Материалдар / Хром және темір оның қосылыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Хром және темір оның қосылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Хром және темір оның қосылыстары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2019
2861
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Күні: 
Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы: Хром және темір оның қосылыстары

Сабақтың мақсаты: Хром және темір қосылыстарын, химиялық қасиеттерін меңгерту

Күтілетін нәтиже: Оқушылар хром және темір элементтеріне сипаттама бере біледі; олардың қосылыстарының химиялық қасиеттеріне реакция теңдеулерін жаза біледі; реакция теңдеулерін теңестіру арқылы есептер шығара алады.

Көрнекілігі: плакаттар, сызбалар, картотекалар, слайд, периодтық кесте

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жеке жұмыс

І. Сабақтың барысы: амандасу, түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (сұрақ- жауап)

  1. Мыс және мырыш металдарының периодтық жүйедегі орнын сипаттаңыз?

2. Мыс қандай металл?

3. Мырыш қандай металл?

4. Мыс пен мырыштың балқу температуралары?

5. Мыстың қандай қосылыстарын білесіз?

6. Мырыштың қандай қосылыстарын білесіз?

ІІІ. Жаңа сабақ (Қазақстанның 7 кереметі)

(Сабақтың тақырыбы суреттер арқылы ашылады)


Есептер: Формуланы табу

Хром тобына Темір тобына

W (К) –26,5% W(Ғе) –51,9%

W(Cr) – 35,4% W(О) –45,3%

W(О) – 38,1% W (Н) – 2,8%

КхСrуОz -- ? ҒехОуН-- ?

Хром ” тобы “Темір ” тобы

Жауабы: Жауабы:

KCrOFe (OH)3


Мұғалім дәлізден жыртылған қағаз тауып алды. Қағазда төмендегідей реакция теңдеулері бар еді. Осыны аяқтаңыздар:

Темір” тобына

Fe+ H2O = FeO.+ H2

FeO+ H2SO4 = FeSO4+ H2O

Fe2O3+ 2NaOH= 2Na FeO2H2O


Хром ” тобына

2Cr+ N2 = 2CrN

2Cr+ 3H2SO4 = Cr(SO4)3+ 3H2

CrCl2+ 2NaOH= Cr (OH)22NaCl

IV.Бекіту сұрақтары

  1. d – элементтер қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

а) оң в) теріс с) екі жақты

2. CrO қосылысында хром қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?

а) +3 в) +2 с) +1

3. Хромның балқу температурасы

а) 10830С в) 18550С с) 15390С

4. Қай реакция жүрмейді?

а) Zn+НСІ→ в) Сu+НСІ→ с) Ғе+НСІ→

5. Сутектермия әдісімен алынатын металл?

а) сутек в) хром с) темір

6. Темір (ІІ) гидроксиді әрекеттесуі мүмкін зат

а) О2 в) НСІ с) NаОН

7. Қазақстандағы темір кен орны:

а) Рудныйда в) Хромтауда с) Маңғыстауда

8. Ең қатты металл

а) алюминий в) мыс с) хром

9. Тұз қышқылымен әрекеттеседі:

а) күміс в) сынап с) хром

10. d - элементтерді табыңыз:

а) Na,Zn,K,Са в) Cu,Mg,AI,К с) Zn,Cu,Fe,Cr

1 а 6 в

2 в 7 а

3 в 8 с

4 в 9 с

5 с 10 с

V.Бағалау

VI. Үй тапсырмасы: “Хром, темір қосылыстары”

184 бет №4 есеп

190 бет №7 есеп

Сабақ жоспары

Пәні: Химия Сыныбы: 10«А»

Мерзімі: 28.02.15ж. Сабақ реті:

Тақырыбы: Хром және оның маңызды қосылыстары,алынуы қасиеттері

Мақсаты:

Білімділік: Хромның периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта таралуы және қасиеттерімен таныстыру. Маңызды қосылыстары және олардың қолданылуы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: d-элементтер туралы алған білімдерін дамытып, кеңейту; өткен материалды қорытындылауға және жүйелеуге үйрету;мыс және мырыш, хром туралы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету; Есеп шығара білу білігін қалыптастыру;

Тәрбиелік: оқушының танымдық қызығушылығын, қалыптастыру; өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу; экологиялық, экономикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Электронды оқулық. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары,Хром, хром құймалары. Карточкалар т.б.

Пәнаралық байланыс: Физика, биология, тарих, математика.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.

Әдіс-тәсілі: Түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау, есептер шығару т.б.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгелдеп , назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасы бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Мырыштың физикалық қасиетін сипаттаңдар.

  • Мырыштың химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып, түсіндіріңдер.

  • Мырыштың маңызды қосылыстары туралы айтыңдар.

Үйге берілген есепті тексеру.

Рефератты талқылау.

6,7 есептерді шығару.

6 есеп.

Бер: m( құйма)= 30г Шешуі:

V(Н2) = 4,4л(қ.ж) Х 4,4л

Zn + H2SO4 = ZnSO4 + H2

Т/к: w(Zn) 65г 22,4л

Х= 12,8г

W(Zn) = 12.8 : 30 = 0,43=43%. Ж: 43%

ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау. (кесте толтыру)


ІҮ. Жаңа сабақ.

Хром-ҮІ Б топтың элементі. Оның электрондық формуласы:

Сr +24 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d5 4s1

Графиктік формуласы:

Тотығу дәрежесі: +1-ден +6 –ға дейін.

Табиғатта таралуы. Жер қыртысындағы жалпы мөлшері -0,03%. Хром әртүрлі минералдардың құрамына кіреді.

Алынуы: Хромды теміртасты көмірмен қатты қыздырып алады.

FeO*Cr2O3 + 4C = 2Cr + Fe + 4 CO

Хромның темірмен құймасы – феррохром

Таза хромды алу

Cr2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Cr

Химиялық қасиеттері:

Хромның беті мөлдір оксид қабыршақпен қапталған.Сондықтан химиялық тұрақты.

4Cr + 3O2 = 2Cr2O3 жанады

2Cr + 3Cl2 = 2CrCl3 шабытты әрекеттеседі

2Cr + 3H2O = Cr2O3 + 3H2 су буымен әрекеттеседі

2Cr + N2 = 2CrN азотпен әрекеттеседі

2Cr + 3H2SO4 = Cr2(SO4)3 + 3H2

Хром қосылыстары:

Хром қосылыстарын анықтау:

Барлық хром тұздарының ерітінділерінің түсі бар: Cr+2-көгілдір түсті, Cr+3-жасыл күлгін, CrO42—сары , Cr2O72—қызыл сары.

Қолданылуы:

  • легирлеуші элемент;

  • болаттарға қосады;

  • қаптамалар жасау үшін;

  • бояулар дайындауда;

  • тері илеуде.

Ү. Бекіту.Хром – ең қатты металл, ауада қорғаныш қабықшамен қапталған. Жемірілуге тұрақты. Қыздырғанда химиялық реакцияға түседі.

ҮІ. Үйге тапсырма. § 7.4. №4,5 жаттығулар.

Сабақ жоспары:

Тақырыбы: Хром және оның қосылыстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды хром және оның қосылыстарымен,химиялық қасиеттерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылар өз бетінше жауап беру біліктілігін қалыптастыру,негізгі ойды бөліп қорытындылап,салыстыра білуге үйрету.

Тәрбиелік:Уақытты бағалауға,өз бетінше жұмыс істеп,қорытындылай білуге үйрету

Сабақтың көрнекілігі: Периодтық кесте,слайдтар,сызбанұсқа,лабораториялық ыдыстар,оқулық,дәптер

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, ізденіс, өздік жұмыс, тестпен жұмыс .

Пәнаралық байланыс: медицина, биология, тарих, география, математика, физика.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың хорм және оның қосылыстарының маңызын, химиялық және физикалық қасиеттерін меңгеріп, реакция теңдеулерін жазып және реакция типтерін ажырата білуі.

Сабақтың барысы:

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!