Материалдар / ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2020
1244
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ

ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ


Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде информатика пәнінің алатын орны ерекше. Информатика пәнің оқытудағы мақсатым: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда заманауи әдістерді пайдаланып, білім сапасын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттерді айқындап алдым. Міндеттер:

- Оқушыларға білімді дайын күйде бермей,оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу;

- Оқушылар арасында ашық, еркін,шығармашылық қарым-қатынас орнату;

- Оқушыларға білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу;

- Оқушыларды белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру;

- Үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру;

- Оқушылардың дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру;

- Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтарымда қызығушылықты ояту кезеңінде әртүрлі таныстырылымдар, бейнебаян көрсету, «мозайка» әдісі, ребус сияқты түрлі тапсырмалар беру арқылы сабақтың тақырыбын оқушыларға анықтатамын. Сабақтар барысында, «ой қозғау», «өрмекші торы», «білім ағашы» стратегиялық әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтары арқылы оқушылардың сыни ойлауын жетілдіруге жұмыс жасаймын. «Өрмекші торы» әдісі арқылы оқушылар сұрақты дұрыс қоя білуге дағдыланумен қатар, жылдам жауап беруге үйренеді.

Оқушылардың сыни көзқарастарын дамыту мақсатында сабақтарымда «Инсерт», «Т» кестесі, «Семантикалық карта», «Синквейн», «Фишбоун», «ББҮ кестесі» Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы», Эссе, «Досыма хат», Болжау кестесі стратегиялар әдіс-тәсілдерін қолданамын. «Фишбоун» бұл әдісінің тиімділігі, оқушыға проблемалық сұрақ қоя отырып, теориялық білімдерін тиімді қолдана отырып, проблемалық сұрақтың шешу жолдарын ұсынып, оларға дәлелдемелер келтіре отырып, негізгі ой түйіндеді. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар пікір алмасып, бірбірінің пікірімен санаса отырып, ынтымақтастықпен жұмыс жасағандары байқалды.

«Т» кестесі, «Семантикалық карта» әдістері арқылы оқушылар тақырып бойынша негізгі ойды жаза отырып, тақырыптарды бір-бірімен салыстыруға, талдауға үйрене отырып, сыни тұрғыда ойланды. «Семантикалық карта» арқылы өтілген тақырыптарды салыстыра отырып, пікір алмасып, негізгі түйінді ойды жаза отырып, тақырыпты қайталап, талдап негізгі ұғымдарын есте сақтауға өз көмегін тигізді.

Жаңа-әдіс тәсілдерді тиімді қолдана отырып жүргізілген сабақтардан оқушылардан бойында көшбасшылық, дарындылық, өз бетімен білім алу дағдыларының арта түсетіндігін аңғаруға болады. Бұл технологияның тиімділігі оқушының құзыреттілігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар: - жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады; - мұғалім мен оқушы арасында ізгілікті қарым-қатынас орнайды; - оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады; - алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алуға үйренеді; - оқушы ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, алмасуға үйренеді; - бірін-бірі сыйлауға баулиды; - мәселенің ең негізгі түйінің табуға дағдыланады; - оқушының шығармашылық белсенділігі арттырады. Информатика сабағында интербелсенді әдіс тәсілдерді қолдана отырып білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығы арттып, өз бетімен білім алу дағдысы қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы.





Библиографиялық сілтемелер

1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012- 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).

2. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы – Қазақстан дамуның басты бағыты» Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.

3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!