Материалдар / І. Жансүгіров "Құлагер" поэмасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

І. Жансүгіров "Құлагер" поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға қажет болар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2020
951
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пәні: Қазақ әдебиеті

Мектеп атауы: «П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектеп»

Күні: 30.01.2020ж

Мұғалімнің аты - жөні: Сапарова Эльмира

Бөлім атауы

III ТАРАУ Адам жанының құпиясы

Сабақ тақырыбы

І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы кейіпкерлер әлеміне сипаттама

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың оқу мақсаттары

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау

Сабақтың

мақсаттары

Барлығы: көркем шығарманың кейіпкерлер жүйесін анықтайды;

Көпшілігі: көркем шығарманың кейіпкерлер жүйесін идеясына сай анықтайды;

Кейбірі: көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды, өзіндік пікірін білдіреді.



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:Құлагер,Ақан сері, бәйге, шоқпар, тарихи шындық, кейіпкер, тақырып.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:поэманың негізгі кейіпкерлері, типтік бейне, жиынтық бейне, сипаттамасы,жағымды әрекеті т.б.

Бағалау критерийлері

- әдеби шығарма кейіпкерлерін автор ойымен ұштастыра отырып сипаттайды;

- поэма талдайды, шынайы өмірмен байланыстырады;

- өзіндік көзқарастарын дәлелдейді.

Ойлау деңгейі

Білу,түсіну, қолдану

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану,тарих, қазақ тілі

АКТ қолдану дағды

Интербелсенді тақта, электрондық оқулық

Құндылықтарға

баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжанжылық, ұлтжандылық тәрбие.

Алдыңғы білім

І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасының идеясын біледі

Кезеңдер

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздер



Сабақтың басы

5 минут


Оқушылармен амандасу,түгелдеу.

Сабақ мақсатымен, күтілетін нәтижемен таныстыру

Ширату жаттығулары: Күш білімде.

Білімнің шық шыңына.

«Айтуға оңай» бағдарламасы.

«Шынжырлы байланыс» әдісі арқылы І.Жансүгіров туралы оқушылар толық айтып шығады.

Топқа бөліну. Парақшаға жазылған поэмадағы Ақан сері тұлпарының аттары бойынша топқа бөлінеді.

1-топ. Құлагер.

2-топ. Ақан сері

3-топ. І.Жансүгіров




Сабақтың ортасы

30 минут


І.Тапсырма. Жеке жұмыс. Кестені толтыру.

Оқушылар поэма желісі бойынша кейіпкер туралы кестені толтырады

Кейіпкер

Поэмадағы портреті

Маңызды әрекеті

Өз көзқарасым





Дескриптор:

- кейіпкерлерді анықтайды;

- кейіпкер портретін тауып жазады;

- поэма кейіпкерлерінің маңызды әрекеттерін анықтайды;

- анықталған ақпараттар негізінде кейіпкер туралы ой қорытындысын екі сөйлеммен жеткізеді;

ҚБ. «Ауа райы » әдісі. КҮН-тамаша. БҰЛТ-жақсы. ЖАҢБЫР-қанағаттанарлық.

ІІ. Тапсырма. Топтық жұмыс. Шығармамен жұмыс.

«Елші» әдісі (Джигсо)

Әр топқа бірнеше мәліметтер таратылады. Ақан сері және құлагер туралы. Топ өз ішінде оқып, талқылайды. Және келесі топқа екі елші жіберу арқылы басқа топ мәліметтерінен хабардар болады, өз мәліметтерімен бөліседі. Мысалы:

1-топ. Ақан серінің өмірі

2-топ. Ақан серінің өнерінің өміріне әсері

3-топ. Ақан серінің Құлагері

Шағын көрініс

Дескриптор:

- поэманың басты кейіпкерінің өмірі туралы, өнері туралы, Құлагер туралы біліп, басқаларға түсінікті етіп жеткізеді;

- кейіпкерлер туралы мәліметтер арқылы кейіпкер портретін құрастырып айтады.

ҚБ. «Би – шешендер» әдісі.

Топ елшілерінің түсіндіруіне қарай топбасшылары топ шешімін билер немесе хандар секілді ортаға салады және орташа, жақсы, өте жақсы деп бағалайды.

9-сы-ныпқа арнал-ған аудио

тыңда-лым және оқы-лым


Сабақтың соңы 5 минут



Қорытынды: Егерде Құлагер тұлпарыңыз мерт болмағанда, осы шығарма жарыққа шығар ма еді?

Бағалау: «Басбармақ» арқылы бағалау

Рефлексия: «Хабарлама» әдісі арқылы оқушылар кері байланыс орнатады.

Үйге тапсырма: Әңгіменің желісі бойынша оқушылар өз еркімен мына тапсырмалардың бірін орындайды:

  • Кейіпкерге хат;

  • Шығарманы өзіңше аяқта;

  • Оқиға желісі бойынша сурет сал





Саралау – оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ – мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)


«Ауа райы» әдісі.

«Би – шешендер» әдісі. «Басбармақ»

арқылы бағалау


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!