Материалдар / Имандылық- тәрбие негізі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Имандылық- тәрбие негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты.Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2019
3135
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Имандылық- тәрбие негізі»

Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіру. «Иман» сөзінің нақты мағынасын түсіндіру.Жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, ислам діні , имандылық туралы көзқарастарын дұрыс қалыптастыру. Имандылыққа , рухани тазалыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: Қанатты сөздер, плакаттар ,суреттер.Мұғалім сөзі:Құрметті Ұстаздар, оқушылар және ата- аналар! Рахымды АЛЛАНЫҢ атымен бастаймын. Атам қазақ қай кезде де бала тәрбиесіне жауаптылықпен қараған. Баланы тәрбиелеудегі мақсат – оны жан - жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп шығару. Осы орайда, Ислам дінінің кемел тәрбиеге қосар үлесі зор.Тәрбие - арабтың сөзі «көктету, өсіру, жетілдіру» деген мағынаны білдіреді. Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат»деген нақыл сөз бар.Иманды адам - сабырлы,мейірімді, әдепті ,қамқоршы,төзімді,шыншыл, отансүйгіш,арлы болуы керек.Мұсылмандық дүние таным бойынша имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады.Имандылыққа қарама - қарсы сипат имансыздық.Дін дегеніміз сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр, Сонымен қатар ол жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым.Дін — адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы, философия және ғылыми ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты белгісі — адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау.Ислам – «Ислам» сөзі «бейбітшілік», Алланың заңдарына «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі. Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіреді. Дүние жүзін дүр сілкіндіріп желдей есіп тез тараған Мұхаммед Пайғамбарымыз негізгі қалаған Ислам діні. Ислам дінінің негіздерін үйрену, оқу, меңгеру, өйткені адамзатқа жаратушысын танытып шынайы бақытқа жеткізетін дін-Ислам діні. Ислам 3 негізден тұрадыИСЛАМ ИМАН Исламның 5 тұғыры Иманның 6 шарты 1. Алла Тағала мен 1. Аллаға иман Пайғамбар Мұхаммадке (с.ғ.с.) 2. Періштелерге иманиман келтіру 3. Пайғамбарларға иман2. Намаз оқу 4. Кітаптарға иман3. Ораза ұстау 5. Ахиретке иман4. Зекет беру 6. Тағдырға иман5. Қажылыққа бару

Алланы көріп тұрғандайқұлшылық етуің: сен Оныкөрмесең де, Ол сені көредіЖиғаныңа сенбе-иманыңа сен.Иманды адам – арлы адам, Имансыз адам- сорлы адам.Үстіңнің кірін – сабын кетіреді,Жаныңның кірін – иман кетіреді.«Имандылық қастерлі қасиет»«Имандылық – инабаттылық айнасы»«Имандылық – ізгілік негізі»1.Алланың жазуына шүкіршілік;2. Алла тағалаға шын пейілмен сенушілік;3. Барлық істе де Аллаға жүгінушілік;4. Сана сезіміңе кереғар нәрсеге шыдамдылық.Біздің мойындайтын дініміз-Ислам діні. Ислам сөзінің мағынасы мойынсыну, бағыну,амандықгы бейбітшілікте болу, яғни бір ауыз сөзбен айтқанда түтастай бейбіт өмір салтын білдіреді. Ислам-бейбітшілікпен қамқорлық діні. Бүл дін ғылым мен білімді үйреніп адал жолмен күн көруді қүлшылық деп санайды, яғни имандылыққа тәрбиелейді. Ислам дінінің негізгі бес парызы бар. Олар: 1. Иман. 2. Намаз. 3. Ораза. 4. Зекет. 5. Қажылық.Оқушы: Күн келеді көмектеспес жиғанын,Ара түсер терген иманың.Парыздарды жас кезінен өте де,Сауапты істен өз - өзіңді тыймағын!Алла сөзі, ұмтыл Кәрім Құранға.Оны оқысаң, келер сабыр, шыдам да.Міндеттерін орындаған мүміндерАллаға әркез жағар, болар ұнамда.Жақсы сөйлеп, ойлан әсем тілектен.Амал жасап, шын ниетпен, жүрекпен.Дін туралы айтар болсақ, осы орай,Ислам діні құралған бес тіректен.Иманды-баға жетпес нұрға бала, Ақылды адам одан құр қала ма? Дүниені әркімдерге берген Раббым,Дінді берер тек сұйген құлға ғана. Мұсылмандық қағидалар:Иманның басы – сенім,Иманның тәні – намаз,Иманның жүрегі – құран.Иманның көрінісі – ықылас.Иманның сөзі – Аллаға тілекИманның нұры – шындық.Иманның дәмі – тазалық, пәктікИманның жемісі – ораза.Иманның шипасы – ар, ұятСөз сөйлеу әдебі1. Үлкен кісінің сөзін бөлме. Екі адам арасында әңгіме тасыма, бір - біріне шағыстырма.2. Сыр сақтай біл. Әуелі амандаспай тұрып сөз бастама.3. Дөрекі сөйлеме, тілді балағат сөздерге үйретпе. Біреудің көңіліне жара салма.4. Сыпайы сөйле, өзің жақсы білмейтін жайтты сөз етпе.5. Айтқан уәдеңде тұр, өтіріктен аулақ бол.Мұғалім: «Түзу бастап,ақ жолды кесе көрме, Иман тонын үстіңнен шеше көрме»-деп түрік ғұламасы Жүсіп Баласағұн айтқандай Алла жолында түзу жүріп,бойымыздан иманымыз кетпесін.Әрдайым имандылық жанымызға серік болсын деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.Сіздерге Алланың нұры жауып,шапағаты тисін! Қош сау болыныздар.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!