ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ
БАЗЫЛОВА Д.
А
«№ 42 жанында интернаты бар
жалпы орта білім беретін мектеп»
КММ
«Бала кемістігінің даму деңгейі
неғұрлым
төмен болса, соғұрыл мұғалімнің
білім
деңгейі жоғары болу керек»
П.Шуман
Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке
дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене
қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын
анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға
мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын
ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз
ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру
балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып,
оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер
инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері
тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да
өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар
адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту
балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік
бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды
айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға
балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін
арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне
бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы
сақталған тиімді саясат.
Психикалық дамуының негiзгi
бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте
сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы
себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ)
балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға
үлгермеушiлiгiжетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші
не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға,
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен
коррекциялық-түзету сыныптарына балаларын бергісі келмеген
жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы
бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар.
Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның
қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай
жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және
инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы
мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено
мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші
бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал
игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы
мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте
мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген
бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті. Қазіргі таңда
барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың
жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен
білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім
беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді:
инклюзивтік білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде
мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу
және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне,
жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға,
ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық
және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім
беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік
саясат.
Инклюзивті
оқыту- негізгі
принцептері:
-
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай
қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен
анықталады.
-
Әрбір адам сезуге және ойлауға
қабілетті.
-
Әрбір адам қарым қатынасқа
құқылы.
-
Барлық адам бір-біріне
қажет.
-
Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге
асады.
-
барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен
достығын қажет етеді.
-
Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің
мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге
асыру.
-
Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын
кеңейтеді.
Инклюзивтік оқыту бастауыш
сыныптарда білім беру ұйымдарының бұйрығымен,әр балаға оқытудың
қажеттілігі туралы психологиялық медициналық-педагогикалық
кеңестерімен ашылады. Психолог, логопед, дефектолог мамандары оқуда
қиындықтары бар балаларды анықтауға диагностикалық жұмыс жүргізіп,
оқушыларды қадағалау мақсатында жеке жоспарға сәйкес сабақтан тыс
уақытта түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастырады. Мүмкіндігі
шектеулі балалармен жұмыс істейтін кабинеттер
құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеген. Арнайы сабақ
кестесі бойынша аптасына екі рет 20 минуттан жұмыстар
жүргізіледі. Ол басқа арнаулы пәндерге кедергі жасалмау жағы
қарастырылған.
Бастауыш сыныпта инклюзивтік білім беруді
ұйымдастыруды тиімді түрде жүзеге асыруда кедергілер мен қиындықтар
жетерлік. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оқу материалдарын
меңгеруде жеке тәсіл, арнайы бағдарлама, арнайы түзету
психологиялық,педагогикалық,әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі
салдарынан қиындықтарға тап болады. Мектеп педагогтарының жалпы
білім беретін бастауыш сыныптарында оқытудың нақты тәсілдерін
әлі білмейді. Оқуға ,жазуға, есепке, қарым-қатынасқа, мәдени тәртіп
ережелерін үйренуін қалыптастыру ең маңыздысы сол болып табылады.
Олармен түзету жұмысы неғұрлым ертерек басталса, соғұрлым қайтарымы
үлкен болады.
Инклюзивті білім беретін
мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген
абзал:
-жалпы мектептерге арналған
типік оқу бағдарламалары;
-мүмкіндігі шектеулі
балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы
оқу бағдарламалары; -мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық
ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке
бағдарламасы;
«Білім туралы» Қ.Р-ның Заңының
21-тармағының 3 тармақшасына сәйкес инклюзивті білім беру –
оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына білім
алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетімділікті, арнайы
жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық
және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды
бірлесіп оқыту және тәрбиелеу;". Сондықтан мамандар елімізде
инклюзивті білім беруді дамыту қажет екендігін алға тартады. «Білім
туралы» Қ.Р-ның Заңының 21-тармағының 3 тармақшасына сәйкес
инклюзивті білім беру – оқытудың тиісті білім беретін оқу
бағдарламаларына білім алушылардың өзге де санаттарымен тең
қолжетімділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға
түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі
шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу;". Сондықтан
мамандар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту қажет екендігін
алға тартады. Заманауи педагогикада интеграциялау процесінің
дамуына білім берудегі жаңа құндылықтардың пайда болуы үлкен әсер
етті. Білім саласындағы құндылықтар, әлеуметтік жүйе ретінде, адам
мен қоғамның дамуына жағдай жасайды. Білім беру жүйесі оқушылардың
қажеттіліктерін қамтып, білім алып, құқықтарын қорғай алуға көмек
береді. Мұның барлығы жалпыға білім беру жүйесінен шеттетілген
балалардың топтарына бағытталған мемлекеттің білім беру саясаты.
Инклюзивті білім беруді іске асырудағы қажетті көрсеткіштердің бірі
– білімнің сапасы. Мұнда білім алу құқығы тек қолжетімділік ғана
емес, сонымен қатар балалық шақтан үлкен болғанға дейін білім алу
процесіндегі әр адамның жетістіктерге жетуі.
Ерекше сұранысты қажет ететін
балаларға білім беру кез- келген ел үшін негізгі міндеттердің бірі
болып табылады. Бұл – әркім өз әрекетінің қажеттігі мен
қатыстылығын сезіне білетін шын мәніндегі инклюзивті қоғам құруға
қажетті шарт. Біз әрбір балаға оның сұранысы мен басқа да
жағдайларына тәуелсіз, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға, қоғамға
пайда әкелуге және оның толық қанды мүшесі болуға мүмкіндік беруге
міндеттіміз.
Түзету жұмыстары
барысында жасаған жұмыстарына сын көзбен қарауға
үйреніп қана қоймай, салыстырмалы түрде бағалауға, өзгелердің
сындарын қабылдай және текшелей алуға, керек кезінде жолдастарын
қолдауға, көмек қолын созуға үйренеді. Ерекше балалардың
қоғамдық өмірге араласулары үшін әлеуметтік- тұрмыстық білім
мен икемдерін қалыптастыру екенін назарда ұстай отырып, педагог
арнайы сабақтарда балалардың қоғамдық орындарда өздерін ұстай алу,
қажетті хабарламалар мен жарнамалық ақпараттарды түсіне
бастауға үйрету керектігін де басты назарда ұстайды. Мысалы,
жаяу жүргіншіге арналған белгілер, ойнауға тиым салынатын белгілер,
жақын жердегі асхана, емхана бар екені туралы айтатын белгілерді
көріп, керегіне жарата алу, кез-келген жағдаяттан шығатын жол
болатынын түсіндіру әрине білім беру барысында алатын
біліммен байланысты. Мүмкіндіктері шектелген балаларда
қоршаған орта туралы сәйкес түсінік қалыптастыру көп жағдайда
педагогтың оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістері мен формаларын
қолдана отырып, дұрыс педагогикалық процесс ұйымдастыруымен
анықталады. Ерекше көзқарасты қажет ететін балардың дамуы оқу мен
тәрбие барысында практикалық әрекеті негізінде құрылады. Сондықтан,
бұл балаларды өмірге бейімдеу экскурсия және сабақтар, түрлі
ойындар формасында ұйымдастырылып, бала дамуында жетекші орын
алады. Егер ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде «Тағамдар», «Дүкенде»
тақырыптары өтілсе, сабақтан тыс уақыттарда тақырыптық эксурсия
өткізудің маңызы ерекше. Бірақ балалар белгілі бір объектіні
сырттай бақылап қана қоймай, ересектердің әрекеттеріне еліктей
отырып, өздері де жас шамаларына қарай әрекет ете алатындай етіп
ұйымдастыру өте маңызды.
Бүгінгі күні мүмкіндігі
шектеулі баланы ортаға кіріктіру, жалпы білім беру процесіне қосу,
мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету маңызды
мәселенің бірі болып отыр. Осы мәселеде баланы
психологиялықпедагогикалық қолдау күрделі де маңызды процесс.
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау – инклюзивті білім беру
жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу процесіне, жақтын дамуына,
әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған кәсіби
белсенді жүйе. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
қызметіндегі мұғалім-дефектолог баланы психологиялық-педагогикалық
қолдауда тек білім мазмұнына ғана өзгерістер енгізіп қоймай,
баланың танымдық қабілеттерін дамыту мен жалпы баланың өмірін
ұйымдастыруды көздейді. Психодиагностикалық тестілеу баланың
танымдық мүмкiндiктерін қалыптастыруда басты маңызды шарт –
мұғалім-дефектологтың психологиялық құзырлығы болып табылады. Мұның
бәрі баланың танымдық қабілетінің дамуына мүмкіндік жасау мен
баланың өзіне деген сенімінің артуына, жетістіктерге бір
қадам жақындауға жағдай жасайды. Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім
істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын
көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, өз мамандығын шексіз
сүйе білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен асқан шыдамдылық,
қажырлы еңбектің арқасында баланың біліміне, оның болашағына үлкен
сәулесін түсіріп, бала өмірін дұрыс бағытқа бағыттары
сөзсіз. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және
психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Десекте
қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие
сапалы білім беру өмір талабы болып
табылады. Қазіргі уақытта әлемдік
қауымдастықта білім беру саясатындағы басымдылық саясаты дәл осы
инклюзивті білім беру принциптеріне негізделеді. Дегенмен
инклюзивті білім беруді енгізу бойынша әр елдің қайталанбас
ерекшеліктеріне байланысты барлық мемлекет үшін қолданылатын нақты
әдістемелер мен нұсқаулықтар жоқ, инклюзивті үрдістерді дамыту
тәжірибесі оның дұрыс бейімделу барысында оларды пайдалану үшін
маңызды болып табылады.
Қорыта айтқанда, түзете дамыта оқыту
сыныптарында жаңа ақпараттық технологияларды, инновациялық әдіс –
тәсілдерді пайдалану - оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын
молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін
жетілдіруге көмегі бар.
Оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге, өз пікірін
айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы
қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса
алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
Демек, кез-келген оқыту, тек білім беруден басқа түзете-дамыту
жұмыстары болатын көрнекті-тәжірибелік сиқырлы іс-әрекет, ол
виртуалдық іс-әрекет деңгейіндегі компьютермен жұмыс істеу.
Жоғарыда атап өткендей мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете-дамыта
оқытудың негізігі жүйесі инклюзивті білім берудің практикалық адымы
неғұрлым ерте ғылыми теориямен өзіндік үндестігін тапса, онда
еліміздегі мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген оң көзқарас оңалар
еді. Сондай-ақ инклюзивті білім берудің инновациялық жолдарын оның
ішінде компьютерлік технология, интерактивті тақта сияқты білім
беруге қажетті жаңа ақпараттық технологиямен қаматамсыз етілсе,
келешекте мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесінде
ешқандай кедергілер болмақ
емес.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мағжан Жұмабаев
Педагогика 1992ж
2 Қ.Жұмасова Психология Астана
-2006ж
3. Жарықбаев Қ. Жалпы психология,
2000
4. Кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж
№343 заңы
5. Қазақстан Республикасының Білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік
бағдарламасы -Астана, 2010.
6.Республикалық педагогикалық –әдістемелік журнал
. Әлеуметтік педагог №4
2010ж
7. «Қазақстан Республикасының
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010
ж
8. А. Байтұрсынова «Арнайы
педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы, 2008
ж
9. Кемтар балаларды әлеуметтік
және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы.
ҚР 2002ж №343 заңы
Приложение
2
Заявка
На участие в
областной on-line
конференции « Инклюзивное образование: от
теории к
практике»
1
|
Фамилия, имя,
отчество
|
Базылова Дарига
Ахановна
|
2
|
Сертификат специалиста, ученая степень,
учебное звание, почетное
звание
|
-
|
3
|
Должность
|
Воспитатель
|
4
|
Представляемая организация, город,
район
|
Город
Семей,
«СОШ №42
»
|
5
|
Направление
конференции
|
-
|
6
|
Тема
статьи
|
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ЖОЛДАРЫ
|
7
|
Контактный
телефон
|
8-775-799-07-64
|
8
|
Е-mail
|
bako.11a@mail.ru
|