Мақтарал ауданы
«М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Интеллектуалды экологиялық
олимпиада
«Сұғанақшы-табиғат
жауы»
Аширова Гульжанат
Турсинбековна
жоғары санатты химия,
биология пәні мұғалімі
Электронды
почта: guljanat-1970@mail.ru
Байланыс телефоны:
+77786901970
Интеллектуалды экологиялық
олимпиада
«Сұғанақшы-табиғат
жауы»
Мақсаты:
1.Білімділік, оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат
құндылықтары жайлы түсініктерін
кеңейту;
2.Дамытушылық,
шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай
білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе
білуге дағдыландыру
3.Тәрбиелік,
табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге,
мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру,
Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға
жетелеу, туған жердің тауы мен тасын,
өсімдігі мен жануарын, суын жалпы табиғат байлығын қорғау
қажеттігін үнемі ұғындыру, оқушылардың теориялық білімдерін өмірде
қолдануына ықпал ету, сындарлы ойлау қабілетін дамыту , экологиялық
мәдениетін қалыптастыру
Күтілетін
нәтиже: интеллектуалды олимпиада
арқылы өз білгендерін жүйелейді, топта жұмыс істейді, экологиялық
сауаттылықтары артады, зерттеушілік әңгімені
жүргізеді
Әдісі: танымдық
сайыс
Түйінді
идеялар: Экологиялық білім, экологиялық
мәдениет, экологиялық сауаттылық, қоршаған ортаға
сүйіспеншілік
Ресурстар: слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, өлең
шумақтары, қабырға газеті, гүлдер,
суреттер https://www.youtube.com/watch?v=QcS7m1O6V0E
ВИДЕО: http://kaztrk.kz/…/Kizil_mija_osimdigi_kurip_baradi_id13841…
Сайыскерлер:
9-11 сынып
оқушылары
Сайыс
барысы:
Жүргізуші:
«Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең
әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген аңың да, айналаны әсем әнге
бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім. Осындай
әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының қаншалықты
бақытты екенін білсең
ғой!...»
Ойлау керек Арал жайын , ел
жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл
сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай
–Ананы
Азаматтық арыңменен аялауға тұр
дайын! -дей отырып, «Сұғанақшы-табиғат жауы» атты
интеллектуалды олимпиадаға қатысушыларды ортаға
шақырамыз.
-
«Экологтар»
тобы
-
«Табиғат сақшылары»
тобы
Әділқазы алқасы, әділ болсын
бағасы
Бүгінгі күн, сайыстың –төрешісі,
патшасы-деп,бүгінгі сайысымыздың әділқазы мүшелерімен таныс
болыңыздар:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сайыс
шарттары:
І. Қай тұжырым дұрыс «Иә,
жоқ»
ІІ. Артығын
тап
ІІІ. Танымыңызды
танытыңыз
ІV. Шешімін
табыңыз
І бөлім. “Иә, жоқ”. Әр дұрыс жауап 100
ұпай
«Экологтар» тобына
сұрақтар:
-
Экология терминін ғылымға енгізген ғалым-К.
Линней (Жоқ)
-
Жеке ағзалар мен популяцияларға сыртқы
факторлардың әсерін зерттейтін экология бөлімі –аутоэкология
(Иә)
-
Белгілі иесінде тіршілік
ететіндер-эндобионттар (Иә)
-
Жердің озон қабаты инфрақызыл сәулелерді
сіңіреді (Жоқ)
-
Популяция терминін ғылымға енгізген ғалым- Э.
Геккель(Жоқ)
-
Арыстандардың тұрақты
үйірі-прайд(Иә)
-
Экологиялық факторлардың 3 түрі
бар(Иә)
-
Микроағзалар продуценттерге
жатады(Жоқ)
-
Агроценоз жасанды
бірлестік(Иә)
-
Дарақтардың немесе
популяцияның өмір сүруіне ең қолайлы фактор-шектеуші
фактор(Жоқ)
«Табиғат сақшылары» тобына
сұрақтар:
-
Тірі ағзалардың өзара әсерінің және қоршаған
ортамен әсерінің заңдылықтарын зерттейтін
ғылым-экономика(Жоқ)
-
Синэкология-популяция
экологиясы(Жоқ)
-
Сулы ортада тіршілік ететін
ағзалар-гидробионттар (Иә)
-
Адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға
әсері-антропогендік
фактор(Иә)
-
Биоценоз ұғымын ғылымға енгізген ғалым-Карл
Мебиус(Иә)
-
Комменсализм-паразитизмнің бір
түрі (Жоқ)
-
Экожүйе биоценоз және экотоптан
тұрады(Иә)
-
Түзушілер немесе продуценттер гетеротрофты
ағзалар(Жоқ)
-
Қала экожүйесі сырттан энергия мен заттардың
түсуіне толық тәуелді(Иә)
-
Дүниежүзілік ең белсенді
экологиялық ұйым “Greenpeace” 1971 жылы
құрылды(Иә)
ІІ. Артығын
тап.
Адасқан әріптерден термин сөздерді
құрастырыңыздар және артық ұғымды анықтаңыздар. Неліктен артық
екенін дәйектеңіздер.
-
Тапсырма
|
Жауабы
|
Гиялогэкоуата
|
Аутаэкология
|
Модегиялоэко
|
Демэкология
|
Мадертоэк
|
Эктодерма(Артық
ұғым)
|
Логиянисэко
|
Синэкология
|
ІІІ. Танымыңызды
танытыңыз.
Сайыскерлер 100-500-ге дейін ұпай тігеді.
Жауап дұрыс болса тіккен ұпайды иеленеді, қателессе жинаған ұпайдан
тіккен ұпайы шегеріледі. Таблодан цифрды
таңдайды.
№1. Қазіргі кезде Дүниежүзінің
120 мемлекетінің 669 табиғи қорықтары мен ұлттық саябақтары Әлемдік
биосфералық қорғалымдар тізіміне еніп отыр. Бұл тізімде
Қазақстанның Қорғалжын(2012 ), Алакөл (2013), Ақсу-Жабағылы (2015)
табиғи қорықтары бар болатын . Биылғы 2016 жылғы 19-наурыздағы
ЮНЕСКО-ның 28-сессиясында Халықаралық «Адам және биосфера»
бағдарламасының үйлестіруімен осы қорғалымдар тізіміне енген
қорықты білесіздер ме?
Жауабы: Барсакелмес
қорығы
№2. Ән тыңдайық . Әлмырза
Ноғайбаевтың орындауындағы әннен үзінді
https://www.youtube.com/watch?v=QcS7m1O6V0E
Киікті қазақ және дейді
бөкен,
Бетпақты байғұс бөкен қылған
мекен.
Киікті атып аңшы
өлтіргенде,
Жазықсыз жан өлді деп ойлай ма
екен.
Бөкеннен сұлу аңды мен
көрмедім,
Басқаға жануарды-ау
теңгермедім.
Көздері мөлдір қара ақ
бөкенді,
Адамның баласынан кем
көрмедім.
Азайды соңғы кезде байғұс
бөкен,
Мың-мыңдап баяғыда жүреді
екен.
Бұл күнде келе жатқан
жолаушыға,
Кездесіп анда-санда саяқ
некен.
«Ақсақ киік» өлеңінің авторын
білесіз бе?
Жауабы: Сәкен
Сейфуллин
№3. Қала маңында өспейтін, ауа
индикаторын білесіздер ме? Оны ата-бабаларымыз киіз басқанда,
ою-өрнектің өңін кіргізу үшін бояу ретінде
қолданған.
Жауабы:
Қына
№4. Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізілген шөл зонасының дәрілік өсімдігін
атаңыздар.
Жауабы: Дермене
жусан
№5. Суда жүзетін құстарды
қорғау мақсатында құрылған қорықты атаңыздар. Құс базарындағы ең
керемет құсты білесіздер ме?
Жауабы: Қорғалжын қорығы. Ондағы дорба тұмсық
құс-бірқазан.
№6. Бір автомобиль тәулігіне 20
кг газ бөліп шығарса, 6 автомобиль 1 айда қанша кг газ бөліп
шығарады?
Жауабы:
1
автомобиль-20кг
6 автомобиль-х
х=6 x
20 =120кг
бір
күнде;
120кг х
30=3600кг
газ бір
айда
ІV. Шешімін
табыңыз
Берілген суреттер арқылы сандықшада қандай
зат бар екенін анықтаңыз. Көмексіз дұрыс берілген жауап 500 ұпай,
бір көмек бергеннен кейінгі жауап 300 ұпай, ал екі мәрте жәрдемнен
кейінгі жауапқа 100 ұпай
беріледі
Мына суреттерді не
біріктіреді? 500
ұпай
1-көмек. 300
ұпай. Бұл-бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін
өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында
өсетін 5 түрі бар. Бұл өсімдіктің тамыры қара
базарда мұнай бағасынан үш есе қымбат
екен.
2-көмек.
100
ұпай. Одан
тек дәрі өндіріп қана қоймай, егер шырынын
сығып алар болса, концерві өнімдеріне, косметикаға пайдаланалуға
болады. Мысалы, Германияда өндірілетін кремдердің 25-30
пайызын осы
өсімдіктің тамыры
құрайды. Бірақ бір өкініштісі өсімдік тамырларын
жергілікті тұрғындар кез келген жерден қазып алуда. Егер осылай
қазып ала берсек алдағы уақытта бұл өсімдік даламыздан жойылып
кетпек. Әңгіме болған қандай
өсімдік?
Жауабы: қызыл
мия.
Сандықшаның ішінде қызыл мияның суреті мен
тамырының дәрілік жинағы
бар.
Қызыл мия жөнінде бейнебаянды
тамашалайды.
ВИДЕО: http://kaztrk.kz/…/Kizil_mija_osimdigi_kurip_baradi_id13841…
Әділқазы алқасының төрағасына
сөз беріледі.
Жүргізуші:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар
тынысын,
Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған
жырысың
Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік
жасайсың
Ол анаң ғой, ал сен оның ұлысың!-деген
Мұқағали ақынның сөзімен интеллектуалды сайысымызды
аяқтаймыз.
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін
рахмет!