Материалдар / І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы тақырыбында сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
456
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы

Мұғалімнің аты-жөні: Доспанова Айдана Ускембаевна

Күні: 30.09.2020

Сынып/Топ: 9

Қатысқан оқушылар саны: 26

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

2.4.2.4. – шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды, жазба жұмыс жасайды, сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды, өз бетінше жұмыс жасайды, сұраққа жауап береді, қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критериі:

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тындаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар:

Оқулық,топқа бөлуге арналған пішіндер, стикер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, А4 парақтары, түрлі түсті фломастерлер, қима қағаздар.

Әдіс-тәсілдер:

«Ішкі үндестік», «Миға шабуыл», «Өрмекші», «Кинеметафора», «Қазынаны іздеу», «Ақындар мен жазушылар», «Insert», «Аяқталмаған сөйлемдер», «Кездескенше».

Сабақ түрі:

Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс:

Психология, педагогика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі

Алдынғы оқу:

А.Құнанбаев пен Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұралары

Сабақ жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылармен 3 тілде амандасып, көңіл-күйін, амандықтарын сұрау, сабақта кімнің бар не жоғын түгендеу).

Психологиялық ахуал «Ішкі үндестік» Арт терапия

Мақсаты: Ішкі үндестік арқылы гармониялық қарым- қатынас құру.

А4 форматтағы парақ, акварель бояуы таратылады.

Өткізу тәртібі: релаксациялық әуеннің қосылуынан кейін әрбір топ мүшесі бояғыштар арқылы ақ парақ бетіне бір сюжеттік сурет салуды бастайды. Келесі білім алушы оны үнсіз жалғастыра береді. Сөйлесуге және бір–біріне қарамауы шарт. Жан дүниенің үндестігі сурет арқылы беріледі. Шығармашылық жұмыс топ алдында қорғалады.

Д: Жақсы, жарайсың, керемет

Үй жұмысын тексеру үшін «Өрмекші» әдісі

Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала   отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер   арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.

Д: Жақсы, жарайсың, керемет

Топқа бөлу Қима қағаздар арқылы сыныпты 3 топқа бөлу;

(Тұлпар, Жүйрік, Жорға )

1 топ Тұлпар (көк түс)

2 топ Жүйрік (қызыл түс)

3 топ Жорға (жасыл түс)

Д: Жақсы, жарайсың, керемет

Оқушылармен амандасып, сабаққа деген дайындықтарын тексеру



Сыныпта жағымды әсер орнату















Берілген тапсырманы тексеру









Топқа бөліну





Жаңа білім

Сабақтың тақырыбын ашу: «Миға шабуыл»
Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін ауызша ой салу. Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады,   ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау   керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.

Д: Жақсы, жарайсың, керемет

Сабақтың мақсаты: Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру. Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.

Топтық жұмыс:

«Кинометафора» әдісі Режиссер Болат Мансұровтың "Құлагер" фильмінен үзінді көрсетіледі. Оқушының ой-өрісі, ойлау қабілеті дами отырып, оқиғаны талдайды. Сұрақтарға жауап беріп, ойларын еркін жеткізеді.

  1. Шығармадағы Ақан бейнесі қазіргі өмірде кездесе ме ?

  2. Шығармада қандай әлеуметтік-қоғамдық мәселе көтерілді ?

  3. Арманыңа жету үшін не істейсің ?

Әр топ көрген үзіндіден 2-3 минуттық шығармашылық көрініс көрсетіп жіберу керек. Қолда барды қолданып ойда жоқта көрініс қойып беру, яғни бұл жерде көрген үзіндіні театрлық дәрежеде кенеттен ойнай аладыма деген қабілеттерін көру.

Д: Жақсы, жарайсың, керемет

«Қазынаны іздеу» әдісі арқылы сюжеттің дамуы бойынша үзінді тақырыптары мен суреттер беріледі. Оқушылар үзінділерден троп пен фигураны анықтайды.

І топ. Сюжеттің байланысуы. «Аттың сыны» туралы жазылған үзінді беріледі.

ІІ топ. Сюжеттің шиеленісуі. «Бәйге» туралы жазылған үзінді беріледі.

ІІІ топ. Шарықтау шегі. «Құлагердің шабысы» туралы жазылған үзінді беріледі.

Бұл тәсілде оқушының ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды және өз ойын нақты жеткізуге ықпал етеді.

Д: Жақсы, жарайсың, керемет

Сергіту сәтін ұйымдастыру. «Ақындар мен жазушылар»

Топтағы оқушылар 3-4 минут аралығында өздері білетін ақын-жазушыларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта бірінші айтылған тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап отырады. Қай топтың тізімінде тұлғалар тектері көп қалса, солар жеңімпаз.

Д: Жақсы, жарайсың, керемет

Ауызша түрде ой білдіру











Сабақтың мақсатын оқушыларға баяндау






https://www.youtube.com/watch?v=qpuq2qLBcM




























Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін сергіп алу

Аяқталуы

Сабақты бекіту

«Insert» әдісі

Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша   жұмыс жасалады:W- білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді; кесте   жүйесі бойынша жұмыс жасайды.

Д: Жақсы, жарайсың, керемет

Жазбаша түрде орындалуын қадағалау

Бағалау

Мұғалім «Болжау», «Түсіндіру», «Айтып беру», «Бағалау» деген төрт терезеден (шаршы) тұратын кесте құрады. Жаңа материалды түсіндіріп болған соң ол оқушылардан берілген шаршылардың бірін таңдауларын ұсынады. Бұл арада мұғалім әрбір оқушыға бұл әдіс арқылы өтілген тақырып бойынша өздеріне өздері тапсырма алып, орындайтындығын түсіндіріп өтуі қажет. Сонан соң олардың шаршыларды таңдауларына қарай мұғалім сұрақтар қояды.

Мысалы: Егер оқушы «Айтып беру» деген шаршыны таңдаса, мұғалім оған «Жаңа материалдағы негізгі идеяларды атап шық» деген тапсырма береді. Содан кейін айтылған жауап бойынша бағалау.

Д: Жақсы, жарайсың, керемет

Жаңа материалды қабылдауларын тексеруге арналған жаттығулар


Кері байланыс

Аяқталмаған сөйлемдер”
* Бүгін мен…………………. білдім

*…………….. қызықты болды.

*………………….. қиын болды.
*……………… тапсырманы мен орындадым.

*…………………. екенін түсіндім.
* Мен енді………………….. білемін.

* Мен…………………………. сезіндім
*Мен………………………. білім алдым.

* Мен………………………….. үйрендім.
*………………… менің қолымнан келді.

* Мен……………………….. жасай алдым
* Мен…………………… жасап көруге талпынамын.

*……………… мені таң қалдырды.

* Сабақ менің өміріме ….. берді.

* Менің…………. жасағым келді

Д: Жақсы, жарайсың, керемет

Жазбаша жұмысты орындау

Рефлексия

Жаттығу әдісі «Кездескенше»

- Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-біріңізге бере отырып, тренинг туралы өз әсерлеріңізді, қалай болғандығы жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар.

Жаттығуымыз аяқталды. Бәріңізге көп-көп рахмет айтамыз. Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу үлкен ғанибет. Біз бүгінгі сабақта алға қойған міндеттерімізді орындадық деп ойлаймын. Сіздерге басқада сабақтарынызға сәттілік тілеймін! Кездескенше!

Д: Жақсы, жарайсың, керемет

Рефлексиялық сәт. Барлық қатысушылар шеңбер жасап түрегеп тұрады

Үй тапсырмасы

Үй жұмысы:

1. «Құлагер» поэмасы оқу

2. Мазмұнын анықтап айту

3. Қысқаша түсінігін жазу

Оқушылар үй жұмысын жазып алады

Қорытынды бағамдау:

  • Қандай 2 нәрсе табысты болды?

Топтық жұмыстар, психологиялық ахуал.

  • Қандай 2 нәрсе сабақты жақсарта алады?

Шығармашылық тапсырмалар, оқушылармен тілдесуім

  • Сабақ барысында мен топтық немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жаңа әдіс- тәсілдер менің сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!