Материалдар / ХVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ХVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып Қазақстан тарихы пәні. Сабақта Қазақстанның сол кездегі ішкі-сыртқы жағдайларын талдап, қорытынды жасауға дағдыланып Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей құрамына қосылудағы негізгі себептерді ұғынады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2018
1093
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан тарихы


Сабақ №54 Күні: 08.04.2017ж.

Ж.м.б. Сынып - 10

Сабақтың тақырыбы:

ХVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

Сабақтың мақсаты:

  • Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей құрамына қосылудағы негізгі себептерді ұғынуға жағдай жасау.

Сабақтың міндеттері:

  • ХVIII ғасырдың басындағы қазақ-жоңғар қатынасын, "Ақтабан шұбырынды" оқиғасын зерттеу;

  • Қазақстаның Ресейге қосылуының негізгі себептерін айқындау;

  • Төле би мен Абылайдың елді отырықшылыққа үндеудің себептерін анықтау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Деңгейлік тапсырмалар, жетелеуші тапсырмалар арқылы өздік жұмыстар, әңгімелеу

Күтілетін нәтиже:

Қазақстанның сол кездегі ішкі-сыртқы жағдайларын талдап, қорытынды жасауға дағдыланып, сұрақтарға нақты жауап береді, ынтымақтастықта жұмыс істейді, оқиды, түсінеді, ізденеді, талдайды, орындайды, бағалайды.

Ұйымдастыру кезеңі:



І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды "Өлең жолдары" тәсілімен топқа бөлу. Әр оқушыға "Атамекен" әнінің өлең жолы (тармағы) жазылған парақшалар беріледі, оқушылар сыныпты аралап, тармақтардан шұмақ құрап, сол құрамда топқа бөлінеді

  • ІІ. Ой сергек. "Комплименттер бұрқасыны" тәсілімен жүргізіледі. Оқушылар берілген /1-1,5минут/ уақыт ішінде бір парақ қағазға өздерінің естігісі келетін комплиментті жазады. /Толық сөйлемдер түрінде болу керек./ Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды умаждап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыру керек. Оқушылар "қар домалағын" ашып, оларды оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Тапсырма және тәсілдер

1.Қызығушылығын ояту:

  • Жаңа сабаққа қатысы бар өткен тақырыптар бойынша тапсырмалар береді













































  • Жаңа сабаққа "көпір салу"



Үй тапсырмасын тексеру.

Ой шақыру

  • "Отарлау" деген терминді қалай түсінесіңдер?

  • Ресейдің жүргізген отарлау саясатына Мәскеу тарихшылар кеңесі қандай тұжырымдама жасады?

  • Батыстық жаулап алушылықтан өзге Кеңес идеологтары орыс отаршылдығын қандай мазмұнда сипаттады?

  • Қазақстанның Ресей құрамына күруі "жағымды құбылыс" деп қарастырылуы /сызбаны толтыр/

Қазақстанның Ресей құрамына күруі "жағымды құбылыс" деп қарастырылуы


Shape2

Патшалы Ресей тарихнамасында:

Shape3

Shape4


Кеңес дәуіріндегі тарихнамада:

Shape6 Shape5


Shape7


Топтық тапсырмалар:

1-топ:

р/с

Қаралған мәселелер

Мазмұны /жауабы/

1

Ресей империясы Қазақстанды отарлау барысындағы экономикалық мақсаты. Бұл мәселені қалай шешті?


2

Қазақстандағы басқару жүйесінің отаршылдық аппараты қалай құрылды? (Қабылданған реформалар)


3

Қазақ жерінде жүргізілген реформалардың іске асырылыу әдістері


2-топ:

р/с

Қаралған мәселелер

Мазмұны /жауабы/

1

Қазақ қоғамының әлеуметтік, мәдени рухани өмірінде отаршыл саясат үстемдігі қалай жүзеге асты?


2

Қазақстандағы басқару жүйесінің отаршылдық аппараты қалай құрылды? (Қабылданған реформалар)


3

Патша үкіметінің қазақ халқына қатысты кемсітушіліктерге жол бергендігін қандай деректер дәлелдейді?



3-топ: Ертіс бойындағы орыс бекіністерін (жылдарымен) көрсетіңдер. Ертіс бойындағы бекіністердің қазақ жерін отарлауда қандай маңызы болды?

Бекіністер

Салынған жылдары

Жәміш (Ямышевск)

1716ж

Омбы

1716ж

Железинск

1717ж

Коряков (Кереку)

1720ж

Семей

1718ж

Өскемен

1720ж


Ал тарихи шындық Ресей үкіметінің XVIII—XX ғасырлардағы Қазақстанда классикалық үлгідегі отарлау саясатын жүргізгендігін көрсетеді.


Қазақстанның Ресейге қосылуы ұзаққа созылды. Орыс мемлекеті өзінің мемлекеттік шекарасын шығысқа қарай кеңейтуге бұрыннан-ақ мүдделі болатын. Қазақ-Ресей байланысы сонау ХVI ғасырдан бастау алады. Ол кезеңде олар, негізінен, дипломатиялық және сауда-саттық қатынастармен шектелді. Мәселен, Орта жүз қазақтарының көпес Строгановтармен сауда байланыстарының болғаны мәлім. /Оқушылар мысалдар келтіреді/

Қазақ хандығының Ресеймен белсенді араласқан байланысы ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі кезеңге сәйкес келеді. Ондай байланысқа екі жақ та мүдделі болды. Қазақтардың билеушілері өздерінің солтүстіктегі көршісімен сауда-саттық байланысын орнатуға көбірек мүдделілік танытты. Олар өз тарапынан Ресеймен әскери одақ құруға бірнеше рет әрекет жасады. Өйткені шығысындағы Жоңғариямен әскери-саяси тұрғыда қарама-қарсылық туындай бастады.


Сабақтың тақырыбымен таныстыру «ХVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы»

2. Мағынаны тану:

  • Оқулықпен жұмыс жасайтын топтық тапсырмалар береді.

Сабақтың жоспары:

1. "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" (1723-1727жж.)

2.Састөбе құрылтайы

3.Төле би мен Абылай


Кіріспе сұрақ: - "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" оқиғасы туралы не білесіңдер?

1. "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" (1723-1727 жж.)

1715 жылы Тәуке хан қайтыс болды, оның орнын басқан Қайып сұлтан (1715-1718жж.) хандықты әлсіретіп жіберді. Оның тұсында қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылық үстемдік алды.

  • Кіші жүз бен Орта жүз Әбілқайыр сұлтанды ақ киізге отырғызып, хан көтерді (1718-1748жж.)

  • Ташкентте Ұлы жүздің өкілдері Жолбарыс сұлтанды хан сайлады.

  • Орта жүзді Тәукенің үлкен ұлы Болат (1715-1724жж.) басқарды. Шамамен 1724-1738 жылдары Орта жүзде билік Болаттың інісі Сәмеке мен Тұрсын ханның баласы Күшікке көшті.

Орталық хандық биліктің әлсіреуі қазақ жерінің түрлі аймақтарында аса ықпалды сұлтандар билігін тұғызды.

ХVIII ғасырдың бас кезінде қазақ мемлекетінің іштен ыдырауы күшейе түскен жағдайда, ол сыртқы алпауыт мемлекеттердің тарапынан ерекше қызығушылық тудырған нысанға айналды.

Электрондық оқулық; Таныстырылым

1Shape8

Темір өндіру технологиясы дамып, қару-жарақ жасайды (зеңбірек, т.б.)

-тапсырма (Бағыт сызықтары арқылы ретке келтіреді)

Shape9

Күшті жасақ (әскер) құра алды



ХҮІІІ ғасырдағы Жоңғар хандығының саяси-экономикалық жағдайы



Shape10

Егіншілік жақсы дамыды


Shape11

1722-1723 жылдары жұт болды





Shape12

Сауда нашар дамыды


Shape13

Қолөнер, ұсталық жақсы дамыды


ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының саяси-экономикалық жағдайы


Shape14

Тибет, Шығыс Түркістан, қырғыздардың біраз бөлігін басып алды



Shape15

Сауда жақсы дамыды





Сұрақтар:

  • "Қалмаққырылған" шайқасы қай жылы, қай өзен бойында болды, немен аяқталды?

  • Жеңіспен жеткен "Аңырақай" шайқасы қай жылы болды? Бұл жеңістің ішкі саяси жағдайда қандай маңызын атай аласыңдар?

2-тапсырма "Састөбе құрылтайы" тірек сызба құру. Састөбе құрылтайында қандай мәселелер қаралды, не шешілді?

Састөбе құрылтайы 1730 жылы, көктем


Shape17 Shape16

Ұлы хан билігін қалпына келтіру

Үш жүздің "енші жерін" анықтау


Shape19 Shape18

Нәтижесі


Шеше алмады (бытыраңқылық)

Шешілді. Үш жүзлің "енші жері" анықталды

Shape21 Shape20




3-топ тапсырма "ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстаннның саяси жағдайындағы басты міндет" тірек сызба

ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси жағдайындағы басты міндет



Shape25 Shape24 Shape23 Shape22

Жалпыұлттық мемлекетті қалпына келтіру және орнықтыру

Халықтың белгілі бір бөлігін отырықшы тұрмысқа көшіру

Жалпыұлттық мүддеге бет бұру






Қазақ елінің ішкі-сыртқы қатынастағы мәселелерімен айналысқан тұлғалар


Shape28 Shape27 Shape26


Төле би, Қазыбе би, Әйтеке би

Абылай хан, Бұқар жырау

Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Хангелді т.б. батырлар





Ой толғаныс:

  • Рефлексия

Мини тест

Бағалау:

Оқушылар «Бестармақ» әдісі көмегімен (11 сөзді қолданып, ойды тиянақтау, өзіндік түсінікті нақты сөздермен келтіру) өз ойларын қорытындылап, жеткізеді



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!