Материалдар / Инклюзивті білім беру

Инклюзивті білім беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал инклюзивті білім берудің ерекшелігі жайында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
445
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ - ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ





«...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз»

Н.Ә.Назарбаев



Қазіргі таңда еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі білім беру жүйесінің дамуы болып табылады. Сапалы білім алу бағытында 2002 жылғы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзу арқылы қолдау туралы» заңында ерекше білімді қажет ететін балалар психолого – медицина - педагогикалық кеңестің қорытындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген. Ерекше білімді қажет ететін балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мәселесі төңірегінде 2009 жылы Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген [1].

Бұл бағдараламаның басты мақсаты – ерекше білімді қажет ететін балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру ғана емес, ол «Барлығы үшін бір мектеп» мақсатын көздейді. Инклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Осы бағытта 2004 жылдың 4 қазанында Батыс Қазақстан облыс әкімінің №262-ші қаулысы негізінде Казталов аудан орталығында «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз жұмысын жасай бастады. Қазіргі уақытта аталған мекемеде 27 ерекше білімді қажет ететін балалар білім алуда. Әр түрлі диагноздары бойынша ерекше білімді қажет ететін балалар кабинет мамандарынан түзете-дамыту сабақтарына қатысады. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде дефектолог-мұғалімі, ерте жастан дефектолог мұғалімі, логопед, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, саз-ырғақ мұғалімі және емдік дене шынықтыру мамандары жұмыс атқарады. мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Ерекше білімді қажет ететін балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады:

  • баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау

  • оқушының жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу

  • жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау

  • баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу.Сонымен қатар, мекемемізде инклюзивті білім беру бағытындағы іс-құжаттарының жүргізілу барысын бір жүйеге келтіру мақсатында көптеген семинар мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Бұл біріккен ППТК қызметінің басты мақсаты – ерекше білімді қажет ететін балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету [2]. Инклюзивтік білім беруді ұйымдастыру жолдары:

  • мүгедектік мәселені қоғамда түсіну;

  • қатарластарымен қарым- қатынас;

  • толыққанды білім беру;

  • қоғамға кіріктіру және бейімделу;

  • ерекше білімді қажет ететін балаларды ерте тексеру және түзету- педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы;

  • инклюзивті білім беруді дамыту үрдісінде қоғамдық мекемелерде ата- аналарды қатыстыру.

Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі мәселе – бұл қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою. Кеңейтілген мағынада инклюзивті білім беру дегеніміз – кедергілерді жоюмен ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарды оқыту процесінде енгізуге бағытталған білім беру процесі және олардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Ақпараттың аздығы, қорқыныш, бала құқын аяқасты ету осының бәрі ерекше білімді қажет ететін балаларға теріс көзқарасты дамытады. Бір жағынан, арнайы оқыту әдістемесінің жоқтығы инклюзивті білім беру үшін елеулі қиындықтар туғызады[3].

Қорыта келе, мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір ерекше білімді қажет ететін балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз. Ерекше білімді қажет ететін тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету жүйесі қазіргі заманда көп салалы инфрақұрылым болып табылады. Оның түрлі бағыттары білім саласы, деңсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінің тәжірибелік блогына кіреді. Азаматтың қабылдаған жалпы құқықтары мен еркіндігі жүйесіндегі ең маңыздысы білім алу десек, осы орайда ерекше білімді қажет ететін бала қоғамда сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету - заман талабы. Сондықтан инклюзивті білім беру жүйесіне қатысты мамандардың алдында үлкен міндеттер тұр.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ