400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Информатика пәнінің оқытушысы Нашкенов Асхат Болатович

Материал туралы қысқаша түсінік
ЭССЕ туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

5.2-тапсырма.

Өз ойыңызды жазыңыз:

Менің оқыту тәжірибемдегі педагогикалық дизайн.

Менің пән бойынша сабақ жоспарлау тәжірибем қалай өзгереді?


«Білім, біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп А. Байтұрсынов айтқандай Жаңа бастаманың қашан да қиындығы да, қызығы да аз болмайды. Бірақ осы үлкен міндетті абыроймен атқарып, шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу – әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман талабына сай жүргізіліп жатқан өзгерістерден қауіптенбей мақсатқа сай нәтижеге қол жеткізуге тырысуымыз керек. Бұл бағдарламаның мақсаты: пәндер бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Сабақты жоспарлау нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен оқушы әрекеттесулерін құрастыру. Негізі оқытушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің және оқушылардың оқу материалының мазмұнын меңгеруі, дамуы және тәрбиеленуі бойынша оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаттары, міндеттері, принциптері, әдістері және мазмұны болып табылады. Сабақ жоспары конспект түрінде жүзеге асады. Сабақ конспектісінің құрамына тақырыптың аты, сабақтың міндеттері, кезеңдері, құрал-жабдықтар, әрбір кезеңдегі оқушыларға арналған тапсырмалар, тапсырмаларды орындау алгоритмдері, мұғалім сөзінің үзінділері немесе жаңа материалдың толық мәтіні енеді. Сабақты жаңартылған білім мазмұнына сәйкес жасап жоспарлауды осы курста үйрендім.

Әсіресе коммуникативтік дағдылар: Тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым барысында оқушылардың тыңдау, өз ойын айту, жазу, оқу дағдылары қалыптасады. Бұл бағдарламаның оқушыларға тиімділігі өз ойларын еркін айта біледі, кері байланыс арқылы өз қателіктерін түзетуге мүмкіндіктері бар. Мен бұл курста оқу барысында көптеген әдіс – тәсілдерді меңгердім.

Соның бірі топқа бөлу – бұл кезде бала еркін өз ойын айта алады, басқа оқушылардың ойын тыңдайды, оқушылармен ақылдасады, үлгермейтін оқушыларда топты артқа тартпау мақсатында сөйлеп қорғап шығады ең бастысы бір – біріне деген ынтымақтастықтарын арттырады, белсенділік танытады. Белсенді оқу дегеніміз – мұғалімді тыңдап қана қоймай, белсенді жұмыс жасайды. Болашақта бұны сабақ барысында жүзеге асыруға тырысамын. Сондай – ақ бірнеше әдіс – тәсілдерді қолдану барысында сабақ құрылымын одан әрі белсенді жасауға үйрендім. Критериалды бағалау – оқушының мотивациясын жоғарылатады, оқушының ХХІ ғасырдағы дағдыларын дамытады,оқушының прогресін көрсетеді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.10.2020
481
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі