Материалдар / Инклюзив балалармен жұмыс істеуде БilimLand платформасын пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Инклюзив балалармен жұмыс істеуде БilimLand платформасын пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
БilimLand платформасын пайдалану инклюзив балалармен жұмыс істеуде өте тиімді екенін мысалдар арқылы көрсетіп беру.Инклюзивті білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшелігіне сай дайындап, пайдаланып, пәндер бойынша бағдарламаларын құрастырып, түзете - дамыту жұмыстарын жүргізу, мүмкіндігі шектеулі жандардан заман талабына сай тұлға қалыптастыруға септігін тиізеді. Инклюзивті оқытуда оқушы танымы мен қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі зор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2021
1011
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай қаласы.

М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі,

санаты: педагог-зерттеуші.

Искакова Анар Кабдрахмановна



Инклюзив балалармен жұмыс істеуде БilimLand

платформасын пайдалану


Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жек сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.

Инклюзивті білім беру даму мүмкіндігі шектеулі балаларға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын

тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.

Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:

  • Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.

  • Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және

оқуға деген мұқтаждықтары болады.

  • Білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

Мәселен, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының  дамуы  үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген. Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс. Қазіргі таңда  балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына барлық жағдай жасалуда. Сонымен қатар  елімізде инклюзивті білім беруді дамыту дұрыс жолға қойылған.

Инклюзивті білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшелігіне сай дайындап, пайдаланып, пәндер бойынша бағдарламаларын құрастырып, түзете - дамыту жұмыстарын жүргізу, мүмкіндігі шектеулі жандардан заман талабына сай тұлға қалыптастыруға септігін тиізеді. Инклюзивті оқытуда оқушы танымы мен қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі зор.

Ақпараттық- технологияны қолдану барысында мынадай міндеттерді шешеді:

  • Оқу үрдісіндегі кейінгі байланысты қамтамасыз ету;

  • Оқу үрдісін көрнекіліктермен қамтамасыз ету,

  • Кең таралған білім көздерінен ақпаратты іздестіру,

  • Оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру;

  • Ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру;

  • Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық танымдық процестері жағынан тиімділігі:

Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегенде ата-аналар тең дәрежеде жұмыс істеуі керек. Мұғалім мен ата-ананың бірлескен іс-әрекеті ғана жетістікке жетер жол болып табылады. Ата – аналармен жұмыс істегенде мұғалімнің назар аударатын басты бағыттары:

- ата-аналардың педагогикалық және дефектологиялық білімдері мен түсініктері аясын кеңейту арқылы олардың тәрбиелеу біліктіліктерін қалыптастыруға ықпал ету;

- ата-аналарды балалармен өзара әрекеттесу тәсілдеріне, іс жүзінде бірлесіп әрекеттер ұйымдастыруға үйрету арқылы оларды белсенді қатысушылар ретінде білім беру үдерісіне тарту;

- ата-аналарға көзқарастарын өзгертулеріне және оларды қатынастың оң тәсілдерімен қарулануларына көмектесу;

- дамуының проблемалары бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларының әлеуметтік кеңістігін кеңейту, ата-аналардың қоғамдастыққа бірігуіне жағдай жасау.

Инклюзивті білім беруді дамытуды әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мыналарды көздейді:

- жалпы білім беру процесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі балаларды кіріктіре оқыту және инклюзивті білім беру негіздерін әдіснамалық және оқу-әдістемелік әзірлеу;

- ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың (оқу процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар, базалық пәндер және оқыту пәнінің нәтижелері бойынша дағдылар, білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар) оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын бейімдеу;

- инклюзивті білім беру жағдайында оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесін бейімдеу, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нәтижелерін бағалау және мониторингілеу жүйесін әзірлеу,

- үйде оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеу;

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқыту жағдайларына жоғары және кәсіптік, техникалық білім беру бағдарламаларын және үлгілік

оқу жоспарларын бейімдеу.

Сапалы және толыққанды білім алуға әр баланың құқығы бар. Арнайы инклюзивті онлайн – курстарда көмекке мұқтаж балаларға айрықша көңіл бөлінеді.

БilimLand платформасында қашықтықтан білім беру – Қазақстан Республикасындағы барлық балаларға ашық білім беру платформасы. Бұл

қашықтықтан білім беру бағдарламасына арнайы инклюзивті курс енгізілген

.

Бұл блоктағы сабақтар оқыту барысында көбірек көңіл бөлуге мұқтаж балаларға арнап жасалған. БilimLand – балалар мен ата – аналарға арналған қолайлы оқыту жүйесі болып табылады.

Бұл мультимедиялық цифрлық кешен - мектеп жасына дейінгі балаларға танымдық және мүмкіндігі шектеулі балаларға сауықтыру сабақтарын өткізуге арналған бірегей курс.

Айрықша көңіл бөлуге мұқтаж балаларға арналған онлайн сабақтар қажетті акпаратты қызықтыра отырып, тиімді жеткізуге бағытталған. Инклюзивті видеосабақтар курсы негізгі ұғымдарды ойын түрінде түсіндіреді.

30 сабақтан тұратын инклюзивті онлайн – білім беру блогы баланы мына ұғымдармен таныстырады:

- ойыншықтар;

- жануарлар;

- түстер;

- дене мүшелері;

- жиһаздар;

- киімдер;

- мектеп құралдары.

Бұл сабақтарда қандай да бір заттың негізгі қасиеттері балаға түсінікті, қарапайым әдіспен таныстырылады.

Бұл сабақтар «Қара да айт!» деп аталады және ол екі қадамға бөлінген.


Бірінші қадам тапсырмалары:

  1. Ойыншықтар 02. Музыкалық 03.Дене мүшелері 04. Түстер

аспаптар

05. Орман 06. Хайуанаттар 07. Үй жануарлары 08. Үй

хайуанаттары бағындағы жануарлар

09.Тұрмыстық 10. Көмекші 11. Есімдік 12. Жиһаз

бұйымдар сөздер

13. Мектепке қажетті 14. Киім – кешек 15. Тұрмыстық техника

керек - жарақтар

Екінші қадам тапсырмалары:

Осы бірінші қадам тапсырмаларының ішінен ең көп қаралатыны музыкалық аспаптар, дене мүшелері және орман хайуанаттары екен.

  1. Ауа райы 02. Отбасы 03. Жемістер 04. Көкөністер


05. Көлік түрлері 06. Уақыт 07. Эмоциялар 08. Сын есім.


09. Үстеу 10. Тәттілер 11.Тағамдар, сусындар 12. Мамандықтар

13. Спорт түрлері 14. Тақырыпқа қатысты 15. Етістік

сөздік қатар

Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы –еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз болып табылады.

Қорыта айтқанда, бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!