Материалдар / Имамдық мәселесі және жамағат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Имамдық мәселесі және жамағат

Материал туралы қысқаша түсінік
материал исламтану ұстаздарына сабақ жоспарларына көмекші құрал болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
1185
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақ жоспары

Оқытушы: Ерматова Дилфуза

Пән: Фиқһ мәтіні

Мамандық топ: Исламтану, 1-курс 23-11-82

Сабақтың тақырыбы: Имамдық мәселесі және жамағат

Күні:

Мақсаты: Исламда жамағатпен намаз оқу өте маңызды екенін, көп сауап алу үшін және ихтилафтан құтылу үшін жамағатпен намаз оқуға жалғастыру керектігін, жамағат қаншалықты көп болса, сауабыда соншама көп болатындығын, жамағатпен намаз оқудың сауабы, жеке басымен намаз оқудан жиырма жеті есе көп екендігін түсіндіру

Күтілетін нәтиже

1. Студенттер шариғаттағы имамға қатысты мәселелерді біледі

2.имандылыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиеленеді

Сабақтың түрі: өндірістік



Сабақтың әдіс тәсілдері: топтық жұмыс, «Айналмалы бекеттер»



Сабақтың көрнектілігі: презентация тапсырма парақшалары, видиобаян



Пәнаралық байланыс: фиқһ, хадис, Құран



Негізгі әдебиет: М. Исаұлы Қ. Жолдыбайұлы. Ислам ғылымхалы. Алматы – 2010















Сабақтың барысы және уақытының өлшемі.

Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайыдығын тексеру,қызығушылығын ояту,шеңбер құрып жақсы тілек айту

5 минут

2

Білімдерін тексеру

Білім бағалау өлшемі

Тақта алдына,сұрақ парақшалары және қосымша сұрақтар Намазды бұзатын іс-әрекеттер Намаздың оқылу үлгісі Әйел мен ердің жалпы айырмашылығы Әел мен ердің намаздағы айырмашылықтары

25 минут

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі


Баяндама,қойлған сұрақтар арқылы Имамдықтың шарттары: Мұсылман болу, балиғатқа толған болу, ақыл-есі дұрыс болу, еркек болу, Құран Кәрім оқи алатын және өзінде үзір болмау. Өзінде осы саналған шарттар болмаған кісі имам бола алмайды. Бұл тақырып төмендегі мәселелерден анықталады.Жамағат арасында имамдыққа ең ыңғайлы, сүннетті ең жақсы білетін кісі. Осыда теңдесетін болса, дауысы әдемі болған кісі. Осыда да теңдессе, тақуалығы күштілеу болған кісі. Бұл үш сипатта тең болса, жасы үлкен болған кісі. Осыда да тең болса, ахлағы әдемі болған кісі.

25 минут

4

Оқушылардың өздік жұмысы

«Бинго» 3x3 шаршысында сабақ тақырыбына қатысты əртүрлі түйінді сөздер орналасқан. Оқушылар тиісті түйінді сөздерді айрықшалауы керек.

10 минут


Тақырыпты бекіту

«Айналмалы бекеттер» Әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут береміз Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді.

20 минут

6

Сабақ қорытындысы

Бағалау. Сандық жүйе арқылы оқушыларды біліміне қарай бағалау.

3 минут

7

Үй тапсырмасы

Өтілген сабақты оқу,жазбаша дайындау

2 минут



Оқытушының қолы__________________

Әдіскер _________________





Имамдық мәселесі және жамағат.

Ақыл есі дұрыс, балиғатқа толған, азат болған және қиналмай жиналып намаз оқуға күші жететін мұсылман ерлердің жиналып жамағатпен жұма намазын оқулары парыз, айт намаздарын оқулары уәжіп болады. Қалған парыз намаздарын жамағатпен оқулары мүәккәд сүннет болады.

(Жұма намазынан басқа намаздардың жамағат пен оқылуы, Маликилер және Шафиғи ғалымдарының кейбіреулерінің пәтуаларында, мүәккәд сүннет. Имам Ахмет бин Ханбелмен Әбу Сәура және Дәуіт Захиримен қалған кейбір мүжтәһидтердің пәтуаларында уәжіп. Сондықтан кісінің жалғыз намаз оқуы харам. Ибн Рушд, Ибн Бишр және кейбір Шафиғи ғалымдарының пәтуаларында, қалаларда (жамағатпен намаз оқу) парзы кифая болады; әр мешітте жамағатпен намаз оқылуы сүннет. Кісінің жеке өзі жамағатпен намаз оқуы мәндуп болады. Ханбәли фиқһ ғалымдарының пәтуаларында, шынында жамағатпен намаз оқу, мұқим және жолаушыға уәжіп болады ал мешітте жамағатпен намаз оқу сүннет, осылайша мешітте намаз оқыған кісі әрі уәжіпті әрі сүннетті орындаған болады. Жамағатпен намаз оқу парыз айн дегендерде болған.)

 Исламда жамағатпен намаз оқу өте маңызды. Көп сауап алу үшін және ихтилафтан құтылу үшін жамағатпен намаз оқуға жалғастыру керек. Жамағат қаншалықты көп болса, сауабыда соншама көп болады. Жамағатпен намаз оқудың сауабы, жеке басымен намаз оқудан жиырма жеті есе көп.

 Жамағатқа жалғастыру, Ислам нышаны және иман белгілерінен болып табылады. Жамағатпен оқылған намаз арқылы мұсылмандардың бірлігі және бір – бірлеріне болған көз қарастары жақсара түседі. Мұсылмандар арасында махаббат және бір – бірлеріне жанашырлық сезімдері оянады, білмейтіндер білетіндерден пайдаланады. Жақсы кісілердің достықтарымен жасалатын ғмбадаттармен дұғалардың Аллаһ Тағаланың қасында көбірақ қабыл болатыны үміт етіледі.

 Жамағатпен оқылған намазда, өзіне ұйылған кісіге “ Имам ” делінеді. Бұл кісінің осы міндетіне  “ Имамәт ” делінеді. Кісінің өз намазын имамның намазына қосуына  “ Иқтида, иттибағ ” есімі берілген. Осы ұйыған кісігеде “ Мұқтәди, мүттәбиғ, мә’мум ” сияқты есімдер берілген. Жеке басымен намаз оқыған кісігеде “ Мүнфәрид ” делінеді.

Имамдықтың шарттары: Мұсылман болу, балиғатқа толған болу, ақыл-есі дұрыс болу, еркек болу, Құран Кәрім оқи алатын және өзінде үзір болмау. Өзінде осы саналған шарттар болмаған кісі имам бола алмайды. Бұл тақырып төмендегі мәселелерден анықталады.

 Жамағат арасында имамдыққа ең ыңғайлы, сүннетті ең жақсы білетін (фиқһтан хабары болған) кісі. Осыда теңдесетін болса, дауысы әдемі болған кісі. Осыда да теңдессе, тақуалығы күштілеу болған (харам істен көптеу сақ болатын) кісі. Бұл үш сипатта тең болса, жасы үлкен болған кісі. Осыда да тең болса, ахлағы әдемі болған (жұмсақ мінезді және ар-ұятты болған) кісі. Бұл мәселеде де теңдессе, келбеті, кейін тегі жағынан, кейін киімі жағынан тазалығы жақсы болған кісі. Бұлардың бәрінде теңдестік болса, араларында жеребе тасталады. Міне осылардың бәрі имамдық міндетіне берілген маңыздылықты көрсетеді. Сондықтан бұрындары бұл міндетті сол жердің басшылары (әкімдері) атқарушы еді.

Мұнымен бірге жамағат арасында үй иесі немесе сол жердің міндетті имамы болса, осылар имамдыққа өтеді; айтылған сипаттар табылмаса да осы кісілер өтеді.

 

Басқаның үйінде имам болатын кісі, үй иесінің рұқсатымен имамдық жасайды. Басқаның үйінде жалғыз намаз оқитын кісіде, үй иесінен рұқсат сұрауы керек; абзал болғаныда осы.

 пасықтың және бидғатшыл  болған кісінің имамдық жасауы тахримән мәкруһ болады. Өйткені пасық дін амалдарында құрмет көрсетпейді. Имам Мұхаммедпен Имам Маликтің пәтуаларында бұларға ұю жайыз емес.

 Бидғатшы кісіге “ Мүбтәдиғ ” делінеді, сондай – ақ сенімі сүннет және жамағат қаумының сеніміне қайшы болған кісі. Бидғатшыға ұюдың мәкруһ болуымен бірге жайыз болуы, сенімі күпірлікке жетпеген кезде ғана болады. Егер сенімі күпірлікке апаратын болса онда оған ұю Ханафилердің барлық ғалымдарының пәтуаларында, жайыз емес. Шапағатты, қабір азабын және хафаза періштелерін мойындамау сияқты...

  Құлдардың және әкесі белгілі болмағандардың имамдығы мәкруһ болады. Өйткені бұларда надандығы басым болады. Егер олар білімді болса имамдық жасауларына болады. Екі көзі көр болған кісіде имам бола алады. Бірақ көзі көретін кісілердің имам болғаны абзал. Мұнымен бірге  көздері көрмейтін кісінің имамдығы мәкруһ дегендер де бар. Өйткені бұл кісіде үзір бар киімінің тазалығына байқамауы мүмкін.

 Ерлердің әйелдерге және әлі балиғатқа толмаған балаларға ұйып намаз оқуы жайыз болмағаны сияқты, ақыл есі дұрыс кісінің алжыған кісіге, Құран Кәрім оқи алатын кісінің Құран Кәрім жөнді оқи алмайтын (үмми) кісіге, үммидің тілсізге, киімі таза болғанның киімі лас болғанға, әурет жерлері жабық кісінің әурет жерлері ашық кісіге, үзірі болмаған кісінің үзірі бар кісіге, үзірі бар кісінің басқа үзірі бар кісіге ұюыда жайыз емес. Бірақ үзірлері бірдей болғандардың бір – бірлеріне ұюы жайыз болады.

 Әйелдің әйелдерге имам болуы мәкруһ болумен бірге жайыз болады. Егер әйелдер өз араларында жамағатпен намаз оқитын болса, имам болатын әйел араларында тұрады, олардың алдына өтпейді. Алдына өтуі мәкруһ болады.

 Дәретте аяқтарын жуған кісінің аяқтарына мәсіх тартқан кісіге, дәрет алғанның тәяммүм алған кісіге, тұрып намаз оқитынның отырып намаз оқитын кісіге, бойы тік және тура болған кісінің бүкір кісіге ұюы жайыз болады. соңғы үш ұюдың жайыз болуына Имам Мұхаммед қарсы болған.

  Парыз намаз оқитынның нәпіл намаз оқитынға немесе басқа парыз намаз оқып жатқан кісіге ұюы жайыз емес. Бірақ нәпіл намаз оқитынның парыз намаз оқитынға ұюы жайыз. Мысалы: Песін намазының парызын оқыған кісі, песін намазын оқытып жатқан имамға ұятын болса, бұл екінші рет оқитын намазы нәпіл болуы арқылы жайыз болады.

 Кісінің, дұрыс себептері бола тұра өзін жақтырмайтын жамағатқа имам болуы мәкруһ болады. Бірақ жақтырмайтын жағдай немесе имамдыққа өтетін ыңғайлы кісі болмаса, жамағаттың жақтырмауына қаралмайды. Өйткені мұндай жағдайда жамағаттың жақтырмауы орынсыз болады.

  Мәзхаптарының басқа болуы иқтидаға (ұюға) кедергі емес. Имам болатын кісі, намаздың шарттары мен рүкіндеріне байқауы жеткілікті болады. Былай түсіндірейік: Мұсылмандар фиқһ жөнінен мәзхаптары басқа болсада, негізінде бір болғандары үшін бір – бірлеріне ұюларына болады. Бұл мәселеде ең абзал болғаны әр кімнің өз мәзхап имамына ұюы. Егер бұл болмаса, басқа мәзхаптағы намаздың парыздарына абай болатын имамға ұюы, жалғыз намаз оқығаннан абзал. Сондай – ақ мұсылман кісі өз мәзхабында намазды бұзатын нәрсені осындай имамда болғанын білсе оған ұюы сахих болмайды; Ханәфи мәзхабынан болған кісінің, мұрнынан қан ағып кейін дәрет алмай имам болған Шафиғи мәзхабындағы кісіге ұюы сияқты...

 (Малики және Ханбәлилерде, намаздың сахих болуы үшін шарт болған нәрселерде текқана имамның мәзхабына қаралады, ұйыған кісінің (муқтәдидің) мәзхабына қаралмайды. Сондықтан, Малики немесе Ханбәли мәзхабынан бір кісі, басын толық мәсіх етпеген Шафиғи немесе Ханәфи имамына ұйыса намазы сахих болады. Өйткені мұндай  мәсіх Малики және Ханбәли мәзхаптарында сахих болмасада, Ханәфи және Шафиғи мәзхаптарында сахих болады.)

 Имам болған кісі, жамағатты жиіркендіретін нәрселерден қашуы керек. Имамның қырағатты немесе тәспихтерді жамағатты жалықтыратын дәрежеде созуы дұрыс емес. Мұндай жерлерде сүннеттің ең аз дәрежесімен амал ету керек. Өйткені бұл созу жамағатты жалықтырады, ал бұл мәкруһ болады. Жамағатпен оқылатын намаздың сауабы көбірек болады. Бұл сауаптан басқаларды құр қалдыруға себеп болу дұрыс болмайды. Жамағат созуды қаласа онда мәкруһ болмайды.

 Мұнымен бірге жамағаттың руку және сәжде тәспихтерін және тәшәһһүдті (екі рәкәт арасындағы отырыстарды) сүннет болғанындай орындауға мүмкіншілік бермейтіндей имамның жылдам оқуыда мәкруһ болады. Жамағаттың үлгеруі үшін, имамның рукуді созуыда мәкруһ.

  Имамның өзіне оңай болған аятпен сүрелерді оқуы уәжіп. Әлі жақсы жаттамаған аяттарын оқымауы, жамағаттың көмектесуіне жол бермеуі керек. Былай түсіндірейік: Имам бір аятта жаңылып есіне түсіре алмаса қаралады: Егер сүннет мөлшеріндей немесе намаздың жайыз болатынындай оқыған болса, дереу руку жасайды; жаңылған жерін айтуын жамағаттан күтпеуі керек. Егер мұндай мөлшер оқымаған болса, басқа аятқа өтеді.

 Имамның жамағаттан бір аршын биіктікте немесе төменде тұрып намаз оқытуы мәкруһ болады. Өзімен бірге жамағаттан кейбір кісілер болса мәкруһ болмайды.

 Имаммен мұқтәдидің (имамға ұюшының) орындары негізі бірдей болуы керек. Араларында ұзын дуал болып имамды көруді немесе даусын естуге кедергі болса, ол имамға ұю сахих болмайды.

 Тағыда имаммен муқтәди арасы немесе муқтәдимен алдыңғы сап арасы алыс болса қаралады: Егер намаз мешіттің сыртында оқылып жатқан болса және арадағы алыстық бір сап сиятыннан аз болса, имамға ұю сахих болады. Бірақ ара қашықтық бұл айтқаннан көп болса ұю сахих болмайды. Бірақ намаз мешіттің ішінде оқылып жатқан болса, ара қашықтық қандай болсада имамға ұюға кедергі емес. Мұнымен бірге кейбір ғалымдардың пәтуаларында, Бәйтул – мақдис (Ақса мешіті) сияқты үлкен мешіттерде, саптар толмай мешіттің ұзақ бұрышына барып имамға ұю сахих болмайды.

 Имам жануар үстінде, имамға ұюшы жаяу болса немесе басқа – басқа жануарларға немесе кемелерге мінген болса, орындар басқа – басқа болғандықтан имамға ұю сахих болмайды.

 Тағыда, мешітте немесе басқа бір жерде имаммен мұқтәди арасынан қайық өтетіндей үлкендікте өзен немесе арба өтетіндей кеңдікте саптардан бос жер болса, имамға ұю сахих болмайды.

 Жамағатқа үлгеру үшін жүгіру мәкруһ, құрметсіздік болады. Осы сияқты істерден сақ болу керек.

 

Жамағаттың бірнеше кісіден болуы шарт емес. Бір кісіменде жамағаттың сауабын алуға болады. Имамға ұюшының әйел немесе бала болуы жеткілікті. Сондықтан үйде жанұясымен жамағатпен оқылған намаз жалғыз оқыған намаздан абзал. Бірақ үзір болмай үйде жамағатпен намаз оқып мешітке бармау бидғат және мәкруһ болып саналады. Мешіттерде жамағатпен оқылатын намаздардың дережесі жоғары. (146- шы санға қаралсын.)

 Намазда имамға ұйыған бір кісі болса, имамның оң жағында тұрады. Екі немесе бұдан көп кісі болатын болса, имамның артында тұрады. Мәкруһ болмайтын тұру әдісі осылай. Жамағаттың имамның алдында тұруы жайыз емес. Бұл мәселеде сәжде орнына емес, аяқтарға қаралады. Имамның тобықтары жамағаттың тобықтарының алдына өтуі жеткілікті.

 (Имам Маликтің пәтуасында, жамағаттың имамнан алдын тұруы мәкруһ болсада, намаздың жайыз болуына кедергі емес.)

  Мұқтәди (имамға ұйыған кісі), имамға ұюға ниет  етуі және оқыған парыз намаздары бірдей болуы керек. Сондықтан кісі имамға ұюға ниет етпей оған ұйыса немесе өзі песін намазын оқығысы келіп ал имам екінті намазын оқытып жатқан болса, мұқтәдидің ұюы жайыз болмайды.

 Имамның дауысы жеткілікті болмаса, жамағат ішінен бір кісі ифтитах (намазға бастау) және интиқал (бір рүкіннен екінші рүкінге өтудегі тәкбірлерін) дауысын көтеріп айтады және рукуден тұрғанда “ Раббәна уә ләкәлхамд ” дейді, кейін намаз аяғында дауысын көтеріп сәлем береді. Бұл тәблиғ және жариялау болады. Бірақ тәкбірлер айтылып жатқанда ифтитах және интиқал тәкбірлері болып айтылуы керек, текқана хабарлама үшін емес. Егер алғашқы тәкбірмен намазға бастауға ниет етілмесе, бұл тәкбірді алған намазға бастаған болмайды. Қалғандары да тәспих, тахмид және интиқал тәкбірлері болып айтылмаса, сауаптан құр қалуды керектіреді. Имамның дауысы жететін болса ара тәкпірлерге қажет жоқ, ол кезде ара тәкпірлерді айту мәкруһ болады. Бұған азаншы болғандар абай болулары керек.

 Имам алғашқы сәлемді екіншіден көтеріңкі дауыспен айтады, бұл имам үшін сүннет. Өйткені көтеріңкі дауыспен айтылуы жамағатқа жариялау болады. Бұл жариялауға бірінші сәлемде көптеу қажеттілік бар.

  Имам сәлем бергеннен кейін, мұқтәдиде тәшәһһүдін бітірген болса сәлем береді. Салат – Сәлем және дұғаны бітіру үшін сәлемді кешіктірмейді. Тәшәһһүдті бітірмей сәлем беруіде жайыз болады.

  Имам намаздан кейін екі жағына сәлем бергенде “ Аләйкум ” сөзімен Хафаза періштелерімен бүкіл жамағатты ниет етеді. Жамағаттың әр біреуіде оң жағына сәлем берген де оң жағындағы періштелермен жамағатты және имам егер оң жағында болса немесе турайында болса имамғада ниет етеді. Сол жағына сәлем бергенде сол жақтағы періштелермен жамағатты және имам сол жағында болса имамғада ниет етіп соларға сәлем берген болады. Жеке басымен намаз оқитындар бұл сәлемдерде Хафаза періштелеріне ниет етеді.

 Жамағат сәлемнен кейін: “ Аллаһүммә әнтәссәламү уә минкәссәләм тәбәрактә я зәлжәлали уәл икрам ” сөйлемі оқылғанға дейін орындарынан тұрмайды, Кейін орындарынан тұрып сүннетті немесе дұғаны басқа ыңғайлы жерде тәмамдайды. Бұдан көп орындарында отырулары мәкруһ болады. Парыздан кейін сапты бұзу мүстәхап болады. Осылай жасау арқылы кейін келгендер намаздың біткенін түсінеді.

 

Имам сәлем бергеннен кейін қаралады: Егер намаз аяқталған болса, имам еркін болады. Қаласа оң жағына, қаласа сол жағына бұрылады. Осылайша қыбланы оң немесе сол жағына алып отырады. Қаласа шығып жұмысын жалғастырады. Егер алдында намаз оқып жатқан кісі болмаса, қалағанындай жамағатқа бұрылады. Намаз оқып жатқан кісіге бетпе – бет отырмайды; өйткені бұл іс мәкруһ болады. Бірақ намаз бітпей оқылатын сүннет бар болса, имам “ Аллаһүммә әнтәссәламү уә минкәссәлам ” делінгенге дейін орнында отырады, кейін тұрады және оң, сол, алға немесе артқа қарай жылжып сүннет намазын оқиды. Егер басқа ісі жоқ болса бұл сүннетті барып үйінде оқуына болады. Өйткені сүннеттердің үйде оқылуы абзал. Бірақ жамағат имам жайлы қате ойлайтын болса, сүннеттерді үйге бармай оқуы керек.

  Жалғыз намаз оқитындарға келсек, бұлар парыз намаздарын оқыған жерлерінде тұрып сүннеттерін оқи алады. Мұнымен бірге нәпіл намаздарын басқа бір жерде оқығандары абзал.

 Жамағат, қиям, руку, сәжде сияқты жасалуы керек  болған рүкіндер де, Субһанәкә мен Тәспихтер және Тәһият сияқты дұға және зікірлерде имамға ұйып осыларды орындайды. Бірақ сөзбен жасалуы керек болған қырағат рүкінінде имамға ұйымайды, имамның дауыстап оқыған Құран Кәрімін тыңдайды.

 Бұл Имам Ағзаммен Имам Әбу Юсуфтың пәтуасы. Бұл екі имамның айтуында, дауыстап оқылатын намаздарда жамағаттың оқуы тәхримән  мәкруһ болғаны сияқты, жасырын дауыспен оқылатын намаздарда да жамағаттың оқуы мәкруһ болады. Имам жамағатқа басшысы. Сондықтан имамның оқуы, жамағаттың да оқуы деген сөз. Сондай – ақ бір хадис шәріпте былай делінген:

 “Кімнің имамы бар болса, имамның оқуы сол кісінің де оқуы болып саналады.” Бірақ имам Мұхаммед, жасырын дауыспен оқылатын намаздарда жамағаттыңда оқуын жөн көрген.

 (Имам Маликтің пәтуасында, жасырын дауыспен Құран Кәрім оқылатын намаздар да мұқтәди (имамға ұюшы) да жасырын дауыспен оқиды; бұл әдемі көрілген. Имам Ахметтің пәтуасында, қырағат жасырын оқылатын намаздар да мұқтәдиде жасырын оқиды. Бұдан басқа жамағаттан біреуі имамның дауыстап оқыған қырағатын есітпесе олда қырағат жасайды; бұл уәжіп. Бірақ есітсе, оқуы жайыз болмайды, имамды тыңдауы керек. Имам Шафиғидің пәтуасында, жасырын қырағат жасалатын намаздарда мұқтәди, Фатихадан басқа аяттарды оқиды. Дауыстап қырағат жасалатын намаздар да болса, егер рәкәтты өткізіп алмайтын болса текқана Фатиханы жасырын оқиды.)

 Имам намазға бастау үшін тәкбір алғанда қолдарын жоғары көтермесе, Субһанәкәні оқымаса, руку және сәжде текбірлерін айтпаса және осы жерлердегі тәспихтерді айтпаса, “ Сәмиаллаһу лимән хамидәһ ” деуді, тәһиятты және сәлемді тәрк етсе немесе  тәшриқ тәкбірін айтпаса, жамағат бұларды жасайды. Бұл тоғыз нәрседе жамағат имамға ұйымайды.

 Имам Мұхаммедтің пәтуасында имам, “ Субһанәкәні ” оқымай Фатиханы оқығаннан кейін сүреге бастаса, жамағатта  “ Субханәкәні ” оқымайды.

 Имам құнұт дұғасын, айт намазының тәкбірлерін, бірінші отырысты, тилауат сәждесін, сәһу сәждесін тәрк еткен болса, жамағатта тәрк етеді. Имам бір сәжде көбірақ жасаса немесе айт намазының тәкбірлерін асхаб кирамнан риуаят етілген мөлшерден көп алса немесе жаназа намазында төрттен көп тәкбір келтірсе немесе жаңылып бесінші рәкәтқа тұрса, жамағат бұл істерде имамға ұйымайды. Имам бесінші рәкәтқа тұрған кезде қаралады: Егер имам төртінші рәкәттан кейін отырған болса, жамағат отырып күтеді. Имам дереу қайтып тәшәһһүдті қайталамай сәлем берсе, жамағатта имаммен бірге сәлем береді. Бірақ имам тұрған  бесінші рәкәты үшін сәжде еткен болса, жамағат өз басымен сәлем беріп намаздан шығады. Егер имам төртінші рәкәттан кейін отырмаған болса, жамағат және күтеді. Егер имам дереу қиямнан қағдаға қайтып одан кейін сәлем берсе, жамағатта онымен бірге сәлем береді. Бірақ имам бесінші рәкәтта сәжде жасаса, барлығының намазы бұзылған болады. Мұндай жағдайда жамағаттың жеке өздері тәшәһһүдті жасап сәлем берулері жеткілікті болмайды.

 Үтір намазында, жамағат әлі Құнұт дұғасын бітірмей жатып имам рукуге кетсе, жамағатта кетеді. Бірақ жамағат Құнұт дұғасынан еш нәрсе оқымаған болса, имамға рукуде үлгеретіндей дәрежеде оқиды.

 Имам (үтірде) Құнұт дұғасын ұмытып рукуге кетсе, жамағат имамға ұйымаса кейін имам басын көтеріп Құнұт дұғасын оқып рукуге кетсе сол кезде жамағат имамға ұйыса жамағаттың намазы бұзылады.

 Жамағатпен оқылатын намаздарда саптардың түзу болуына, араларында ашық жер қалмауына көңіл бөлу керек. Имам болатын кісіде бұған көңіл бөліп жамағатты ескертеді. Саптардың ең абзалы бірінші сап. Кейін кезегімен артқа қарай абзалдық азая түседі. Имамға жақын тұрудың абзалдылығы ерекше көп.

 Жамағаттан біреуінің саптардың арқасында жеке басы имамға ұюы мәкруһ болады. Бірақ саптар арасында тұратын жер болмаса ол кезде мәкруһ болмайды.

Имамға рукуде үлгерген кісі, имамға ұю үшін бірінші сапқа баратын болса рәкәтты өткізуден қорықса, соңғы сапқа тұрып имамға ұяды, саптардың ішіне кірмей жеке өзі бөлек тұрмайды; рәкәтты өткізіп алатын болсада

Намаз оқып жатқан кісінің алдынан өту мәкруһ. Бірақ алдында перде, ағаш, тірек сияқты кедергілер болса мәкруһ болмайды. Бұл мәкруһ болу, қырда (қала сыртында), үлкен мешіттерде намаз оқушының сәжде ететін жерінен өткен кезде ғана болады. Өйткені мұндай кең үлкен алаңдарда намаз оқып жатқан кісінің алдынан өту қиын. Үйлерде және кіші мешіттерде, намаз оқып жатқан кісінің алдынан өту міндетті түрде мәкруһ болады.

 Имамның алдындағы сүтре (дуал сияқты кедергі), жамағат үшінде жеткілікті болады. Алдын  бұл жайлы айтылған еді.

Жоғарыда немесе төменде намаз оқып жатқан кісінің алдынан өтілген кезде қаралады: Егер өткен кісімен намаз оқып жатқан кісінің мүшелері бір – біріне қарама қарсы келетін болса өткен кісі күнә жасаған болады; егер бұлай болмаса күнә болмайды. Мұнымен бірге ешқашан намаз бұзылмайды.

 Бір пәтуада, алдынан өткен кісінің белден төменгі жағы, намаз оқушының белден жоғарғы жағына тура келетін болса тағыда мәкруһ болады; жерде намаз оқып жатқан кісінің алдынан атқа мінген кісінің өтуі сияқты...

 Имам дәретсіз намаз оқытқанын жамағат тарағаннан кейін білсе, мүмкіншілігінше мұны жамағатқа естіртуі керек. Басқа пәтуада да, жамағатқа естірту қажет емес.

  Имамның алыс туысын көру үшін, қажеттілік немесе демалу үшін жылда бір аптадай имамдық міндетін кешіктіруі әдет және шариғат бойынша ақысы.

 Үзір болмағанынша жамағатқа жалғастыруы қажет. Жалғастырмауды мубах қылатын үзірлер, тәяммүмді мубах қылатын аурулар болып табылады. Сал төсек болу, жүре алмайтындай кәрі болу, көр болу, жазықсыз қастандыққа ұшыраудан қорқу, қатты жаңбыр және лай болу, суық және қараңғы болу, қызмет жасауға мәжбүр болғаны және кеткен кезінде қиыншылық көретін ауруы болса және сапарға дайындалу сияқты себептер. Дін ғылымдарымен шұғылданып кітап жазу, фиқһ үйреніп үйретуде осы үзірлерге кіреді. Мұнымен бірге осындай себептермен әрқашан жамағатға қатыспауыда дұрыс емес.

Тек қана жалқаулық себебімен жамағатқа қатыспайтын кісі, жазаға тартылады, куәлігі қабыл алынбайды. Имам бидғатшы болғаны үшін жамағатқа қатыспайтын кісі, жазаға тартылмайды. Жамағатқа жалғастырғысы келіп, бірақ үзірі себебімен жамағатқа қатыса алмай жүрген кісі, ниетіне қарай жамағат сауабын алады



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!