Материалдар / Іс-шара " Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Іс-шара " Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік "

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғаттағы қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. Отпен ойнамау, өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс – жидектерді теріп жемеудің қажеттілігін түсіндіру. Балаларды көктемгі табиғат ерекшелігін сезінуге үйрету, көктем мезгілін басқа мезгілдерден айыра білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2022
3142
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері»

Мақсаты:

Табиғаттағы қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. Отпен ойнамау, өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс – жидектерді теріп жемеудің қажеттілігін түсіндіру.
Балаларды көктемгі табиғат ерекшелігін сезінуге үйрету, көктем мезгілін басқа мезгілдерден айыра білуге тәрбиелеу.
Балаларды табиғатты аялай білуге, орманға барғанда ережелерді сақтауға дағдыландыру.

Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.


Кіріспе:

Жақын арада біз бәріміз оқу жылын аяқтап, жазғы демалысқа шығамыз. Сондықтан жаз мезгілінде өз өзімізді күтіп, сақ болып жүруіміз керек. Өйткені бәріміз өз өмірімізді қатерден сақитап, аман жүруімізге тиістімізү

Жаз өте ыстық мезгіл, сондықтан біз ең алдымен күн тиюден, сосын өрттен жане судан сақ болуымыз керк, және бұл мезгілде біз бос уақытымыздың көбін сыртта дадала ойнаумен өткізетіндіктен, жол көлік оқиғаларынан да сақ болуымыз керек. Достарымызбен ойнап үйден ұзап кетуге болмайды. Ата-аналарымыздың рұқсатынсыз алысқа ұзап, немесе суға шомылуға, походқа баруға болмайды.Жаз өте ыстық болғандықтан өрт қаупі төнуі мүмкін.

Сіздер барлықтарыныз білесіздер өрт қандай жаман қасірет келтіретінін. От  үй мүлкін жояды, тұрғын үйлер жанып және бұзылады, қоғамдық құрылыстар, адамдар зардап шегеді, дене күйдіруге үшырайды, жарақат алады, кейбіреуі қаза табады.
Адамдардың қаза болуының басты себебі көмірқышқыл оксидімен (улы газбен) улану болып табылады. Өрттердің шығу себебі әртүрлі: электр сымының қысқаша тұйықталуы, жедің шамадан тыс жүктелуі, газды, жылыту пештерін дұрыс қолданбау. Өрттер табиғи және авария салдарынан болуы мүмкін, бірақ өрттердің көп бөлігі адамның байқаусыздығынан немесе дұрыс мән бермеу себебінен болады (өрт қауіпсіздік ережелері сақтамау, төсекте темекі шегіп жатып ұйқыға кету, лақтырылған темекі қалдықтары, балалардың отпен ойнауы және т.б.)

Өрт кезіндегі қауіпсіздік:

Өрт болған кезде қалай іс-қимыл жасау керектігін барлық адамдар білулері керек. Өрт шыққан кезде және сол кезде өзіңізді-өзің ұстап, тез арада жағдайды байқау және дұрыс шешім қабылдау керек. Осы жағдайда өзінді және сені қоршаған ортадағы үрейді болдымау керек. Өрт  болған кезде өртсөндіргіштерді қолдану, отты су арқылы сөндіру, құммен, кішігірім ошақарды қалың жапқыштармен бұқтырып тастау керек.
Өртпен күресу кезінде және зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде есте сақтаныз, сізге ауаның жоғары температурасы, түтін, улы газдың таралуы, ғимараттың құлауы аса қаупті болып табылады. Есте сақтаныз: егер де заттар 10 метр қашықтықта көрінбесе, түтін жиналуы өмірге өте қауіпті. 
Өртті сөндіру кезінде ең бастысы өрттің таралуын тоқтату, ал содан соң қатты жанып жатқан от ошақтарын сөндіру керек. Сол кезде суды от жалына емес, жанып жатқан бетіне шашу керек. Егер тігінен жатқан жағы жанып жатса, онда үстінен астына қарай су шашу керек. Түтін басқан бөлмедегі өртті суды шашыратып сөндіру қажет, өйткені ол түтінді басып температураны басады.
Егер де үйде (пәтерде) кішкентай болсын от ошағы шықса, су құйып немесе суланған ауыр матамен жабыныз.
Жанып жатқан киім жабылған матамен сөндіріледі және де от көзін жою үшін жерге жатағалып домалау керек.
Жанғыш сұйықтықтарды көбік аралас құраммен сөндіру керек, құм немесе жер төгіп сөндіруге және ауыр матамен бұқтырып сөндіруге, бірақ ешқашан жанғыш сұйықты сумен сөндіруге болмайды.
Егер де электр сымдары жана бастаса, тез арада оны тоқ көзінен айыру керек. Электр сымын улықышқылы бар өрт сөндіргіштермен сөндіру керек, УӨ-5 немесе УӨ-10 (улықышқылы бар өрт сөндіргіші).
Егер де теледидар жанса, оны тез арада жүйеден алып тастау керек, содан кейін артқы қабырғаларынан су құйып сөндіру керек. Егер де теледидар жанында перде немесе басқа да тез тұтанатын заттар тұрса теледидар үстіне шүберек жабу керек, содан кейін ғана су әкелуге немесе үй ішіндегі өрт сөндіргішті алып келу керек. 
Егер кинескопы жарылса, оның улы түтіні өте қауіпті, сол себепті тез арада отты бағындыру керек және басқаларға хабар беру керек, балаларды тез арада сыртқа шығарған абзал.
Егер өрт пәтерде орын алса:
-101 телефонына қонырау соғып, дұрыс мекенжайды және не жанып жатқаны туралы толық ақпарат беру;
- қарттар мен балаларды сыртқа шығару;
- содан кейін ғана өртті өз күшінізбен сөндіру қажет.


Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және дұшпаның». 

 Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау  үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн: 
 
  Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары 
    - Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. 
     - Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. 
     - Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар. 
     - Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. 
     - Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз. 

-суға шомылуға ата-ананың рұқсатынсыз және қастарыңда үлкен ересек адам болмай баруға болмайды.

-жалпы қазіргі кезде су лас, сондықтан түрлі ауру жұқтырып алу да мүмкіе, сол себепті суға өзен суына шомылмаған дұрыс.Үйде душқа түсіп, күнделікті жынып отққанның өзі жеткілікті.

Ойын барысындағы қауіпсіздік

Жол бойында ойнауға, велосипед тебуге, доп ойнауға болмайды.Өйткені ойламаған жерден жол көлік оқиғасына себепші болуларыңыз мүмкін.смондықтан жолдан алыс, аулада, есік алдында ойнаған жөн.

Табиғат аясындағы қауіпсіздік:

Жаз мезгілінде паходқа шығуға болмайды, сонымен бірге қалың шөп арасында, қалың ағаш арасында, қуыс жерлерге жасырынып ойнауңға болмайды. Өйткені ондай жерлерде улы жәндіктер шағып алуы мүмкін.Улы жәндіктер көбіне адам көзінен таса, салқын жерлерде көп болады, оларда ыстықтан тығылып жатуы мүмкін.

Есте сақтаңыздар!  Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!