Материалдар / ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқытуға арналған сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
684
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Тұңғышбаева Самал Қасенқызы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы

«Герасимовка орта мектебі»ММ




Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті.

Қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап - жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.

Осы жаңа әдістерді қолдану кезінде педагогикалық-психологиялық талаптарды ескере отырып, оқушының оқу материалын игеруіне жағдай жасау қажет. Қазақ тілі пәнін оқыту кезеңінде әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай жеке тұлға қалыптастыру қажеттілігін ескеремін. Көп жолығатын қиыншылық – сабақ барысында баланың өзіндік ой қорыта алмау, қазақша сөз мағынасын ашып айта алмау, өз ойын жаза алмау сияқты кедергілер бар. Ой-пікір қабілеттілігін жетілдіру, білімді, саналы, тілге жетік тұлға дайындап шығару - мұғалімдердің мақсаты болатын болса, сол мақсатқа жету үшін шығармашылық жұмысты мұғалім өзі емес, оқушыларымен бірге іске асыру керек деп ойлаймын. Сабақта жоғарғы сапаға жету үшін, алдымен пәнге деген қызығушылығын ояту керек. Сондықтан жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің ішінде қазақ тілі сабағында «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы негізінде мына тақырыпта жұмыс істеп келемін. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы негізгі мақсатым:
* Оқушының сөздік қорының көп болуына, сөйлей білуге үйрету.
*Тың мәліметтерді тауып, зерттеуге, талдауға, қорытынды жасауға үйрету.
*Пәнге деген қызғушылығын ояту.
* Тақырыпқа қызығушылық танытқан оқушылармен жеке жұмыс, бағыт-бағдар беру.
* Әр түрлі шығармашылық сайыстарға қатыстыру.
Ұстаздың шығармашылық жұмысы сабаққа даярлықтан басталады: сабақтың жоспарын құру, әдістерін ойластыру, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, көрнекілік, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Бұның нәтижесінде оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады, ал бұл шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады
. Қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістерде бала бұрынғы өзі білетін нәрсенің ерекшеліктерін саралап, оның жетістігі мен қажеттілігі арқылы жаңа білімді алуға ұмтылады. Қазақ тілі пәнін өткен кезде, оқушылардың жазу мен оқуда сыни тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолданамын. Осы әдістеме қазақ тілі сабақтарында қолдану өте қолайлы, қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақты әдістер мен тәсілдер. Оқушының ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат еттім. Ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру- бүгінгі қажеттілік.

Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».

Менің сабақ беретін сыныптарым 3-8-9-10- сынып оқушылары болды. Сондықтан зерттеу обьектісі де сол оқушылардың жасына қарап анықталды. Әр сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне қарай өзгеше болады.
Сабақты меңгерту үшін оқушылармен жұптық, топтық жұмыстрын ұйымдастырамын. Оқушылар ойланады, ізденеді, біріне-бірі түсіндіруіне болады. Белгілі өзінше бір қорытындыға келеді, сөзжұмбақ, тест сауалдарын құрастырып, эссе жазады. Осы тәсіл арқылы көп нәтижеге қол жетуізуге болады. Мысалы, 8-сыныпта «Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары туралы түсінік» тақырыбын өткен кезде, төмендегіше түсіндіруге болады.


1-кезең. «Дөңгелек үстел» әдісі бойынша үй тапсырмасы тексеріледі

2-кезең. “Қызығушылығын ояту” кезеңінде жаңа тақырыпты алдыңғы өткен тақырыппен байланыстыра отырып, сабақ мақсатын ашу үшін Абай атамыздың “Қырық бесінші сөзінен”алынған“…Әділет, сезім махаббат кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол – ақыл” деген сөздерің сабақ эпиграфы етіп алып, мұндағы грамматикалық негіздерді тапқыздым, құрылымын, құрмалас сөйлемнің түрін анықтап, жаңа сабақтың атауын шығарамыз, мақсатын ашамыз.

3-кезең.“Мағынанаы тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны “Куббизм” стратегиясы арқылы тақырыпты берілген алгоритммен өздігінен топта меңгереді.

*Суреттеңіз: Сабақтас құрмалас сөйлем дегеіміз не?

*Зерттеңіз: Берілген сұрақтар арқылы құрмалас сөйлемдер туралы айтып беру.Сызбамен танысып, түсіндіру (оқулық бойынша).

*Салыстырыңыз: Сабақтас пен салаласты салыстырыңыз“Венн” дианраммасын қолдану арқылы. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты жүзеге асыруға болады.

*Қолданыңыз: Сабақтас құрмалас сөйлемді тауып, жасалу жолдарын түсіндіру.

Сергіту сәті.
Шығармашылық жұмыс эссе «Құрбыма хат»: Өздерің сияқты құрбыларыңа осы сабақ эпиграфында айтылған даналық сөздердің мәні туралы айтып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана отырып, құрбыларыңа хат жазып көріңдер.

Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты “5 минуттық эссе” жазғыздым. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.

Рефлексия. Шағын тест сауалдарымен жұмыс жүргізіледі.

Қорытынды. “Не білдім? Нені білгім келеді?” кестесін толтырады.

Бағалау парағы арқылы білімдерін топ басшылары бағалайды.

Аты-жөні

Үй тапсырма

Дөңгелек үстел”

Кубизм”

120-ж.

121-ж.

Эссе

Тест

Қорытынды
























Сабақтың қай құрылымында болмасын оқытушы осындай стратегияларды қолданғанда “Мен не ұтам?” және “Оқушы не ұтады?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын сабақтарымда қолдану арқылы кәсібімнің қыр сырына тереңдей түстім. Бұрын маған тимеңіз деп партаның ең соңында отыратын оқушылар , өз пікірін айтуға, егер мұғалім оны қолдап жатса, сыныптастарының алдында мақтаныш пайда болып, сабаққа қызу араласатын болды.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын.

Қорыта келе, біз мұғалімдер-шәкірттердің арманы болғымыз келеді, ертең өскен кезде де біздің түлектер ұстаздарына зор құрмет, мақтанышпен қараса екен деймін. Қазіргі қазақ баласына «Сен мықты азамат боласың!» - деп үлкен сеніммен қарап, оған таныс нәрсемен, таңсықты бірге ала жүріп, оқушыны әр сабақта «Даналыққа ұмтылу-таңқалудан басталады», - деп таң қалдыра білуіміз қажет.

«Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер», - деп Ж. Аймауытов айтқан. Сабақ беру - өнер.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!