ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ
НЕГІЗІ
Нурмаганова Гулим
Шегендыковна,
№17 ЖББОМ-ң қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімі
Оқушыларға қазіргі заман
талабына сай сапалы білім мен тәрбие беруде әр пәнді оқыту жоғары
ғылыми дәрежеде жүруі керек. Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің
рөлі артып, білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтеріне
айналды. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасының
көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты. Біз жаңа мыңжылдықта,
ақпараттандыру ғасырында өмір сүріп
жатырмыз.
Қазіргі таңда білім беруді
дамыту үшін оқытудың озық жүйелері мен технологияларын әзірлеу
ұстаздардан инновациялық технологияларды талап етіп
отыр.
Әрбір оқушының қабілетіне
қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған
педагогикалық технологияларды меңгеруге үлкен бетбұрыс
жасалуда.
Барлық жаңа технологияның
алдына қойған мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес
ерекшелігін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін
арттырып,шығармашылықтарын қалыптастыру.
Мұғалім әрқашан сабағында
көрнекі құралдар немесе қосымша әдебиеттерді мақсатты пайдалана
отырып, оқушыларға мүмкіндігінше білім түрлерін
кеңірек
беруге ұмтылғаны
жөн.
Үшінші мыңжылдық адамын
қалыптастыру – дүниежүзілік, соның ішінде қазақстандық білім беру
жүйесінің алдындағы жауапты міндет. Ендеше, оқытудың жаңа
технологиясын тиімді пайдалана отырып дұрыс түсіндіру, оның бағытын
нақты анықтап, жүзеге асыру – басты мақсаттарымыздың
бірі.
Инновациялық үрдістің негізі –
жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық
қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды.
Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме»,
«жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп
атауға болады.
Инновациялық оқыту
технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені
жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке
басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс.
Шындығында да әрбір мұғалім жаңа инновациялық технологияны меңгеру
барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі
қалыптастырады.
Инновациялық технологияларды
сабақта пайдалану – өмір талабы. Жаңа технологияларды оқушылардың
жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы
зор. Оның тиімділігі – әдіс-тәсілдерді ұтымды таңдау арқылы
оқушының сезіміне, ынта-ықыласына әсер ету, пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру. Сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана
отыра, инновациялық технологияларды пайдалану білім берудегі ең
маңызды әдістердің бірі болып табылады.
Қазақ тілін оқытуда жаңа
технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану,
мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы
іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік
туғызады.
Сабақ беру үрдісінде өз
тәжірибемде мынандай мақсатқа қол жеткізуге тырысамын: оқушылардың
шығармашылық қызметін дамыту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету,
топтаса жұмыс жүргізе білу, оқушының ой – өрісін, қиялын дамыту,
сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту.
Сабаққа қойылатын талаптар оқушылардан үлкен шеберлікті талап
етеді. Сондықтан да жаңа педагогикалық технологияларды орынды
пайдаланудың маңызы зор.
Сабақтарда түрлі
әдіс-тәсілдерді қолдана отыра, инновациялық технологияларды
пайдалану білім берудегі ең маңызды әдістерінің бірі болып
табылады. Осы технологиялар арқылы оқушылар сабақтарда сын
тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, тұжырымдау, пайымдау,
дәлелдеу, салыстыру дағдыларын дамытады.
Қазақ тілі сабағында әдістерді
тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын
арттыру, терең ойлау белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа
технологиялары арқылы жүзеге асып келеді. Қазақ тілін оқытуда
ақпараттық – инновациялдық технологияларды пайдалану – оқушыларды
сауатты жазуға, ойын, сөзін еркін жеткізуге, білікті, жан-жақты
азамат болуға тәрбиелейді.
Инновациялық технологияларды
қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, балалар
салыстыруға, өз ойларын сол тақырыпқа сай жеткізе білуге итермелеу
керек. Рөлдік ойындар пайдалану, білгірлігінің қалыптасуы барысында
жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады,
қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға
үйретеді.
Әрбір педагогтің инновациялық
іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация
туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық
іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру
жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану болып табылады.
Білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған
кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының
төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар
жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп
шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу
дағдысының болмауы; білім алушылар мен
оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің
болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың
бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін
енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын,
талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге
жол ашу болып табылады.
Инновацияны қолдану,
инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану емес, өйткені әр
мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы
мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір
нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский
К.Д. айтқандай, іс-тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның
негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға
шығармашылық көзқараспен қараған оқытушы жаңа инновациалық
технологиялар бойынша жұмыс атқара алады.
Қорыта келгенде инновацияның
өлшемдік бірліктері оқытудың əдістемелік мақсат-міндеттері, оқу
үдерісі, оқытудың нəтижесін бағамдаумен
анықталады. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа
педагогикалық технологияларды қолданудың өзіндік
ерекшеліктері бар болуы. Инновациялық білім берудің нәтижесінде
оқыту мен тәрбиелеудің соңы әдіс-тәсілдерін
инновациялық-педагогикалық технологияны меңгерген,
психологиялық-педагогикалық негізде қабылдай алатын және нақты
тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді,
шығармашыл педагог, зерттеуші жаңаша оқытушы болып шығуына
мүмкіндік береді. Білім берудің мазмұнын
жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту және оқушыларды бүгінгі
күн талабына қарай икемдеп, өз заманның озық өнегесін оның санасына
сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта дамыту - бүгінгі күннің
басты талабы.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
ҚР «Білім туралы» Заңы,
2007
-
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік
бағдарламасы
-
Жүнісбек Ә. Жаңа технология
негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4,
2008
-
Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның
құрылымы. – А.:Өркен, 2007
-
Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім
сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім,
2008.