Материалдар / Ірі қара малдардың стромальді кератитін емдеу және алдын- алу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ірі қара малдардың стромальді кератитін емдеу және алдын- алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ ветеринария мамандарының алдында Ірі қара малдардың стромальді кератит ауруларын емдеу және алдын-алу мен мәселелерін шешу мақсаты тұр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2023
174
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қапланбек жоғары аграрлық техникалық колледжі










Тақырыбы: " Ірі қара малдардың стромальді кератитін емдеу және алдын- алу "











Ғылыми жетекші: Шынәсіл Фатима Садуақасқызы

Зерттеуші: Кабирова Лайло




























Сарыағаш қаласы


Ғылыми жоба жұмысымның тақырыбы: 
"
Ірі қара малдардың стромальді кератитін емдеу және алдын- алу "

Ғылыми жобамның мақсаты:

Болашақ ветеринария мамандарының алдында Ірі қара малдардың стромальді кератит ауруларын емдеу және алдын-алу мен мәселелерін шешу мақсаты тұр.


Кіріспе

Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық механизмдерінің қалпына келтіру жолында ветеринария мамандарының алдында жануарлар ауруларының алдын – алу мен емдеу кешенді мәселелерін шешу мақсаты тұр.

Сонымен қатар мал өнімдерін жоғары деңгейге жеткізуге де ветеринария саласының алар орны зор.

Офтальмология- гректің екі сөзінен құралған. Ophthalmos- көз, logos- оқу, білім, көз туралы ғылым дегенді білдіреді. Қазіргі ғылыми түсінік бойынша офтальмология – көздің анатомиясы, физиологиясы, көз ауруларының пайда болу себептері, патогенезі, анықтау, зерттеу, емдеу әдіс- тәсілдері мен алдын-алу шаралары жөніндегі ғылым.

Бүгінгі таңда ветеринариялық офтальмологияға төмендегі міндеттерді шешу жіктелген:

1. Жануарлардың көз ауруларын анықтау мен емдеуге осы заманғы әдіс- тәсілдерді кеңінен енгізу.

2. Көз ауруларының алдын-алу шараларын жетілдіру.

3. Көз ауруларынан болатын экономикалық шығындарды азайту.

Ветеринариялық офтальмологияның мақсаттары.

Бүгінгі таңда ветеринариялық офтальмологияның жетістіктері мен бірге шешімін толық таппаған мәселелері де бар. Ветеринариялық офтальмологияның мақсаты мыналарды шешу:

1. Ірі шаруашылықтардағы ( сүт кешендері) жануарлардың жаппай көз ауруларына шалдығу себебін толық анықтау.

2. Көз ауруларын топтап емдеу және алдын-алудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну.

3. Жануарлардың көзінің аллергиялық ауруларын түпкілікті зерттеу, себебін анықтау, емдеу мен алдын-алу шараларын жетілдіру.

4. Жануарлардың көз ауруларын зерттеу мен емдеуде қазіргі заманғы ветеринариялық құрал-жабдықтар мен дәрілерді кеңінен қолдануға жету.

Зерттеу жұмысымның өзектілігі:

Ірі қара малдардың стромальді кератитін емдеу және алдын- алу .

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді белгіледік:

  • Көру мүшесіндегі ақаулары бар малды анықтау.

  • Стромалды-кератитті әртүрлі жүйедегі емдеу аспекттерімен салыстыра отырып зерттеу және Офтальмогелі мен Ретробульбарлық новакаин блокадасының тиімділігін анықтау.

  • Стромалды-кератит кезінде клиникалық гемотологиялық көрсеткіштері өзгерулерін зерттеу.

  • Экономикалық тиімділікті анықтау

Зерттеу бөлімі.

Бұл кератиттерде қасаң қабықтың терең, яғни негізгі қабаты (строма) зақымдалады. Оның себебі әрқилы: қасаң қабықтың механикалық жарақаттары, инфекциялық аурулар (ит обасы, мүйізді ірі қараның қатерлі қызбасы, риккетсиоз т.б.). Терең кератиттер асептикалық және іріңді болады.

Кератиттің бұл түрінде қасаң қабықтың терең жатқан дәнекер ұлпалы негізгі қабаты сулы қабынуға ұшырайды. Оның ұлпасына сулы сұйықтық ірікіліп, жалқаяқтанады. Оның құрамында лейкоциттер көп болуынан қасаң қабық ақшыл түске еніп бұлдырланады. Мұндай сулы қабынуға қасаң қабықтың негізгі қабаты тұтас (диффузды) немесе әр жері (шектеулі) ұшырайды.

Беткейлі кератитке ұқсас. Көз ауруларының жалпы белгілері байқалады. Малдың көзінен жас ағып, жарыққа қарай алмайды. Көз аумағы аурушаң. Ерекшелігі қасаң қабықтың айналасындағы қан тамырлары қызарған. Қасаң қабық терең тамырланған. Бұлдырланып, түсі ашық боздан сүттей ақ түске дейін өзгереді. Егер қасаң қабықтың қабынуы дәнекер ұлпалы негізгі қабаттан басталса, алғашында қасаң қабық мөлдірлігін, жылтырлығын сақтайды. Біраз уақыттан соң ғана қабықтың беткейлі және терең қабаттарында бірдей дамып, олардың екеуінің клиникасы қосыла байқалады.

Қасаң қабықтың терең іріңді кератитінің екі түрі бар: біріншісі қасаң қабықтың терең жайылған (диффузды) іріңді кератиті, екіншісі қасаң қабықтың терең шектелуі іріңді кератиті. Кератиттің алғашқы түрінде қасаң қабықтың дәнекер ұлпалы негізгі қабатына іріңді сұйық тұтас жайылады. Іріңді қабынуға қасаң қабықтың беткейлі қабаттарымен қоса десцементов қабаты қоса ұшырауы мүмкін. Жалпы қасаң қабықта қан тамырларының болмауына байланысты шірікті – іріңді қабынудың тарауы (демаркациялануы) баяу жүреді. Қасаң қабықтың шетінен бастап, іріңді – шірікті қабыну ошағына қарай қан тамырлары өсе бастайды.

Кератиттің клиникалық белгісі


Стромальды кератиттің клиникалық белгісі Іріңді- стромальды кератиттің клиникалық белгісі


Қасаң қабықтың шеті көтеріліп қопсиды. Ол жерде терең, түбі кедір – бұдыр жарақат пайда болады. Жарақаттың беті түйіршікті жас дәнекер ұлпамен жабылады, яғни грануляцияланады. Ол жер толық жазылған соң қалың тыртық қалып, көзде «ақ» пайда болады. Бұл үрдіске 3-4 апта кетеді. Қасаң қабықтың бүлініп, өліеттенуі десцементов қабатын қамтыса, көздің ішкі қысымы салдарынан қасаң қабықтың бетінде торсию (томпайған жер немесе кератоцел) пайда болады. Тіпті жарылып, ол жерде пайда болған тесіктен көздің алдыңғы камерасының сұйығы сыртқа ағады. Бұршақ дене, шыны тәрізді дене және түсті қабық сыртқа шығып, көздің барлық құрылымдары қабынып, бүлінеді. Көз панофтальмитке ұшырайды.

Көзден алғашында сулы, сонынан сулы – іріңді сарысу ағады. Көз аумағы аса аурушаң. Қасаң қабықтың айналасындағы конъюнктиваның, ақ қабықтың қан тамырлары қызарған. Қасаң қабықта терең тамырлану болады. Қасаң қабық бұлдырланған, ақшыл – сарғыш түсті. Түсті қабық көрінбейді. 5-7 күннен соң қасаң қабықтың шірікті қабынуға ұшыраған шеті көтеріліп, қопсиды және ол қасаң қабықтың ортасына қарай жайлап жылжи бастайды. Әртүрлі көлемдегі және тұрпаттағы терең жарақаттар пайда болып, беті қызғылт түсті түйіршікті дәнекер ұлпамен жабылады. Ол жер біртіндеп қалындап, кедір – бұдырланып бітеді. Малдың көзінің көруі күрт нашарлайды немесе көрмей қалады.

Зерттеу нәтижелері

Алдымен аурудың себептерін жоюға бағытталған емдер жасалады. Инфекциялық аурулар емделеді. Көзді дезинфекциялық дәрілердің ерітінділерімен жуып – шайып, антибактериалдық көз майларын жағып, инфекция түсіп асқынудан қорғау керек. Ретробульбарлық новокаин блокадасын жасаудың тиімділігі жоғары. Егу мөлшері ірі сиырға 30-35 мл. Жалқаяқты (инфильтрат) тарату, сіңіру үшін көзге 3% бор қышқылы ерітіндісі қолданылады. Көздің қабынып қанталауын азайту үшін тетрациклин майы жағылады.

Жоғарыда атағанымыздай Офтальмогель кешенді препаратының құрамына әрекет етуші заттектері ивермектин, тилозин тартраты мен ксероформ енеді. Ивермектин мен тилозин тартраты – бұл макролидтобының антибиотиктері. Ивермектин ГАМК (гамма-аминмайлы қышқылы) паразиттің нервтік ұштарындағы арнайы рецепторлармен байланысты күшейтеді де нервтік импульстарды тежейді, бұл нематодалардың, акариформды кенелердің және қанатты жәндіктердің жыныстық жетілген және балаңқұрттық сатыдағы түрлерінің өлімін тудырады. Тилозин тартраты жекелеген микробтық түрлердің немесе микробтық ассоциацияларға қатысты белсенділік танытады. Ксероформ антисептикалық әсер етуімен қатар қабынуға қарсы және репеленттік әсерге де ие. Офтальмогельдің құқрамдас бөліктері бірін-бірі толықтыра отырып синергиялық тұрғыда әсер етеді әрі нематоцидтік, акарицидтік, инсектицидтік және репеленттік әсерлерді де қамтамасыз етеді.



1 сурет Офтальмогель кешенді препараты

Қан зерттеулерін бақылау және тәжірибелік топтарда енм басталуына дейін және ем басталуынан кейінгі 3, 6 және 9 тәуліктерде өткізіп отырдық.

Қанды таңертең азықтандыруға дейін күре тамырынан алдық.

Осы кезде қан мен оның сарысуын келесі көрсеткіштерге херттедік: лейкоциттер, эритроциттер, жалпы ақуыз бен гемоглобин мөлшерін анықтауды гематологиялық анализатор көмегімен өткіздік, ал фосфор мен кальций мөлшерін клиникалық зертханалық диагностикалау практикасында қөолданыс тапқан әдістер көмегімен анықтадық.


2 сурет РСЕ – 170 гематологиялық анализаторы.

Жергілікті ауырсындырмау жасап қасаң қабықтың шіріп қопсыған бөлігін хирургиялық тәсілмен тазалау керек. Қасаң қабықтың терең шектеулі іріңді кератиті қасаң қабықта іріңдіктің (абсцесс) пайда болуымен сипатталады. Негізгі клиникалық белгілері беткейлі іріңді кератитке ұқсас. Айырмашылығы іріңдік қасаң қабықтың терең қабатында орналасқан. Көлемі тары немесе бұршақ дәнінің үлкендігіндей сарғыш түйір түрінде көрінеді. Оның айналасынан қан тамырлары байқалады. Іріңдіктің тартылуы немесе сыртқа, кейде ішке яғни көздің алдынғы камерасына жарылуы мүмкін.

Кесте 1

Астана-Өнім” АҚ-де ауруға шалдыққан мал саны

Жылдар

Сауынды сиырлар саны

Көз аурулары-на шалдық-қан саны

Оның ішінде

Конъюнк-тивит

Керато-конъюнк-тивит

Стромаль-ді кератит

2013ж.

200

62

14

27

21

2014ж.

220

54

17

21

16

2015ж.

240

47

19

17

11


Кесте 2

Стромальды кератитті емдеудегі новокаин әсері

Топтар

Малдар

саны

Емдеу жүйесі

Енгізу мерзімі

Емдеу мерзімі (тәулік)

1-бақылау

5 бас

3% бор қышқылы ерітіндісімен шаю, тетрациклин майын салу.

Күнделікті

16,0 ± 1,2

2-бақылау

5 бас

3% бор қышқылы ерітіндісімен шаю, Офтальмо-гель енгізу және ретробульбарлы новокаиндік блокада

3 күнде 1 рет

9,4 ± 1,5


Нәтижесі кестеде берілген. Кестеде көрсетілгендей емдеу мерзімінің қысқаруы екінші топта бақылаумен салыстырғанда орташа 7-8 күнге аздау, бұл емдеудің жоғары тиімділігін көрсетеді. Сонымен қатар емдеу мерзімінің қысқаруы үшінші топтада орта есеппен 5-6 күнге қысқарғаны байқалды

Ретробульбарлы новокаин блокадасын енгізу тәртібі:

1-үстінгі қабақ; 2- астынғы қабақ; 3- қасаң қабат; 4- көздің алдыңғы камерасы; 5- көз қарашығы; 6- көздің артқы камерасы; 7- кірпікті дене және алмазты байлам; 8- алмаз; 9- көз алмасының қабаты (сыртқы, ортанғы, ішкі); 10- шыны тәрізді дене; 11- көз жүйкесі; 12- маңдай сүйегінің өсіндісі; 13- көз жас безі; 14- тері; 15- экстрапериорбитальды майлы дене; 16- самай бұлшық еті; 17- периорбита; 18- беткейлік көз фасциясы; 19- көздің терең фасциясы; 20- жоғарғы қабақтың көтергіші; 21- тік дорсальды бұлшық ет; 22- көз алмасының тартқышы; 23- бас сүйегінің қуысы; 24- бұлшық ет аралық фасция; 25- көздің тік вентральдық б.е.; 26- көздің жоғарғы фасциясы; 27- интрапериорбитальды майлы дене; 28- көздің қисық дорсальды б.е.; 29- көздің қисық вентральдық б.е.; 30- жақтың артқы бөлімі; 31- ретробульбарлы блокаданы орындау кезіндегі иненің тұрысы.



Новокаинді енгізген соң 2-3 тәулікте малдардың денсаулығы жақсарды. Ол көз маңайының ауруы бәсеңдеуі, тәбетінің жоғарлауы және температураның төмендеуімен білінеді.

Әдеби деректерге шолу жасалуы мен өзіндік зерттеу нәтижелері ірі қара малда стромальді кератиттің кең таралғанын, үлкен экономикалық шығын әкелетінін, сүт өнімділігін төмендегенін көрсетеді.

Қора-жайларды дұрыс ұстаса, белсенді моцион қарастырылса, толық құнды, минералдық заттар, дәрумендер теңдестірілген рацион болуы, ұдайы ветеринариялық бақылау жасалуы бұл ауруды болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Ірі қара мал стромальды кератитін уақытылы балау мен дұрыс ем жасау арқылы сүт өнімділігі төмендеуіне тосқауыл қоюға және көптеген көз ауруларының алдын алуға болады.

Алдын алу мақсатында ультракүлгін сәулелерін қолданғанда сәулелеуді тоқтату керек, шамды үстінен қою керек. Қатты күн көзі радиациясында қысқа серуендерді таңертен, кешкі мезгілдерде жасау қажет. Жаңа түскен қарда серуендетпеу керек.


Ірі қара малдардың стромальді кератитін клиникалық гематологияның кейбір көрсеткіштерінің, зерттеу нәтижелері

А.В. Лебедев, В.Н. Авроров мәліметері бойынша көздің анатомиясы мен физиологиясын және әртүрлі жануарлардағы ерекшеліктерін білмей оның ауруларын зерттеу, анықтау, емдеу мүмкін емес. Қан құрамындағы өзгерістер түрінде айқын білінеді, яғни қаннан жабысқақтығы жоғарылайды; эритроциттердің шөғу жылдамдығы жеделдейді және эритроциттер шөғу реакциясы тұрақты болуын сақтайды. Аурудың ерте бір белгісі ретінде глобулиндердің айтарлықтай ұлғаюы бейнесіндегі альбуминдер сонының төмендеуін атау қажет.

Глобуминдер мен эритроциттер мөлшерінің азаюын стромальді кератит ауруы кезінде қан түзу ағзалары қызметі күйзелуі мен жабысуымен түсіндіру керек шығар.

Эритроциттер мен глобулиндер азаюы жараның іріңді экссудаттан тазаруына, өлі ұлпалардан, микроорганизмдерден арылуына орай байқалады, мұндай өзгерістер ем басынан кейінгі алғашқы 3-5 күнде байқалады.

Стромальды кератиті ауруларында лейкоциттер мөлшерінің ұлғаюы орын алады, организмнің бұл реакциясы организмде жеткілікті түрде қорғаныс күштері бар екендігін көрсетеді.

Соңғы жылдары мал шаруашылығында ауыл шаруашылық малдарының және соның ішінде ірі қара малдарының көз аурулары ең өзекті мәселе болып табылады.

Өнімнің азаюына және көп мөлшерде ауру малдардың шығынға ұшырауына бұл аурулар шаруашылыққа экономикалық зиян тигізеді.

Көз алмасы патологиясымен ең көп зақымданатыны, жоғары өнімді малдар, сонымен қоса кейбір авторлардың мәліметтері бойынша жеке шаруашылықта жалпы сауын сиырлар үйірінің 35 пайызы көз аурулары құрайды.

Біздің зерттеулеріміздің мақсаты әр түрлі патологияда көз ауруларының клиникалық гематологиялық көрсеткіштерін анықтау болып табылады.


Кесте 3

Ірі қара малдың стромальды кератит кезінде кейбір клиникалық гематологиялық көрсеткіштерінің зерттеу нәтижелері


Көрсеткіштер

Зерттеу уақыты

3 тәуліктен соң

5 тәуліктен соң

7 тәуліктен соң

Емдеуден кейін

Жалпы лейкоциттері саны 109

9,1±0,01

9,3±0,03

7,1±0,03

7,2±0,05

Жалпы эритроцит саны1012

6,1±0,03

6,7±0,02

7,4±0,03

7,5±0,02

Гемоглобин мөлшері г/л

90±0,03

94±0,02

110±0,01

112±0,04

Жалпы ақуыз мөлшері г/л

72,8±0,2

74,0±0,2

81,4±0,4

86,0±0,2

Бейорганикалық фосформмоль/л

1,2±0,2

1,4±0,2

1,6±0,3

2,1±0,3

Жалпы кальций ммоль/л

1,70±0,2

1,9±0,3

2,3±0,4

2,5±0,2



3-кестеде көрсетілгеніндей жалпы лейкоциттердің емдеуден кейін 1,9 дейін азайғанын көреміз, ал жалпы эритроциттер, гемоглобин, жалпы ақуыз және бейорганикалық фосфор керісінше жоғарылағанын байқауға болады.

«Астана-Өнім» АҚ ірі қара малының стромальді кератиттерінің ауруы өте кең тараған және шаруашылыққа экономикалық зиян тигізеді.

Көз аурулар кейб

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!