Материалдар / Интеллектуалды сайыс "«Алаш аманаты -Тәуелсіздік» " 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Интеллектуалды сайыс "«Алаш аманаты -Тәуелсіздік» " 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған материал 9 сыныпқа сабақ беретін ұстаздарға оқушылардың Алаш арыстары туралы жинақтаған білімдерін айқындауға, нақтылауға қорытындылауға өз септігін тигізеді деген ойдамын. Сыныптан тыс интеллектуалды сайыс Оқушылардығ өз білімдерін тереңдету өткен тақырыптарға қайта көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұтқырлыққа, шапшаңдыққа өз білімін анықтауға үйретеді. Бұл сайыс 5 бөлімнен тұрады, оқушылар 3 топқа бөлініп өз білімдерін ортаға салады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2017
3444
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Алаш аманаты -Тәуелсіздік» интеллектуалдық сайыс
Мақсаты :

1.Оқушылардың алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау
2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту
3. Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу, ізденімпаздыққа
 баулу, ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге дағдыландыру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой бөлісу
Көрнекілік: АКТ, суреттер,сызбалар, қанатты сөздер, карточкалар
Сабақтың түрі: топтық жұмыс
Жоспар :
1.Оқушыларды топқа бөлу
2.Топ басшысын сайлау
3.Әділ қазы алқасын сайлау
4.Әр топқа тапсырмалар беру
5.Қорытындылау

1 топ «______________» тобы
2 топ «______________» тобы
3 топ «______________» тобы
4 топ «______________» тобы

I тур: « Кім жүйрік»
II тур: «Ойлан,тап!»
а.Құпия хаттарға жауап беру
ә.Мәтіннен үзінді
III тур: «Кім жылдам ?»
IV тур: «Сен білесің бе?»
V тур: Мәңгілік ел - Алаш идеясы. «Болашақ Қазақстан» Постер

Кіріспе:
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет.
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек.
I тур «Кім жүйрік»
Топ мүшелеріне арналған сұрақтар
1-топ:

1. Қазақ газеті қай жылдар аралығында шығып тұрды? (1913-1918жж.)

2. Алаш партиясы қай жылы, қай күні құрылды? (1917 жылы,шілде)

3. Семей қаласы неше пайызбен Алаш партиясының ордасы атанды? (85,6%)

4. Әлихан Бөкейханов зираты қай жерде орналасқан? (РФ Дон бауырластар зиратында)

5. Алаштың тұңғыш адвокаты (заңгері) кім? (Жақып Ақбаев)

2-топ

1. Әлихан Бөкейханов 1896-1904 жж қай зерттеу экспедициясына қатысады? (Щербина)

2. Алаш партиясы бағдарламасының жобасы қай газетте жарияланды? (Қазақ газеті)

3. Алашорда үкіметі қай жылы, қай күні құрылды? (1917 жылы 13 желтоқсанда)

4. «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру туралы шешім қашан, қай қалада қабылданды? (1905 жылы, Оралда)
5. Алаш қозғалысы қай жылы алғаш рет саяси сахнада көріне бастады? (1905 жылы)
3-топ
1. Алашорда өкіметінің орталығы қай қала? (Семей)

2. Алашорда бағдарламасы неше бөлімнен тұрады? (10)
3. «Оян, Қазақ!» деп ұранын тастаған кім? (Міржақып Дулатұлы)

4. Алашорда Уақытша Халық Кеңесінің құрамында қанша адам болды? (25 адам)

5. Әлихан Бөкейхановтың өмір сүрген жылдары. (1866-1937)

4-топ
1. Қай Алаш зиялысы кітабының атын «Маса» деп атады (Ахмет Байтұрсынұлы)

2. 1917-1927 жылдар аралығында Алаш қаласы Семейдің қай бөлігінде орналасқан?(Заречная Слободка)

3. Қарқаралы петициясы қай жылы шықты?(1905ж)

4. 1918 жылдың алғашқы жартысында Кеңес билігі платформасында мығым тұрған «Алашқа»қарсы белсенді күрес жүргізген партия? («Үш Жүз» партиясы)

5. «Алаш» партиясы ұранының авторы /Сұлтанмахмұт Торайғыров/


II Тур «Ойлан,тап!» 

1-топ:

1.1917ж 22 қарашада Ферғана хандығының бұрынғы астанасы Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше ІV cъезд ашылды. Оны кім ашты?(Мұстафа Шоқай)


2.Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш» деген атты аламын

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

(Сұлтанмахмұт Торайғыров)


2-топ

1.Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай!

Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай!

Үйілген өлексені өрге сүйреп,

Шығармақ қыр басына іңкәрің-ай!

(Ахмет Байтұрсынов)

2. Алаштың соңғы тұяғы кім? Міржақып Дулатовтың қызы (Гулнара Дулатова)


3-топ

1.Қазақ газетінің шығарушысы, редакторы кім? (Міржақып Дулатұлы)

2.Тұңғыш Абайды зерттеуші /Қайым Мұхамедханов,Әлихан Бөкейханов,Мұхтар Әуезов/


4-топ

1. Журналын «Ай, қап» деп Қазақ бейқамдығына өкінген адамның сөзімен атаған кім? (Мұхамеджан Сералин)

2. Ленинге Семей қаласынан жер мәселесі туралы телефонмен тікелей байланысқа шыққан Алаш қозғалысының белді мүшесі. (Халел Ғаббасов)

ІІІ Тур. Құпия хаттарға жауап беру
1-тапсырма.

I топ
«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалады...» - деп күйінген қазақ зиялысы кім?
(Смағұл Сәдуақасов)
II топ
1932 жылғы шілдеде республика қайраткерлерінің бір тобы-Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев аштық және оның себептері туралы БК(б) П өлкелік комитетіне, тікелей Ф.Голощекинге ашықхат жазды. Бұл хат тарихта қалай аталады? «Бесеудің хаты»
III топ
20-шы жылдары олар Ф.Голощекиннің жүргізіп отырған саясатына, оның әлеуметтік эксперименттеріне қарсы шықты. Сонысымен қуғынға алдымен ұшырады. 1928 жылдың соңында 44 адам – бұрынғы «Алашорданың» қайраткерлері «буржуазиялық ұлтшылдар» деген кінәлаумен тұтқындалды. Олардың арасында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев және басқалар болды. Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов, А.Байділдин, Д.Әділев, Ғ.Бірімжанов атылып кетті. Қалғандары түрлі мерзімге абақтыға жабылды. М.Дулатұлы және кейбір қайраткерлер лагерьде қаза тапты. («Ұлтшыл-уклон» айыбы тағылғандар)
IV топ
«Мен Оралдан Алтайға, Сібір темір жолы желісінен Омбыға дейін... созылып жатқан орасан зор аумақта тұратын қырғыздеген халықтың өкілімін... Бізде... қырғыз тілінде оқытатын мектептерге қысым жасалды... шаруалар бастықтары (олардың басым көпшілігі бұрынғы ротмистерлер) әкімшілік және құқықтық істі қарау кезінде қырғыз тілін қолдануға мүлде жол бермейді. Қырғыздар ана тілінің еркін қолданыста болуына өте мұқтаж»-деген кім? (Әлихан Бөкейханов)

Қосымша сұрақ:
«Ол кісі Санкт-Петербургтың Орман институтының экономика факультетінде тамамдаған. Заң факультетінде Ленинмен қоса экстернат болып емтихан тапсырған. Терең дария-мұхит білімді ғалым болатын. Шетелдердің тоғыз тілінде еркін жаза білетін ... Біз онымыздың ақыл-ойымыз Тоқыраудың өзеніндей еді де, Әлекең Балқаш көліндей дария еді ғой.» деген сөздің авторы. (Әлімхан Ермеков)

IV тур « Сен білесің бе?»
1. Семей губернаторы үйі қай жерде орналасқан /ҚазИГЗУ мекемесінде орналасқан/
2. «Семей таңы» газетінің тұңғыш редакторы /Мәннән Тұрғанбаев/
3. Алаш қаласы атанған Семей бөлігі /Заречная Слободка кейіннен Жаңасемей/
4. Алаш арыстары мұражайы бұрынғы кімнің үйі еді /Әнияр Молдабаев/
5.Тұңғыш «Алгебра» оқулығының авторы /Әлімхан Ермеков/

V тур. Мәңгілік ел- Алаш идеясы. «Болашақ Қазақстан» Постер

Қорытынды: Жеңімпаз топты анықтау. Дипломдармен мадақтау.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың, - дей келе сайысымызды аяқтаймыз


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!