Материалдар / ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2024
72
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ілиясова Феруза Оралбайқызы

«А.Байтұрсынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Елдің бәсекеге қабілеттілігі - бұл жаңа технологияларды игерудегі басекелестікке қабілеттілігі, азаматтардың оқу, еңбек ету және өмірдің өзгермелі жағдайларына бейімделу қабілеті.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру қарқынды дамып келеді. Оқудағы қиындықтары бар ер баланы жалпы білім беру процесіне қосу, бірлесіп окытудың вариативтік модельдерін іске асыру, қоғамға кірігу мақсатында әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан бейімдеу - инклюзивті білім берудің негізгі мақсаттары болып табылады.

Инклюзивті білім беру жалпы білім беру кеңістігінде ерекше білім беруді қажеттіліктері бар балаларды окыту дегенді білдіреді.

Біздің елімізде тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда басқа мемлекеттердегідей, психологиялық күйзелістің әсерінен, жүйке ауруларының кебеюінен, әр түрлі әлеуметтік, экономикалық факторлардың ықпалынан пайда болған ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды саны жылдан жылға өсуде. Яғни, ақыл-ойы кешеуілдеген балалар. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар дегеніміз - оку бағдарламасын меңгеруде қиндықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Сондай - ақ бұл балалардың эмоциональдық ерік - жігер саласының жетілмеуі органиқалық инфантилизммен түсіндіріледі [2, 22б]. Бұл мәселені қазіргі әлеуметтік социумдаты жағаймен салыстыратын болсақ, осы категориядағы балалар үлкен дағдарысты бастарынан өткізуде, себебі олардың құндылық бағдары мен қоғамның арасындағы қарама-қайшылық анық көрінеді [3,11б]. Осы ретте, инклюзивті білім беру - гуманизме, руханилылықа, әлеуметтікке жетелейтін әрі солардан бастау алатын, өзіндік мол сала. Инклюзивті окыту - окушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ аталмыш оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген езгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайы да өзгереді. Арнайы статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда мүгедек, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу қабілеті, трек-қимыл аппараты бұзылган 150 мыннан астам бала бар. Алайда, бұл сан салыстырмалы тұрде ғана, себебі, кейде ата-аналар балаларының мүгедектігін ашып айтпай, оларды ресми түрде тіркеуге қойғысы келмейтіні жасырын емес. Десек те, мемлекет қоғамның мұндай мүшелерінің дұрыс білім алып, өз ортасына бейімделуіне мүдделі болуы қажет. Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпак тәрбиесіне тікелей байланысты. Сондықтан да, қазіргі кезде болып жаткан тарихи-әлеуметтік өзгерістер жас ұрпактың жан-жақты дамуына, тәрбиеленуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі кұннің өзекті тақырыбы. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жуйесі айтарлықтай қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде [1, 1376]. Мемлекетіміздің заманауи білім беру жүйесі әлемдік білім беру саясатын басшылыққа алатынын баршамыз білеміз. Әлемдік қауымдастық білім беруде мынаны талап етеді:

* оқытуға қажеттілікті қанағаттандыру және барлық балалар үшін теңдік

* әрбір заманауи мектептің мақсаты - әрбір балаға (дамуында ақауы бар, орташа және дарынды) табысқа жетуге кемектесу, оның қоғам өмірінен шеттетілуіне жол бермеу. Осы тұрғыда, инклюзивті білім беру - білім берудің жаңа перспективалы стратегиялық бағыты.

Инклюзивті оқыту және тәрбиелеу бұл жалпы білім беру жүйесінің қызметін ұйымдастырудағы жүйелі тәсіл ретінде қарастырылатын ұзақ мерзімді стратегия. Инклюзивті білім беруді тиімді жүзеге асыру үшін барлық балалардың, олардын қабілеттері мен мүмкіндіктеріне тәуелсіз білім алу сұраныстарын қанағаттандыруға икемді білім беру ортасын құру қажет. Әрбір баланы, әсіресе дамуында кемістігі бар баланы әлеуметтік өзара іс-қимыл процесіне қосу, әлеуметтік қатынастардың белсенді субъектілері ретінде балалардың дамуына ықпал ету маңызды болып отыр. Ал енді ақыл-ой дамуы кешеуілдеген баланың есте сақтау зейінін қалыптастыру үшін не істеу қажет? Бұл сұраққа төмендегідей жауап беруге болады: Ойын - оқу үрдісіндегі окытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу

әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретін де қолдануға болады. Ақыл-ойы кем бала балалардың ойлау қабілетін дамыту, түзету жұмысының басты бағытарының бірі және танымық қабілеттерін жетелдіруде, оларды әлеуметтендірудегі басты фактор болып есептеледі. Ойлау қабілетін дамытуда түрлі дидактикалық, қозғалмалы, сюжетті-рөлдік ойындар, сюжетті сурет бойынша әңгіме желісін кұрау, кұрастыру ойындары және тағы басқа жұмыстардың маңызды зор. Ойын үстінде баланың сана - сезімі, психикалық процестері қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды.Түзету сабақтарында мынадай қоректенеді?», «Кате суреттер». Бұл ойындар аркылы «ерекше» балалардың ынтасы, кызығушылығы артады, ойлау, есте сакту қабілеттері дами түседі. Ойының нәтижесінде, баланың бойында: ойлау, ұйымдастырушылық қасиет, тапкырлық, беленділік, шыдамдылық қалыптасады.

Бүгінгі күн талабы - тек калыпты балалар емес, сондай-ақ психикалық дамуы тежелген баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондыктан да баланың танымын алғашқы күнен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың кұралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өкізудің кұралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің кұнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қбілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын таны сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тауелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылықты тундайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді [4, 2236]. Инклюзивті білім беруде мектепке дейінгі балаларды оқыту мен дамытуда терең және кешенді ауытқу бар балалар үшін өзара іс-қимылды қабілетті қамтамасыз ету мен қоршаған ортамен қатынас, бірегейлі құралдар болып табылады.

Сонымен катар мынадай міндеттерді шешеді:

* Оку үрдісіндегі кейінгі байланысты камтамасыз ету;

* Оқу үрдісін көрнекіліктермен қамтамасыз ету;

* Кең таралаган білім көздерінен ақпаратты іздестіру;

* Оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру;

* Ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру.

Қазіргі заманауи жаңа апараттық технологиялардың бірі - интерактивті тақта білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін аса маңызды құрал. Білім беруде интерактивті құралдарды кеңінен қолданылып жүргеніміз баршамызға аян. Сонымен қатар, интерактивті құралдардың көмегімен мұғалім мен баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Тек интерактикті құрал қолданумен шектелмей, электрондық оқулықтарды қолданған да жөн. Себебі аталмыш оқулықтарды ұйымдастырылған оқу қызметінде пайдалану кезінде балалар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видео көріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады. Сондыктан да инклюзивті білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды мүмкіндігі шектеулі балалардың жас ерекшелігіне сай дайындап, пайдаланып, пәндер бойынша бағдарламаларын кұрастырып, түзете - дамыту жұмыстарын жүргізсе, мүмкіндігі шектеулі жандардың заман талабына сай тұлга қалыпастыруға себептілігі зор екендігі белгілі. Инклюзивті оқытуда мұғалім жаңа технологияларды игеріп, оқушы танымы мен қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі зор [1, 886). Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің даму. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабак берудін жана барытын ендеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады [2, 986]. Қазіргі таңда инклюзивті білім беру келесі кағидаттарды негізге алады:

® Адам құндылығы оның қабілетіне және жетістіктеріне ғана тәуелді емес;

® Әр адам ойлауға және сезінуге қабілетті;

® Нағыз білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жұзеге асады;

© Барлық адамдар бірін-бірі қажет етеді;

Барлык адамдар кұрдастарының достығын және қолдауын қажет етеді; Барлык оқушылар өздерінің қолынан келмейтін нәрседе емес, өзі жақсы түсінетін және қолынан келетін нәрселерде табысқа тезірек қол жеткізе алады.

Адам бойындағы ерекшелік оның өмірінің барлық қырларын күшейтеді. Бұл кағидат адамның коғамда өзіндік орны бар екендігін және оның коғамға қосатын өзіндік үлесі бар екенін қабылдауды қамтиды. Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Ягни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлга ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.

Инклюзивтік білім берудің негізгі принциптері:

- Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

- Әрбір адам қарым -қатынасқа құқылы.

- Барлық адам бір-біріне қажет.

- Барлық адам құрбы -құрдастарының қолдауымен достығын қажет етеді.

- Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.

- Жан -жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

- Барлық бала білім алуға құқылы.

Қазақстан Республикасынын «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педогогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Nº343 заңында дамунда кемістігі бар балаларга көмек көрсетудің тимді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектігінің алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған. Инклюзивті білім беру идеясы адамның алуан түрлілігін және олардың арасындағы айырмашылықты түсіну және сол күйінде қабылдау нәтижесінде қалыптасты. Инклюзивті білім беру кез келген адамның физикалық, зияткерлік, діни, мәдени, нәсілдік, ұлтық ерекшеліктеріне қарамастан коғамга қосылуына қолайлы болатындай етіп өзгерту қажеттілігін мәлімдейді. Сезімді қорыта келе, мүмкіндігі шектеулі балаларды окытудағы ақпараттық-коммуникациялык технологияларды қолдану: біріншіден, балалардың білімін берік менгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген кызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Сонымен қатар, инклюзивті оқыту - балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға адамдармен қарым -қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мүктаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады және оқуда жетістікке жетуге ыкпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу аламыз.Жалпы ойымызды түйіндей келе, инклюзивті білім беру идеясы барлық балалар денсаулығына немесе ерекше білім беру қажеттіліктеріне қарамастан, оқушылар арасындагы өзара іс-әрекетті ұйымдастыру және құрдастарымен қарым-қатынаста проблемалары бар оқушыларды қолдау болып табылады. Сондықтан әрбір ұстаздың ізденгіш болу, жағымды ойлай білуі, кандай істі болсын бар ынтасымен атқаруы және баланы рисыз сүй сүйіспеншілікпен жақсы көріп, шабыттандыра білуі маңызды болмақ.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!