Интерактивтік оқытуда пәнаралық байланысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Интерактивтік оқытуда пәнаралық байланысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар қазіргі кезде кең өріс ала бастаған оқытудың әртүрлі әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, білім беруді әзгілендіру бағыты, ең алдымен,мәдениеттегі, рухани мұрадағы, тарихымыздағы жалпыадамзаттық құндылықты бағалауға баса назар аударуды қажет етеді. Осыған сәйкес баяндама интерактивтік оқытуда пәнаралық байланысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға көмек береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Байғанин техникалық колледжі













Интерактивтік оқытуда пәнаралық байланысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру

Тақырыбында

БАЯНДАМА











Орындаған: Туленова.А.Ж









2017 – 2018 оқу жылы



Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар қазіргі кезде кең өріс ала бастаған оқытудың әртүрлі әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, білім беруді әзгілендіру бағыты, ең алдымен,мәдениеттегі, рухани мұрадағы, тарихымыздағы жалпыадамзаттық құндылықты бағалауға баса назар аударуды қажет етеді.

Осыған сәйкес бүгінгі таңда білім ордаларындағы пәндердің мазмұнын интеграциялауды қамтамасыз ету арқылы оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың оқу – танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылды. Осыған байланысты келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда интегративтік оқытуды жүзеге асыру.

Интеграция - дегеніміз латын тілінен аударғанда бүтін, тұтастай – нысанның немесе құбылыстың жеке бөліктерін біртұтастыққа біріктіру мағынасын білдіреді. Ал, қазіргі оқыту жүйесіндегі интеграция – педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіру.

Мектептегі оқу пәндерін интеграциялау бірнеше мақсатты көздейді;

- оқушылардың оқып – үйренуге қажетті оқу материалдары ықшамдалады,

- қоршаған орта туралы білімдер жүйесінің тұтастығы нәтижесінде оқу үрдісінің тиімділігі артады,

- оқу үрдісінің жандануына себеп болатын педагогикалық –психологиялық ахуал орнайды,

- оқушылардың танымдық ойлау белсенділігі артады,

- оқушылар кез келген құбылысты, нысанды тұтастай қабылдау қабілетіне ие болады.

Пәндерді байланыстырудың мынадай екі тобын бөліп көрсетуге болады: Біріншісіне, бағдарлама бойынша оқытылатын мазмұндас пәндер (математика мен физика, биология мен география және т.б) арасындағы байланыстар жатады. Мұндай байланыстар тиісті пәндердің мұғалімдері үшін түсінікті болғандықтан ондай байланыстар орнату аса қиындық туғызбайды.

Екіншісіне, мектепте оқытылатын мағыналары бір – бірінен алшақ жатқан пәндерді (математика мен география, география мен сызу т.б) байланыстыру мәселесі жатады, ал пән мұғалімдеріне тұтас жүйелі білімді қалыптастыру үшін пәннің мазмұнын, пәнаралық байланысты анықтау қажет.

Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділігі мен дағдылары, белсенділігі мен танымдық ынтасы анағұрлым жақсы дамитындығын педагог – ғалымдар дәлелдеген. Пәндерді сабақтастыра оқыту арқылы оқушының танымдық ынтасын арттыру – олардың шығармашылық қабілетін жетілдіру болып табылады. Бұл тұрғыда оқушылардың бойында географиялық білімдер мен біліктіліктерді мақсатты түрде қалыптастыруда пәнаралық байланысты қамтамасыз ететін картографиялық білім мысал бола алады.

Картаны білу және аса құнды таным құралын біліктілікпен пайдалана алу оқушыларға жалпы білім берудің маңызды қыры болып табылады. Іс жүзінде карта қолданылмайтын қызмет саласын кездестірмеу мүмкін емес. Картографиялық білімнің география пәні мен бірқатар басқа пәндердің бірінші кезекте тарих, сызу, математика пәндерін байланыстыра оқытуда табысты игерілетіні анық. Қарастырылып отырған тұрғыда география пәні мен математика пәнін байланыстыру ерекше мәнге ие болады. Олар бірінші кезекте оқушылардың карталардың математикалық бөліктері мен олардағы өлшемдерді анағұрлым толық игерулері үшін қажет. Атап айтқанда, мұнда масштаб пен оның қолданылуының мәні туралы мәселені мысалға келтіруге болады.

Жоғарыда аталған байланыстар курсаралықпен өзектесе отырып, бірқатар басқа пәндермен (әдебиет, шет тілі) байланыстырыла толықтырылады. Сонымен қатар, тарих, математика, сызу курстарында пайдалы картографиялық білім мен білікті географиямен үйлесімді бекіту мүмкіндіктері елеулі мәнге ие болады.Осындай пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға кешенді келу тұргысында оқушылар бойында картографиялық білімді қалыптастыру маңызды. Бұл орайда оқушылардың түрлі картографиялық көздерді пайдалана отырып, оларда бейнеленген құбылыстарды нақты өмірге сай қабылдауына қол жеткізу міндеті тұр.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
417
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі