Материалдар / Инновация-заман талабы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Инновация-заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық үрдісте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдерін,түрлерін ,мақсаты мен мазмұнын ,мұғалім мен оқушының бірлескен қызыметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Инновациялық үрдістің нәтижесі теория мен тәжірбиенің тоғысуында пайда болатын жаңалықтарды қолдана білуге тиіс.
Авторы:
24 Қаңтар 2024
110
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Инновация-заман талабы.

XX ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес,ол жаңадан жаңаны табатын өнер»-деген екен. Солай демекші ,қазіргі кезде педогогика ғылымында жаңа ұғымдар көп-ақ. Солардың бірі-«инновация» ұғымы. Оны жете түсініп,инновациялық әдіс-тәсілдерді мектептерде оқу үрдісінде енгізу-оқушының саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады.Инновация дегеніміз-жаңа жағдайдағы жаңалық болып табылатын,нақты мақсаттың нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыз ететін идеялар,жаңалық,жаңашылдық,өзгеріс.Демек инновация –құрал және үрдіс ретінде әлдебір жаңалықты енгізу деген сөз.

Инновация адамның кәсіптік өызыметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің,талдаудың және тәжірбиеге енгізу нысанына айналды.Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің,жекелеген мұғалідер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі.Бұл стихиялы дамымайтындықтан,ол басқаруды қажет етеді.Педогогикалық үрдістің инновациялық стратегиясында жаңашылдық үрдістерді тікелей алға апарушыларретінде мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі зор.Яғни,оқыту үрдісінің көп түрлілігіне қарамастан,дидактикалық,компьютерлік,прблемалық, модулдікжәне басқа да жетекші педагогикалық қызыметті іске асырумұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие үрдісіне қазіргі замандағы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім кеңесшінің,ақылшының,тәрбиешінің қызыметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызыметі арнаулы,пәндік білімдермен ғана шектелмей,педагогика мен психологияның ,оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан,мұғалімнен арнайы психологиялық-педыгогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау,бағалай және іске асыруға дайындық қалыптасады.

Педагогикалық үрдісте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдерін,түрлерін ,мақсаты мен мазмұнын ,мұғалім мен оқушының бірлескен қызыметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Инновациялық үрдістің нәтижесі теория мен тәжірбиенің тоғысуында пайда болатын жаңалықтарды қолдана білуге тиіс.

Орыс ғалымы Л.В. Зенков: «Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану –білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы» - деп атап көрсеткендей,күн сайын,тіпті сағат сайын артып,өзгеріп отырған әлемдік ақпаратқа ілесу,ондағы жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеріп ,пайдалана білу бүгінгі күннің мұғалімінен үлкен ізденісті ,зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етуде.Өйткені, заманауи жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтарын біліктілікпен,сауаттылықпен пайдалану арқылы ғана біз ,мұғалімдер сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз.

Білім беру жүйесіндегі инновациялар – бұл мұғалімдердің классикалық оқыту-тәрбиелеу-дамытупедагогикалық ұстанымдарын сақтай отырып, уақытпен бірлесе жұмыс істеу шеберліктері. Бірақ, бұл даярлық бірден,бір уақытта туындай алмайды,ол мектептегі мұғалімдердің мыңдаған сабақ өткізулерінен жинақталады. Сондықтан қазіргі замандағы инновациялық замандағы сабақтың үлгісі деп, мұғалімдердің жинақталған мол әдістемелік тәжірбиесінің интеграциясындағы ,ақпараттық –коммуникациялық технологиялар саласындағы әлемдік және отандық жетістіктердің трансфертін қамтамасыз ететін сабақты айтуға болады.

Инновациялар мектептен,мұғалімдердің педагогикалық қызыметінен бастау алады.

Қазақстан Республикасының « Білім туралы » Заңында: « Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық құндылықтар,жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім берудегі ақпараттандыру,халықаралық желіге шығу»- делінген.

Оқытудың жаңа инновациялық әдістері пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді. Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту ,жаңалық, өзгеріс енгізу деген мағынаны білдіреді. Оның мәні: өздігінен және білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы-ақпаратпен қаруланған ,жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде,алыстан жақынға,таныстан жатқа көшіп,жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»- деп Мағжан Жұмабаева айтқан ,оқыту үрдісіне жаңа көзқараспен қарау керек. Жазу,баспасөз,электрондық пошта радио,теледидар мен комьютер күнделікті өмірде қарым-қатынасты жақсартуға және тілдік қарым-қатынастың төрт психологиялық әрекеттерін дамытуда көмекші құрал болып табылатыны аян.

Үшінші мыңжылдықта оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты,жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып,оқыту-тәрбие үрдісін жаңа құруды көздейді. Осыған орай мұғалімнің жаңа педагогикалық технологияны менгеруге ұмтылысымен сипатталатын инновациялық әс-әрекетке бағытталған мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастыру қажет-ақ.XXI ғасырда ғылымның қарыштап алға дамуында мұғалімнің инновациялық білімге деген қажеттілігі артып отыр. Мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастыруда, ең алдымен,мұғалімнің инновациялық белсенділігін ескерген жөн.

Мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастыру білім беру теориясын түсінуге мүмкіндік беретін философиялық және білім беру тәжірбиесінде өзінің идеясын жүзеге асыруға көмектесетін өмірлік бағыттылығы бар әдіснамалық білімдер жиынтығын құрайды.

Мұндай дайындық деңгейі мұғалімнің шығармашылыұ іс-әрекет құрылымының мазмұнына,өзін-өзі дамытудағы инновациялық іс –әректтің мақсатына қатысты.Ал,мақсат инновациялық іс-әрекеттің мазмұнына бағытталады. Мазмұнның құрылымы инновациялық мәселемен анықталынады. Мазмұнын үтілетін нәтиженің жағдайларына тәуелді және іс-әрекетті жүзеге асырудың басты деңгеіне емес,орындаушылық жеңгйіне байланысты.

Сонымен, мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастырудағы мұғалімнің өзін-өзі дамытуы инновациялық іс-әректтің мақсаты мен мазмұнын белсенді ұғынуынан басталады.Мұғалім инновациялық іс-әрекетке ненің кіретіндіктерін дұрыс ажырата білуі тиіс.Себебі,инновациялық дамудың негізгі түсініктерін ашу жаңалықтарды іске асырушы мұғалімдерсіз мәнсіз.

Педагогикалық технология М.В.Клариннің анықтауы бойынша: «Педогогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін» білдіреді.Ғалым академик В.М.Монахов оқыту технологияларының практикадағы қолданыс аясын тереңірекны жаңаша қырынан танытады. Ғалымның пікірінше: « Технология-оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу,бірлескен педогогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі».

Елбасымыз «елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолынды» деп атап көрсетті. Ал оны орындау бәріміздің қасиетті борышымыз. Егемеен елдің болашағы,оның әлемдік өркениеттегі өз орны,өз алдымен,білім мен тәрбиенің бастауы болатын ұстаз қолында. «дарынды шәкірт ,дарынды ұстаздан шығады» дегендей оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау,өз бетінше білімді меңгерту,өмірге көзқарасын қалыптастыру және интеллектуалдық іс-әрекетке әзірлеу. «Білімді ұрапақ болашақтың кепілі» демекші ,білім жоғары дамыған елдер ғана халқының тәуелсіздігін сақтап қана алмақ.

Жоғарыда аталған ғалымдардың пікірін қорыта келіп,біз педагогикалық инновациялық мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып,іріктеліп,реттелген оқутудың мазмұн ,форма,әдіс- амалдарының,дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық нұсқаларының жиыны деген тұжырымға тоқталамыз.

Оқыту технологиясы оқу үрдісіне қажетті әдіс ,тәсіл,амал, дидактикалық талап секілді педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады.Былацша айтқанда, педагогикалық технология –оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін,оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңды құрамдас бөлігі.

Педогогикалық технология оқу-үрдісімен ,мұғалім мен оқушының іс-әректімен тығыз байланысты.

Оқыту үрдісінде жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың білімі мен қабілетін арттыру- мұғалімдер алдында тұрған аса жауапты міндеттердің бірі.

Заман талабы-оқу үрдісін қарқынды әдіспен ұйымдастыру. Ендеше инновациялық технологиялардың қолдану арқылы сапалы білімге қол жеткізу әр мұғалім алдындағы маңызды міндет екендігін естен шығармауымыз қажет.















Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Мұғалі мен қоғам» Республикалық педагогикалық-қоғамдық журнал ; 2011 жыл № 4 шілде-тамыз

  2. «Мұғалі мен қоғам» Республикалық педагогикалық-қоғамдық журнал ; 2011 жыл № 3 мамыр –маусым

  3. «Мұғалі мен қоғам» Республикалық педагогикалық-қоғамдық журнал ; 2012 жыл № 2 наурыз-сәуір

  4. «Қазақстан мектеп» журналы





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!