Материалдар / Информатика сабағында оқыту технологияларын қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Информатика сабағында оқыту технологияларын қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнін оқытуда инновациялық әдістердің негізгі ережелері қаралады. Педагогикалық технологияларды енгізе отырып информатика сабақтарында компьютерлік технологияны қолдану, мультимедиялық бағдарламаларды оқу үдерісіне енгізу және қолдана отырып шығармашылық қызметтің оң нәтижелерін шығару арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
483
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

«Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі» МЕББМ

Информатика пәнінің оқытушысы,

Тайгаренова Нургул Сагенгалиевна


Информатика сабағында оқыту технологияларын қолдану

Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің “ілгерілеуінің” белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десем, асыра айтқаным емес...

Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына үлес қосатын, оқу үрдісінде оқушылардың интернет желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелерін, шұғыл корпоративтік және кең жолақты байланыс, навигацияларды үйреніп отырғандығы жасырын емес.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі. Жас ұрпақты әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұның құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Мұғалімнің бағыттауымен бала білімді меңгеріп қана қоймай, оны өмірде, кез келген уақытта өз іс-тәжірибесінде тиімді қолдана білуі шарт.

Осыған орай информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдарының негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі таңда оқытудың сан алуан тәсілдерін қолдана отырып, нәтижеге бағытталған оқыту болады. Мұғалімнің сабақ алдында қоятын басты мақсаты – оқушыларды пәнге қызықтыратын терең, сапалы, тиянақты білім беру. Оған мұғалім тынымсыз іздену еңбегінің нәтижесінде ғана қол жеткізері хақ. Бұл жағдайда мен пәнге оқушыларды жалықтырмай қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты түрлендіріп өткізуге назар аударамын. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану балалардың тілін дамытып , жан-жақты терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқу білімді өз ізденісімен, өз білімділігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасады. Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады. Сын тұрғысынан ойлау жүйесі оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін: қызығушылықты ояту, мазмұнды ашу, рефлексия (ой-толғаныс) жүзеге асыруды қамтамасыз етіп оқушылар оқу үрдісін басқарысып қана қоймай, көбіне дербес басқаратын болады, жеке жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық іс - әрекет білім игеруде орта қарым-қатынас құралына айналады, балалардың деңгейіне қарап сараланып, ерекшелігіне қарап даралануы мұғалім емес, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.

Осы уақыт аралығында менің сабақта қолданған әдіс-тәсілдеріммен бөлісе кетсем:

Ең алдымен мен сабақта міндетті түрде серігу сәтін ұйымдастырамын, себебі, оқушылардың алдымен көңілдерін көтеріп, сонан соң өз сабағыма кірісемін.

«Джигсо» әдісі, Элиот Аронсон бойынша. Бұл әдісте тақырып аясында мәтін беріліп оны төрт бөлікке бөліп, сынып оқушыларын шағын топтарға бөліп аламын. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады, сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.

«Кahoot» - жаңаша тест тапсыру әдісі өте қатты ұнайды , бұл әдіс арқылы мен сыныптағы барлық оқушыларды сабаққа қатысуын қадағаалй аламын, өткен сабақты, тез қайталап алуға мүмкіндік береді.

«Plickers» - онлайн тестілеу әдісі, бұл әдісте мен жаңа сабақты қорытындылауға, әрбір оқушыға жеке жауап парақтарын көрсетіп, әркімнің өзінің жеке жауаптарын бақылап, тез әрі, бүкіл сыныппен жұмыс жасай аламын, онлайн бақылап, кімнің қандай жауап бергендігі көрсетіледі.

«Бумеранг» әдісін пайдалануға болады. Әрбір ұяшыққа сұрақтар жазылып, сұраққа бір оқушы жауап беріп, бумеранг секілді келесі сұраққа кімнің жауап беретіндігін айтады, солай солай кезекпен барлық оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың жаңа тақырыпты түсіну бөлімінде «Постерлер» әдісін пайдалану тиімді. Бұл тапсырманы оқушыларды топтарға бөлу арқылы орындалады, оқушылар ұжымдаса бірігіп жұмыс жасайды. Берілген жаңа оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді, бірілген ақпараттар бойынша нақтыламарды анықтайды, дәлелдерін келтіреді, қорытынды жасайды.

Әрбір ұстаз алдындағы міндет - өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып, оған бағыт-бағдар беріп, оны дамыта білу. Оларды баулып, қамқорлыққа алып тәрбиелеу -ортақ шара. Оқушы бойындағы дарынын қырағылықпен көре білу-мұғалім үшін аса қажетті қасиет. Ол үшін әр мұғалім өзі ізденіп, ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілеттерін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтайды. Сол тұлғаның пәнге деген қызығушылығын туғызып, танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін интерактивті оқыту үрдісін пайдалану қажет. Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Сондықтан сабақ барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасын және шығармашылығын арттыру үшін интерактивті әдістің ролі ерекше деп ойлаймын.

Себебі, информатика сабағын оқытуда интерактивті әдістерді қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады, өздігінен оқу ынтасын дамытады, ұжыммен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады, қарым-қатынас дағдысын қалыптастырады және дамытады, ал ең бастысы оқуға деген белсенділікті көтереді.

Олай болса, ХХІ ғасыр - информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан- жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!