Материалдар / Интегралдық технология
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интегралдық технология

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңдағы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол- өз жұмыс орнында және бүкіл технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Ескі тиімсіз оқыту әдістерін жаңа тиімді әдістермен алмастыру арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын арттыруға болады. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
808
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Интегралдық технология
Бүгінгі таңдағы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол- өз жұмыс орнында және бүкіл технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Ескі тиімсіз оқыту әдістерін жаңа тиімді әдістермен алмастыру арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын арттыруға болады. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын қолдану. 
Сабақтың негізгі бөлімі – бұл оның дамытушылық және тәрбиелік функциясы. Мұнда қандай да бір ғана әтісті қолдану емес, оқушылардың психологиясын, сыныптың білім деңгейін есепке алып соған сай әдіс – тәсілдерді қолдану, оқушылардың өздігінше оқып үйренуін қалыптастыру. Ол үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту қажет.
Есеп шығару барысында шығармашылық, қабілеттілік, ізденгіштік қасиеттерді дамытып өрістетуде берілген есепті әр түрлі тәсілмен шығарып, ішінен қарапайым тиімдісін таңдап алудың маңызы зор. Мұның өзі оқушылардың біліміндегі формализмді жоюға мүмкіндік береді.Есептерді шығару оқушылардың белсенділігіне, қызығушылығына байланысты. Сондықтан, есеп шығарудың басты мақсаттардың бірі – оқушылардың ойлау қызыметін жандандыру. 
Барлық модульдік технологиялар дамыта оқыту тұрғысынан құрылады: егер оқушы тапсырманы мұғалімнің немесе сыныптастарының көмегі арқылы орындаса, онда ол өзінің даму аймағында болады. Мғндай әдіс баланың психикалық дамуына ісер етеді, яғни ол бүгін біреудің көмегімен жасаса, ертең өзі жасай алады. Яғни бұл саты оқушының жедел дамуына жетелейді. Модульдік оқытуда бұл дифференциалданған мазмұн арқылы қолданады. Яғни әр түрлі оқыту формалары қолданылады. (жеке дара, топпен, тұрақты және ауыспалы жұп арқылы)
Модульдік блоктық технологияда оқу процесінің минимальді шамасы болып сабақ емес сабақ циклі немесе модуль болып табылады. Көбінесе сабақтың төрт циклі немесе модулі қолданылады.
1-сабақ. Жаңа сабақты меңгеру. Бұл кезде оқушыға дайын конспект беріледі немесе оқушыға ауызша түсіндіріледі.
2-cабақ. Әңгімелесу сабағы,жаңа сабақты талдау. Бұл жұп арқылы жүзеге асырылады.Алғашында оқушы оқулықпен немесе конспектімен жұмыс жасайды, содан кейін осы материалды өзінің парталас көршісімен талқылайды. Кейіннен материалды оқытушыға тапсырады.
3-сабақ. Бекіту, жазылған дәптер арқылы жұмыс, бағдарламалап оқыту элементтері. 
4-сабақ: Қайталап сұрау арқылы бақылау, өзіндік жұмысқа дайындау. Өзіндік жұмыс тест түрінде болуы мүмкін.
Тест сұрақтары оқушының санасын жүйелейді және олардың ата-аналары мен оқытушыларының жақын мақсаттағы бағалауын анықтайды. Оқушының қызығушылығы мен дарындылығын анықтау үшін оқытушыға кең көлемдегі құрал жабдықтар қажет.
Технологиялық дамудың келесі баспалдағы блоктық оқыту технологиясы. Оқу процесінің минимальді шамасы сабақ блоктары болып табылады. Мысалы, лекциялық-семинарлық жүйе. Бұл жүйе 80-жылдары қарқынды енгізілді. Оның құрамы: 
−лекция 
−практикум сабақтар, семинар сабақтар
−қайталау −бақылау −коррекция 
Лекциялық-семинарлық жүйе. Сөзсіз тиімді, бірақ мектептік білім беру жүйесі бұл жүйені қабылдамады. Себебі, жоғарғы оқу орындарындағы лекциялық-семинарлық жүйе мектепте қолданылмайды.
Модульдік технологияларды дамыту үшін ғалымдар интегралдық технологияны жасап шығарды.Олар төиендегі бағыттарды біріктіруге тырысты: дидактикалық жүйені бекіту, оқыту нәтижесін жоспарлау, психологизация, компьютеризация. Нәтижесінде күшті және күрделі технология пайда болды.Интегралдық технологияда екі бөлімнен тұратын 
сабақтар блогы (тұрақты және ауыспалы) негізгі оқу периоды болып табылады. Қолданылатын оқыту түрлері: көрнекілік, түсіндірмелі, эвристикалық, бағдарламалық, семинарлық, практикум, өздік жұмыс. Диагностикалық негізгі бөлімі – кезекті ауызша сұраулар, жазбаша қорытынды бақылаулар, тақырыпты аяқтағаннан кейінгі ауызша және жазбаша сынақтар.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!