Материалдар / Іс-шара: "Тәуелсіздік теңдессіз байлық"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Іс-шара: "Тәуелсіздік теңдессіз байлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастамасы болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып түсіндіру,тарихына шолу жасау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2019
513
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«АҚТОҒАН ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ















«Тәуелсіздік теңдессіз байлық»







Бағдарламасы

Қатысқандар: 8-9



Өткен күні: 14.12.2018 жыл

















Көгершін ауылы 2018 жыл

«Тәуелсіздік теңдессіз байлық»

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.


2 - жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


1 - жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


2 - жүргізуші:

Тас еденде жатты қазақ баласы,

Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,

Жараланған жолбарыстай, ышқынып,

Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......


Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар...

Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....


Сұранбады, жалынбады тік тұрды,

Барлық жендет қорықты одан тіксінді,

Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,

Қанышерлер айналада көптін - ді....


Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,

Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,

Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,

Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып..

Інжу би тобының орындауындағы «Қазағымсың» әнін қабыл алыңыздар.

2 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры: Рысқұлова Орындық Мутиевнаға беріледі.


1 - жүргізуші:

Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музаның әміріне басымды иіп.

Алайық ескі күйдің бәрін жиып,

Жандырған ой - қиялды қалың күйік

Шерттіріп құнарлырақ домбыраға

Тербеліп ырғағына тамылжиық


«Желтоқсан желі»атты хор. Орындайтын:6 «А» сынып оқушылары


Бақытым - Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.


Алдарыңызда 6 «А» сынып оқушысы Нұрбек Айнұрдың орындауындағы «Көкке өрле» әні


1 - жүргізуші:

Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,

Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!

Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,

Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....


2 - жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Келесі ән кезегін 6 «А» сынып оқушысы Қожахмет Мансурдың орындауындағы «Батырлар ұраны»



Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз - өзінен жүрегім ән салады.


Айымбек Мадинаның орындауында Құрманғазының күйі «Балбраун»


Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе - тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.


Ән: «Мен қазақпын» орындайтын: 1 - сынып оқушысы Амангелді Аят.


Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып, - келесі кезекті көрініске берейік

«Сәбира Мұхамеджанова»


1 - жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық Нұрлы достық

Күн достық Достық деген қасиетті ұранға

Кең даланың жүрегі де үн қосты, - деп Шайслам Мерхаттың орындауындағы Дәулеткерейдің «Тұркмен» күйін тыңдаңыздар.


2 - жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.


Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін қабыл алыңыздар. Дуэт


1 - жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі, - дей келе Қ.Саринның «Тәуелсіздік» атты өлең шумақтарын тыңдаңыздар.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары, - дей келе келесі күйімізді тыңдайық Шайслам Мерхаттың орындауындағы Б.Тәжібаевтың «Ақбұлым» күйі.

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!











Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы ««Тәуелсіздік теңдессіз байлық»» атты мерекелік бағдарламаның анықтамасы.



14.12.2018 «Атамекен» бағыты бойынша мектептің өнерлі оқушылары «Тәуелсіздік теңдессіз байлық» атты мерекелік концерті өтілді. Мақсаты:  1)Қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастамасы   болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып түсіндіру,тарихына шолу жасау2).Оқушыларды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды, елін сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу 3)Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту. Мерекелік концертті «Желтоқсан желі» атты хормен 6 «А» сынып оқушылары ашып берді. 1 «В» сынып оқушысы Амангелді Аят «Мен қазақпын», 6 «А» сынып оқушысы Қожахмет Мансур «Батырлар ұраны», 6 «А» сынып оқушысы Нұрбек Айнұр «Көкке өрле» және «Інжу» дуэті «Қазағымсың» әндерін орындады. Ал 9 «Ә» және 9 «Б» сынып оқушылары «Сәбира Мұхамеджанова» туралы көріністерін көрсетті.





Анықтаманы жазған: С.А.Ускенбаева

Өткен күні: 14.12.2018 жыл













































86 жылғы желтоқсан қазақ халқының ХХ-ғасырдағы шын мәніндегі ұлтазаттық көтерілісі еді. Алматы жастарының тоталитарлық режиміне бірінші болып қарсы шығуы сол кездегі тегеурінді кеңестік жүйенің алдағы 5-жыл ішінде іріп-шіріп қирауына, сөйтіп социализмді былай қойып коммунизм сатысында тұрмыз деген қоғамның ыдырауына әкелген күрес, 25-ғасырлық тарихында қазақ ұстамды, саналы, қайырымды әрі бейбіт ел екендігін дәлелдеді.

Бірақ мұны көп көрген соңғы құлаған билік тырнағын батырған үстіне батыра түсті. Ал білімді жас толқынның одан әрі шыдауға намысы жібермеді. Мен алаңға өз еркіммен бардым дейтіні де сондықтан. Қатысқандар арасында қолға іліккендердің бәрі дерлік жазаланды, жапа шегіп, жан қиды. Бізге мәлім, беймәлім есімдер де бар. Қазақстан тарихы төрінен орын алған 4-ші болып аталатын желтоқсаншылардың бірі Сәбира Есімбекқызы Мұхаметжанова. Бүгінгі қойылым осы қаршадай ғана қаракөзімізге арналады.

(Студенттер сабақта отырады. Мұғалім сабаққа кіреді)

Шолпан апай: Сәлеметсіздер ме, студенттер! Отырыңдар! Мұхаметжанова, тұр, бүгін сабақта кім жоқ?

Сәбира: Апай, бәрі түгел сабақта отыр.

Шолпан апай: Жарайсыңдар! Сабағымызды бастаймыз! Бүгінгі сабақтың тақырыбы:........(ішке секретарь кіреді).

Секретарь: Шолпан Мұхамедиева, сізді директор шақырып жатыр. (мұғалім кетеді).

1-қыз: Ой,қыздар, өзім де шаршап отыр едім, апайды директор шақырып алғаны қандай жақсы болды.

2-қыз: Иә

3-қыз: Айтпақшы,қыздар көрші училищеде оқитын Рамазан бар емес пе?

1-қыз: Қайсы Рамазан?

3-қыз: Анау ше, спортсмен жігіт.

2-қыз: Ееее, сол ма? Оған не болыпты?

3-қыз: Сол біздің Сәбираны ұнатып, сұрап жүр ғой.

Сәбира: Қыздар, қайдағыны айтпаңдаршы, қайдағы жігіт. Көп сөйлемей сессияға дайындалыңдар!

2-қыз: Иә, құрбым дұрыс айтасың.

3-қыз: Сәбира Рамазанды қайдан көзіне ілсін? Біздің Сәбира комсомол мүшесі, староста, ақылды, өжет, озат студент қой.

Сәбира: Мәселе онда емес.Қыздар болды бос әңгімені қойыңдар! (Ішке жігіттер кіреді)

1-жігіт: Қыздар, естідіңдер ме Қонаевтың орнына Колбинды қойыпты. Соған қазақ жастары ертең Ленин атындағы алаңға шығамыз.

2-жігіт: Бізге қосылатындарың алаңға келіңдер! (шығып кетеді)

Сәбира: Менде осы жаңалық туралы кеше әдемі киініп келген екі бейтаныс қыздан естідім. Сендерге де сол туралы айтпақшы едім. Естуім бойынша бірінші хатшының Дінмұхамед Қонаевты орнынан алып,Колбинді қойыпты. 16-желтоқсаннан бастап ұлт саясатына қарсы наразылық білдіріп, Алматы жастары орталық алаңға шығып жатыр екен. Ертең бізге Алматы жақтан 9 адам келеді. Енді менің жеке ойым, бізде сол жастардың қатарында болуымыз керек деп есептеймін. Әр халықтың өз көсемі болуы керек. Қыздар, сендер не дейсіңдер?

1-қыз: Шығамыз, Сәбира, бірге шығамыз.

Шолпан апай: Сәбира, бұл не тұрыс. Студенттер, сабақ уақытынан бөлек уақытта сыртқа жатақханадан шығушы болмаңдар! Шыққан адамды училище әкімшілігі жазаға тартады. Ескертпеді демеңдер! (Звонок) Сау болыңдар!

(Алаңға шығады плакаттармен)

Сахнада алаңда тұрған бір топ жастар, қолдарында плакаттар (Д.Қонаев суреттері) және ұрандар (Әр ұлтқа өз көсемі) шулап, қол сермеп тұр.

Дауыстар: Қашанғы өз елімізде өз көсемімізді сайлай алмаймыз?

-Тіліміз жойылып,мәңгүрт болуға айналдық!

-Бізді қашанғы басына береді?

Солдаттар келеді, қолдарында резина таяқ, сапер күрегі.

Командирі: Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз.

Жастар: Тарамаймыз, бізге жауап берсін!

«Менің Қазақстаным» әнін шырқайды.

Солдаттар тап беріп, ұрып-соғып, қуып таратады.

Автор: Қатысқандар арасында қолға іліккендердің бәрі дерлік жазаланды, жапа шегіп, жан қиды.

Шолпан апай: Сәлеметсіздарме? Мұхаметжанова, тұр орныңнан! 2-күн сабақта неге болмадыңдар? Себебі не?

Директор: Жүріңдер менімен бірге!

Автор: Студенттерді өзімен ілестіре шыққан училище директоры Николай Баранов пен оның оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Мария Жұмағұлова училищенің кабинеттерінің бірінде отырған тергеуші Алферовқа апарып тапсырды. Ішке директор үгіттеп, ұйымдастырды деп Сәбираны кіргізді.

Тергеуші: Иә,Мұхаметжанова 22-декабрь күні қайда болдыңдар?

Сәбира: Жатақханада

Тергеуші: Өтірік айтасың? Студенттерді ілестіріп Ленин атындағы алаңға шыққандарыңды көрген адамдар бар? Мойында!

Сәбира: Мен ештеңе білмеймін!

Тергеуші: Слушай, сен ақымақ қазақ, кім сендерді алаңға шығарған? Жастарды қоздырып жүрген кімдер? Кәне сөйле!

Сәбира: Мен ештеңе білмеймін! Дәлелдеңіз!

Тергеуші: Сен менен дәлел сұрайсың ба, кімсің сен? Қалай түсінбейсіңдер, жарты әлемге әмірін жүргізіп отырған Мәскеу билігіне қарсы шығатын сендер кімсіңдер? Егер сен өзіңнен басқа 5-студенттің аты-жөнін айтсаң, біз сені еркіңе жібереміз. Мойында, бәрін айтып бер!

Сәбира: Мойындайтын ештеңе жоқ. Біз алаңға шықпадық! Мен ештеңе білмеймін!

Тергеуші: (ұрады)Езіп өлтіремін. Сорлылар тұқымдарыңмен тоз-тоз боласыңдар! Өзіңмен қоса, семьяңды түбімен құртамын. Оқудан шығасың! Түбіңе жетемін! Қара бұның қасарысуын! Алып кетіңдер! (сүйреп жатақхана алдына лақтырып кетеді) (3-жігіт көріп көмектеседі)

-Комендант кабинетіне апарайық!

Комендант: Сәбира саған не болды? Есіңді жи! Бәрі жақсы болады! Анаңды шақыртыпты. Мұнда анаң іздеп келді. (Сабира оянады)

Сәбира: Анам, қайда анам?

Комендант: Бөлмеңде күтіп отыр. (Сәбира кетеді. Бөлмесіне кіреді. Анасы күтіп отырады)

Сәбира: Анашым,анашым келдіңіз бе? Денсаулығыңыз қалай? Мені қайта 10 класқа қабылдай ма?

Анасы: Қабылдайды.

Студент: Сіздерді жиналысқа шақырып жатыр.

Автор: Анасы мен Сәбира жиналысқа төменге түсті. Жиналыста бұлардан басқа ата-аналардан екі әйел, үш еркек қатысты.

Шолпан апай: Сәбира, сен барлық қыздар үшін жауап берем деп едің ғой? Соны шешеңе қайталап айтшы?

Сәбира: Өзіңіз ауылдың мұғалімі емессіз, осы сөзді қалада тұрып қалай айтасыз ауыл мұғаліміне? (Сәбира жылады)

Анасы: Менің балам, сүт кенжем, өзімнен де ауыр сөз естіген емес еді. (Сәбира шығып кетеді)

Шолпан апай: Я солай ма? Енді бұлардың училищеде оқу-оқымауын директор шешеді.

1-жігіт: Шолпан апай, Шолпан апай, сіздің топтың қызы 5ші этаждан секіріп мерт болды.

Анасы: Менің Сәбирам ба? Менің Сәбирам.........

Анасы: Қызым, сүт кенжем-ау, бұл не істегенің? Не жазығым бар еді? Өлтірді ғой.... Өлтірді! Сені өлтіргендерге, Алладан зауал келсін! Қарағым-ай, сағымдай, түсімдей ғайып болдың ғой! Алтыным, сүт кенжем, қор болдың-ау, қор болдың! Аққудай аппақ нәзігім, менің жаным-ай, жаным-ай, қайтейін, қайтем! Өжет едің, өткір едің, жалтақтығың жоқ еді. Сол мінезіңнен кетіп, отырсың ғой. ЕЕЕ, Аллам жәрдем ет, жәрдем ет! Қартайғанда қайғы төндірдің-ау басыма! Қайдан жібердім оқуға! Қарағым ау, жарығым! Не жазығың бар еді? Өлтірді ғой.... Өлтірді.

Сахнада үй ішінде қарт атасы мен әжей отырады. Кенеттен есік ашылып, мектеп жасындағы немересі айқайлап кіреді.

Автор:1986 жылдың 17-19 желтоқсан күндерінде Алматыда болған көтеріліске қатысушы қазақ жастарықуғын сүргінге ұшырады. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Сәбира Мұхаметжанова,Ербол Сыпатаев сияқты қайсарұл-қыздары құрбан болды. Көтеріліс нәтижесінде Кеңестер Одағы таралып Қазақстан Өз тәуелсіздігіне қол жеткізді.

Немересі: Сүйінші ата! Сүйінші әже!

Ата,әжей: Не болды қарағым?

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!