Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Ілияс Жансүгіров оқуы-2018 »
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ілияс Жансүгіров оқуы-2018 »
Мақсаты: Қазақ поэзиясының өрен жүйрігі , ақындықтың құлагері Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын жас ұрпаққа кеңінен таныту және әдеби оқу арқылы ақыннның шығармаларының ерекшелігін таныту, оқушылардың қабілеттерін шыңдау ;
Түрі: байқау
Қатысушылар: мұғалімдер, оқушылар
Көрнекілігі: Ақынның портреті, кітап көрмесі, қанатты сөздері, слайд
1-жүргізуші:
Қадірменді жыр сүйер қауым! Құрметті ұстаздар және оқушылар!
Ақынның аты ақын ғой, қашанда оның жүрегі – от, жігері-өрт. Ол қыран боп қияны да шарлайды, ұяны да қорғайды, ұран боп дауылды да жарады, дабылды да қағады, ұлан боп елі үшін атқа да қонады, жері үшін отқа да күйеді. Сонда да асқан айбаты, тасқан қайраты бір ортаймайды. Әрқашан алғы шепте, алдыңғы лекте жүреді.
Бүгінгі сәулелі мезетте поэзияның Құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтің құрметіне арналған Республикалық байқаудың аудандық кезеңінің «Ілияс оқулары » байқауы өткелі тұр.
Аудандық Ілияс оқуларының ашылу салтанатының құрметіне сөз мектеп директоры Биртаева Саулеш Бақытжанқызына және аудандық білім бөлімінің әдіскері Бекенбаева Самал Решқызына беріледі.
2. «Өмір таңы балалық қой, оны еске алсам өскен жерім көзіме елестейді. Тауда ала қарлы асқар, жазық жайлау, ойда боз дала, бұла құм, олардың ортасынан бөліп аққан иір өзен. Өзен өлкесі түлкі жүн, қамыс, тал, жаңғыл жиде. Қыры теріскей, қара жусан. Ойы ши, ұсақ, құрақ. Құмы сағыз, селеу, қылша. Қырда құм шінде, өлкеде өзен бойында шоқ-шоқ қыстау. Табиғат – анаң, оны сүю керек. Сонда оны жазбасқа шамаң болмайды»-деген екен арқалы ақын І.Жансүгіров.
Ілия оқулары байқауын ақынның туған даласына, табиғатына, жыл мезгілдеріне арнап жазған жыр жолдарымен бастаймыз.Ендеше ақпа ақынның жырларымен сусындаңыздар! Алдарыңызда Талдысай орта мектебінің оқушылары!
1-оқушы: Айкөркем
Алғашқы туындыларының бірі, 1912 жазылған.
«Күзгі
гүлге»
Сарғайдың, тоғайда гүл, күзгі тұрым,
Жайылып жапырағың тұрған бұрын.
Ара бал, көбелек сөл жұтқан сеннен,
Ол қайда маса, сона,
шіркей-шыбын.
Саяңда сан құбылып салқындаған
Сүліктей сұлуың жоқ қырлы мұрын.
Тоғайдың маңайынан басталдырып,
Шайқаған самалың жоқ таппай тыным.
Қиғаш қас, қырғи мойын, құбылма шаш,
Қарасы қандыратын көздің қыбын.
Қалмапты ажар, шырай, сүреңіңіз,
Сүзек
пе, сүзілме ме сенің мұның.
Зорлығы табиғаттың бұл әуресі,
Төрт бөліп, түрлендірген жылдың күнін.
Қар қатып, пәк денеңе мұз тұрса да,
Жазды күт, жабырқама күзгі гүлім.
2-оқушы: Фариза
Енді табиғат күйлері
өрілген «Ағынды менің
Ақсуым» атты өлеңін
тыңдаңыздар:
Ағынды менің Ақсуым
Арқырап әлі ағасың,
Ақиланған ашумен,
Ақтарды асқар сабасын.
Тас тарпуын, шапшуын
Қарасаң қайран қаласың,
Жалғыз бір кеште,
Жағаладым жағасын.
Тұнжыраған торғын түн
Төндім сұлу суына.
Таңырқап тау-тас тамсанып,
Жымиды жұлдыз мұңыма.
Сүмиген сүңгі сұрша тал,
Шомылды таудың суына.
Таймаңдаған тайпақ ай,
Желегі ме, туы ма?
Шүйке шарбы бұлтты
Қалақай қалды қылмия.
Аспанды, ай алтын құшағы,
Қусыра қайың құшады.
Қарамай қайың қалайша?
Қаужиған құшсын бұтаны.
Қайың мен сәуле сүйіссін,
Сүймегенді нысабы:
Итмұрыны
мөлдіреп,
Қудырлап қоңыз ұшады.
Бауырлаған ағынның
Сумаңдап суы сылдырайд
Құдиған қоңы құрақтың
Саусағы
суда сырылдайд;
Суға төнген бір шыбық
Дірілдейд, суда сырылдайд;
Оған қонған бір шымшық
Шиқ-шиқ етед, шырылдайд...
3-оқушы: Сайын
«Жазғытұрым»
Ой балалар, балалар!
Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды – жаз кепті.
Желкілдейді көкмайса,
Желіндейді мал жайса.
Ауыл көшті қыстаудан.
Әне! Апамдар қой сауған.
Құс ұясын түзеді,
Тайымды ағам күзеді.
Ел ешкісін қырқыпты,
Егіндерін жыртыпты.
Ой, балалар, балалар!
Ойналық та күлелік,
Қос басына
мінелік.
4-оқушы: орыс класы
«Жазғы шілде»
Ой, балалар, балалар,
Шілдем, шілдем – шілде айым.
Жырлап торғай күн сайын.
Шұбар ала шешектер,
Шудаланған көк шөптер.
Жапырақтар жалпайды,
Жас қозылар марқайды,
Ұшты көкек сай құлдай,
Сайда пісті таң қурай.
Құрт-ірімшік қайналды.
Құлындар да байланды.
Нәйім, нәйім бауырсақ.
Ағын суға шомылсақ.
Ой,балалар, балалар,
Ойналық та күлелік.
Үйретіп тай
мінелік.
5-оқушы: орыс класы
«Күз»
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты.
Ел егінін алыпты,
Ақ үзіктер жауыпты.
Ел күйекті шешіпті.
«Есепші айтты» десіпті.
Ел мектебін күтіпті.
Енді мая салыпты,
Ел күзекке қоныпты,
Қойшы қойды тоғытты.
Ауыл күзем алыпты.
Тоқтышақ тон бітіпті.
Ой, балалар, балалар,
Ойналық та күлелік.
Енді оқуға
кірелік.
6-оқушы: Молдахметова А «Қыс»
Табиғатты құбылтып,
Денеге суық ұрынтып,
Бұл мезгілде қыс қожа.
Басындағы шалмасы,
Үстіндегі салмасы
Кіршіксіз аппақ тап-таза.
Киімсіз, жайсыз жалаңаш,
Қабағы салық, қарыны аш,
Сүмірейген сулы көз.
Олардың жаттап жүргені:
«Іш-шай-алдай»! деген сөз.
Қожекеңе бұл наза.
Жылмайған жылы күнінен,
Жылдамырақ айрылып,
Аһлап ауру әнімен,
Қабағын жауып қайғырып,
Жерге жетті бір қаза,
Аяз қызыл үскіріп,
Бетіне жаман түс кіріп,
Осы қожа қақап тұр.
Науқасы тым-ақ беймаза.
Сырты ажарлы, іші-жау,
Тәрізі жаман тамақсау.
Азығы-шөбі аздарға,
Еңбексіз жалқау наздарға,
Құлқынды қожа, оңаза,
Жинақты жылпың шаруаға,
Жем, шөбі көп қораға
Қожаның аузы ораза.
Жүргізуші: Жыл мезгілдеріне
арналған өлең жолдарынан көңіл мен өмір күйлері қатар төгілген ақын
табиғатты сүйген, сезген, табиғатпен сырласқан,
мұңдасқан.
Сипаттау, әрлі теңеу, жүрекке жетер жылы сөздер, сұлу өрнек
ақынға тән қасиет. Ауыз әдебиеті, дала жырына қанығып өскен ақынның
табиғатты бұлай әсем жырламауы мүмкін емес еді. Табиғатты сүйді,
сырласа білді, табиғаттың керемет құдіретін ұғынды, жанымен
қабылдады. Тіпті, тасына да өлең
арнады.
1-оқушы: «Тас» /орыс класы/
Көгілдір, мөлдір көк аспан-
Көлеңке,сәуле ойнағы.
Ойнаса онда жылпың жел,
Жыртылад шарбы, қаймағы.
Жел қуалау, бұлт қашу-
Жігіт-қыз айтта, тойдағы.
Көк күмбезде күнде ойнақ,
Ойнады да қоймады.
Бұлт бір мезгіл бұрқырап,
Асқарға соққан асқақ жел,
Тас сүзді де жасқанды.
Нөпір нөсер шүмектеп,
Жасылдан жалтыл басталды.
Балбыраса да барлық зат,
Тас күйінде тас
қалды.
2-оқушы: Дастан
Ақберен ақын тылсым табиғатпен
Абайша, табиғатты бөлек
жырлайды.
«Бұлт»
Түнгі жаймен жуынып
Көгілдір көк күлімдер
Шөгіп шоқ-шоқ тұман бұлт,
Шоқы сүйіп,
дірілдер.
Көк мұнарлы белбеуін
Алып тау бел буына;
Сәлем беріп бұлт керуен,
Таңда тауға жығыла
Қабағы мұз, суық шал
Қолын алып, қас қаға.
Желде, құзда несі бар,
Қалғыды тас жастана.
Бұлт-бөбек, тау – ана,
Ана төсін аймалай,
Ұйықтай тұрсын ол бала,
Шыққанынша жел қалай.
Жүргізуші
:Қазақ әдебиетін қалаушы қуатты толқынның бірі,
талғампаз ақын, қаламының ұшы қайрылмаған, еліне талантын сарқып
берген арынды Ілияс Жансүгіровтің ұшқыр поэзиясының бүгін бір
бөлшегімен ғана таныстық, тыныстадық. Астарлы теңеулермен табиғат
құбылысын сан түрлі ғып жырлаған ақынның жырлары кірсең шыққың
келмейтін иран бағы тәріздес, құмарың қанбай тыңдай бергің, оқи
бергің келеді.
Ақынның атақты «Құлагерін» кім білмес, жалпы барлық
шығармасын алып қарасаң да табиғатты төгілте жырлайды. Ендігі
кезекте осы аталмыш поэмадан көрініс
тамашалаңыздар.
Көрініс «Бай – бай, Құлагерім !..»
Қорқырап Құлагер ат жатыр құлап,
Шүмектеп шекесінен қан бұрқырап,
Шіреніп төрт аяқты қан бұрқырап,
Ыңқылдап өліп барад ат қырқырап.
«Аттандап» өткен жанға қолын бұлғап,
Баласы Құлагердің жүр шырқырап,
Қалың шаң қаптай шапқан қара – құрық,
Балаға бұрылмайды ешкім бірақ.
Десеңдер, қайда Ақандай қыран құсты
Ол тастап аста тұрған жиылысты;
Болғанын бір сұмдықтың іші сезіп,
Қылаң ат қылт еткенде бермен ұшты .
|
Көргенде ол мынандай сұмдық істі .
Үстіне Құлагердің құлап түсті
Білмеді не болғанын, айрылды естен,
Аймалап Құлагердің басын құшыты.
Келер деп үміт қылып, алдыменен,
Аты бұл алып келген алыс жерден .
Жат елде жалғыз өзі, сүйген аты,
Серінің санасалық халіменен…
Құлагер тқорқырайды қаныменен,
Ақан да шырқырайды жаныменен,
Егіліп, төгіледі Ақан сері,
Зарлаған Құлагердің әнімен
Ақан: Не болды – ай, бай – бай , саған Құлагерім ?!
Суалдың сорлы иеңнің бұлағы едің …
Тірегі көңілімнің бәйтерегім,
Бұл жерге қалайынша құлап едің ?
Бай, бай – ай
Құлагерім
Құлагер, айналайын арғымағым!
Осы еді өлмегенде шабар шағың
Құтсыз көл, Жыландының жырасында
Құшақтап қанды басың зар жыладым.
Құлагер, айналайын, жүлде алғаным
Басындай Арқарлының күн шалғаным!
Барғанда ақыретке пырағым бол,
Қызығын көре алмадым бұл жалғанның .
Құлагер, құлыныңнан маған біттің,
Төрт бөліп түн ұйқымды баптап күттім,
Жылқыны қыл құйрықты елде көргір,
Қандай жан шекесінен қағып өттің ?
Құлагер қолда өсірген құлыным – ай!
Ішінде омыртқамның жұлыным – ай,
Жын ба екен, сайтан ба екен, қаза болғыр,
Қанды қол қастандықпен ұруын – ай !
Құлагер құлыныңнан керім едің,
Нағашым сұрағанда беріп едің,
Аттарды Ерейменнен айдағанда
Оқты көз, у құйылғыр, көріп едің.
2.
Осылай Ақан зарлап жылап жатты,
Қайтсін ол, жыламасқа жанға батты.
Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге
Айрылды ол – аттан жақсы, достан – тәтті.
Жарлының жалғызы өлсе, жанын ұрар,
Дәл сондай жақсы атына Ақан жылар,
Жел жылап, көл күрсініп жатқаны не
Таудағы Ой бауырымдар неге сулар?
Ой мен қыр, орман, тоғай неге шулар?
Аң мен құс күйініп жүр, не үшін бұлар?
Арқаның аяулы аты өлгеніне
Аспан, жер аза тартып тұрған шығар!
Қояндар қайғырысты кеуегінде
Көбелек күйіп ұшты бірден – бірге
Қуанды түлкі қарсақ, қырда қасқыр,
Жылқы жоқ соғатын деп бұдан өңге.
Жолыққан аяулы атқа, ардақты ерге,
Неткен жан шыдай алар мұндай шерге.
Қашаннан қаяу көңіл сері Ақанға,
Қайғырған сияқтанды көк пен жер де …
Қандатып, қарсы алдында Құлагерді,
Қоймастан Ақан атқа жылай берді …
Жыласын сөйлеп қалсын соңғы сөзін,
Қылалық біз әңгіме былайғы елді …
Жүргізуші:
Сермелген жырға сойыл
көп,
Зұлымдықтардан кейін кеп.
Отырмын жоқтап
сендерді,
Ілияс, Сәкен,
Бейімбет.
Жойылып қашан кей
індет,
Қайғысы елдің
сейілмек?
“Халық жауы” боп атылды –
ау
Ілияс, Сәкен,
Бейімбет?!
Алаулап ерен бойымда
от,
Бермейтін тыным ойым
көп
Қиды екен қалай өлімге
-
Ілияс, Сәкен,
Бейімбет?!
Ұлы көш қалмас
кейіндеп,
Алға асқан сайын тойың
көп.
Ұмытпас ел үшін арысын
–
Ілияс, Сәкен,
Бейімбет!
Үш бәйтерек теңдікті аңсады. Бай мен кедей
арасындағы тартысты, әділетсіздікті жырлады. Болашағымыздың
бостандығы үшін күресіп, арттарында өшпестей із
қалдырды.
Сәкен, Ілияс,
Бейімбет
Аңсады олар
теңдікті
Қазақтың байтақ
еліне
Ту етіп тікті
теңдікті.
Саида «Қазақстан » өлеңі І . Жансүгіров
Көгінен нұр төгілген
Жерінен дүр,
гүл өнген.
Жердегі ұжмақ
Бұл қай
жақ?
Мотор жыры
дүрілдеп,
Гудок үні
гүрілдеп,
Қайнаған
жақ
Қай
аймақ?
Өгей ұлы
теңеліп
Еңбек елі
кемеліп,
Күлгендер
кім
Масайрап?
Бұрын патша отары,
-
Бұрын байдың отаны,
Жері
қуаң
Елі
құл.
Бүгін еркін
жері нұр,
Нұрландырған –
Октябрь!
Қазақстан елі
бұл!
“Қазақстан ” әні.
Қазақ әдебиетіне салмақты, салиқалы поэзия сыйлаған, әдебиеттің барлық жанрына қалам тартқан эпик ақын, қазақ халқының “Үш бәйтерегі” - Қазақ кеңес әдебиетінің бастау қайнарында тұрған құдіретті талант иесі, ақын, драматург, прозаик І.Жансүгіров оқуларын бастаймыз!
Әдеби байқауға қатысушыларды бағалайтын әділ-қазылар алқасы мүшелерімен таныс болыңыздар!
«Ілияс оқулары» 4 бөлімнен тұрады.
1 бөлім. Талапкер І.Жансүгіровтың бір прозалық немесе поэзиялық шығармасын таңдап алып, шығарма немесе жазбаша талдау жасап, жазбаша түрінде комиссия мүшелеріне алдын ала тапсырады.
2 – бөлімде І.Жансүгіровтың бір өлеңін жатқа, мәнерлеп оқиды.
3 – бөлімде өз шығармашылығымен таныстырады. Өзі жазған арнау-өлеңдерін топтап, мәтіндерін алдын-ала комиссияға жазбаша түрде тапсырады.
4 – бөлімде талапкер І.Жансүгіровтың прозалық шығармасынан немесе драматургиясынан үзінді оқиды.
Құрметті байқауға қатысушылар ! Аудандық Ілияс оқулары байқауы өз мәресіне жетті.
«...Тұтас алғанда Ілияс поэзиясы терең ойдың, үлкен сезімнің поэзиясы. Ол өрен жүйрік, асқан ақынның тегеурінді талантынан туған жоғары идеяны, шыншыл, ұшқыр қиялды, қуатты поэзия, салмақты, салиқалы поэзия, бұл поэзияның мазмұны заман құбылысын қамтуы, оның жырлағаны – халқы» деп М.Қаратаев айтқан екен.
Міне, бүгін ақынның жырымен сусындатқан, байқауға қатысқан оқушыларымызды сахнаға шақырамыз!
Байқаудың қорытындысын жариялау және мрапаттау үшін сөз әділ-қазылар алқасына беріледі.
1 номер
Қазақ әдебиетіне салмақты , салиқалы поэзия сыйлаған, әдебиеттіғ барлық жанрына қалам тартқан эпик ақын І.Жансүгіров оқуы аяқталды. Поэзияның жаны тіл болса, осы сөз жауһарларын халқына сарқып берген ақынның дүниелері қазақ әдебиетінің біртұтас қабырғасы іспетті. Ендеше ақынның сөзі өлмейді!