Материалдар / Химия сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химия сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа технология бойынша сын тұрғысынан ойлау методикасын талдау
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Химия сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

Изатуллаева Д.К

Шымкент қаласы

«Turan» мектебі

E-mail: kz087dar17@mail.ru

Жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр.

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.

Жаңа техналогияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігі: оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту, танымдық қабілеттілігін қалыптастыру, оқушыны шығармашылыққа баулу және қосымша мәліметтер береді.Қазіргі кезде білім беру үдерісінде көптеген жаңа технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлау- жан-жақты пікірлесу, сұрақтарға жауап іздеп, талдау жасап отыру. Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру. Бұның тиімділігі баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлау қалыптасқанда оқушы: нақты мақсат қоюға дағдыланады, өзіне деген сенімі артады, оқу процесіне белсене қатысады.Сыныптастарының пікірін сыйлайды, пікірлермен санасады, проблемалық сұрақтар қоя алады. Сараптауға, жолдастарын бағалауға дағдыланады. Пәнге деген қызығушылықтары артады. Оқушы өз шығармашылығын таныта алады. Бұл технологияда алдыңғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Оқушының ойлануына, ойын еркін жеткізуіне уақыт берілуі керек.

Сын тұрғысынан ойлау мынадай сатылардан тұрады:

  1. Қызығушылықты ояту

  2. Мағынаны ажырату

  3. Ой толғаныс

«Қызығушылықты ояту» кезеңінде тақырып туралы ой қозғау арқылы алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру, оқушы белсенділігін арттыру және ой қозғауға қатысты ақпаратты жазу, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. «Мағынаны ажырату» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы тапсырмалар беруге болады. Тапсырмалар үш деңгейде әзірленеді. Оқушылар өз деңгейіндегі тапсырмаларды орындайды. Тақырыпқа байланысты постер қорғайды. Таңдап алған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі.Бұл технологияның келесі бір кезеңі- ой толғаныс. Осы кезеңде пікір сайыс немесе «5минуттық эссе» жаздыруға болады. Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылар 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның озі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз. «Есте сақта» әдісі арқылы үш тілділікке байланысты терминдермен дәптермен жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?» және «Оқушы не алады?» деген сұрақтарды естен шығармау керек.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы- әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады, жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады, қызығушылығын оятады, сұрақ қойып, оз ойын еркін айтуға, мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады.

Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалану заман талабы.

Осыған орай 8 сыныпта химия пәнінен «Қышқылдар» тақырыбында өткен сабағым. Сабақ барысында сынып оқушыларын 3 топқа бөліп тапсырмалар бердім.


І. «Қызығушылықты ояту» сатысы

1-тапсырма.

1. Оксидтер дегеніміз не?

2.Төмендегі оксидтерді жіктеңдер

Na2O, CaO, AL2O3, P2O5, CO2, ZnO

2-тапсырма.

Сәйкестендіру кестесі

1. Оксидтерді сәйкестендір.

Cl2О7 фосфор (Ү) оксиді

3 көміртегі (ІҮ) оксиді

Р2О5 хлор (ҮІІ) оксиді

СО2 күкірт (ҮІ) оксиді

Дескриптор:

Оксидтерге анықтама береді

Оксидтерді жіктейді

Оксидтердің атауын біледі

ҚБ.«Комплимент» әдісі арқылы мадақтау сөздерін айтамын: «жарайсың» «керемет» «өте жақсы»


ІІ. «Мағынаны ажырату» сатысы арқылы оқушыларға видео көрсетемін және де міндетті түрде металдардың қышқылдармен реакциясын тәжірибе арқылы көрсетсек оқушы қызығушылығы артады.

1-тапсырма

1.Мына берілген қышқылдарды кестеге орналастырыңыз:

І-топ. НСІ, Н2S, H3PO4, HNO3, H2SO4, H3BO3

ІІ-топ. НВr, H2SO4, Н3BO3, HNO3, H3PO4, H2S

ІІІ-топ. Н2CO3, НF, Н2SiO3, Н3BO3, HNO3, H3PO4,

Бірнегізді

Екінегізді

Үшнегізді

Оттекті

Оттексіз







Дескриптор.

Қышқылдардың формуласын табады.

Қышқыл қалдығын біледі

Қышқылдарды жіктейді


ҚБ.Керемет, тамаша, өте дұрыс жауап,тағы сәл ғана талпынсаңыз бұдан да тамаша болар еді.


2-тапсырма

«Шпаргалка» әдісі арқылы қышқылдардың химиялық қасиетін көрсететін рекция теңдеуін жазуды ұсынамын.(Топтық жұмыс)

1...….+….→СaCO3+H2

BaCI2+…..→BaSO4+……

2...+.....→MgSO4+H2O

CaO+…….→Ca3(PO4)2…….

3.Na2O+….→NaCI+…….

……+HCI→…..+H2SiO3

«Үштік»әдісі арқылы үшінші артықты табыңыз

1) НСІ 1) НСІ 1) Н23

2) Н24 2) Н23 2) Н2СО3

3) НNО3 3) Н2S 3) Н3РО4

Дескриптор:

Реакция теңдеуін жазады

Реакцияны дұрыс теңестіреді

Қышқылдарды негізділігіне қарай ажыратады

Қ.Б. топтар бір-бірін бағалайды

Немесе мынадай деңгейлік тапсырмалар арқылы да беруге болады.





Деңгейлік тапсырмалар


  • А- деңгей

Формулалар ішінен қышқылдарды теріп жаз.

HCL, NaCL, HNO3, SO2, K2O, H2SO4

Ca3(PO4)2 , AL2O3, Cu(OH)2, H3PO4, HF, H2S

  • В-деңгей

Тұз қышқылының металмен, негізбен әрекеттесу реакция теңдеулерін жаз.

  • С-деңгей

6,7 г алюминий күкірт қышқылымен әрекеттескенде неше литр (қ.ж) сутек газы бөлінетінін есепте.

Дескриптор:

Қышқылдарды теріп жазады.

Металл мен қышқыл арасындағы реакция теңдеуін жазып, теңестіреді.

Есептің шартын құрады, масса арқылы көлемді табады.

Қ.Б. «өте жақсы, жақсы, талпын» смайликтер арқылы бағалаймын


ІІІ. «Ой толғаныс» сатысы

«Жалғасын тап» әдісі арқылы жаңа сабақты бекіту.

Қышқылдар дегеніміз...............

Құрамындағы сутек атомына қарай .............................жіктеледі

Құрамындағы оттек атомына байланысты.........................жіктеледі

Сабақтың соңында оқушылардың айтқан ой толғауын толықтырып, білімдерін бағалаймын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!