Материалдар / Іс-шара "Қыс қызықтары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Іс-шара "Қыс қызықтары"

Материал туралы қысқаша түсінік
қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Сөздік қорын молайту. Дене қимылдарын дамыту және топпен бірге тату болуға дағдыландыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2022
276
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы : «Қыс қызықтары»

Мақсаты: қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Сөздік қорын молайту. Дене қимылдарын дамыту және топпен бірге тату болуға дағдыландыру.

Қолданылатын құралдар: желім, қысқы киімдер, тапсырмалар.

Кіріспе.

Жүргізуші: Балалар бүгін «Қыс қызықтары» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер!

Таза ауа, спорт болсын, дәріміз.

Еңбек етіп келгенінше әліміз.

«Алға»!, - деген бір- ақ мақсатты ұстанып ,

Тапсырманы орындауға, топ құрайық бәріміз!

Тапсырманы орындауға, ортаға «Озат» және «Өжет» топтарының балаларын шақырамыз. Балалар екі қатармен келіп тұрады, амандасады.

Жүргізуші:

Біздің тапсырмаларымыз 4 бөлімнен тұрады.

1 « Кім шапшаң?»

2 «Баланы серуенге киіндіру.

3 Сурет бойынша айырмашылықтарын тап.

4 Қиылған суреттерді құрастыру.

Жүргізуші:

Еш қалысып саспайық,

Қызықты сәтті бастайық!

1 тапсырма. «Кім шапшаң?»

Шарты: Аққала құрастыру.Аққаланың әрбір дене мүшесін жеке-жеке құрастыру.

«Аққаланың денесі» (Аққаланың денесі үш бөліктен тұрады. Сондықтан әр бөлігін тұрғызуға үш оқушыдан шығады)

  1. Бірінші денесі.

  2. Екінші денесі.

  3. Үшінші денесі.

  4. Аққаланың малақайы.

  5. Аққаланың қолы.

  6. Аққаланың көзі

  7. Аққаланың мұрны

  8. Аққаланың ауызы.



Дайын суретті балалардан сұрау. Балалар бұл не? Бұл-Аққала.

Тапсырманың нәтижесін тексеру. Қай топтың аққаласы әдемі, әрі тез құрастырылды?

Қол соғу қошеметтеу.

2 тапсырма.

Шыныққан біз баламыз ,

Айтқан тілді аламыз.

Қандай жарыс болсада,

Бәрін жеңіп шығамыз- дей келе екі топқа берілетін келесі тапсырма «Баланы серуенге киіндіру».

Шарты: Ортада екі оқушы Лана мен Жансая , сол оқушылардың қысқы киімдерін ретімен киіндіру керек.

  1. Күрте-куртка,

  2. Малақай-шапка,

  3. Мойынорағыш-шарф,

  4. Қолғап-варежки,

  5. Етік-сапоги.

Тапсырманың нәтижесі: Қай оқушымыз тез, әрі дұрыс киінді?

Лана ма, әлде Жансая ма? Топтағы балаларға қошемет.

3 тапсырма. «Айырмашылығын тап»

Шарты: Аққала мен Аяз ата суреті бойынша 5 айырмашылығын табу керек.

4 тапсырма. «Суретті құрастыр» Шана, шаңғы

Шарты: Қиылған суреттерді құрастыру.

Нәтижесін тексеру. Қай суреттіміз дұрыс құрастырылды? Қай топтағы оқушылар дұрыс, әрі тапсырманы тез орындады?

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, міне бүгін сіздер жарысқа өте жақсы қатыстыңыздар. Екі топтағы оқушыларға рахмет. Топ үшін бәріңізде тапсырмаларды орындадыңдар.

Шынығып, өсіп, толарсың-демекші осындай қозғалыстағы ойындарға үнемі қатысып жүріңдер деймін. Сау болыңыздар!





























қ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!