Химиялық реакциялардың теңдеулері .Зат массасының сақталу заңы Ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Химиялық реакциялардың теңдеулері .Зат массасының сақталу заңы Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
8 класс Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы

8

11 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы


Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина. 8 сынып оқулығы

Жалпы мақсаты

Зат массасының сақталу заңы туралы, реагенттер мен өнңмдер туралы түсінік алады. Химиялық реакция теңдеулерін құру жолдарымен танысады.

Күтілетін нәтиже

Реагент және өнім туралы және зат массасының сақталу зыңының анықтамасын біледі

Химиялық реакция теңдеулерін құру шарттарын, зат массасының сақталу заңының маңызын түсінеді. Химиялық реакция теңдеулерін жазады.

Негізгі идеялар

Химиялық реакция теңдеуі-бастапқа заттардың соңғы заттарға айналуын сипаттайды. Заттар массасының сақталу заңы-реакцияға дейінгі заттардың массасының реакциядан кейін де өзгермей сақталатынын көрсетеді.

Құрал-жабдықтар:

Интерактивті тақта, маркерлер, плакаттар

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Жұптық жұмыс. жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар




Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалімнің іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушылармен амандасып,сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлу.

ә)Сынып құрамын түгелдеп, тақтаға күн ретін жазады.


ІІ. Кіріспе бөлім

Жұптық жұмыс

Оқушылар жұптық жұмыс жасай отырып берілген сұрақтарға жауап береді

1.Автомобил двигателі жұмысы физмкалық және химиялық құбылыстармен байланысты екенін қандай деректермен дәлелдеуге болады?

Жауаптарыңды түсіндіріңдер

2.Май шам жанғанда қандай құбылыс байқалады? Мұнда жаңа заттар түзілеме, түзілсе қандай заттар түзіледі және олардың түзілгенін қалай дәлелдеуге болады?

3.Мыналарда: а)суды айдағанда; б)ағашты құрғақ айдағанда химиялық өзгерістер байқала ма?

ІІІ.Негізгі бөлім

Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады,

Жаңа ұғымдар жазылады.

1.Химиялық теңдеу деген не?

2.Химиялық теңдеу құрудың басты шарты қандай?

3.Химиялық теңдеу мен алгебралық теңдеудің қандай ұқсастықтары және қандай айырмашылығы бар?

4. Зат массасының сақталу заңын қалай түсінесіңдер?

5.Неге реагенттер мен өнімдердің массалары бірдей болады әрі өзгермейді? Атом-молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіріңдер.

6.М.В. Ломоносов тәжірибесінің мәнін қалай түсінесіңдер?


ІV .Қорытынды бөлім

1.Мына реакция теңдеулерін теңестір

ZnO + C = Zn + CO; TiCI4 + 2Mg = Ti + 2 MgCI2

MoO3 + 3H2= Mo + 3H2O; Cr2O3 + 2 AI = 2Cr + AI2O3

2.Ағаш жанған соң аздаған күл қалады. Неге ағаштың массасы күлдің массасына тең емес? Қалған өнімдер қайда кетті? 3.Сынап оксиді ыдырағанда 4г оттек пен 50,2 г сынап шықты. Реакцияға кіріскен күрделі заттың массасы қанша?



Үйге тапсырма беру: Химиялық реакция теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы




Оқушылардың іс-әрекеті

а)Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

ә)Тақтадан күн ретін көшіріп алады.



Оқушылар өз жұбымен жұмыс жасап сұрақтарды талқылайды. Жауаптың дұрыс және бұрыстығына көз жеткізіп, смайликті жапсыру арқылы бағалайды










Оқушылар тақырып пен жаңа ұғымдарды жазып алады. Жетекші сұрақтарға жауап бере отырып жеке жұмыс жасап, топ ішінде талқылайды.

Әр топ өзара бағалайды

Критерий жасақтау







Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Өз жұмысын топта талқыға салып, дұрыс немесе бұрыс екеніне көз жеткізіп, бағалайды.







Сабақ рефлексиясын жазып, стиктер арқылы тақтаға іледі







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
945
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі