Материалдар / Ілияс Жансүгіров шығармаларын талдау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ілияс Жансүгіров шығармаларын талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
І. Жансүгіров шығармашылығын дәріптеу. Ақын шығармаларын соның ішінде «Құлагер» поэмасын талдай отырып, құндылығын насихаттау арқылы, әдебиетті сүюге, шығармадағы ақын шеберлігіне, ақындық сезіміне үңіле білуге, ғылым мен технология дамыған мына заманда да, әдебиеттің, соның ішінде Ілиястай тұлғалардың сыршыл шығармаларының құндылығын жоғалтпайтынын түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2021
5019
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құлагер» поэмасына талдау

Талдау мақсаты: І. Жансүгіров шығармашылығын дәріптеу. Ақын шығармаларын соның ішінде «Құлагер» поэмасын талдай отырып, құндылығын насихаттау арқылы, әдебиетті сүюге, шығармадағы ақын шеберлігіне, ақындық сезіміне үңіле білуге, ғылым мен технология дамыған мына заманда да, әдебиеттің, соның ішінде Ілиястай тұлғалардың сыршыл шығармаларының құндылығын жоғалтпайтынын түсіндіру.

Шығарма авторы: І. Жансүгіров

Шығарма тақырыбы: «Құлагер» (тақырыбы жағынан роман тектес, тұлпардың жүйріктігін, сынын дәріптеу)

Жанр түрі: поэзия (өлең).

Шығарма идеясы: Жүйрікке жасалған қастандық

Шығарма шумағы: (аяқталған синтаксистік біртұтас ой) әр тарау бойынша шумақ саны әр түрлі болып келеді

Тармақ саны: өлеңнің әр жолы 4 жолдан құралып келеді

Буын сан:11 буын

Буақ саны:(белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі)

Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы

Мен өзім тауда туып, тасында өстім, а)
Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім; а)
Асқарда Аршалыға қозы жайып, б)
Бұлттың аспандағы қасында өстім. а)

Шығарманың сюжеттік- композициялық жоспары:

Оқиғаның басталуы: Көкше табиғаты

Оқиғаның байланысы:Ақан бейнесі

Оқиғаның дамуы:Ас

Оқиғаның шиеленісуі: сыншы Күреңбай,

Оқиғаның шарықтау шегі: бәйгеге қосқан жылқылар

Оқиғаның шешуі:Құлагердің мерт болуы, Ақанның зары

Шығарманың көркемдік құндылығы

«Құлагер» поэмасы І. Жансүгіровтың жазушылық кемелденуінің сапалы бір белгісі. Поэманың «Туған жер» тарауында жазушының өзін, лирикалық кейіпкер ретіндегі тебіренісін, өз сырын, өз монологын көре аламыз. Сонымен қоса, ақын жанын сұлулыққа құштар қылған сұлу Көкше –Көкшетау табиғатына ақын сөзбен мынандай сурет салады:

Көк орман, көркем тоғай, маужыраған,

Сұлудың көзіндей көл жаудыраған.

Малта тас, маржан ақық, меруерт тас,

Төгіліп көл жиекке саудыраған.

Көк кілем балаусасы балбырағын,

Ақ жібек жапырағы жалбырағын.

Ақ қанат аспандағы сонда жауып,

Бал бұлақ таудан, тастан орғылаған.

Көкше табиғатын суреттей келе, елдің шерін зарлы өлең, ащы әнге қосқан , табынар тәңірісі табиғат болған, көздің шарасындай мөлдіреп жатқан Бурабай көліне, аспанға шаншылған Оқжетпеске , көлге шомылып, орманда ұйықтап, өлең айтып, кір өмірдің тікен тұрмыс, улы өсегінен аулақ жүрген, сұлулыққа ғашық сері Ақанды суреттейді.

Қайыңдай мінсіз, таудай таза жігіт,

Қоп – қоңыр, былапыттан жеріп жүрген.

Кісі емес Ақан төрде билік айтқан,

Ұры емес, ауыл торып, ел шулатқан.

Молда емес, мешіт салып, зекет алып,

Нәжісін дүниенің бойға жаққан.

Ол емес және өзінің малын баққан,

Жалшы емес және байдың отын жаққан.

Кісіні ит етінен жек көретін

Дау қуып, арыз айтып, биге шаққан,

Жүйрік ат, сонар саят, қыз – қырқынмен.

Өмірдің ащы емес, тұщысын да

Қызықтың айдынында құлаш ұрып,

Армансыз қаздай қалқып, қудай жүзген.

Текті құс тазалықты қолына ұстап,

Арманы ақ сұлулықты сүю деген.

Бір кезде төренің қасына еріп, жүйрік ат, сонар саят қызығын көрген, саңлақ мініп, сұлу сүйген Ақан мәнсіз, пәтуасыз дырдудан жалығып, көп ортасынан мүлде жырақтап кеткенін айтады.

Қазақта қаза артын тойға – қуанышқа айналдыруда үлкен философиялық адамгершілік мағына, терең оптимистік идея бар. Осы тұрғыда кең далаға әйгілі болған ас – Арқадағы Ерейменді мекен еткен керейден шыққан Сағынай асы туралы суреттеледі. Поэмадағы қазақ өмірі, тұрмыс – салты , қанық бояу мен жанды бейнелі картиналар арқылы, этнографияны, экзотиканы көрсеткен , әлеуметтік – қоғамдық теңсіздіктерді ашқан реалистік құдіретті қаламның қолтаңбасын іспетті. Сонымен қоса ақын асқа келгендерді шолып көрсетіп, адам бейнелерінің тұтас галериасын жасайды. Шартараптан келген халықтың көптігін былай деп көз алдыңа әрі нақты, әрі қиял жетпестей фантастикалық суреттермен көрсетеді:

Қараөткел, келіп жатыр Қарқаралы,

Кереку, Баян, Семей, Торғай –бәрі.

Жетісіу осында кеп құйып жатыр,

Арқаға аунап шөкті Қаратауы-

Арқаға аударылып ас бергенде,

Лақылдап Балқаш, Арал теңіздері...

Қыл сақал, тер сасыған, қолаң киімді, саба – саба қымыз ішіп, тау-тау ет жеген жуандар образын, әлеуметтік сипатын ащы сатира, улы ирония арқылы суреттеп береді.

Поэма атына арқау болған Құлагерді сахара өмірінде ерекше серуен, халықтың серпінді күшінің думанындай қызықты бір рахаты – атшабыс дәстүрін ақын ерекше тәптіштеп нақты сурет арқылы, қимыл – қозғалыс үстінде, жанды, тірі қалпында кең тыныс, зор шабытпен жеріне жеткізе суреттейді. Ғасырлар бойы қалыптасқан , фольклорлық көркемдік тәсілдерді, тұрақты теңеу, метафора, эпитет жүйелерін қымсынбай, еркін қолданады.бәйгеге қосылған 1300аттың ішінен қазақ даласына атағы жайылған, мыңнан озған тұлпарға сипаттама береді. Жүйріктің нақты қасиетін ашатындәлдік бар. Олар: Серке санды Көкшетаудың Құлагері, Алтайдың серпінді Көктұйғыны, меруерт жалдас Шудың Ақсұры,Сырдың Қызқарасы, Ұлытаудың Құласы,т.б

Осылардың ішінен қазақ қиялындағы ең жақсы ат боп суреттелген Құлагер белгілі ат сыншысы Күреңбайдың көзімен беріледі. «Мақтаған жануарың осы ма?» - деп ,Ақанды күлкі қылады. Құлагердің алдынан аң құтылмас, артынан жылқы жетпес өрен жүйріктігін бірден танып ,

Тәует бас, қамыс құлақ, қураған жақ,

Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқыншақ.

Қоян жон, жазық жая, жауырынды,

Құс топшы, қос шынтағы қалыңқырақ...- деп, эпитет, теңеу жасағанда құлан, бұлан, қой, қоян, құс, түлкі, тазы, ит тәрізді табиғат төсіндегі еркін тіршілік иелерінің қасиеттерін, солардың мүше бітімін алады. Ілияс халық фольклоры, классик ақын дәстүріне сүйене отырып, ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы күйетін ұзақ жерге шабатын өрен жүйрікті сипаттап берді. Қорыта келе, құлагер – Ақан серінің сұлулық , әсемдік идеялы.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!