"Инновациялық технология – білім сапасын
арттыру кепілі."
ХХІ ғасырда білім мен ғылымды жаңа инновациялық
технология бағытында дамыту маңызды мәселелердің бірі. Президент
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан — 2050» мемлекеттік стратегиялық
жолдауында «біз білім — ғылыми — инновациялар үштігі билеген
постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз, біріншіден бұл —
уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры» деп
атап көрсеткен
болатын.
Э.Роджерс «Инновация — нақтылы бір адамға жаңа болып
табылатын идея» десе, Майлс «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз
одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін
күтеміз» дейді. Яғни инновацияны жаңаны көру, жаңаға ену, жаңаға
кіріспе деп түсінуіміз қажет. Инновация көпсалалы, кең
қолданыста. Педогогика ғылымында өзіндік категориясы болса
да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп
қолданып жүр. Инновация ұғымы ең алғаш мәдениеттанушылардың
зерттеулеріне енді, ал қазір барлық салада кеңінен
қолданылады.
Бүгінгі таңда оқытудың ақпараттандыру үрдісіне ерекше
көңіл бөлінуде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру — қазіргі
қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Ал,
барлық арнайы ақпараттық құралдары (ЭЕМ, аудио,бейнефильм,кино)
қолданатын технологияларды тәжірибеде ақпараттық технологиялар деп
атаймыз. Алдымен информатика саласының жаңа ақпараттық
технологияларға көшпей тұрып, оқу — үрдісінде білім беруде
ақпараттандыру мүмкін емес.
Информатика сабақтарында ақпараттық —
коммуникациялық
технологияларды пайдаланудың
тиімділігі:
-
·оқушының өз бетімен жұмысы;
-
·аз
уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
-
·білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы
тексеру;
-
·шығармашылық есептер шығару кезінде ақпараттық
процестерді түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
-
·қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің
туындауы;
-
·қажетті ақпаратты жедел түрде алу
мүмкіндігі;
-
·экономикалық тиімділігі;
-
·іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен
тапсырмаларды оқып үйрену;
-
·оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де
ықпалы зор.
Инновациялық технологияны пайдалану жөніндегі
қызметтің мақсаты:
- үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту;
- коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту;
- сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру;
- оқу қызметі мәдениетін дамыту;
- оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның
тиімділігі мен сапасын арттыру.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам – ақпараттың қажет кезін
сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті,
ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын
пайдалана білуі керек.
Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізу:
- «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»;
- «Білім беру» Заңының 8 – бабы.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының
түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл
оқу - әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен
міндеттер қойып отыр.
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі
проблемаларының бірі – «Білім – бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім
бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық
құрылымдарын іздеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы
мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасы дамыған елдері
сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі
тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген
оқыту жүйесін жасау керек». Бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі
– мектептерді компьютерлендіру.
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы
дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге
асырады. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін
жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік
беретін іс - әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты
міндет – оқушының оқу – танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға
қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның
тиімділігі шығады.
Оқыту үрдісінде технологияны қолдану мұғалім мен оқушы қарым –
қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесін, олардың іс - әрекеттерінің
мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты білім
беру жүйесінде мұғалім – оқушы – оқулық түрінде құрылған үш жақты
байланыс бұзылып, мұғалім – оқушы – компьютер – оқулық жүйесі пайда
болды. Мұндай жүйеде білім беру оқыту процесінде компьютерді
қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап,
жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді. Ақпараттандыруда технологияның
негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың
жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім
стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім
жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және
оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Оқу процесінде
қолданылатын технологиялық құралдарын орналастырудың бірнеше
жолдары бар. Ең перспективтісі және мазмұндысы жіктелу критерийі
ретінде тағайындау облысы болатын жол құрылымдық элементтері болып
табылады.
Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты
мақсат – жаңа технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту.
Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады. Олар: оқып
меңгеру; тәжірибеде қолдану; шығармашылық бағытта дамыту;
нәтиже.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде
ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Компьютер –
білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың
дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал.
Бірақ әлі күнге дейін біз осы зор құралдың шексіз мүмкіндіктерінің
оннан бірін де пайдалана алмай отырмыз.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі бағдарламасын
іске асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ Қазақстанның
байлығына ие болатындар, сол байлықты өз иелігіне жұмсайтындар, сөз
жоқ, қазіргі мектеп қабырғасында жүрген оқушыларымыз екеніне ешкім
күмән келтіре алмайды. Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған
мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен
қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті
сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты
ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта
оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша,
жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы
дағдыландыру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы.
Ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде бірден бір талап десек
те болады, ол – ақпараттық мәдениет. Ақпараттық мәдениет дегеніміз
– адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатысуға және ол
кеңістікке еркін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара іс - әрекетке
түсуге мүмкіндік беретін білім деңгейі. Э.Л.Семенюктің пікірі
бойынша «ақпараттық мәдениет – адамның, қоғамның немесе оның бір
бөлігінің ақпараттармен жұмыс істеудің барлық түрлері –
ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негізінде сапалы жаңа
ақпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетілу
деңгейі».
Біріншіден, дәстүрлі емес сабақтарды өту арқылы оқушылардың ой
толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді даяр күйінде
бермей, оқушылардың алдына белгілі бір мәселені міндет етіп қойып,
оны олар инновация элементтерін пайдалана отырып ізденіп шешуі тиіс
жолдарды пайдалану. Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде
оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді. Мұның нәтижесінде өз
бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтар
тәрбиелейміз.
Екіншіден, оқушыларға қазіргі заман талабына сай жоғары дәрежеде
сапалы білім мен тәрбие беруде компьютерлік технологияны пайдаланып
оқыту – бүгінгі күн талабы. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік –
зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін
бала өзінің бұған дейін білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа
мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға жетуі керек.
Содан кейін барып оның білім алуға деген ынта – ықыласы артады,
білім алуға әрекеттенеді.
Үшіншіден, қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді, әсіресе білгенін
өмірде пайдалана білетін жастарды тәрбиелеу мақсатында оқытудың
жаңа әдістерінің ішіндегі ең маңыздысының бірі – желілік
ресурстарды пайдалану технологиясын енгізу.
Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының танымдық белсенділігін,
ізденімпаздығын қалыптастыра білу. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру
мұғалімнің оқушының өзін - өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай
отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс - әрекет ету даралық
қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды
пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап
оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау
жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет – ретімен толық жеткізуді
үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік
беру, оған пікір еркіндігін сездіру оқушының сол сабаққа деген
қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық
жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз
уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін бағалауға, бағдарламадағы
материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді,
бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі,
оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту
кезеңінің ең маңызды бөлігі.
Сонымен, қорыта айтқанда, жаңа
технологиялар:
Оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
Оқушыны ынталандыруға;Оқушы мен оқытушының ынтымақтастық
қарым-қатынасына;
Оқушының өз білімін бағалай білуіне бағыттауға
мүмкіндік беретініне көз жеткіздім.
Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген
жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп
шығуға мүмкіндік бар. Шығармашылықпен іздену мұғалімнің еңбегіне,
ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді. Бүгінгі күн
мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың сабаққа
деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың
санасына жеткізе түсіндіру.
Меніңше, осы оқыту жүйесінде ақпараттық және
коммуникативтік технологияларды қолдану төмендегідей
нәтиже береді:
Ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша
ғылыми негізінде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік
білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана
білуі;
Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз
бетімен білімін толықтыруға дағдылануы;Игерген материалдарын
шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай
алуы;Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене
араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете
алуы;
Ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде
қолданудың жаңа жолдарын іздеуге ұмтылуы тиіс.
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың
басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін
оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік
беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру
программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер
қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал
мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы
үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының
алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету
керек.