Материалдар / «Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамассыз етеміз?»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамассыз етеміз?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты : Кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2667
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО,Жарма ауданы, Қалбатау ауылы

«Георгиевка орта мектебі» КММ







Баяндама



Тақырыбы : «Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамассыз етеміз?»









Орындаған мектеп психологы : Кокиева Айгерим Нурлановна











Қалбатау, 2017 ж

Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамассыз етеміз?

Мақсаты : Кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.

Интернет - бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.

2.Интернетте балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамассыз етеміз :

Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес (7-10жас):

Баланы өзіңіз рұқсат еткен сайттарға кіруге үйретіңіз.

Балаға кіруге болмайтын сайттарды блокқа салып қойыңыз.

Өзі туралы ақпарат беруде бала ата-анасымен кеңесетін болсын.

Ата-ананың рұқсатынсыз бала ғаламтордан ештеңе жүктемеуі керек.

Бұл жаста хабарламамен тез алмасатын (мысалы, , Skype) құралдарды қолдануға рұқсат етпеңіз.

Балаңызбен оның ғаламтордағы достары туралы сөйлесіп тұрыңыз.

Баланы ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден сізге айтатын болсын.

Орта буындағы балалардың ата-анарына кеңес (10-13жас)

Өзі туралы ақпараттың құпиялығын баланың есіне салып отырыңыз;

Ғаламтордан бағдарлама немесе файл жүктер алдында рұқсат сұрауға үйретіңіз;

Баланы ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден ата-анасына айту керек;

Балаңыздың эклекронды поштасымен танысуыңызға рұқсат беруін талап етіңіз;

Балаға ғаламтордағы жауапкершілік пен өзін-өзі қалай ұстау керектігі жайында түсіндіріңіз.

Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес(14-17жас)

Балаңыздың қандай чат, әлеуметтік сайт, хабарландыру парақшаларын пайдаланып жүргенін бақылаңыз;

Балаңыздың ғаламтор арқылы танысқан адаммен кездесуіне рұқсат бермеңіз;

Өзің туралы ақпарат берудің құпия болудың мәнін түсіндіріңіз.

Балаға спамнан қорғануға көмектесіңіз;

Балаңыздың ғаламторды бұзақылық үшін пайдалануына жол бермеңіз;

Жасөспірім балаңыз ғаламтор арқылы бір затты сатып алуда, сатуда сізбен ақылдасатын болсын;

Балаңызбен құмар ойындарды және олардың зияны туралы талқылаңыз.

3.Киберняня( видео)

4.Сізге өз балаңызды қорғауға көмектесетін кейбір ұсынымдарды береміз:

1. «Интернетке балалармен бірге кіріңіз. Өз балаларыңызды сізбен интернетті игеру ісінде табыстарымен жəне сəтсіздіктерімен бөлісуге ынталандырып отырыңыз

2. Егер интернетте оларды бір нəрсе алаңдатса, оны жасырмай, өз алаңдаушылығымен сізбен бөлісіп отыру қажеттілігін түсіндіріңіз;

3. Балаға чатпен сөйлескен, хабарлармен тез алмасу бағдарламаларын пайдаланған кезде (ICQ, MicrosoftMessenger жəне т.б.), онлайн ойындарды жəне тіркеуді қажет ететін басқа жағдайларды пайдаланған кезде шынайы есімін пайдалануға болмайтынын түсіндіріңіз,өз балаңызға ешбір жеке ақпараттан құралмайтынтіркеу есімін таңдауға көмек беріңіз;

4. Балаға өзінің жеке мəліметтерін, үй мекенжайы, телефон нөмірі, кез келген басқа ақпарат сияқты деректерді,мысалы мектеп нөмірі, сынып, сүйікті демалыс жері,үйге қайту уақыты, əкесінің немесе шешесінің жұмыс орны жəне т.б. айтуға болмайтынын түсіндіріңіз;

5. Балаңызға шынайы өмірде жəне интернетте дұрыс жəне теріс қылықтар арасында айырмашылықтар жоқ екендігін түсіндіріңіз;

6. Өз балаларыңызды интернеттегі əңгімелесушілерді құрметтеуге үйретіңіз. Олардың жақсы сөйлесу ережелері интернетте де, шынайы өмірде де бірдей əрекетететінін түсінетініне көз жеткізіңіз;

7. Оларға интернеттегі достармен кездесудің қажеттігі жоқ екендігін айтыңыз. Себебі адамдар өздері көрсетіп отырған адам болмауы да мүмкін;

8. Балаларға интернетте оқи жəне көре алатынның барлығы да шындық еместігін түсіндіріңіз. Оларды күмəн келтіретін нəрселері туралы сұрауға үйретіңіз;

9. Балаларды интернетте арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы бақылауды ұмытпаңыз. Бұл сізге зиянды мазмұнды сүзгілеп алуға көмек береді жəне сіздің балаңыз шын мəнінде қандай сайттарға кіретінін жəне онда не істейтінін анықтауға мүмкіндік береді.

10. Өз балаларыңыздың байланыс тізімін олардың бəрін білетініне көз жеткізу үшін жəне кіммен сөйлесетінін білу үшін тұрақты тексеріп отырыңыз;

11. Тізімге жаңа достарды енгізуге сұрауларды мұқият тексеріңіз. Интернетте адам өзі білдіріп отырған адам болмауы мүмкін екендігін есте сақтаңыз;

12. Балаңызды интернетпен байланысты кез келген қатерлер мен қауіптер туралы сізге хабарлап отыруға үйретіңіз.

13. Мерзімді түрде, ең жақсысы күн сайын Сіздің балаңыз

қандай сайттарға кіргені туралы есептерді тексеріп

отырыңыз.

14. Балаңыздан компьютерде болатын уақытша норма-

ларды сақтауын талап етіңіз;

15. Балаға сіз оны қалағандықтан емес, ал оның қауіпсіздігі

туралы алаңдаушылықтан бақылайтыныңызды көрсе-

тіңіз, оған əрқашан көмек беруге дайын екеніңізді көр-

се тіңіз;

16. 10 жасқа дейінгі балаларға өзінің жеке электронды

пошта жəшігі болуына рұқсат бермеңіз, ал ата-ана хат

алмасуды бақылау мүмкіндігіне ие болу үшін отбасы

поштасын пайдалануға болады.

5.«Ата-аналық бақылау» Windows Vista-ға кірістірілген. Бұл

компьютерді баланың төрт бағытта пайдалануына бақылау

жасауға мүмкіндік береді:

1) Монитор экраны алдында өткізетін уақытты шектеу

2) Кейбір сайттарға қол жетімділікті жабу

3) Басқа интернет-сервистерге қол жетімділікті жабу

4) Кейбір ойындар мен бағдарламаларды жіберуге тыйым

салу.

6.Балалармен жұмыс істейтін білім ұйымдарының мамандарына арналған ұсынымдар:

1. Бүгінгі күні балалардың кибер кеңістіктегі қауіпсіздігі үлкен проблема болып туындап отыр. Бұл қауіпсіздікті қамтамассыз ету үшін біз ең алдымен осы аймақты жақсы білуіміз қажет. Сондықтан да ең алдымен мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығының дəрежесінкөтеру қажет етеді;

2. Мұғалімдерге өз сабақтарының шегінде заманауи ақпараттық технологияларды неғұрлым көбірек пайдалану керек жəне оқушыларға ол технологиялардың мүмкін боларлық теріс ісері туралы сол кезден-ақ ескерту қажет;

3. Тəрбие жұмысында оқушылардың ақпараттық мəдениетін тəрбиелеуге көңіл бөлу қажет;

4. Медиа білім беру сабақтарын жүргізу керек, ол сабақтарды ақпараттық кеңістікте қауіпсіздікті сақтау бойынша ең қажетті білім беру қажет.

5. Ата-аналарға берілетін ұсынымдар тарауында берілген ұсынымдардың көбі балалармен жұмыс істейтін мамандарға да керек болуы мүмкін.

7.Қорытынды «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:

Сақтық – деген әрқашан байқап жүрмек,

Пайда не залал ма ескерілмек,

Көргенің естігенін есепке алса,

Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.

Интернет қолданушылардың 85% жасөспірімдер, ал 15% ата- аналар

8.Рефлексия

9.Сауалнамаға қорытынды:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!