Материалдар / ІІІ-деңгейлік бойынша мұғалімнің рефлексифтік есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ІІІ-деңгейлік бойынша мұғалімнің рефлексифтік есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
деңгейлік мұғалімдерге есеп үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қырқүйек 2018
462
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Оңтүстік Қазақстан облысы

Бәйдібек ауданы

«Қ. Сыпатаев атындағы жалпы орта мектеп» мкм











Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Тамара Жұмабаеваның

2017-2018 оқу жылы бойынша рефлексивтік есебі













2017-2018 оқу жылы


«Қ. Сыпатаев атындағы жалпы орта мектеп» мкм-сінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жұмабаева Тамараның 2017-2018 оқу жылы бойынша рефлексивтік есебі.

І-ІІ тоқсанда жоспар бойынша сабақ беретін сыныптарыма орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларымды уақытында жасақтап, жүйелі түрде оқушыларға бағдарламаның жеті модулін байланыстыра отырып сабақ өткіздім. Себебі күнделікті сабақтарымызда оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалану, бағалаудың түрлерін қолдану, жас ерекшеліктеріне сай білім беру, талант пен дарынды анықтау, оларды көшбасшы етіп тәрбиелеу заман талабы.

Жалпы сабақ беретін сыныптарымның ішінде 5-7-сыныптар үшін жаңартылған білім мазмұнымен тұспа тұс келгендіктен мен үшін бұл сыныптың ахуалы таныс емес болатын. Сондықтан 5-сыныптар бойынша А, В, С деңгейлі оқушыларды анықтауды мақсат тұттым. Сабақ барысында жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқушы білімі күнделікті қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау арқылы жүзеге асатындықтан, мен үшін бұл екі сыныптан А, В, С деңгейлі оқушыларды анықтау оңайға түскен жоқ. Бөлім бойынша алынатын бақылау жұмыстары және күнделікті сабақта қосымша тапсырмалар беріп отырдым. 5 «а» сыныбынан үш оқушы салыстырмалы түрде бақылауға алып олармен жекелей жұмыс жасап отырдым. А деңгейіндегі оқушы-Шекербек Занғар, В деңгейіндегі оқушы Шардек Ілиясжәне С деңгейіндегі оқушы-Жайсанбек Жаннұр болды.

А деңгейіндегі оқушы зерттеуге алған себебім: Бұл оқушы сыныптастарына қарағанда алғыр, зерек, ізденімпаз, білім алуға құштар, шапшаң ойлағыш барлық пәндерден үлгерімі жақсы.

В деңгейіндегі оқушы зерттеуге алған себебім: Бұл оқушы ортада көп ерекшеленіп көрінбейді, білімі орташа, мінезі тұйық, сабырлы, кейде қойылған сұрақтарға сенімсіздік танытып, өз ойын ашық айта алмайды.С деңгейіндегі оқушы зерттеуге алған себебім: Күнделікті сабаққа кейде дайындықсыз, білімге деген ұмтылыс-құлшынысы көңілге қонымсыз.Зерттеу барысында осы оқушылардың бойынан төмендегідей өзгерістерді көргім келді. Мәселен А. алған білімін басқа оқушылармен бөлісуге дағдыланып, өз бетінше ізденуге тобындағы оқушыларды тартса, білімқұмар дарынды оқушы болғандықтан дарындылық қабілетін одан әрі шыңдаса, төмен деңгейдегі оқушының жаңаша білім алуға бет бұруына өз септігін тигізсе.

В. оқушының өз-өзіне деген сенімділігі қалыптасып, ойын еркін жетілдірсе.С. оқушының бойындағы құндылықтарды анықтау, кішкене де болса таланттың көзін ашса, өз ойын жинақтап еркін жеткізуге, топ мүшелері арасындағы қарым-қатынасы жақсарса, сыныпта жағымды ахуал орнатуға өз үлесін қосса. Сабақ өту барысында осы аталмыш оқушылардың жұмысын тексере отырып, оларға қосымша тапсырмалар беріп отырдым. І тоқсандық жиынтық бағалау кезінде аталмыш оқушылар өз деңгейінде өзгеріссіз қалып қойды. ІІ тоқсан қорытындысы бойынша Шекербек Заңғар сынып бойынша ең үлкен ұпайға ие болып 5- ке шықты, В деңгейлі оқушым Шекербек Заңғар 4-ке шықты ал Жайсанбек Жаннұр 3-ке шықты. Себебі ол әлі тест жұмыстарын қате орындайды. Алдағы уақытта бұл оқушымен жұмысты күшейту керек деп ойлаймын. Қорыта келгенде, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыландыра бастадық.Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және С дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап,В дәрежесіне жеткізуге, ал В дәрежесіндегі оқушыны А дәрежесіне жеткізуге тырысамыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруде әлі де ізденеміз.

Сонымен қатар биылғы оқу жылында 7б-сыныпта ақпан наурыз айында ашық сабақ өттім.Өткен жарты жылдықта үйірмеден 5сыныпта бірнеше рет сыныптан тыс іс шара өттім. Аудандық мұғалімдер пән олимпиадасына қатысып, білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталдым. Аудандық ағылшын тілі пән мұғалімдерінің арасында өткізілген «Ең үздік жаңартылған сабақ-2018» байқауында мектептен іріктелініп ауданға жұмысым жіберілді. Жұмыс барысында біліктілікті арттыру мақсатында үш тілділікке байланысты аудан орталығында өткізілген семинарларға ай сайын қатысып отырдым. Қараша айында өткен Облыстық «Алтын Қыран» зияткерлік олимпиадасынан бірнеше оқушыларым Өндіріс Мерей, Шалдарбек Бекарыс, Шекербек Қайырхан ІІ-ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Сәуір айында өткен Облыстық «Ақжелкен» зияткерлік олимпиадасынан бір оқшым ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал «Бәйтерек» зияткерлік олимпиадасынан 5-сыныптан Шекербек Заңғар ІІІ-дәрежелі дипломмен 7-сыныптан Абдраманов Ғанибет ІІ-дәрежелі дипломмен, Жандарбек Арайлым ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар биылғы оқу жылында мектепшілік өткізілген гуманитарлық бағыттағы шығармашылық жұмысын қорғап, оқушылар арасында 5-сынып оқушым Лесбек Айым ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!