Материалдар / Инновация және жаңашылдық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Инновация және жаңашылдық

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал барша ұстаздар қауымының қосымша материалдармен білім беру жүйесін арттыру процесіне, оқушылардың сабақты орындау мақсатында берілген тапсырмаларды топ болып, жұп болып орындауларына септігін тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2021
679
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ


Аннотация XX-XXI ғасырлар тоғысында кез-келген елдің тұрақты өркендеуін қамтамасыз етеін ең басты фактор – адам. Өркениетте адам рөлінің артуы, адами капиталдың қоғам дамының негізгі ресурсына айналуы адам туралы ғылымдардың ішінде ең алдымен білім беру туралы арнайы ғылым педагогиканың маңызын арттырды. Ғылымның адамиландыруына байланысты ғылыми кеңістікте айтарлықтай өзгерістер пайда болды. Мектептерде білім алушылардың жеке қабілеттерін, мүдделерін басшылыққа алған білім беру мекемелері даралап-саралап оқытуды көздейтін бейіндік оқытуды енгізді. Педагогикалық жүйе және білім беру үрдісін ұйымдастыру нышаны да оқушылардың кәсіби бейімделуі үшін жағдайлар құруға, олардың кәсіби білім бағдарламасын игеру дайындығына бағытталған. Осының арқасында білімдік парадигма шектеулігін еңсеру, оқушылардың базалық құзіреттіліктерін қалыптастыру, олармен жеке оқу траекторияларын жобалау және жүзеге асыру мүмкіндігін құрастыру. Білім жүйесін жетілдіру үшін білім қызметтерінің тұтынушылармен өзара әрекеттесуінің маңыздылығын және санаттық дифференциациясын нақты түсіну қажет. Бұл – жоғары оқу орындары үшін маңызды. Білім жүйесі инновациялық нарықтық экономиканың сұраныстарына барабар ықпал ету қажеттілігінің алдында тұрған жағдайларда, жоғары білім жүйесінің жұмыс берушілермен серіктестігі жөніндегі мәселе ерекше мәнге ие болады.

Тірек сөздер: білім жүйесі, инновация, мектеп, ағартушылық жұмыс, тіл, ғылым, педагогика,оқушы, оқытушы, оқыту технологиялары.



Индустриалдық қоғамнан ақпараттық қоғамға ауысу білімнің адам тіршілік әрекетіндегі алатын басты рөлін анықтайды. Білім сапасы тек бір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның табыстылығының маңызды факторы [1,7-13б.].

Халқының келешегі, ұрпақ тәрбиесінің болашағы үшін жан аямай күрескен ақын, жазушы, педагог Міржақып Дулатов 1902 жылы Торғай қаласындағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін бітіріп, ауыл мектептерінде сабақ береді. Ал біздер 11-12 жылдық мектепті тәмамдап, жоғару оқу орындарын аяқтасақта, білім жүйесінің заманауи жағдайы және даму келешегіне қосып жатырған үлесіміз көңіл толтырмайды. Өткен дәуірдің педагогтары халық тағдырына байланысты саяси-әлеуметтік мәселелермен шұғылданып, өздіктерінен білімдерін дамытып, білген маржанын ел өмірімен байланыстырып, халықтың талап-тілегіне орай ағартушылық жұмыстарымен айналысқан[2,170б.].

Бүкіл әлем – сахна, әрбір адам кейіпкер деп ұлы драматург У.Шекспир көрсетті. Осы сахналаудың негізгі түрлеріне: сценка, инсценировка түзу, сценарий жазу, пьеса жазу жатады. Мысалы, ақиық ақын М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» арналған шағын қойылымның мәтінін түзіп, оны семинар сабағында, тақырыптық кешке дайындық кезінде немесе аудитория алдында көрермендерге көрсету қызықты әрі әсерлі болады, бұл үрдіс этнопедагогикалық тәрбиелік мәнін одан әрмен аша түседі [3,25б.].

Тіл – адамның адамдық белгісінің зары, жұмсайтын қаруының бірі деп Ахмет Байтұрсынұлы тілді адам санасындағы ойдың күрделі иірімдері мен әртүрлі психо-физиологиялық құбылыстар арқылы қабылданатын ақпараттардың күрделі таңбалық көрініс ретінде де тануға негіз жасады. Жазу ілімі саласындағы еңбегі қазақтың төл жазуы – төте жазуды жасады, оның фонематикалық ерекшелігін толығымен ашып берді. Осы еңбектің арқасында ұлт сауаты ашылып, газет-журналдар шығарылды. «Дауысты дыбыстар сөздің жаны, дауыссыз дыбыстар сөздің тәні есебінде, дауыссыз дыбыстар дауысты дыбыстардың иелігінде деп қазақ тіліндегі үндестің заңының ерекше қасиетін дәріптеді» [4,107б.].

Педагогика саласындағы зерттеулер – тәрбие үдерістерінің заңдылықтары, оның құрылымыы мен тетігі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұн-ұстанымдары, әдіс-тәсілдері туралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерсі және осы үдерістің нәтижесі. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің типология бойынша жіктелуі 60-жылдары пайда болды. И.Т.Огродников жұмыстың 3 түрін бөліп көрсетті:

  • педагогика жетістігінің теориялық және практикалық қорытындысын шығаратын қорытынды зерттеу;

  • көп қырлы тәжірибелік іс-әрекеттің заңдылықтарын ашатын, жеке жақтарын тереңдетіп, зерделеуге бағытталған жұмыстар;

  • оқу-тәрбие мекемесінің жеке типіндегі өскелең ұрпақтың тәрбиесі және оқыту тәжірибесіне тікелей жетекшілік ететін мақсатта құрылған нормативті және құрылымды-әдістемелік қайта өңдеулер.

Білім беру жүйесіндегі инновация – білім саласында жаңашылдық енгізуді көздеп, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеудің мақсат-міндеттерін қамтиды. Жаңашылдық – озат педагогикалық тәжірибені пайдалану барысында оқу-тәрбие үдерісінің саналы жаңа өзгерісі [5,128б.].Ал технология сөзінің қолданылуы – заман қажеттілігіне орай берілген жауап. Инновациялық процестің дамуына ықпал ететін факторлар: обьективті фактор – инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін жағдай жасау ескерілуі және субьективті фактор – инновациялық процестің субьектісімен байланысты екеніне назар аудару, бұл қатарға педагог, ғалымдар, мұғалімдер мен инновациялық бағыттағы білім саласының қызметкерлері.

Шетелдік авторлар технологиялары мен жүйелік әдістері:

  • дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков, Д.Эльконин,В.Давыдов, В.Репкин,В.Левин);

  • дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.Эрдниев);

  • іс-әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили,И.Волков);

  • тірек және тірек конспектінің көмегі арқылы оқыту (В.Шаталов);

  • оқытудың коммуникативті және дискуссиялық әдіс;

  • оқытудың вариативті элементтерін өз еркімен таңдау;

  • даралар оқыту, мектеп-парк моделін қабылдау (М.Балабан);

  • өнертапқыш тапсырмаларды шешу теориясы (ТРИЗ) әдістемесі (Г.Альтшулер);

  • профильді және кәсіптік бағдар бере отырып оқыту;

  • Вальдорф және гусанистік педагогика (Р.Штайнер, К.Роджерс);

  • толық меңгеру технологиясы (Б.Блум,Дж.Гилфорд);

  • когнитивтік-аффектілік модель, когнитивтік ойлауға үйрету (Ф.Уильямс);

  • «Step by step» және «Пікірсайыс» халықаралық бағдарламасы (К.Поппер);

  • «Өзін-өзі тану» үйрету моделі (П.Иванов);

  • Паоло Фрейренің «Езілгендер педагогикасы»

  • Халықаралық «Street Law» жобасы

Қазақстандық оқыту технологиялары:

  • модульдік оқыту технологиясы (М.Жанпейісова);

  • оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі (Ж.Қараев,Ж.Кобдикова);

  • биоақпараттану және синергетика технологиясы (Ф.Вассерман);

  • қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту технологиясы (Қ.Бітібаева);

  • сызба-кестелерді кешенді әдіс ретінде қолдану (Ж.Баулыбайқызы);

  • сатылай-кешенді талдау (Н.Оразақынова);

  • мемлекеттік тілді оқыту ізденістері (К.Сариева);

  • жинақтай-қарқынды оқыту (Н.Нұрахметов,К.Абдығалиев).

Аталған технологиялардың мақсаты ортақ: оқытудың тиімді жолдарын қарастыру,әртүрлі ұтымды әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру ізденістеріне жол ашу. Бүгінгі таңда оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар, оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістер де жиі қолданылады. Мысалы, қалыптасқан әдістерге сұрақ-жауап, суретті немесе көрнеілікті пайдалану, аударма, сөйлем және сөзді толықтыру, мәтін бойынша әңгімелесу, тест сауалдарымен жұмыс, мақал-мәтелдер жұмысы, өлең, тақпақтар жарысы т.б. [6,9-13б.].

Сонымен қатар, оқытатын үйретуші-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалдық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген кейс технолгия әдісі қолданылады. Бұл технология оқытуда жасалған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Академик Ж.А.Қараев және профессор Ж.У.Кобдикованың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясын ерекшелігі: сабақ үш кезеңнен тұрады және әр кезеңде орындалатын тапсырмалар оқушының жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеріп, алған білімдерін өмірде еркін пайдалана білуіне мүмкіндік туғызуы керек. Бірінші кезең дәстүрлі сабақтағыддай ұйымдастыру кезеңіне ұқсайды. Өйткені бұл кезеңде даңа тақырыпқа кіріспе ретіндегі өткен материалдан қайталау «Көпір» тапсырмалары беріледі және оларды оқушылар алдын ала үйден орындап келеді. Ал екінші кезеңде оқушылар арнайы дайындалған жетелеуші тапсырмалар арқылы кез келген мәтінді зерттеушілік әдіс бойынша өз бетінше меңгеруге дағдыланады. Бұл кезеңнің мақсаты – оқушылардың берілген тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеп, өз беттерінше ой қорыту және ереже шығару дағдыларын қалыптастыру. Бұл кезеңнің алғашқы 20 минутында тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, жаттығу жұмыстарын орындау арқылы білімдерін жүйелей түседі. Үшінші кезең – деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқулықтағы екінші кезеңде алған білімдерін дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету және оған сәйкесті оқу жетістіктерін 12 ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ бағалау. Оқушыларға стандарт көлеміндегі үш деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Бұл кезеңде сабаққа арналған барлығы 45 минуттың соңғы 12 минуты тапсырмаларды орындауға, ал 3 минуты қорытынды шығарып, оқушылардың жинаған балдарын тақтада ілулі тұрған «Ашық журналға» белгілеуге арналады. Қалған тапсырмаларды оқушылар үйде жалғастырып орындайды. Қорытында баға келесі сабақтың басында журналға қойылады.

Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту бағдарламасы – ұстаз тәжірибесінде тың із салар өміршең ізденіс нәтижесі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл болса, жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Д.Венн, Б.Блум т.б. теорияларын басшылыққа алады. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген. Сын тұрғысынан ойлау, негіщінен сынау емес, шығармашылыққа сүйене отырып, жан-жақты қарастырылған, шыңдалған ойлау. Аталмыш бағдарлама оқыту мен үйретудің үлгісі болумен бірге, оқушының жинақтаған білімінің болашақта пайдалануы, қажетке жарау тиімділігі мен уақыт үнемділігін айқындап, көп ақпаратты талдау алу, жинақтау мен қажеттісін алуға үйретеді. Ұстаздың үйреткен жаңа білім туралы жайында ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастыратын қызығушылықты ояту,бұл кезеңге қызмет ететін «Миға шабуыл, топтау, түптір алу, ойлану, жұпта талқылау, болжау, әлемді шарлау» т.б. әдістер жинақталған; Ойлау мен үйренуге бағытталған мағынаны тану кезеңінде оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегияларының бірі – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды INSERT әдісі; Күнделікті оқыту үдерісінде оқушы өзіндік толғаныс, ой толғаныс деп аталатын кезеңдерден тұрады.

«Ғылым-техника-өндіріс» үштігі қалыптасқан қазіргі заманда әрбір ұстаз бен оқытушы өзі қалаған оқыту технологиясы бойынша өткізетін сабағына жоспар құрып, оқушы мен студенттің дейгейіне сай таңдалған жүйелік әдіспен сабағын өткізеді. Оқытушы мен оқушының іс-әрекеті ретіндегі оқыту өнері және олардың бірлігі – бұл гректің «өнеге аларық» деген сөзінен шыққан дидактиканы білдіреді. Ұлы ойшыл ғұламалар Әбу-Насыр әл-Фараби, Ибн-Сина, Қожа Ахмет Иассауи, Әл-Хорезми, Махмут-Қашқари, Жүсіп-Баласағұни қазақ өлкесінде дидактикалық философиялық-әдіснамалық заңдылықтары, өзіндік ерекшеліктері туралы өз еңбектерінде жазып, кейінгі ұрпаққа өте бай мұра қалдырды. Тақырып бойынша ойтүйін инновациялық технологиялар мұғалім шеберлігін шыңдауға ұйытқы болады, тәжірибені зерделеп, зерттеуге дағдыландырады, оқушы мен ұстаздың шығармашылық байланысына негіз болады. Осы орайда «Жай ұстаз хабарлайды, жақсы ұстаз түсіндіреді, керемет ұстаз қалай жасау керектігін көрсетеді, ал ұлы ұстаз шабыттандырады» деген Уильям Уордтың даналық сөзі еске түседі. Қазір заман талабы да – оқушыға білімді дайын күйінде бермей, өз бетінше алуына қолайлы жағдай жасау және алған білімін өмірде еркін қолдана білуге дағды қалыптастыру. «Тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы, Адамды бақытқа жеткізетін күштер:денсаулық, білім, еңбек», деп атап көрсеткен қазақ топырағынан шыққан әл-Фараби атамыздың сөзін жиі есімізде ұстап, саналы біліммен өскелең ұрпақ болып қалыптасып жатырмыз.




ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Педагогикалық менеджмент Т.В.Паньшина.,Ж.Ж.Айтпаева., Алматы,2012.,7-13б.

2.Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі, Ә.Табылды.,Алматы «Білім» 2004ж.,170б.

3.Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі,2-басылымы, Ә.Табылды.,Алматы «Білім» 2004ж.,25б.

4.Инновациялық оқыту технологиясы монографиясы, А.Б.Салқынбай, Н.Ж.Егізбаева.,Алматы «Қазақ университеті» 2018ж., 107б.

5.Педагогикалық философиясы және әдіснамасы., Ш.Т.Таубаева.,Алматы «Қазақ университеті»., 2016ж., 128б.

6. Пәнді оқытудағы заманауи ізденістер: технология және жаңашылдық., А.Қыраубаева,А.Қасымбек,Н.Мәтбек., Алматы «Қазақ университеті» 2020ж.,9-13б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!