стратегиясын қолданып топқа бөлдім, әр топқа үлгерім деңгейі әр түрлі оқушылар бірлеседі , берілген мәтін бойынша өз бетінше оқып , жұпта, топта талдап, постер жазып жариялауға,еркін сөйлеуге үйренді






Shape3














Берілген мәтінмен жұмыс жасағанда оқушылардың өз бетінше ой қорытып жазып, жұпта және топта жұмыс жасап оны жариялауы,қосымша топ мүшелері толықтыруы кезінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы , бір-бірімен қарым-қатынасы артқаны байқалды.Оқулықпен жұмыс жасағанда топтастыру стратегиясын қолдандым. Әр топ берілген жаттығуды бірігіп орындайды,содан соң спикер жариялайды.Бұл жердегі жетістік уақыт үнемделеді. Бір уақытта 4-түрлі жаттығуды орындап үлгереді .Оқушылар өздері тапсырманы жариялайды, басқа топ мүшелері тыңдап, қорытынды жасайды.Бұдан шығатын нәтиже топта оқушылар бірігіп өз ойларын ортаға салады,өздері қоытынды шығарады. Оқушылардың өз бетінше ізденуіне әсер етеді. Бұдан шығатын нәтиже мұғалім тек бағыт-бағдар береді.Сабақты қорытындылау мақсатында ыстық орындық стратегиясын қолдандым бір оқушыға сынып оқушылары жаңа өтілген сабақтың тақырыбына байланысты сұрақтар береді.Сұрақ қойған оқушының білім деңгейін артқанын байқауға болады .


Сабақ соңында кері байланыс орнату мақсатында бүгінгі сабақта не білдім деген сұрақ бойынша эссе жазды.

Shape4

Shape5



Бұл жерде оқушылардың белсенділігі, шығармашылығы артқанын байқауға болады. Әр оқушы бүгінгі сабақта не білдім деген сұрақ бойынша эссе жазды Эсселер жазу арқылы баланың пәнге деген қызығушылығын арттыруға да болады.

Оқушылар жазған эсселерін оқыды. Сонда менің байқағаным Алмас деген оқушы ( сабаққа қабілеті төмен) өзі жазған эссесін оқыды.Өте нақты ойын жазған. Бұдан қорытынды жасағаным әлсін –әлі қайталау жұпта, топта жұмыс жасағанның әсері. . Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз. Әр сабақта қатысушы өз бетінше ойланады, жазады.

Бұл модульдың негізгі ұстанымдары: әлсін –әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы: Нақты мақсат қоюға дағдыланады Өзіне деген сенімі артады Оқу процесіне белсенді қатысады Жолдастарының пікірін сыйлайды. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі. Пәнге деген қызығушылығы артады.

Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған. Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс

жасауына жол ашады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі