Материалдар / Иммунитет: жас кезеңіндегі ерекшеліктері, нығайту жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Иммунитет: жас кезеңіндегі ерекшеліктері, нығайту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада иммунитет туралы жалпы түсінік, нығайту жолдары туралы жазылған. Материалды биология , физиология пәндерінде, сабақтан тыс шараларда пайдалануға болады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Иммунитет: жас кезеңіндегі ерекшеліктері, нығайту жолдары

Студент: Бисенбаева Зарина Сериковна, Нуретова Дана Махаббатовна

Жетекші: Таржманова Мейрамгул Талаповна, Байғазиева Мира Қайдаровна

«Батыс Қазақстан Жоғарғы медициналық колледжі» ШЖҚ МКК, Орал қаласы


Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазіргі уақытта жастармен қатар егде жастағы адамдардың да иммунитеттері төмен дәрежеде екендігі баршаға мәлім. Олардың негізгі себептеріне: стресс, жүктеменің көптігі, дұрыс тамақтанбау, яғни фаст-фуд өнімдерін көптеп тұтыну, аллергиялық ауруларға жиі шалдығу, физикалық белсенділіктің төмендігі, ұйқының бұзылысы, зиянды заттарды тұтыну, экологиялық факторлардың әсері болып табылады. Осыған орай, біз, зерттеуші топ Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің білім алушыларының арасындағы иммундық жағдайы және оны нығайту жөніндегі өзекті мәселелерді қарастырдық.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

-БҚЖМК 1 курс білім алушыларын ақпараттарды іздену, талдау, шешім шығару, қорытындылауға, коммуникативтік дағдыларды дамытуға үйрету;

-адамның өмір сүру кезеңінде иммунитеттің қалай өзгеретіндігі жөнінде түсіну;

-иммунитетті көтерудің жолдарын түсіндіру;

-иммунитетке зиян келтіретін факторлардың алдын алу және алдын алу шараларын студенттерге насихаттау;

-БҚЖМК 1 курс білім алушыларының иммундық жүйесіне зерттеу жүргізу;

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы:

Тұрақты иммунитет қалыптастыру үшін, адам дәрумендер мен дұрыс тамақ өнімдерін қабылдау және салауатты өмір салтын ұстану арқылы көздеген мақсатына жете алады. Жүргізілген зерттеу жұмыс нәтижелері иммунитет төмендеуінің алдын алуға, ағзаға әкелер пайдасын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу материалдарын оқу орындарында да, емдеу-сауықтыру орталықтарында да пайдалануға болады. Зерттеу жұмысының барысында алған білімдер көптеген аурулардың пайда болу себептерін, даму механизмін, таралу жолдарын, клиникалық белгілерін, емдеу жолдарын түсінуге мүмкіндік береді. Студенттердің зерттеу қорытындысынан алған білімдері болашақта өз жұмысындағы халық арасында санитарлық-ағарту шараларын (бір жасқа дейін емізу, шылым шегу зияны, дұрыс тамақтану туралы) жүргізуде көмегін тигізеді.

Кіріспе

Гимнастика, дене жаттығулары,жүру - жұмыс істеу қабілетін, денсаулығын, кемел қуанышты өмірін сақтағысы келген əр адамның күнделікті тұрмысына берік енуге тиіс.
Гиппократ

Гиппократ”, «Рефлекс» үйірмелері мүшелерінің 2018 - 2019 оқу жылындағы зерттеу жұмыстары иммунитет тақырыбына арналған болатын.Иммунитет өте қүрделі, толық ашылмаған сала. Алғашқыда иммунитет бұрыннан көпшілікке таныс ұғым болса да, бұл жұмыстың маңыздылығы аса байқалмады. Бірақ иммунитет теориясын тереңдете келе зерттегенде, әсіресе 1 курс білім алушылары үшін ең өзекті мәселе екені айқындалды. Себебі ұйым мүшелерінің осы тақырып аясында өткізген сауалнама негізінде, студенттер арасында иммунитет түсінігін тереңінен қалыптастыру және оның түрлерімен таныстыру керектігі айқындалды.

Иммунитеттің түрлері: табиғи( туа пайда болған: анадан балаға беріледі, адамдар туылғаннан қандарында антидене болады және жүре пайда болған: қанға бөгде ақуыздардың түсуінен пайда болады,мысалы,жұқпалы ауруды жұқтырғаннан кейін(шешек, қызылша және т.б.)) және жасанды (активті: екпе жасағаннан кейін пайда болады(ағзаға жұқпалы аурудың әлсіреген және өлген қоздырғыштарды енгізгенде) және пассивті (құрамында қажетті антиденесі бар емдік сарысулардың әсерінен пайда болады). Ауырған жануарлар мен адамдардың қан плазмасынан алынады.)

Адам өміріндегі иммундық жүйенің маңыздылығы

Иммунитет (латын сөзінен immunitas- бір нәрседен айырылу, құтылу)-организмге сырттан келіп түсетін және организмнің ішінде түзілетін генетикалық бөтендігі бар заттардың әсерінен оның құрылымды және қызметтік тұтастығын сақтап қалуға бағытталған ағзаның кешенді реакциялар жиынтығымен сипатталады. Иммунды жүйе бөтен антигендік заттарды тауып залалсыздандыратын иммунды бақылау қызметін атқарады.

Адамның иммундық жүйесі орталық мүшелері бұл айырша без, сүйек кемігі, таңдай миндалиналар, лимфатикалық түйіндер. Бұл органдар инфекциялармен күресу үшін иммундық денелер бөліп шығарады.Иммунитеттің төмендеу себептерінің бірі бұл иммундық мүшелерінің жас ұлғайған сайын кері дамуы(инволюция); дұрыс тамақтанбау –бұған шамадан тыс тамақтану, зиянды тағамдарды жиі тұтыну (фастфуд, газдалған сусындар, консерванттар), қатаң диеталар- аштығу,тамақ рационында жеміс-жидектердің, көкөністер мен дәрумендердің жетіспеушілігі; антибиотиктерді негізсіз қолдану; қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі нәтижесінде гиподинамияның пайда болуы; адамның күнделікті улы затармен (автокөлік және өндірістік қалдықтармен) демалатын лас аймақта өмір сүруі, тұрмыстық химиялық заттардың әсері (дезодаранттар, ауа тазартқыш,жуғыш заттар).

Зерттеу жұмыс барысы

Әртүрлі жас аралығындағы адамдардың иммунды жүйесінде өзгерістер болатындықтан, біз 3 жас кезеңдері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргіздік: I) 2 - 3 жас, II) 17 - 18 жас,III) 40 – 42 жас.Зерттеу жұмысын орындау үшін көптеген ғылыми әдебиеттер мен мақалалар жинақталып, талданды, өңделді .Сонымен қатар, иммунды жүйеге қандай мүшелер жауап беретіндігі жөнінде, иммунитеттің қалыптасуы және оның түрлерін, иммунитеттің адам өмірінің әртүрлі кезеңінде қалай өзгеретіндігімен танысу мақсатында плакаттар ,атластар, муляждармен жұмыстандық.

I кезең. 2-3 жас аралығындағы зерттеу жұмыстары

6 айға дейінгі сәбилер иммунитеті ұрықтық дамуда қан арқылы қабылдаған анасының иммуноглобулиндерімен тікелей байланысты, сол себепті 6 айға дейінгі сәби жақсы күтімде ауырмайды. 6 айдан соң анасынан берілетін иммунитет әлсірейді, сондықтан осы кезеңде ең басты ана сүтімен қоректендіру қажет. Бала ана сүті арқылы инфекцияға қарсы антидене қабылдайды. 2- 3 жастағы баланың табиғи анадан берілген иммунитеті төмендей бастайды. Бұл жаста бала қоршаған ортамен белсенді қарым – қатынаста болады, сол себепті, респираторлық инфекциялар өте жиі кездеседі. Баланың осы жаста жедел респираторлық аурулармен жылына 8 – 10 рет – бұл қалыпты жағдай. Себебі олар баланың ағзасында жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет қалыптастырады. Тек, бұл аурулар емдеу жолында антибиотикттарды негізсіз қолдану иммунитетке зиянды болып табылыады 2-3 жас аралығындағы балалардың зерттеу жұмыстары бойынша зерттеу тобының 27 студенттерінің амбулаторлық кітапшалары қаралды. Бұл жастағы балалар, көбінесе жедел респираторлық аурулармен ауратыны белгілі болды.

2-3 жас аралығындағы балалардың зерттеу жұмыстары бойынша зерттеу тобының 27 студенттерінің амбулаторлық кітапшалары қаралды. Бұл жастағы балалар, көбінесе жедел респираторлық аурулармен ауратыны белгілі болды.

II кезең.17-18 жас аралығындағы 1 курс студенттеріне арналған зерттеу жұмыстары

Бұл топтағы зерттеу жұмысы келесі сатыларға бөлінді:

1. Сауылнама жүргізу.

2. №47,№10 мектептерде, өз колледжімізде оқушылармен, студенттерге иммунитет туралы әзірлеген презентацияны көрсету, иммунитетің көтеру жолдарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Буклеттер тарату. Мобилді қосымша «Рационалды тамақтану» оқушылардың смартфондарына еңгізу.

3. №6 емханада студенттер әзірлеген иммунитет туралы видеофильм пациенттерге көрсетілді

4. Зерттеуші тобының денсаулықтарын анықтау. Иммунитетті көтеру жолдарымен таныстыру

17-18 жастағы адамдарда иммунитеттің белсенділігі жас улкейгенсайын төмендиді, себебі айырша бездің салмағы азая бастайды. Бұл жастағы иммунитеттің төмендеуі себептері: ұзақ мерзімді күйзеліс (ҰБТ дайындалу, оқуға түсу), тамақтанудың сапасының өзгеруі, жеміс жидектердің аз пайдалануы, гиподинамия.

1. Зерттеу жұмысы барысында Батыс Қазақстан Жоғары Медициналық Колледжінің «Мі»-11, «Мі»-15, «Мі»-19 топ студенттеріне сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан студенттерге қойылған сұрақтар тізімі: «Жылына 4 реттен көп ауырасызба ?», «Сіздің ұйқыңыз тынышпа? », «Сізде жиі әлсіреу болып тұрама?», «Сіз демалысты таза ауада өткізесізбе?», «Ертемен жаттығулар жасайсызба?», «Антибиотиктерді жиі қолданасызба?», «Стресстен зардап шегесізбе?», «Ауруды тез қабылдайсызба?», «Сіз газдалған сусындарды көп тұтынасызба?», «Жеміс-жидек пен көкөністі жиі қабылдайсызба?».

Сауалнама қорытындысы бойынша білім алушылардың 4,5% жылына 4 реттен көп ауыратындығы, 2,3% ұйқы тынышсыздығы, 3,8% жиі әлсіреу болатындығы, 2,1% демалысты таза ауада өткізетіндігі,2,4% ертемен жаттығу жасайтындығы , 1,5% антибиотикті жиі қолданатындығы , 3,6% стресстен зардап шегетіндігі ,2% ауруды тез қабылдайтындығы , 4% газдалған сусындарды тұтынатындығы белгілі болды. Бұл жағдайлардың барлығы иммунитеттің төмендеуіне әсер етеді.

1 курс студентеріне смартфондарына «Рационалды тамақтану» мобилдік программма еңгізілді, оның қажеттілігі тамақтану кезінде тағамдардың құрамын ашып, қай ауруға қандай тамақ ішу керек екендігін көрсетіп турады.

2. №47, №10 мектеп оқушыларға иммунитет туралы информация берілді. Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі 1 курс білім алушыларына иммундық жүйе, иммунитетті қалай көтеру керек екендігі және не себепті төмендейтіндігі жөнінде толығырақ мағұлмат беру үшін ашық бүктеме жинақтар құрастырылып, оқушыларға таратылды.

3. Зерттеуші тобының денсаулықтарын анықтау. Иммунитетті көтеру жолдарымен таныстыру

Зерттеуші тобы: «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 27 студенттердің денсауғын тексеру үшін диспансерлік бақылауға алынған оқушылардің тізімі құрастырылды.

Диаграмма бойынша 1 курс оқушылары арасында ең жие таралған патологияның бірі, бұл миопия, оның себебі көру мүшесіне түсетін жүктеменің артуы, екінші орында – нейроциркуляторлық дистония, яғни тамырлардың тонусының тұрақты болмауы, сол себептен оқушылардың арасында талу, құрысу синдромы жие байқалады, үшінші орында – анемия, бұл тамақтану мәселесі болып табылады.


4. Иммунитетті көтеретін дәрі-дәрмек, витаминдер туралы толық ақпарат алу үшін уйірме мүшелерімен қалалық дәріханаларға бардық. Дәріханашы бізге «Алфавит», «Ундевит», «Қызылкүрең шәрбаты», «Иммунорм», «Эхинация» дәрілерін қабылдауға кеңес берді. Зерттеу жұмысы кезінде иммунитетті көтеру және дәрілердің қаншалықты әсер ететіндігін тексеру үшін дәріханадан «Қызылкүрең шәрбаты» және «Эхинацея» дәрілерін қолжетімді бағаға сатып алдық. Зерттелуші топ аталған дәрілерді желтоқсан айында 3 апта бойы белгіленген уақытында қабылдады.

III кезең 40 - 42 жас аралығындағы адамдардың денсаулығын зерттеу жұмыстары.

Зерттеуші топтын ата- аналарының (48 адам) денсаулығының жағдайын сұрақ қою, анамнез жинау, сұхбаттасу әдістермен жүргізілді. Зерттеу жұмысы нәтижесінде бұл жастағы адамдардың жақсы өмір сұруге бірінші орында гипертониялық ауру, содан кейін аллергиялық аурулар, және асқорыту жүйесінің аурулары кедергі болады. Гипертония ауруының жие кездесетіні ол, біріншеден стресстік жағдайлар (психологиялық , тұрмыстық мәселелер), екіншіден тұздарды көп мөлшерде пайдалану. Екінші орында , бұл аллергия. Аллергия, қазырғы заманда тез тарапжатқан , адамдардың жақсы өмір сұруге кедергі әкелетін дерт. Аллергия бұл- кез-келген факторға иммундық жүйенің шамадан тыс агрессивті реакциясы.Бұл аурулардың пайда болу себептеріне бірінші орында ұзақ уақыттағы күйзеліс, стресс, тұрмыстық химиялық заттардың көп пайдалануы, рационалды тамақтанбау, зиянды әдеттерінің көп болуы. Бұл ауруларды зерттеген ғалымдардың айтуынша даму деңгейі төмен елдерде, тұрмыстық жағдай нашар стерилді болатын үлкен және аз қамтылған отбасыларда аллергиялық аурулар сирек кездеседі.

Қорытынды

Баланы 6 айға дейін трансплацентарлық иммунитет қорғап тұрады. 1 жасқа дейін иммундық денелер ана сүтімен беріледі.

Инфекцияға қарсы иммунитет 2-3 жаста қалыптасады. Өте маңызды: осы жаста тыныс жолдары ауруларын емдеуде антибиотиктерді негізсіз пайдалануға болмайды.17-18 жастағы жасөспірімдерде инфекцияларғы қарсы иммунитет тұрақталады, вирустық аурулар сирек кездеседі, бұл жастағы патологиялары, бұл: миопия, талу, құрысу синдромы, анемия жие кездесетін себептерге: тұрмыстық жағдайы, азық –түлік сапасының өзгеруі, стресс, гиподинамия болып табылады.Көру органына жүктеме түскенде, ақыл-ой белсенділігі артқанда, стрессті жағдай орын алғанда, реттелген күн тәртібін сақтау керек, ақыл-ой жүктемесін физикалық жүктемемен кезектестіру, тамақтану, белок, май, көмірсуларды күнделікті қажеттіліктерге сай тұтынып, су ішу керек.

Пайдалы кеңестер

1.Стресстен шығуды үйреніңіз.

2.Адамдар ренжітуге немесе ренжуге болмайды.

3. Күлкі иммундық жүйенің қорғаушысы.

4.Протеин – имундық жасушалар үшін құырылс материалы.

5.Толық иммуномодуляторлар: бал, лимон, сарымсақ, желкек.

Пайдаланылған әдебиттер:

1.Жалпы иммунология. Шортанбаева Ә.Ә., Қожанова С.В., Алматы 2008ж.

2.Иммунитет,аллергия, кортикостероидтар., Беклемишев Н.Д., Сатыбалдиева Ж.А., Алматы 1998 ж.

3.Иммунология.,Хаитов Р.М., Игнатьева Г.А. Сидорович И.Г. Учебник. – М.:Медициа,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!