Материалдар / Информатика оқытуда компьютерлік тестілеуді ұйымдастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Информатика оқытуда компьютерлік тестілеуді ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2019
886
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы, Ескелді ауданы, «Ескелді ауданы әкімдігінің Жалғызағаш орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Информатика пәнінің мұғалімі: Мырзакулова Меруерт Турсынбайқызы

11 сынып оқушысы Қайрат Гүлзайра

Информатика оқытуда компьютерлік тестілеуді ұйымдастыру

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты, білімі қажет. Білім беру жүйесінде компьютерді пайдалану арнайы қарауды талап ететін  мәселе. Атап айтқанда,автоматтандырылған оқыту жүйелері компьютерлік технологиялардың үздік жетістіктерін өзіне қабылдап, тек білім беру мекемелеріне ғана мәлім болмай, сонымен қатар  өнеркәсіп кадрларын даярлауда, әр түрлі әлеуметтік салаларда, әскери істерде және т.б. кеңінен  қолданылуда.

Білім алу - көп қырлы процесс, ал білімді бақылау – оның тек бір жағы ғана. Алайда, дәл сол арқылы компьютерлік технология мүмкіндігінше алдыға жылжыды, оның ішінде тестілеу жетекші рөлге ие болды. Көп елдерде, тестілеу жүйесі бақылаудың дәстүрлі түрлері - ауызша және жазбаша емтихандар мен сұхбаттасуды ығыстырып шығарды.

Шамасы, көптеген оқытушылар тест құру кезінде кейбір қайшылықтарды бастан кешіріп, оның қарапайым мәселе еместігін түсінген тәрізді. Жүйесіз әр жерден жұлып алған сұрақтар мен жауаптар тест емес екені сөзсіз. Тиімді және дәлме-дәл тест құру көп еңбек етуді қажет етеді. Осы істе компьютердің тигізер көмегі аз емес.

Компьютер тестері үшін сенімділік, салмақтылық, матрица жабу және т.б. сияқты тұжырымдамаларға сүйенетін өзгеше емес дәлме-дәл компьютерге арналған арнайы тестілеу теориясы бар. Бұнда біз оған, негізінен технологиялық аспектілерге назар аударып терең үңілмейміз.

Қазіргі уақытта педагогикалық құралдар: оқыту бағдарламалары, электрондық оқулықтар, компьютерлік тестерді жасау бойынша аспаптық авторлық жүйе кеңінен таралған. Мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін компьютерлік тестер жасайтын - тест қабықшасы бағдарламаларын құру мәселесі өзектілігін жоғалтқан жоқ. Мұндай бағдарламалық құралдар да, авторлық жүйе деп аталатын жаңа түрлерін құрастыруға дайын әзірлеуші-бағдарламашылар өте көп.

Алайда, бұл кең таралған бағдарламалық құралдар қабықшаларды керекті материалдармен толықтыруға қажетті тест тапсырмаларының қарапайым әдістемесінің жоқтығы әсерінен тежеледі. Біздің жұмысымызда компьютерлік тесттерді өңдеудің кейбір тәсілдері ұсынылады.

Білім моделін жобалау бойынша сарапшылар көбінесе білімнің жоғарыдан-төмен жобалау моделін, яғни «жоғарыдан төмен технологиясын пайдаланады. Бастапқыда, пәндік саланың ұлғайтылған модульдерге (тарауларға) бөлінген бастапқы мазмұны құрылады. Содан кейін, модульдерді, кіші модульдерге бөлу жүргізіліп, өз кезегінде, педагогикалық мазмұнмен толықтырылады.

Жобалаудың келесі «төменнен-жоғарыға» немесе жекеден жалпыға әдісі көп жағдайларда күрделіжәне ауқымды пән салаларының, немесе құрылымы мен мазмұны бойынша ұқсас бірнеше моделдіжасау сарапшылар тобымен жүзеге асады.

Әрбір модуль басқа модульдер мен пәндік салаларға қажетті ұғымдардың жиынтығынан тұратын кіріс ақпаратты қамтиды, ал шығарарда бұл модульде сипатталған жаңа ұғымдарды, білім жинағын жасайды.

Модуль ішкі модульдерден тұруы мүмкін. Білімнің бөлінбейтін элементі болып табылатын қарапайым ішкі модуль - білімдер қоры , ақпараттық модель түрінде ұсынылуы мүмкін. Ұғымдар және олардың арасындағы байланыс семантикалық графты білдіреді.

Білімді модуль түрінде ұсыну :

• компьютерлік тестілеу көмегімен нақты бақылау жүйесін ұйымдастыруға яғни, әр модульді аралық бақылау (тестілеу), барлық модульдер мен олардың өзара қарым-қатынас қортындысын, сондай-ақ, «қара жәшік» әдістемесін ұтымды пайдалануға;

• әрбір модульді педагогикалық мазмұнмен толықтыруды жүзеге асыруға;

• модульдердің семантикалық байланыстарын және олардың басқа пәндік салалармен қарым-қатынасын анықтауға және ескеруге көмектеседі.

Қандай да бір жүйені бақылаудың (тестілеу) екі амалын ерекшелеп айтуға болады:

1) «ақ жәшік» әдісі - білімнің сараптау моделін тестілеу принципі;

2) «қара жәшік» әдісі – кіріс және шығыс деректерін бақылау принципі бойынша (компьютерлік тестілеу үшін ең қолайлы) қандай да бір күрделі жүйелерді тестілеу

Тестілеу – оқушының жеке басының білім моделінің эксперттік сарапатамалық білім моделіне сәйкестігін бағалау процесі. Тестілеудің басты мақсаты - осы модельдердің сәйкес еместігін анықтау (білім деңгейін өлшеу емес), олардың сәйкес еместігінің деңгейін бағалау болып табылады.

Тестілеу берілген тест жиынтығынан тұратын, арнайы тест арқылы жүзеге асырылады.

Тестік тапсырмалар - бұл пән саласы бойынша нақты жауапты талап ететін немесе белгілі бір іс-әрекеттің алгоритмін орындайтын анық және айқын тапсырма.

Тест – оқушы білімін, біліктілігі мен дағдысын бақылаудың немесе оқушы білімінің бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше түрі болып табылады 

Тест –білім алушының пән саласындағы сараптау моделіне сәйкестігін бағалауға жол беретін өзара байланысқан тестік тапсырмалар жиынтығы 

Тестік кеңістік – барлық модульдер бойынша көптеген тестік тапсырмалар білімнің сараптау моделі

Эквиваленттік класы – оқушының бір тапсырманы орындауы басқа тапсырмалардың орындалуына кепіл болатын көптеген тестік тапсырмалар.

Толық тест – көптеген кіші тестік кеңістік, білімнің жеке бас моделі мен сараптау моделі арасындағы сәйкестікті объектівті бағалау.

Бақылау бойынша сараптаудың ең күрделі міндеті - оқушының жеке бас моделімен сараптау моделінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігінің деңгейін барынша объективті бағалауға мүмкіндік беретін тест құрастыру болып табылады.

Тест тапсырмаларының таңдауын «ақ жәшік» әдістемесі арқылы сарапшы-педагогтар жүзеге асырады, ал оның жарамдылығын «қара жәшік» арқылы бағалайды.

Тест тапсырмаларын құрастырудың ең қарапайым жолы – таңдап алған ұғым қасиеттері туралы білімін талап ететін жаттығуларды орындау, семантикалық баған түйіндерінің құрамы түсініктеріне сұрақтар құрастыру. Ұғымдардың арасындағы қарым-қатыстарды анықтайтын тест тапсырмаларын әзірлеу - ең күрделі саты болып табылады. Тапсырмалардың одан да тереңірек деңгейі жеке модульдар арасындағы ұғымдардың байланысын анықтайтын тесттерді таңдаумен байланысты.

Көптеген тест тапсырмалары (тест алаңы), атап айтқанда, тест тапсырмаларының толық тестілеу принципіне сәйкес, шексіз болуы мүмкін. Алайда, әрбір нақты жағдайда пайдалануы оқушы білімінің сараптамалық білім моделі (толық тест) бойынша берілген критерийлерге сәйкестігін үлкен дәлдікпен бағалауға мүмкіндік беретін соңғы көптеген кіші тестік тапсырмалар болады.

Толық тестен тиімді тесті (берілген критерилер арқылы оқушының жеке бас моделін бағалауға кепіл болтын көлемі бойынша оңтайлы тест тапсырмаларының жиынтығы) таңдап алуға болады. Тиімді тесті таңдап алу тест кеңістігін эквиваленттік сыныптың, шекаралық жағдайдың, жолдарды жабудың және тұжырымдамалар мен модульдер арасындағы логикалық байланыстарға тестер құрастырудың сәтті бөлінуіне байланысты.

Алдағы уақытта тестік тәжірибе түзету жүргізуге және тесті пайдалану түріне дейін жеткізуге мүмкіндік беретін топ оқушыларына қажет.

Осылайша, компьютерлік тест құрылысын бірізділікпен жүзеге асыруға болады:

  • мақсатты сараптамалық білім моделін формализаиялау;

  • төмен (немесе төменнен - жоғарыға дейін) сынақ кеңістігін жобалау;

  • тест тапсырмаларын қалыптастыру және толықтыру;

  • толық компьютерлік тест қалыптастыру;

  • тесттік эксперимент;

  • тиімді тест таңдау;

  • тесті сараптау, түзету және пайдалану түріне дейін жеткізу.

Компьютерлік оқыту әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдарын, педагогтарын және әдіскерлерін жұмылдыратын өте қызықты және болашағы бар зерттеу саласы болып қала береді. Компьютерлік оқытуды енгізумен бірге оқытудың дәстүрлі жолдары және стилі өзгере бастады. Осы өзгерістердің адам тағдырына, жалпы өркениетке тигізер әсері мен маңызына баға жетпейді.

Компьютерлік тестілеу бөлімі білім алушылардың білімін бір орталықтан тестілеуді жүзеге асыру және ұйымдастыру мақсатында құрылған. Өз қызметін «Білім туралы» ҚР Заңына, ЖОО-ның қызметін ұйымдастыру Ережелеріне, «Астана медицина университеті» АҚ-тың Жарғысына, ҚР білім саласындағы  өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Бөлім қызметін білім беру қызметі жөніндегі проректор Г.А.Жақсылықова басқарады.

Алғашқы күннен бастап компьютерлік тестілеу бөлімін Г.К. Сейткулова басқарған. Ал 2001 жылдан 2008 жылғы қараша айына дейін Алдонғар Жасталап Ондасынұлы басқарды. 2008 жылғы қараша айынан бастап Тлешова Нұргүл Серікқызы басқарады. 2008 жылы ҚазММА-ның болған қайта ұйымдастырылуына байланысты Тестілеу орталығы Н.С.Жұмашеваның басшылығындағы Оқу процесін техникалық қамтамасыз ету департаментінің құрамына кіріп, Компьютерлік оқыту және тестілеу орталығы деп өзгертілді. 2009 жылдың қаңтарында Компьютерлік оқыту және тестілеу орталығы Департаменттен бөлініп шығып, 2009 жылдың қыркүйек айында Компьютерлік тестілеу орталығы деп қайта аталды. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Компьютерлік тестілеу бөлімі деп өзгертілді. Ал 2013 жылдың қазан айында Медициналық білім беру орталығының құрамына кірді. ЖОО-ның құрылымын қайта құруға байланысты бөлім 2014 жылдан бастап жеке құрылымдық бөлімше ретінде жұмыс жасайды



1)білім алушылардың білімін бір орталықтан тестілеу қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру;

2)«Астана медицина университеті» АҚ білім беру қызметінде білім деңгейін тестілік бақылау жүйесін жетілдіру, білім алушылардың білімін компьютерлік тестілеу технологияларын енгізу және тиісті  деңгейде күтіп ұстау;

3)жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасының негізгі пәндері бойынша білім алушыларды кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;     

4)тестілік тапсырмалар мен  тестілер қорын жасау және қалыптастыру;

5)MCQ форматындағы тест тапсырмаларының сапасын Iteman 4.3 бағдарламасының көмегімен мониторингілеу, бақылау және бағалау;

6)тест тапсырмаларын апробациядан өткізу үшін білім алушыларды тестілеуді ұйымдастыру және өткізу, тестілеуден кейінгі тест тапсырмалары анализінің есебін кафедраларға, қажетіне қарай басшылыққа беру;

7)Iteman 4.3 статистикалық талдау бағдарламасы арқылы апробациядан өткізілген тест тапсырмаларының оқу процесінде қолдану.



Қазіргі мұғалім:

  • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

  • Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

  • Білімді, іскер, шебер болу керек;

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

  • Дүниетаным қабілеті жоғары;

  • Дарынды, өнерпаз;

  • Іздемпаз, талапты:

  • Өз алдына мақсат қоя білу керек;

Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің өзінің шеберлігіне қарай жүзеге асады.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім қоғам айнасы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы  «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Ақпараттық – коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Ақпараттық – коммуникативтік технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Ақпараттық – коммуникативтік технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты: үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту; оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру; қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.

Ақпараттық – коммуникативтік технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық - әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы      ақпараттық - коммуникативтік технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара жатқаны байқалады.

Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің  ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Бүгінгі басты бағыттардың бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Жаңа  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы құзырлы оқушы даярлау. Ал, оның негізі – мектеп. Оларға тәлім-тәрбие берудің алғы шарты – дарын иелерін жастайынан таңдай білу. Олардың ерекше қабілеттерінін жетілдіру және көрсету. Қазіргі кезде білім беру жүйесі моделін құрастыруға   жаңа бағыттар мен  көзқарастар  іздестірілуде, оның  мақсаты-бала дарындылығын ашу, дамыту барысында озық әдіс-тәсілдерді пайдалану.

Қазіргі уақытта оқушыларға сапалы білім беруде жаңа ақпараттық технологиялардың, оның ішінде мультимедиалық технологияларының атқаратын ролі ерекше. Мұғалімнің кәсіптік деңгейі мен оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін компьютердің мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттілігі туындап отыр. Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!