Материалдар / «Іс-әрекеттегі зерттеу мектеп тәжірибесінде»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Іс-әрекеттегі зерттеу мектеп тәжірибесінде»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Іс-әрекеттегі зерттеу мектеп тәжірибесінде» тақырыбы бойынша бастауыштың бірнеше мұғалімдерімен үш оқушыны бақылауға алдық. Бұл бақылау жұмысы да мұғалімдерге қажет. Жалпы білім беретін мектептердегі әрбір сыныптағы оқушылардың қабілеті, білім деңгейі бірдей емес. Сондықтан да сыныптағы үш деңгейдегі оқушыларды апта бойы бақыланып, мұғалімдермен дөңгелек үстел өткіздік. Бұл іс-шара төмен оқитын оқушыларды бақылау арқылы анықтап, олардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2019
783
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ







Дөңгелек үстел

Тақырыбы «Іс-әрекеттегі зерттеу мектеп тәжірибесінде»





















Бастауыш сынып мұғалімі Сарсенбаева Асылгул Мусаевна















Тақырыбы «Іс-әрекеттегі зерттеу мектеп тәжірибесінде» Мақсаты Оқушылардың ойлау деңгейлеріне сәйкес келетінтапсырмаларды қолдана отырып, оларды орындау арқылыбілім алудағы оқушылардың өзіндік әрекеттерін бақылау Міндеті:
  • Ойлау деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар дайындау
  • Сынып оқушыларын өз бетінше оқуға жағдай жасау үшін топтық
жұмыстарды ұйымдастыру
  • Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың іс-әрекетін
бақылауКүтілетін нәтиже: Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, оқуға дағдыланады және бәсекеге қабілетті болуға өзін-өзі дайындайдыДөңгелек үстелдің өткізілу барысы:Жұбыңды тап жаттығуы: Мұғалімдер дөңгеленіп тұрады. Мұғалімдерге аңдардың атаулары беріледі. Әрбір мұғалім қолындағы аңның атауын ешкімге көрсетпейді. Сол аңның қимыл іс-әрекетін көрсетеді, ал қалған мұғалімдер бақылап тұрады. Ал жұбымызды табамыз дегенде өз жұптарын табу керек. Қатысушы мұғалімдер өз жұптарын таба білді.Негізгі бөлім: Іс-әрекетті зерттеуші топ мүшелері сабақ барысындағы бақыланған үш деңгейдегі оқушылардың іс-әрекеттері туралы пікірлерін білдірді.2 «А» сыныбында оқитын «А», «Б», «С» деңгейдегі оқушылардың іс-әрекетін зерттеу жұмысы«А» деңгейдегі оқушынің іс-әрекеті: Қазақ тілі сабағы «А»деңгейдегі оқушы Кенжебай Бекжанның іс-әрекеті бақыланды. Қазақ тілі пәні тақырыбы «Дауыссыз дыбыстың түрлері» сабақ барысында «А» деңгейді оқушы өз қабілетін айқын көрсетті. А» деңгейдегі оқушы бірден сабаққа ынталы қатысты. Үй тапсырмасын пысықтауда және қойылған сұрақтарға белсене қатысып отырды. Топпен жұмыста топ басшысы болды. Өзінің тобындағы балаларға көмектескісі келмей, өзін ғана көрсетуге бейімделіп қалғаны байқалды. Постер қорғауға да өзі шықты. Келесі күнгі сабақта дауыссыз б мен п тақырыбында «А» деңгейдегі оқушы өзінің тобындағы балаларға көмектесіп отырды. Постер қорғауға тобындағы балаларды шығарды. Бұл жолы өзін ғана ойлаған жоқ тобындағы балаларды ойлағанын байқауға болады. Бекжанның мінезі ашық. Көптің арасында жүргенді ұнатады. Қысылып-қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Ойлау қабілеті жоғары, тез шешім қабылдайды, өз ойын еркін жеткізеді және сөз саптауы басқа оқушыларға қарағанда жоғары екенін байқадым. Көшбасшылық қасиеті де жоғары. Бұл оқушы сабақ соңында топ мүшелерін бағалады. Өзі де ұпайды көбірек жинап, белсенді жұмыс жасауға тырысатындығы байқалды. Сабақтан алған әсерлерін рефлексия кезінде өз пікірлерін тақтадағы стикерлерге жазып түсірді. «Б» деңгейдегі оқушының іс-әрекеті: Әдебиеттік оқу сабағы Бейдәлі Нұрайдың әр сабақ сайын іс–әрекетін бақылап отырдым. Ол өз ойын ойланып жеткізеді, өз бетінше шешім қабылдай алады, мінезі ашық. Жазу жазғанда, сұрақтарға жауап бергенде өте жай. Әдебиеттік оқу сабағында «Ұр, тоқпақ» тақырыбы өтілді. Зерттеу барысында «В» деңгейдегі оқушы Бейдәлі Нұрай белсенділікпен сабаққа қатысты, бірақ кейбір сұрақтарға нақты жауап бере алмады, «Кім жылдам?» ойынында Қазбайдың әрекетін нақты жеткізе алмады. «Сақина» тақырыбын өткенде Бейдәлі Нұрай белсенді қатысты. Бірақ үйге берілген жазба жұмысын толық орындай алмаған. Топпен жасалған жұмысқа қатысып отырды, бірақ жауабы толық болмады. Бейдәлі Нұрай сабақ соңында өз бағасын алды. Сабақтан алған әсерін рефлексия кезінде өз пікірін стикерге жазып түсірді. Бұл оқушымен көбірек жеке жұмыстар жүргізген жағдайда өте белсенді оқушы болатындығы байқалды. «С» деңгейдегі оқушының іс-әрекеті:Дүниетану сабағы «С» дeңгeйiндeгi oқyшы Журабеков Дамир Дүниетану сабағында «Адам еңбегімен қадірлі»,»Нан тамақтың атасы» тақырыбы бойынша өз ойын айтуға мүмкіндігі бар бола тұрып талдау жacaй aлмaды, oғaн өз тoбы қoлдay көpceттi, cұpaқтapғa жayaп бepy кeзiндe ceнiмciздiк ұялaды, шeшiмiн тaбyғa тoппeн әpeкeт жacaды, бірақ тpeнинг кeзiндe ұялшaқтықтaн apaлaca aлмaды. Coл cияқты oқyшының өзiнe жәнe cыныптacтарынa бaғa бeрyiн icкe acырy, қoрытынды рeфлeкция жacayдa өз oйын түйiндeй бiлyiн дaмытy, диaлoг жүргiзy aрқылы cөздiк қoрын aрттыруды қажет етеді. «Сыйға сый» тақырыбы бойынша «С» деңгейдегі оқушы топпен жұмыс істеуге және сыни тұрғыдан ойлай бастады. Ол өзіне деген сенімділігін арттырудағы топтық жұмыстың маңыздылығын түсінді. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауда, пікірін білдіріп және қорғап, әр түрлі ұсыныстармен алмаса отыру барысында оның ынталануы дағдысы қалыптаса бастағандығы байқалды. «С» деңгейдегі oқyшы жaқcы жaғынa қapaй өзгepдi. Aшылмaй, тұйық oйдa жүpгeн oл aшылып тoптa жұмыc жacay бapыcындa өз бeлceндiлігін тaнытyғa тыpыcты.Іс-әрекетті зерттеу барысындағы оқушылармен жүргізілген пікір: Тізбектелген сабақтар өту барысында оқушылар пікірінің маңызды екенін олардың ішкі уәждеріне мән беру керектігі пікір сұрағанда байқалды. Сабақ өту барысында оқушылардан пікірлер топтамасы алынды.Сабақ барысында топпен жұмыс жасау ұнай ма?Мұғалімнің жұптық жұмысы, топқа бөліп өтіп жатқан сабақтары тиімді болып жатыр ма? деген сұрақтар арқылы оқушылармен сұқбат жүргізілді. Сабақ өткізілу барысында зерттеуге алынған оқушылардың пікірлерінен сабаққа деген қызығушылықтарының артқандығы байқалды. «С» деңгейдегі Д деген оқушы топтық жұмыста бірге ойласып, талқылау жасаған ұнады деген пікірін білдірді. Оқушылардың кері байланыстарына назар сала отырып, олардың оқуына өзгерістердің оң әсерін тигізгендігі анықталды. Себебі кері байланыста оқушылар өз ойын тақырыптан ұғынғанын және нені білгісі келетінін ішкі уәж түрінде білдіре алды. Сыныптағы «В» деңгейдегі оқушы сабақта топтық, жұптық жұмысты талқылау барысында барлық оқушы бір жанұядай жұмыс жасайтынын, онда әрқайсысының өз пікірлерінің құнды екеніне көз жеткізгендігін білдірді. «В» деңгейлі оқушының әсіресе жұптық жұмыс барысында өзінің ой пікірімен еркін бөлісе алғандығы жөнінде айтты. Назар аударар қызықты дәлел пен пікірлер «А» деңгейлі оқушыдан байқалды. Өйткені топтық талқылау мен жұптық жұмыстарды орындау барысында бір-бірімізге сенім арта білуді, ынтымақтастықта жұмыс жасаудың тиімділігі туралы, білмеген сұрақтарға жауап табуды өте жақсы үйренгендігі жөнінде айтты. Оқушылармен сұқбат жүргізгенде бұл өзгерістердің оң ықпалын тигізумен қатар қызығушылықтарының одан әрі дамығандығы байқалды. Әрине оқушылар пікірі біз үшін өте құнды екенін ескере отырып, сабақты одан әрі түрлендіре отырып өткізу қажет. Қорытынды: «Жүрек жылуы» жаттығуы Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, жүректі беріп отырдық. Жүректі алғанымыз, жүрегіміз әрдайым мейірімге толы болсын, бір-бірімізге деген адамгершілігіміз мол болып, өміріміз жарқын болсын деген тілекпен аяқтаймыз.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!