Материалдар / Интеллектуалды сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интеллектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
8 - сыныптар арасындағы математика пәнінен интеллектуалды сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2024
377
6 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Келісемін Бекітемін

Директордың оқу жұмысы Мектеп директоры:

жөніндегі орынбасары: С.Е.Акпанбетов

Б.Н.Абдуллаева





60 жалпы орта білім беретін мектебі





«Математика әлемі»

интеллектуалды сайыс

8 - сыныптар

Жауапты: Г. Н.Сыдыкова, Г.О.Аширбаева





Шымкент қаласы

2023 – 2024 оқу жылы

Тақырыбы: «Математика әлемі» интеллектуалды сайыс

Сайыстың мақсаты:  Оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, интелллектуалдық қабілетін дамыту.

Түрі: Танымдық ойын

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырма парақтары

 Жүргізуші:

Ойын толқын жатқандай асып — тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып.


 Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 8 – сынып оқушылары арасында өткізіліп жатқан «Математика әлемі» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын оқушыларды 3 (https://flippity.net/ Random) арқылы топқа бөлейік.


Ойының құрылымы:

    1. «Қас – қағым сәт» математикалық тест

    2. «Ғажайып әлем» әр түрлі есептер

    3. «Ойлы болсаң, озып көр» математикалық логикалық есептер

    4. «Шебер қолдар» суретшілер сайысы

    5. «Кім білгір?» анаграмма ойыны

    6. «Көрермендер көзайымы»

    7. Қорытынды


1.«Қас-қағым сәт» кезеңі. Барлық топтарға қойылатын математика пәнінен тест тапсырмалары беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады . quizz.test

1. Жаңа логикалық амал ◄ мына түрде анықталған: m◄n = 4(5m-n) болса,

6◄21 өрнегінің мәнін есептеңіз.

A) 40 B) 48 C) 64 D) 24 E) 36

2. Сыныпта 28 оқушы бар. Қыздардың санының ұлдардың санына қатынасы 4:3 тең.
Сыныпта неше қыз бар?
А) 8 В) 12
С) 14 Д) 15 Е) 16

3. Көк базарда екі қауын үш асқабаққа, ал үш асқабақ бір қарбызға тең болса, онда бір қарбыз неше қауынға тең болады?
А) 1 В) 2 С) 3 Д) 5 Е) 4

4. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан жазылуы керек?
1(27)2        2(64)2       2(?)3

А) 101 В) 80 С) 54 Д) 125 Е) 9

5. Әкем 45 жаста болғанда, мен 11 жаста болдым, ал қазір әкемнің жасы менің жасымнан үш есе үлкен. Қазір мен -?
А) 23 жастамын В) 15 жастамын С) 17 жастамын D) 21 жастамын Е) 19 жастамын

6. Сандар белгілі бір заңдылықпен берілген. Бесінші орындағы санды табыңыз: 7; 17; 27; ...

A) 37 B) 47 C) 57 D) 67 E) 77

7. 2-ге еселі санды табыңыз.

А) 1513; В) 2655; С) 1718; D) 547; E) 29.

8. 3-ке еселі санды табыңыз.

А) 143; В) 26; С) 71; D) 129; E) 145.

9. 3-ке қалдықсыз бөлінетін сандардың жалпы формуласын жазыңыз.

А) 3n; В) 3n+1; С) 3n-1; D) 3n+2; E) 2n+1.

10. 25-ке дейінгі жай сандардың қосындысын табыңыз.

A) 129 B) 58 C) 100 D) 160 E) 77

https://quizizz.com/join/quiz/65b961053b7b6fe511a95f38/start?studentShare=true


2. «Ғажайып әлем» кезеңі.

Бұл кезеңде әр команда ұяшықтарды таңдап сұрақтарына жауап береді. Балл ұяшық санымен бағаланады.

Математика және биология

10

20

30





Математика және тарих

10

20

30





Ерте кездегі есептер

10

20

30


Математика және биология 10

Ұлу биіктігі 10 м бағанмен жоғары өрмелейді. Күндіз 5 м-ге көтеріледі, ал түнде 4 м төмен түседі.Қанша уақытта ұлу бағанның төбесіне жетеді?

10 күнде

Математика және биология 20

Көлде лотос гүлі өседі. Бір тәуілікте ол қақ бөлінеді де , бір гүлдің орнына екі гүл пайда болады.Тағы бір тәуіліктен кейін тағы да екіге бөлінеді. және тағы сол сияқты. 30 тәуіліктен кейін көлдің беті гүлге толды. Қанша уақытта көлдің беті жартылай гүлмен толады?

15 тәулік

Математика және биология 30

Бактериялар қақ бөлу арқылы көбейеді. әр бактерия минут сайын қақ бөлінеді. Егер колбаға 1 бактерия салсақ ол 1 сағатта бактериямен толады. Егер алғашқыда 2 бактерия болса, онда колба қанша уақытта толады?

30 минут

Математика және тарих 10

Ертеден ұзындық өлшеміне не алынбады десеңші: қадам, оқ жетер жер, шынтақ және алақан. Аз қашықтықты өлшеуге бармақтың буыны қолданылған. Бұл өлшемнің атауы ағылшын тілінен аударғанда «бармақ» дегенді білдіреді. Бұл қандай ұзындық өлшемі?

дюйм

Математика және тарих 20

Бұл есепті тарихи деп қарауға болады, себебі қазір ондай таразы қолданылмайды. «бір таразыға дөңгелек ірімшікті салды, ал екіншісіне дөңгелек ірімшіктің ¾-ін және килограмдық кірді салды. Сонда теңбе-тең болды. Дөңгелек ірімшік қанша тартады?

4 кг

Математика және тарих 30

ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы математик Карл Гаусс жас кезінен математикаға қабілеті зор болды. Ол үш жасында әкесінің есептеуден жіберген қателерін түзеткен,- дейді.Жеті жасынан ол мектепке барды. Ол кезде бір сынып бөлмесінде бірнеше сынып оқушылары дайындалатын. Үшінші сынып оқушыларымен жұмыс істеу керек болғандықтан, бірінші сынып оқушыларына 1-ден 100-ге дейінгі сандарды қосуды тапсырады.Мұғалім тапсырманы айтып болмастан, кішкентай Карл өзінің парағына жауапты жазып мұғалімнің үстеліне қояды.Сендер 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын тез таба аласыңдар ма?

5050

Ерте кездегі есептер 10

Шаруа адам өзеннен қасқырды, ешкіні және шөпі өткізу керек.Қайыққа тек бір ғана адам сыяды және ол өзімен не қасқырды, не ешкіні, не шөпті алып өте алады.Егер ешкі мен қасқырды тастап, шөпті алса, онда қасқыр ешкіні жеп қояды. Егер шөппен ешкіні қалдырса, онда ешкі шөпті жеп қояды.Шаруа өз жүктерін қалай алып өтеді?

1- ешкі

2- қасқыр апарып, ешкі алып қайтады,

3- шөп

4- ешкі

Ерте кездегі есептер 20

Торғайлар ұшып келді де , бұтаққа отырды.Егер әр бұтақта бір торғайдан болса,онда бір торғайға бұтақ жетпейді. Егер әр бұтаққа екі торғайдан қонса, онда бір бұтақта торғай болмайды. Қанша бұтақ және қанша торғай болған?

4 торғай, 3 бұтақ

Ерте кездегі есептер 30

Торда қояндар мен тауықтар бар. Олардың 35 басы және 94 аяқтар бар.Торда қанша қоян және қанша тауық бар.

12 қоян,

23 тауық


3.« Ойлы болсаң, озып көр» математика пәні бойынша логикалық сұрақтар

1.Кез –келген арифметикалық амалдармен пайдаланып, бес бірліктен 100 санын шығарып ал (111-11=100)

2.Теңдік тура болатындай етіп арифметикалық амалдар мен жақшаларды қойып шық

9 9 9 = 72 9*9-9=72

4 4 4 4 = 1 44 / 44 = 1

5 5 5 5 =50 5 *5 + 5 * 5 =50

3. Екі әке мен екі баласы 3 апельсин сатып алды. Әрқайсысына 1 апельсиннен тиді. Ол қалай болуы мүмкін. (мұнда әңгіме атасы, әкесі және баласы жайлы жүреді)

4. Екі бес санның арасына қандай таңба қою керек, шығатын сан 5 –тен үлкен 6-дан кіші болу керек ( үтір, 5,5)

5. Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры неше мәрте жазылуы тиіс (20 рет)


4. «Шебер қолдар» суретшілер сайысы.

3 топтан бір оқушыдан шықсын. Сайысымыздың шарты бойынша сендерге қазір әр түрлі фигуралар сурттері көрсетіледі. Оларға қарап, естеріңе сақтап алуға 1 минут уақыт беріледі. Содан соң бұл сурет жабылады. Суреттегі фигураларды рет – ретімен салып шығуларың керек. Бастайық!

DrawObject2 DrawObject1 DrawObject3






5.«Кім білгір» анаграмма ойыны. Шатасқан әріптерден математикалық терминдер құрастыру керек.


1. Я Ф И Н У Ц К функция

2. Қ Т А З Ж Ы Қ Ы жазықтық

3. Л В Р К Е А И Т Ь вертикаль

4. Й Т Ө У Б Е К көбейту

5. И Г М Р А М А Д А диаграмма

6. А С А Б Ы Й Л С сыбайлас

7. И Д И Р Ц Л Н цилиндр

8. И Л П А Г Е Б Р О гипербола

9. Ш Ұ Б Р Ш Ү Ы үшбұрыш

10. Е П Ө М К Ш Ү көпмүше


6. «Көрермендер көзайымы» бұл кезеңде көрермендерге әр түрлі тапсырмалар беріледі. Әр тапсырма 1 ұпаймен есептеледі, жинаған ұпайын өзіне ұнаған топқа сыйға тартады.


1.Мына комбинациядағы Х және У мәндерін табыңыз?

Жауабы: 18, 43

2. Сіріңке шилерінен үй жасалған (суретті қара). Екі шиді қозғау арқылы үйді екінші жағына бұру керек.


Жауабы: 21

Қорытынды:

Көңіл бөліп бұл сайыста

Қатысушыларға көп рахмет!

Алдыңызда жайнаған жүздер әлі

Сендермен кездесеміз біздер әлі, - дей келе біз интеллектуалды сайысымызды аяқтаймыз.

Ендігі кезекте әділ – қазылар алқасын тыңдайық.

Марапаттау, мадақтау



DrawObject5 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject4






DrawObject13 DrawObject12 DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!