Материалдар / ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада инклюзивті білім берудің ізденістері мен практикалық қолдану нәтижелерін жүйелеу, осы қозғалысқа мүмкіндігінше көп мұғалімдерді, оқытушыларды, жалпы педагогтер мен арнайы педагогтердің, психологтардың, өзге де арнайы мамандардың - инклюзивті білім беруді дамытуға мүдделі барлық адамдардың күш - жігерін біріктіру басты мәселе болып қарастырылады. Қойылған міндеттерді іске асыру көбіне бізге байланысты. Біз бірге әлемді жақсырақ және мейірімді етеміз, ал «Инклюзивті қоғамдағы инклюзивті білім беру» тақырыбына жазылатын бұл мақалалар көптеген мамандарға көмектесеріне сенімін. Осы мақаланың мазмұны осы мәселелерді шешуде тәжірибе болып табылады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМ»



Зиядинова Айман Кусжамовна, Арнайы педагог, Астана қаласы әкімдігінің «Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК



ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

Бұл мақалада инклюзивті білім берудің ізденістері мен практикалық қолдану нәтижелерін жүйелеу, осы қозғалысқа мүмкіндігінше көп мұғалімдерді, оқытушыларды, жалпы педагогтер мен арнайы педагогтердің, психологтардың, өзге де арнайы мамандардың - инклюзивті білім беруді дамытуға мүдделі барлық адамдардың күш - жігерін біріктіру басты мәселе болып қарастырылады. Қойылған міндеттерді іске асыру көбіне бізге байланысты. Біз бірге әлемді жақсырақ және мейірімді етеміз, ал «Инклюзивті қоғамдағы инклюзивті білім беру» тақырыбына жазылатын бұл мақалалар көптеген мамандарға көмектесеріне сенімін. Осы мақаланың мазмұны осы мәселелерді шешуде тәжірибе болып табылады.

Түйінді сөздер: инклюзивті білім беру, инклюзивті қоғам, арнайы педагогика, инклюзивті білім беру процесінің ресурсы, дамыту үрдістері.

Инклюзивті білім беру (франсуз тілінен inclusif-оның ішінде) ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу процесін сипаттау үшін қолданылатын термин жалпы білім беретін мектептердегі қажеттіліктер. Инклюзивті білім беру-мүкіндігі шектеулі баланың ерекшеліктеріне қарамастан әр балаға интелектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік, тілдік және басқа да даму мүмкіндіктерін береді, оқыту мен тәрбиелеудің жалпы процесіне кіреді. Балаға қоғамнан оқшаулануын қауіпін азайтады оның тең құқылы қоғамның мүшесі болуына мүмкіндік береді.

«Ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар» термині алғаш рет Саламанка конференциясында 1994 жылы қолданылған.

БҰҰ-ның 20006 жылғы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясында мүгедек балалардың барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқа балалармен тең дәрежеде толық жүзеге асыруын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, мүгедек балаларға қатысты барлық іс-қимылдарда бірінші кезекте баланың жоғары мүдделеріне көңіл бөлінеді, мүгедек балалардың оларды қозғайтын барлық мәселелер бойынша өздерінің басқа балалармен тең дәрежеде олардың жасы мен кәмелеттілігіне сәйкес келетін тиісті салмаққа ие болатын көзқарастарын еркін білдіру және осы құқықты іске асыруға мүгедектігі мен жасына сәйкес келетін көмекті алуға құқығы болуын қамтамасыз етеді деп жариялаған және бекітілген, мүгедектікті түсінудің әлеуметтік моделі бекітілген, онда мүгедектік баланың денсаулығының бұзылуымен және қарым-қатынас пен қоршаған ортаның кедергілерімен әлеуметтік өзара әрекеттесуінің белгілі бір формаларының нәтижесі ретінде түсіндіріледі,   бұл оның қоғамға басқа адамдармен қатар белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Осылайша, әлеуметтік модель мүгедектіктің себептері аурудың өзінде емес, қоғамдағы физикалық, ұйымдастырушылық кедергілерде, стереотиптер мен алалаушылықтарда жатыр деп болжайды. Мүгедектігі бар адам "проблема" болып табылатын мүгедектікті медициналық түсінуден айырмашылығы, негізгі стратегия медициналық араласу және терапия арқылы бұзушылықтарды азайту болып табылады, ал мұның ең тиімді әдісі – мүгедекті арнайы емдеу мекемесінде қоғамнан оқшаулау, адамның айналасындағы қоғаммен араласуға кедергі келтіреді. Инклюзивті білім- мүмкіндігі шектеулі оқушыларға деген көзқарастың заманауи жүйесі тек әлеуметтік қорғауды ғана емес, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды толыққанды қоғамға араласуын қамтамасыз етуге тырысады. Оларды қоғам өмірінің барлық салаларына біріктіру- бұл процестің қажетті бөлігі. Мүгедек баланың білімі мен оның қоғам өміріне қатысу дәрежесінің тығыз байланысының болуы әлемдік тәжірибеде танылған. Осыған байланысты соңғы жылдары жалпы және кәсіптік білім беру жүйесінде мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды инклюзивті оқыту проблемасына кәсіби-педагогикалық қоғамдастығының да, азаматтық қоғам институттарының да ерекше назары аударылды. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін қоршаған ортамен оңтайлы интеракциялар орнатудың ең жақсы түрі болып табылады, өйткені бірлескен оқыту күнделікті коммуникация жасауға мүмкіндік береді.

Инклюзивті білім беру ортасы- бұл білім беру процесінің барлық субъектілеріне өзін-өзі тиімді дамытуға мүмкіндік беретін білім беру ортасының бір түрі. Бұл әлеуметтік-демографиялық топ үшін іргелі фактор болып табылады, онсыз қоғамға қосылу мүмкін емес. Сонымен қатар, осы топтың барлық қажеттіліктерін ескере отырып (мүмкіндігі шектеулі оқушылар) және мемлекет ресурстарын ұтымды пайдалана отырып, мүгедектердің толыққанды интеграциясы үшін оңалту, қолайлы жағдайлар жасауға болады, бұл әрі қарайғы өмірде міндетті болып табылады.

Инклюзивті білім беру ортасы- субъектілері болып табылатын өзара байланысты білім беру және тәрбие жағдайларының жүйелеріне ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар және оларды қоршаған адамдар (педагогикалық құрам және ата-аналар) жатады. Инклюзивті оқыту мен тәрбиелеу анық жұмыстың жергілікті учаскесі ретінде емес, тұтастай алғанда білім беру жүйесінің қызметін ұйымдастырудағы жүйелік тәсіл ретінде қарастырылатын ұзақ мерзімді стратегия. Оқытудың инклюзивті түрі білім беру процесінің барлық субъектілеріне қатысты: мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары, қалыпты дамып келе жатқан білім алушылар мен олардың отбасы мүшелері, мұғалімдер мен басқа да мамандар. Білім беру ұйымының қызметі: баланы оқыту және тәрбиелеу үшін арнайы жағдайлар жасауға бағытталуы керек, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар туралы педагогтер арасындағы өзара түсіністікті қамтамасыз ету керек, оқытуға керек оқу құралдарымен жабдықтарымен қамтамассыз ету керек.

Инклюзивті білім- мүмкіндігі шектеулі оқушылардың өмірінде төмендегі мәселелерге септігін тигізеді:

- бұл еңбек қызметіне қосылуға мүмкіндік береді,

-оның әл-ауқатын, рухани және шығармашылық өсуін қамтамасыз етеді,

-қоғамда интеграция мәселесін шешуге көмектеседі.

Манитоба Университетінің әлеуметтік жұмыс факультетінің профессоры (Виннипег, Канада) Д. М. Фукс инклюзивті білім беру саласындағы мамандардың қызметін анықтайтын идеяның негізі ретінде: "мүгедектер-қарапайым адамдар, олардың аурулары-бұл өмірдің белгілі бір бөлігі. Білім беру саласындағы ынтымақтастық маңызды, өйткені бұл адамдарды қоғамның күнделікті өміріне барынша батырудың тәсілі. Инклюзивті адамгершілікті білдіреді" деп өз ойын айтқан.

Қорыта айтқанда инклюзивті қоғамдағы инклюзивті білім беру өте мағызды мәселе болып табылады. Инклюзивті білімнің дамуына әр маман өз үлесін қосу керек деп санаймын. Өйткені инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі оқушылар өмірінде маңызды рөл атқарады деп санаймын. Осы себептен нклюзивті білімді дамыту керек деп санаймын.



Библиографиялық тізім:

  1. "Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция" 2006 жыл

  2. Михальчи Е.В. Сравнительнный анализ терминалогии инклюзивного образования

  3. Скрипова Н.Е. Инклюзивное образование в условиях нового законодательства. 2014.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!