Материалдар / Ірі қара малының пастереллезі.

Ірі қара малының пастереллезі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзектілігі. Ауылшаруашылығы саласындағы басқа шаруашылықтармен қатар ірі қара шаруашылығы да маңызды болып табылады. Ірі қара шаруашылығының тұрақты дамуына дені сау төл алу мен оның сақталуы және де шаруашылықтың іңдетті аурулар бойынша таза болуы әсер етеді. Mүйiздi iрi қaрa шaрyaшылығы – Қaзaқcтaн Pecпyбликacындa мaл шaрyaшылығының нeгiзгi бiр caлacы бoлып caнaлaды. Осы мүйізді ірі қaрa шаруашылығының өнімін және басын көбейтуде инфекциялық ауруларға дер кезінде балау жасап, аурудың алдын алудың маңызы зор. Үй және жабайы жануарлардың, сонымен бірге құстардың көптеген түрлерінің арасындағы пастереллездің дамуында Р. multocida-ның үлкен ролге ие екендігі анықталған. Пастереллездің географиялық кең таралуы, оған барлық үй жануарларының және құстардың сезімталдығы, сонымен қатар, одан келіп кетер экономикалық шығын – бұл індет ошағын жоюдың тиімді жолдарын ұйымдастыруды талап етеді. Пастереллезге маусымдық ерекшеліктер тән, әсіресе сәуір мен маусым айларында кең тарайды. Бұл кезде төлд
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Сәуір 2024
181
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МРНТИ:

Мұқат Д.О.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

Ғылыми жетекшісі: в.ғ.к. доцент Байғазанов Абдрахман

Ірі қара малының пастереллезі.

Пастереллез ауруына жалпы шолу. Пастереллез (Pasteurellosis) – жіті өткенде өлітиюдің белгілерімен, ал жітілеу және созылмалы кезінде негізінен өкпенің қабынуымен ерекшеленетін сүт қоректілер мен құстардың көптеген түрлері ұшырайтын жұқпалы ауру[1].

Пастерелланы алғаш Л. Пастер 1880 жылы тауық обасына қарсы вакцина өзірлеу кезінде бөліп алды. Ғалымның құрметіне бұл микроб пастерелла, ал ол қоздыратын ауру пастереллез деп аталатын болды[1].

Ғылымда ұзақ жылдар бойына пастереллдердің жіктелуіне зоологиялық тұрғыдан баға беріліп, әр түрлі сүтқоректі және құстардың ауруын микробтардың дербес түрлері тудырады деп есептелген. Тек 1939 жылы Розенбуш пен Мергант Pasteurella multocida-ның дербес түрін және ауру қоздырғышын сипаттады[1].

Ол Pasteurella туысына кіреді, бұл туысқа сол сияқты P.haemolytica, P.pneumotropica және P.ureae түрлері де жатады. Гемолитикалык пастерелла сиырды пневмонияға, қозыны сепсиске, Pasteurella multocida пастереллезге ұшыратады[2].

Пастереллез дүниежүзіне кең тараған. Әдетте оқтын-оқтын байқалып, созылмалы түрде өтеді. Бірақ, ауруды өршітуге ықпал ететін факторлардың әсерінен індет түрінде кең жайылады[2].

Пастереллезге үй және жабайы сүт қоректілер мен құстардың барлық түрлері бейім. Онымен адам да ауырады. Тауық пен үй қоянында ауру індет ретінде байқалады. Басқа жануарларда індет ретінде таралғанымен де, мұндай жаппай ауру онша жиі байқалмайды. Ет қоректі жануарлар біршама төзімді келеді[3].

Пастереллез қоздырушысының сипаттамасы. Pasteurella multocida – ұзындығы 0,3-1,5 мкм, ені 0,15-0,25 мкм қысқа элиппс тәрізді таяқша, жеке-жеке, кейде қос-қостан, не тізбектеліп орналасады. Таяқшалардың мөлшері мен формасы шыққан тегіне қарай біршама өзгеріп отырады: сиырдан алынған культуралар 6ipтeктi, ұзынша; шошқадан алынғаны сопақшалау; құстан алынғаны-жұмырлау кeлeдi[4].

Пастереллалар гpaмтepic, қозғалмайды, қаннан және органдардан дайындалған препараттар биполярлы боялады, кейде гиалурон қышқылы көп болатын капсуласы (әcipece шошқадан алынатын штаммдар) болады[4].

Пастереллаларда протеолиттік (желатина) және гемолиздік қасиеттер болмайды. P. multocidia өт қышқылдарына сезімтал (сиыр өті оларды лизиске ұшыратады). Ал, қой өті пастереллаларды лизиске ұшырата алмайды. Өсіп-өнуіне ең қолайлы температура 37℃, pH 7,2-7,4. Үй температурасында да өсе алады (баяу өседі)[5].

Пастереллалар – аэробтар және факурьтативті анаэробтар. Триптофан қосылған сорпада индол түзеді, күкіртсутегін түзеді. Фагес-Проскауэр реакциясы теріс, нитраттарды нитриттерге дейін тотықсыздандырады. Мочевинаны ыдыратпайды, сутетігінін асқын тотығын ыдыратады[5].

Пастереллез ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі. Пастереллезді болдырмау үшін сау шаруашылықты ауру қоздырушысын ауырған мал және пастерелла алып жүрушілер, жемшөп, т.б. арқылы әкелуге жол бермеу керек. Әсіресе, малды бағып күтуде санитариялық-зоогигиеналық талаптардың орындалуына ерекше көңіл бөлінеді. Егер фермада пастереллез байқалған болса, жыл ішінде барлық малдарды оған қарсы егеді. Мұндай шаруашылықтың мал басы егілген жануарлармен ғана толықтыруға тиіс[6].

Қазіргі кезде Қазақстанда отандық инновациондық кәсіпорын «САНА К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығаратын ауылшаруашылық жануарларының пастереллезіне қарсы поливалентті вакцина (авторлары Намет А. М., Салимбаев А. Ш., Шарапиденов Қ. Т. Сансызбай А. Р.), «ғылыми-өндірістік бірлестік Антиген» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығаратын «PASTVAC®» үшвалентті, инактивтелген жануарлардың пастереллезіне қарсы вакцинасы қолданылып жүр[7].


Осылайша, жануарлар мен құстардың арасындағы пастереллез проблемасымен айналысатын көптеген ғалымдар, вакциналардың белгілі бір кемшілігіне қарамастан, қазіргі уақытта, белсенді иммундау белсенді болып қала береді және пастереллезге қарсы ветеринариялық-санитариялық жұмыстың ажырамас бір бөлігі болып қала береді.

Зерттеу жұмыстың мақсаты: Көктал ауылдық округіндегі пастереллездің эпизоотологиялық жағдайын анықтап, оған қарсы ветеринариялық-санитариялық жұмыстарды іске асыру.

Зерттеу жұмыстың міндеттері:

1. Көктал ауылдық округінің пастереллез бойынша эпизоотологиялық жағдайын анықтау.

2. Патоанатомиялық зерттеу жүргізу.

3. Бактериологиялық зерттеу жүргізу, бөліп алынған қоздырушысының биологиялық қасиеттерін анықтау.

4. Пастереллезге қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды орындау.

Материалдар мен әдістер: эпизотологиялық, клиникалық және патоморфологиялық, бактериологиялық зерттеулер жүргізілді.

«Пастереллез» диагнозы қойыллғанда, ауылдық округті, шаруашылықты пастереллез бойынша қауіпті деп танып, ветеринарлар іңдет ошағын жою шарасын ұйымдастырады.

Жануарлардың пастереллезбен ауыруының алдын алу үшін мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

1) табынды пастереллез бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердегі жануарлармен толықтыру;

2) азықтар залалдануының профилактикасы үшін мал шаруашылығы қора-жайларында, айналасындағы аумақта және азық қоймаларында кеміргіштерді жоюды жүргізу;

3) азықтың, әсіресе сүрлем мен құрама жемнің сапасын тұрақты түрде бақылау, ал көрсеткіштер болған кезде оларды бактериологиялық зерттеу;

4) мастит кезінде сүтке бактериологиялық зерттеу жүргізу.

Зерттеу жұмыстарының нәтижелері.

Көктау ауылдық округіндегі 2800 бас ірі қараға вакцина егілді. Мал тұрған орындарды дезинфекцияладық. Пастереллезден өлген ірі қараларды арнайы шұнқырда өртеп, сыртын топырақпен көмілді.

Қорытынды.

Менің зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша, ірі қараның пастереллез ауруының алдын алып, ем қолдандық. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі төмендегідей сипатталады.

1. Аутопсия жасалған бұзауларда мынадай патоморфологиялық өзгеріс-тер байқалды: мойын аумағындағы тері асты ұлпасының ісінуі және оның серозды эксудатпен толуы, плевраның қанталауы, жүрек эпикардының қанталауы, бауырының дистрофияға ұшырауы.

2. Өлген ірі қаралардан бөлініп алынған таза өсінді бактериологиялық көрсеткіштері бойынша Pasteurella multocida түріне жатқызылды.

3. Көктау ауылдық округінінің 2800 бас ірі қара малдарына гипериммунды қан сарысу , гентаприм антибиотигі және поливалентті вакцина егілді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сайдулдин Т. Жануарлардың жұқпалы және аса қауіпті аурулары. Оқулық, 4-басылымы. – Алматы: «Полиграф-сервис К», 2013. 182-183б.

2. Киркимбаева Ж. С. Жеке микробиология. Оқулық. Алматы, Нур-Принт, 2009 ж. 123-125 б.

3. Толысбаев Б. Т., Бияшев К. Б. Микробиология және иммунология: оқулық -Алматы, 2008. 286-288 б.

4. Селиверстов В. В. Пастереллезы животных // Ветеринария. – 2003. - №10. – стр. 3.

5. Андросик Н. Н., Лях Ю. Г. Профилактика пастереллеза с/х животных на современном этапе // Вестник Академии наук Республики Беларусь. -2002. - №4. – стр. 15-23.

6. Шевченко А. А., Шевченко Л. В., Зеркалев Д. Ю., Черных О. Ю., Джаилиди Г. А. Учебное пособие. Профилактика и мероприятия по ликвидации пастереллеза. Краснодар: КубГАУ, 2013 17 стр.

7. Где Минсельхоз закупает ветеринарные вакцины, рассказал Аскар Мамин. URL: https://forbes.kz/news/2020/03/05/newsid_220476

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ