Материалдар / ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз өтілетін тақырыпқа шәкіртінің қызығушылығын тудырып, олармен бірге ізденеді, жұмыс жасайды, өзіндік білім құрастырады. Мұғалім берілген сұрақтарға дайын жауап беруге ұмтылмай, оларға шәкірттердің жауап беруіне оңтайлы жағдай жасайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2024
85
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ



Сейдахметова Айгуль Талгаткызы

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №20 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»

К.Д. Ушинский

Таным әрекеттерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың (үйренуші мен үйренушілердің) тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «interactіv» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер - үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқу/оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.

Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқу/оқыту, диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші – үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші - өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «пікірлесу», «бірлескен әрекеттер»).

Сол себепті де интербелсенді оқу/оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтан да интербелсенді оқу/оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады.

Басты мақсат: білім алушылардың интербелсенді әдістерді сабақта қолдану арқылы мұғалім оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру мен қатар әрқашан да оқып-білім алуға ұмтылуға бағыт-бағдар тарихи тамырларын, қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматттарды қалыптастыру.

Менің мақсатым: «Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын.Жалпы білім беруді жаңарту жағдайында география сабағында картаны қолданудың әдістемесін және электронды карталарды қолдануды ұсыну.

Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Өйткені қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі замануи талапқа сай болуы қажет. Сол себепті ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, интербелсенді әдіс тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт.

Интербелсенді әдістерді не үшін қазіргі кезде қолдануымыз маңызды?

Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, бүгінде әр адамға дүние жүзіндегі ең кітапханалардың бірі АҚШ Конгрестің кітапханасының қорына пара-пар ақпарат келеді екен. Ал бұл дегеніміз -130 миллионнан астам ақпарат бірліктері.

Н.Ә. Назарбаев, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында «Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін – өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді.

Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:

Орта қалыптастыру

Әрекет арқылы үйрету

Өмірмен байланыстыру

Өзінділікпен дербестікке баулу

Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.

Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.

Интербелсенді әдістерде басты назарды “процеске”, яғни үйрену процесінің өзіне, білім алушылардың “қалай” және “қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне” аударады. Яғни, интербелсенді сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Осы жерде білім алушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі, интербелсенді оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету.

Интербелсенді әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Қытайдың бір нақыл сөзінде: "Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін" делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Интербелсенді әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ білім алушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интербелсенді оқытуда оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі білім алушылардың белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады.

Бұл дегеніміз осы ақпараттарды оқушылар өз-өзін дамытуға, өзінің қабілетін дамытуға жұмсауы керек, оған ықпал ететін мұғалімдер. Ықпал ету дегеніміз – ол сапалы білім беру, сапалы білімді интербелсенді әдістерді қолдану арқылы қол жеткізуімізге мүмкіндік туады. Ол дегеніміз 7 модульді игеру. Олар:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Оқыту үшін және оқуды бағалау

Білім беруде АК технологияларды пайдалану

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту

Басқару және көсбасшылық

Осы модульдің қай-қайсысын қолдансаң да оны іске асыру үшін интербелсенді әдістерді қолдану керек. Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті.

География пәнінде ең басты көрнекілік құрал-карта. Картаның түрлері: тақта картасы, үстел үстіндегі оқулық картасы. Географияны оқыту әдістемесінде карталармен жұмыс әстеде ұш мақсат қойлады: картаы түсіу, каратаны білу. Географиялық карталадың атқарадын рөлі.Глобус-Жердің моделі. Географиялық карта – Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнелеуі. Геогрфиялық картаны жасаудың ерекше математикалық заңы болады. Оны картаграфиялық проекция деп атайды.

География пәнінде картамен жұмысты қызықты түрде өткізу үшін, Piktochart веб-бағдарламасын ұсынамын.

Рiktochart - кез келген адамға есептер, слайд-шоулар, плакаттар және флаерлер сияқты инфографиканы және басқа көрнекі бейнелерді жасауға мүмкіндік беретін күрделі, бірақ пайдаланушыға ыңғайлы веб-бағдарлама.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • Пайдалануға ыңғайлы қолданба

  • Егжей-тегжейлі инфографика

  • Іскерлік топтар үшін қашықтан ынтымақтастық

  • Қолжетімді жазылымдар

  • Мұғалімдерге жеңілдіктер

МИНУС

  • Тегін нұсқаның шектеулі мүмкіндіктері бар

Электронды карта көрнекілігімен және пайдалануға қолайлылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, компьютерлік өңдеу арқылы әр түрлі манипуляцияларды өткізуге мүмкіндің беретін сандық форма, адамның видеоэкранда кәдімгі аналогты кескін ретінде қабылдау мүмкіндігі және плоттерде шығару мүмкіндігі, құрудың жылдам, қарапайым және арзандылығы. Кейде білім алушылар кескін карталарын ұмытып кетеді немесе материалдық жағдайға байланысты кескін карталарды сатып алмайтындар да бар.

Қазіргі кезде желілік коммуникациялық құрылымы дамыған заманауи қоғамда өмір сүріп отырған оқушылардың мәдениетін қалыптастыру мектептің көкейкесті мәселесі болып табылады. Ол қоғамда шаруашылық салалардың барлығына компьютерді еңгізілуімен байланысты. Бүгінгі күнде география пәні мұғалімінің сабақты, сыныптан тыс іс-шараларды компьютер көмегінсіз ұйымдастыруын елестетудің өзі қиын. Бұрын ақпаратты оқушылар оқулықтан, анықтамалық әдебиеттен, мұғалімнің дәрісінен, сабақ конспектілерінен алған болса, ал қазірде ғаламдық жүйенің рөлі артуда

Piktochart – бұл инфографикаға арналған бағдарламалық жасақтама, ол қызығушылық тудыратын адамдарға олардың не ойлайтынын және көрнекі оқиға болғысы келетін кез келген оқиғаны елестетуге көмектеседі.Сапалы инфографика жасау үшін қолданба туралы көп білудің қажеті жоқ. Сіз тәжірибелі дизайнер болсаңыз да, жаңадан бастаған болсаңыз да, бұл бағдарлама әлемді жаулап алу үшін жасырын данышпаныңызды табуға көмектеседі.

Дыбысты автоматты түрде транскрипциялау, субтитрлерді қосу және белгілі бір параметрлерге сәйкес келетін ұзындығы мен енін кесу арқылы бейнелеріңізді әлеуметтік медиада бөлісу үшін оңтайландыруға болады. Piktochart бөліктері бар, тіпті тәжірибесі аз дизайнерлер де ерекшеленетін презентациялар жасау үшін пайдалана алады.

Графикаларды, диаграммаларды және карталарды бірден пайдалануға болады және жоғары ажыратымдылықтағы файлдарды жүктеп алуға болады. Piktochart инфографиканы Twitter және Facebook сияқты әлеуметтік медиа сайттарында жариялау үшін қолайлы ету процесін жеңілдетеді.

Piktochart арқасында жұмыс процесіне айтарлықтай түзетулер енгізудің қажеті болмайды. Фотосуреттерді PNG немесе PDF форматында сақтау арқылы әріптестермен бөлісуді жеңілдете аласыз. Сондай-ақ, презентацияларды PPT файлы түрінде жүктеп алуға және оларды Powerpoint сияқты бағдарламалық құралдың көмегімен желіден тыс жеткізуге болады.

Сондай-ақ өлшемі өзгертілетін кенепті, дизайнға негізделген диаграммаларды, интерактивті карталарды және таңбаларды топтарға қоюға және оларға атау беруге арналған құралдарды пайдалануға болады. Бейнелер, инфографика, карталар және сілтемелер сияқты өзгеретін нәрселерді де пайдалана аласыз. Пайдаланушы интерфейсі инфографика жасауды жеңілдететін етіп орнатылған. Осыған байланысты дизайн жұмыстарын орындау үшін қолданбаны пайдалану оңай.

Электрондық ресурстардың ішінде кешендісі - электрондық оқулықтар. Қазіргі электрондық оқулықтарды шартты түрде оқулықтардың электронды көшірмесі және мультимедиялық электрондық оқулықтар деп жіктеуге болады. Соңғысының біріншісінен айырмашылығы – онда түрлі видеороликтер, бейнеқатарлар, анимациялар, интерактивті тапсырмалар мен суреттер, виртуалды лабораториялар, 3D-модельдер және тесттердің болуында. Интерактивті тапсырмалар оқушыларды бағалауда өте тиімді. Виртуалды лабораториялардың, әрине жаратылыстану пәндерінде маңызы зор. Әсіресе, толық жабдықталмаған ауыл мектептерінде оларды өз бетімен жұмыс ретінде пайдалану үлкен септігін тигізеді Флипчартта орындалған нысананы белгілеу, бояу, көшіру, орнату, біріктіру сияқты іс-әрекеттің бейнежазбасын дайындау оқушыларға оқу материалын қайта қарауға, пайдалануға, таратуға мүмкіндік береді. ACTIVote-та тест тапсырмаларын орындау сабақты ұтымды қорытындылауға және оқушыларды түгел бағалауға мүмкіндік береді. Электрондық ресурстардың ішінде компьютерлік оқу ойындарына эмоционалды тартымдылық тән. Интербелсенді карталарды қолданғанда сабақ қызықты және тиімді, нәтижелі болады. «Дрофа» баспасы қазіргі уақытта 60 әр түрлі тақырыптағы электронды географиялық карталар шығарды (мұхиттар картасы, дүниежүзінің климаттық картасы, дүниежүзінің саяси картасы, Антарктида, Қазақстанның жер ресурстары және т.б.). Интербелсенді электронды карталардың демонстрациясы маңызы баспа түріне қарағанда жоғары. Электронды карталармен жұмыс барысында: жер қыртысынның белгілі бөліктерін жақыннан көрсетуге, белгіленген жердің бөлігін түсіру үшін картаны оңайлата отырып, көбірек көрнекілік қолдану, әр түрлі суреттер, кәдімгі немесе экрандық перне тақталар көмегімен жазбалар енгізуге, карталар қатарын біріктіруге, соның арқасында заңдылықтар мен себеп-салдарларын айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Кейбір карталарда территорияларға қосымша иллюстративті және текстік материалдар қосылған. Электронды карталар қабаттардан тұрады. Әр қабат әртүрлі картографиялық ақпараттар құрайды. Физикалық карта, мысалы, келесіндей қабаттар бар: құрлық пен мұхит түбі жер бедері, өзендер мен көлдер, су нысандарының аттары, құрлық нысандарының 4180 аттары, градус торы, мұхиттық ағыстар. Сабақтың мақсат-міндеттеріне байланысты қабаттарды қосып немесе алып тастап отыруға болады Сонымен қатар, мультимедиалық презентацияларды пән бойынша негізі білімді игеру, игерілген білімді жүйелеу, өзін-өзі бақылау дағдыларын құру, толық немесе нақты бір пәнге оқыту қабілетін құруда, оқу материалындағы өзіндік жұмыста оқушыларға оқу-әдістемелік көмек көрсету кезінде қолдануға болады. Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сұрауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Презентацияны жаңа бағдарлама Prezi пайдалану арқылы да құрастыруға болады. Prezi.ком — интерактивті презентацияны онлайн құрастыруға болатын жаңа сервис. Бүкіл презентацияны бір суретке орналастыруға және оның әрқайсысын жақындатып, үлкейтіп көруге болады. Мұндай презентаия әсіресе құбылыстар арасындағы байланысты көрсетуде ыңғайлы. Ауқымды тақырыпты бір ғана бетте блоктарға бөліп көрсетуге болады. Prezi.com әлеуметтік сервис болғандықтан, оқушылар топпен жұмыс істеп, ыңғайлы кезінде өз ойларын енгізе отыра топта жұмыс істеу дағдылары артады. Сондай – ақ интернеттен бейнероликтерді де енгізу мүмкіндігі бар Қорыта келе, ұстаздың қазіргі білім саласында оқытудың озық, жаңа технологияларын меңгеруі мен жаңа буын оқу құралдарын дұрыс қолдана білуі, оқыту процесінің оқыту стандартына сай болуы, дамуы мен оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуы, сапалы нәтижеге – білімді шәкірт (дағды, зейін, іскерлік формалары қалыптасқан адам) тәрбиелеуге бағыттайды. Тәуелсіз еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпаққа сапалы білім беріп, жеке тұлға етіп қалыптастыруда электрондық оқыту жүйесі мен оның берер мүмкіншілігі мол болары сөзсіз.










Пайдалынған әдебиеттер тізімі

1. [Әлімов Асхат. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 26 бет ]

2. [Әлімов Асхат. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. – Алматы: 52 бет ]

3. [https://1referat.kz/geografiya-ekonomikalyk-geografiya-geologiya-geodeziya/geografiyany-oqytudyn-negizgi-quraldarymen-zhumys.html]

4. [https://piktochart.com/]

5. [https://kaznpu.kz/docs/vestnik/nps1925.pdf, Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г]



























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!